Өрт сөндіргіш заттар ӨССЕ арналған резурвуарларда сақталады /поз. 1/.
ӨССЕ арналған резервуарда кезекші режимде шектен тыс қысым болмайды.
ӨССЕ-гее арнлалған резервуар:
Газдысұйық қоспаларды қалыптастыратын құрылғылар (ГСҚҚҚ)/поз. 2/;
- ӨССЕ-ге төгетін құрылғы /поз. 3/;
- сақтандырушы клапан /поз. 4/;
- қысым дабылдағышымен /поз. 5/
- жабдықталған.
Модульді орындалған құрылғылар үшін (орталықтандырылып жасалған құрылғылар дабылдағыш құрылғының іске қосылуы жобамен анықталады);
- ӨССЕ-ні төгетін құрылғы /поз. 6/;
- ӨССЕ-нің деңгейін бақылайтын құрылғы /поз. 7/;
- фильтрмен/поз.8/.
- құрылыс конструкцияларына бекіткіш (бекіткіштің орынлалу құрысы монтаж сызбасына сәйкес жобамын анықталады) /поз.13/;
Модульді орындалған құрылғылар үшін іске қосушы балон:
- тиекті іске қосушы құрылғы (ТІҚ) поз.10 /электрлік іске қосу үшін;
- жоғары қысымды иілгіш шлангпен /поз.11/ ӨССЕ-ден резервуарға жұмыс газын беру үшін;
- массаның азаюын бақылайтын құрылғымен /поз.12/ - жабдықталған;
Орталықтандырылып жасалған құрылғылар үшін жұмыс газы ғимаратта орналасқан 15 – 35 º С температуралы жұмыс газы батареяларында сақталады.
Жұқалап себу технологиясының ерекшелігі газдысұйық қоспаларды қолдану болып табылады. Ол құрылғының суландырғыштарына бір құбыр арқылы жеткізіледі. Бұл құрылғының сызбасын айтарлықтай қарапайым етеді және оның монтажы мен қолдануын жеңілдетеді.
Сұйықтық диспергиясының тиімділігін технологияның келесі ерекшеліктері қамтамасыз етіледі:
- алдын ала арнайы көлемде сепкіштерден ағызып алынған газдысұйық қоспаларды қалыптастыру (ПФГРС).
Бұл жоғары емес қысымда (0,3-1,0) МПа тамшылардың жоғары жылдамдығын (до 200 м/с) алуға мүмкіндік береді, бұл олардың тиімді ұсақталуына септігін тигізеді;
-сепкіштен шығу кезінде арнайы құрылғы көмегімен газдысұйықтарды ағызудың ерекше режимін жасау (газдысұйық қоспаларды ағызудың тығынды режимді стабилизаторы);
-сепкіш есебінде көбікті ағынмен соғатын форсунканың жұқа қиындысы қолданылады, оның резонанс туғызатын қуысы бар, ол акустикалық резонансты жүзеге асырады. Соның арқасында сұйықтықтың диспергиясын қамтамасыз етіп, оны өрескел дисперсті тұманға айналдырады.
Іске қосушы балонда ЗПУ іске қосылғанда жұмыс газы ПФГРС-ға келіп жетеді. Бұл сұйықгазды қоспаның қажетті концентрациясын алуды қамтамасыз етеді. Қалыптасқан газды сұйыққоспа орталық құбыр арқылы бөлшектегіш желіге келіп жетеді. Барлық сепкіштерге оптималды концентрациядағы газды сұйық қоспаны жеткізуді қамтамасыз ету үшін бөлшектеуші желінің әр торабының газды сұйықты қоспаны бөлшектейтін құрылғысы болуы керек (ПРГРС).
Ал ағынды екі бағытқа бөлу үшін стандартты үшайыр қолданылады. Ағынды үш не бірнеше бағытқа бөлшектеген жағдайда арнайы конструкциялы ПРГРС қолданылады. Нақ осы жоғары тиімділігінің арқасында және монтажы мен қолданудың қарапайымдылығы, сонымен қатар қол жетімділігін ескере отырып аталған құрылғыны перспективті деген қорытынды жасауға болады. Мол себепті осы модульдің негізінде сынақтар өткізу мақсатында лабораториялық құрылғы жасалды.
Модульдің базасында лабораторялық өртті сулы құраммен жұқалап себу арқылы сөндіру құрылғын жасау оны оқу мақсатында да, ғылыми зерттеу мақсатында да қолдануға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, курсанттармен, студенттермен лабораториялық жұмыс жүргізу құрылғы тораптарының жұмыс принципін түсінуге, онымен өз бетімен жұмыс істеуге көмектеседі.
Сонымен қатар бұл құрылғыда лабораториялық зерттеулер жүргізуге болады. Атап айтсақ берілген темодинамикалық параметрлерге сәйкес газдысұйықтардың дисперстілік деңгейін бағалауға, әр түрлі өрт сөндіруші қоспалардың өрт сөндіру тиімділігін зерттеуге, берілген әр түрлі параметрлердегі ағынның интенсивтілігін анықтауға т.б. мақсаттарда қолдануға болады.
Лабораториялық құрылғы келесі тораптардан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |