Дипломдық жұмыстардың үлгі тақырыптары және оларды жасауға арналған єдістемелік н¦СЌаулар 050503 психология



жүктеу 318,17 Kb.
бет2/2
Дата21.12.2017
өлшемі318,17 Kb.
#5205
түріДиплом
1   2

Павлодар




Лист утверждения Форма

к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН

ФЖжµ¤Ф деканы

________ Сарбалаев Ж.Т.

«___» ________ 200 ж.
Құрастырушы: Ксембаева С.К.

Психология және педагогика кафедрасы


Дипломдық жұмыстардың үлгі тақырыптары

және оларды жасауға арналған


ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР

050503 – психология


мамандығы бойынша студенттер ‰шін

Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 200 ж.

№ _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М
филология, журналистика жєне µнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды

“ __”_______ 200__ж. Хаттама №__


ОӘК төрайымы ____________ Жуманкулова Е.Н.

Кіріспе

  1. Дипломдық жұмысқа қойылатын жалпы талаптар

Дипломдық жұмыс университеттегі оқу процессінің қорытынды кезеңі және мамандандыру пәндерімен бірге түлектердің біліктілігін анықтайды.

Дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарын жетістікпен орындаған студенттер жіберіледі.

Дипломдық жұмыстарды студенттер жоғары деңгейдегі ғылыми және педагогикалық білікті оқытушылардың жетекшілігімен кафедрада орындайды.

Түлектердің біліктілік жұмысы – ол материалдарды өз бетімен ғылыми мазмұндау; сонымен қатар, проблеманы теориялық айқындау мен практиканы талдауды бірге жүргізе алуларын көрсету

Түлектердің біліктілік жұмысының мақсаты:

1. Мамандық бойынша.теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту, кеңейту, тереңдету және ол білімдерін ғылыми және практикалық мәселелерді шешу кезінде пайдалана алу.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өздігінен орындау дағдыларын дамыту, практикалық мәселелерді шешу кезінде эксперименттік әдістерді игеру.

3. Студенттерің мекемелерде, ұйымдарда, кеңес беру орындарында жұмыс жасауға дайындығын анықтау.



2. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары

Дипломдық жұмыстардың тақырыптары өзекті, практика мен ғылымның барлық талаптарын ескеретін болуы керек. Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын кафедрада анықтайды. Студенттер дипломдық жұмыстың тақырыбын өздері таңдап алады, өздерінің тақырыптарын ұсынуға да болады, бірақ ол тақырыпты зерттеудің қажеттігін негіздеу керек.

Тақырып таңдау кезінде студент оқытушылардан немесе кафедра меңгерушісінен кеңес ала алады. Тақырыпты таңдап алғаннан кейін студент кафедра меңгеушісінің атына сол тақырыпты бекіту туралы өтініш жазады. (Қосымша А).

Кафедра отырысында дипломдық жұмыстардың тақырыптары мен студенттердің ғылыми жетекшілері бекітіледі. Ол кезде студенттердің тілектері ескеріледі, әсіресе, егер олар белгілі оқытушының жетекшілігімен бұрын зерттеу жұмыстарын жүргізген болса.

Бекітілген тақырыптар мен ғылыми жетекшілері көрсетілген, кафедра меңгерушісінің қолы қойылған студенттер тізімі факультет деканатына және факультеттің Әдістемелік кеңесіне жіберіледі

3. Кафедрада дипломдық жұмысты дайындау барысын бақылау.

Тақырыбын бекіткеннен кейін студент диломдық жұмысының жоспарын, ретін, дайындау мерзімін ғылыми жетекшісімен келіседі.

Дипломдық жұмыстың жетекшісі:

1. Студент ұсынған дипломдық жұмыстың жұмыс жоспарын бағалайды және түзетулер енгізеді, жұмысты бөлімдерге, параграфтарға бөлуге көмектеседі, жұмыс көлемін, алғашқы түрде тексеру мерзімін анықтайды.


2. Студенттің ғылыми әдебиеттерді, әдістемелік аппараттарды таңдау негіздерін тексереді, олардың ең қажеттілерін анықтауға көмектеседі, студенттерді толық библиография жасауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын, практиканы жүргізуге және т.б. бағыттайды.

3. Кеңес беру күндері, қажет болған жағдайда одан да жиірек жұмыс барысы, кездескен қиыншылықтар туралы студенттермен әңгімелеседі.

Кафедрада ғылыми жетекші студенттің дипломдық жұмысын орындау барысын тыңдауына болады. Осы жағдайлы қажет болған уақытта студент кафедра отырысына немесе кафедра меңгерушісіне әңгімеге шақырылады.


  1. Дипломдық жұмысты дайындау

Дипломдық жұмысты жазу студент орындау керек:

1.Берілген проблема бойынша белгілі әдебиеттерді, олардың теориялық

және практикалық аспектілерін жан-жақты оқып білу;


  1. Тақырып бойынша ғылым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді

талдау;

3. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, практикады жүзеге асуын ескере отырып, зерттеу нәтижесін жалпыламалау;

4. Осы проблемаға сәйкес өзінің жеке пікірін, ғылыми позицияларын, өз көзқарасын құрастыру;

5. Зерттелген проблема бойынша жеке тұлғаға, ұжымға өзінің ұсыныстарын және нұсқауларын құрастыру.




  1. Дипломдық жұмыстың құрылымы және мазмұны

Дипломдық жұмыстың құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

- титульды бет;

- тапсырма;

- аннотация (үш тілде: мемлекеттік, орысша, ағылшынша)

- мазмұны;

- белгі шарттарының, символдардың, өлшемдердің, терминдердің тізімі;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар (қажет болған жағдайда);

Титульдық бетте:

ВУЗ реквизиттері, факультеттің және кафедраның атауы, дайындық бағыты, дипломдық жұмыстардың тақырыптарының аттары, жұмыс авторының аты-жөні, курсы, оқу формасы, ғылыми жетекшісінің лауазымы, ғыыми дәрежесі, аты-жөні, «қорғау күні», «бағасы» графалары, қорғау орны және жылы (қосымша Б).

Дипломдық жұмыстың мазмұны кіріспеден бастап жұмыстың бөлімдерінен, қосымшалардан турады, әр бөлімнің басталған бетін көрсету керек.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның практикада және педагогика мен психология ғылымындағы маңызы, осыған байланысты тақырыпты таңдау себептері; тақырыптың әдебиеттердегі басылым деңгейлері, негізгі ғалым-зерттеушілердің аты-жөні; студенттің алдына қойған мақсаты мен міндеттері көрсетіледі..

Негізгі текст параграфтарға бөлінген бірнеше бөлімдерден тұрады. Оларда тақырыптың мәселелері көрсетіледі. Бөлімдер мен параграфтардың көлемдері бірдей болғаны дұрыс.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесі көрсетіледі, жалпылама түрде түйіні мен ұсыныстар беріледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі текстіде келтірілуіне байланысты алфавит ретінде құрастырылады (қосымша В).

Қосымшада автор дайындаған кестелер, графиктер, схемалар жән басқа материалдар орналастырылады.

Дипломдық жұмысты жазу – студенттің жүйелі, қомақты түрде, жоспарға сәйкес тақырып бойынша ғылыми концепцияларды, зерттеу практикасын талдай отыра, негізгі мәліметтерді мазмұндауы, ол студенттің проблеманы түсіуін және бағалауын, оларды шешу үшін жасаған ұсыныстарын көрсетуі.


6. Дипломдық жұмыстың көлемі. Құрастырылуы. Қорғау реті.

Дипломдық жұмыстың көлемі 1,0 интервал арқылы басылған, 70 беттен кем емес, компьютермен терілген текст болуы керек.

Жұмыс А-4 қағазында басылады. Беттердің параметрі: жоғарғы жол -1,5 см, төменгі жол -1,5 см, оң жақ – 1,0 см, сол жақ -2,5 см.

Студент текстіні толық, жан-жақты тексеруі керек, себебі жіберілген қателіктер үшін өзі жауапты. Көп қателері бар жұмыс қорғауға жіберілмейді.

Дипломдық жұмыста беттерді жалпы номерлеу қолданылады. Бірінші бет – титульді бет, екінші – жұмыстың атауы, кіріспе, әрбір бөлім жеке, қорытынды, библиография, қосымшалар жаңа беттерден басталады. Текстіде бөлімдердің, параграфтардың атауы толық жазылады. Бөлімдердің атаулары үлкен әріптермен (литерлермен) жазылады. Студенттің қолы библиографияның немесе қосымшаның соңғы бетіне қойылады.

Дипломдық жұмыс арнайы папкаға салынады немесе түптеледі. Дайын түрінде кафедраға беріледі. Жұмысқа қойылатын талаптар орындалмаған кезде, ғылыми жетекші жұмысты студентке қайтарады, аяқталмаған жұмыстың бағытын көрсетеді. Егер, ғылыми жетекші дипломдық жұмыс қорғауға жіберіледі деген түйінге келсе, онда жазбаша түрде жұмысқа пікір дайындайды.

Студент, пікірден басқа, жұмысқа рецензия алуы керек. Осы кафедраның оқытушылары, университеттің басқа кафедраларының немесе басқа ЖОО-ның оқытушылары, жеткілікті біліктілік деңгейі бар осы саладағы практикалық қызметкерлер рецензент бола алады.

Пікір мен рецензияда жұмыстың жетістіктерімен қатар, оның кемшіліктері де көрсетіледі, жұмыс деңгейі туралы жалпы қорытынды жасалады, нақты баға қойылуы мүмкін.

Пікір мен рецензия алынғаннан кейін жұмысқа өзгертулер енгізілмейді.

Дипломдық жұмысты қорғау кестеге сәйкес емтихандық комиссияның отырысында ашық түрде жүргізіледі.



Қорғау реті:

- жұмыстың негізгі мазмұны, өзінің түйіндеуі және ұсыныстары туралы қысқаша (7-10 мин) баяндама.

- емтихандық комиссия мүшелерінің, басқа қорғауға қатысып отырғандардың студентке сұрақтары және сұрақтарға жауаптар.

- рецензенттің сөзі немесе оның рецензиясын тыңдау.

- сұрақтың мәні бойынша басқа адамдардың пікірлерін тыңдау.

- студенттің қорытынды сөзі, ол пікір мен рецензияда айтылған сыңдарға өзінің көзқарасын баяндайды.



Бағалаудың критериялары:

- оның ғылыми деңгейі, тақырыптың сұрақтарын көрсете алу деңгейі, практикалық, кәсібилік іс-әрекеттердегі маңызы;

-психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді, практика материалдарын қолданулары;

- тақырыпты зерттеуге шығармашылық икемі;

- ғылымилығы, негізділігі, қорытындыларының дұрыстығы;

- мазмұндау стилі;

- безендіру тиянақтылығы;

- жұмыс мазмұнында және қорғау барысында көрсеткен кәсібилік дайындығының деңгейі.


Тематика дипломдық жұмыстарының тақырыптары

Блок I





  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық үрдістерін диагностикалау және түзету.

  2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттерінің психодиагностикасы.

  3. Мектепке дейінгі жастағы балаларға психологиялық көмек.

  4. Сенсорлық жүйелерді зерттеу және дамыту (көзбен шолу, кинестетикалық, аудиалдық)

  5. Ойын мен ертегі - баланың қоршаған ортамен танысу тәсілдері.

  6. Ойынның психотерапевтік мүмкіндіктері.

  7. Тәжірибелік психолог жұмысындағы ертегі мен ертегітерапиясы.



Блок II





  1. Баланы мектепте оқытуға дайындығының диагностикасы.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының таным үрдістерінің даму деңгейлерін диагностикалау және түзету.

  3. Кемісті балалармен түзету мен дамыту жұмысы.

  4. Бастауыш мектеп оқушыларында жеке тұлғалық қасиеттерінің түзетілуі және психодиагностикасы.

  5. Бастауыш сынып оқушылардың мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру.

  6. Балалардағы қорқу мен қобалжу сезімдерінің ерекшелігін зерттеп түзету.

  7. Баладардың аффекті мінез-құлқын сюжетті-рольдік, режиссерлік және шығармашылық ойындар арқылы түзету.

  8. Балалардың араласпайтыны мен тұйықтығының себептері, психологиялық көмек көрсету жолдары.

  9. Балалардың өтірік айту мәселесі, оның пайда болу себептері.



Блок III

1 Әлеуметтік – педагогикалық қараусыз қалған балаларға психологиялық көмек көрсету.



  1. Тәжірибелік психологтың іс-әрекетінде балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқы.

  2. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуын түзету жолдары.

  3. Аддиктивті мінез-құлықты психологиялық түзету.



Блок IV


1 Жасөспірімдермен кеңестік-әдістемелік жұмыс.

2 Агрессияның себебі, көмек жолдары.



  1. Мүгедек балаларға психологиялық көмек.

  2. Жасөспірім психологтың клиенті ретінде.

  1. Жасөспірімдер мінезінің акцентуациясын түзету менг алдын алу объектісі ретінде.

  2. Жоғары сынып оқушысы психологиялық көмектің объектісі ретінде.

  3. Жоғары сынып оқушысына психологиялық көмек беру әдістемесі.

  4. Кәсіби кеңес берудегі психодиагностика.



Блок V


1 Балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін психотүзету жұмысының негізгі формалары.

  1. Баланың отбасындағы эмоцияналдық-тұлғалық дамуының ерекшеліктері.



Блок VI


1 Ересек адамдардың танымдық үрдістерінің психологиясының ерекшеліктері.

  1. Іскелік қатынастағы өзін-өзі реттеу мәселелері туралы тәжірибелік ұсыныстар.

  2. Қарым-қатынастағы психологиялық түзетулер және топтық көмек.

  3. Тұлғалық қасиеттердің психодиагностикасы.

  4. Ересек адамдардың мотивациялық және эмоционалдық ерекшеліктері.

  5. Жетекшілікке бейімділігі мен қабілеттерінің диагностикасы.



Блок VII





  1. Отбасы психологиялық кеңес беретін мекемесінде.

  2. Отбасы қатынасын түзету мен дамыту әдістері.

  3. Некелесуге дейінгі психологиялық кеңес беру.

  4. Жас отбасына психологиялық кеңес беру.

  5. Тоқталған отбасына кеңес беру.

  6. Отбасылық кеңес беретін мекемесіндегі психотерапия, психотүзетулер.



Блок VIII

1 Некеге қанағаттану дәрежесінің диагностикасы.



2 Танысу және жалғыздық мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру.

  1. Ата-ана нұсқауларының диагностикасы.

  2. Ата-ана мен бала қатынасындағы сенімділік баланың тұлғалық дамуының бұзылуын түзету және алдын алу әдісі ретінде.

  3. Отбасы тәрбиесіндегі үйлесімсіздік - балалар мінез-құлықтарының бұзылуының пайда болуының факторы.


Блок IX


  1. Тәжірибелі психологтың әлеуметтік іс - әрекетіндегі ептілігі.

  2. Адам психологиясы әлемін тану мәселесі.

  3. Басқа адамдардың мінез – құлқын, эмоционалдық қалпын басқару.

  4. Дау–дамай типологиясы және оны шешу жолдары.


Блок X


  1. Мектептегі педагогикалық процестің психологиямен ұштасуы.

  2. Жалпы білім беретін мектепте (сыныпта) дарынды балалармен психологиялық жұмыс жүргізілуі.

  3. Жалпы білім беретін мекемедегі педагогикалық ұжымымен мектеп психологының жұмысының мазмұны.

  4. Жалпы білім беретін мекемедегі ұжымдық микроклиматты қалыптастырудағы мектеп психологының ролі.

  5. Психологтың фирманыњ (ұйым) жарнама компаниясын ұйымдастыруы және жоспарлауы.

  6. Өзін - өзі сезінуі мен стрессті басқару.

  7. Психологиялыќ тренингтерді ұйымдастыру әдістемесі.

  8. Маманның (басшы) кәсіби жарамдылығын бағалау және іріктеу әдістемесі.

  9. Басшы имиджі (мұғалім, іскер адам) және оны қалыптастыру жолдары.

  10. Басшы дайындау және іріктеу әдісі.

  11. Тұлғаның өзін - өзі дамыту және өзін - өзі тәрбиелеу процестерін басқаруы.


Үсынылған әдебиет тізімі

:

  1. Абульханова К.А. Психология познания и сознания личности.М.­
    Воронеж. 1999.224 с.

  2. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. М.:Педагогика,
    1980. Т.1, 2

  3. Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. М.: Педагогика .
    1960.

  4. Асмолов А.Г. Психология личности. М.: Изд-во Моек ун­
    та, 1990,376с.

  5. Бодалев А. А. Личность и общение: Избранные труды. Педагогика,
    1983,271с.

  6. Братусь Б. С. Аномалии личности. М.: Мысль, 1988, 304с.

  7. Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических
    процессов. М.: Смысл, 1998, 685 с.

  8. Вилюнас В. К. Психологические механизмы мотивации человека.
    М.:МГУ, 1990.288 с.

  9. Выготский Л.С. Собр. соч.: В 6т. М.: "Педагогика", 1982-1984. Т.2.

С.5-362. Т.З. .328с. Т.5 С.34-48,153-168.

Ю.Гальперин П.Я. Введение в психологию. М.: Изд-во Моек ун-та,1999. 130 с.

П.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. М: Изд-во МГУ, 1988. С. 64-94.

12.Годфруа Ж. Что такое психология: В 2-х т. М.: Мир, 1992. 496с.



13.Джакупов СМ. Психология познавательной деятельности. Алма-Ата: Изд-во КазГУ,1992. 195с.

Ы.Джакупов СМ. Психологическая структура процесса обучения. Алматы, 2004.-312 с.

15.Жарикбаев К.Б История казахской психологии (на казахском языке). Алматы: Изд-во «Казахстан», 1996.

16. Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1999. - 367 с.

П.Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии.- М: Изд-во Моск. ун-та, 1982.128с.

18.Ким A.M. Современная психология понимания. А.: Казак универ. 2000. -320с.

  1. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М.: Изд-во Моск. ун-та.
    1981. 219-261, 272-317, 357-396, 410-435.

  2. .Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., Политиздат,
    1977.304с.

21.Линдсей П., Норман Д. Переработка информации у человека. М.: Мир,1974. 550с.

  1. Логинова Н.А. Б.Г.Ананьев выдающийся ученый в истории
    отечественной психологии. Алматы, изд-во КазГУ,1999. с.105.

  2. Ломов Б.Ф. Методологические и теоретические проблемы психологии.
    М.: «Наука», 1984.

24. Лурия А.Р. Язык и сознание. М.: Изд-во Моек ун-та, 1980.
25.Мерлин B.C. Очерки теории темперамента. М., 1964.
26.Нюттен М. Мотивация // Экспериментальная психология/Ред. П.

Фресс, Ж. Пиаже, М.: Прогресс, 1975, Вып.5.с. 15-99.



27. Петренко В.Ф. Психосемантика сознания. М.: Изд-во Моек ун-та, 1988.С.208.

28.Психология личности в трудах отечественных психологов. СПб.: Изд-во «Питер», 2000. с.480.



  1. Психология эмоций: тексты /Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б.
    Гиппенрейтер. М., Изд-во Моек ун-та, 1984. 287с.

  2. Психологическая наука в России XX столетия: проблемы теории и
    истории. М., Изд-во ИПРАН, 1997. с.574.

ЗЬРейковски Я. Экспериментальная психология эмоций. М: Прогресс, 1977.391с.

32.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб.: Изд-во «Питер», 1999.

  1. Симонов П.В. Мотивированный мозг. М., Нука, 1987.

  2. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 2003.

35.Солсо Р.Л. Когнитивная психология М, Тривола, 1996. с.600.

  1. Тихомиров O.K. Психология мышления. М, Изд-во Моек ун-та, 1984.
    с.272.

  2. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования. М., Наука, 1966 с.
    135-156, 180-183.

38.Фресс П. Эмоции// Экспериментальная психология: В 6 вып. М., 1975.Вып.5 с.111-188.

39.Хекхаузен X Мотивация и деятельность: В 2 т. М., Педагогика, 1986. Т1. 406с; Т2. 391с.

  1. Хрестоматия по истории психологии/ Под ред. П.Я. Гальперина,
    А.Н. Ждан. М, Изд-во Моек ун-та, 1980, с. 146-210.

  2. Хрестоматия по общей психологии. Психология мышления / Под
    ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.В. Петухова. М., Изд-во Моек ун-та, 1981.-
    400с.

  3. Хрестоматия по вниманию / Под ред. А.Н. Леонтьева, А.А.
    Пузырея, В.Я. Романова. М., Изд-во Моек ун-та, 1976. 272с.

43.Хрестоматия по общей психологии. Психология памяти / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова. М., Изд-во Моек ун-та, 1979. 195с.

Дополнительная:

44. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. М., Наука, 1977.

45.Брунер Дж. Психология познания. М.: Прогресс, 1977. 412с.

46.Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение. М.: изд-во «Институт практической психологии», 1996. с.392.

47.Ганзен В.А. Системные описания в психологии. Л.: Изд-во ЛГУ, 1984. с. 176.


  1. Климов Е.Ф. Индивидуальный стиль деятельности в зависимости от
    индивидуальных свойств нервной системы. Казань: Изд-во Казанского ун-та,
    1969.

  2. Мышление: процесс, деятельность, общение /Отв.ред. А.В.
    Брушлинский. М.: Наука, 1982. 287с.

50. Петухов В.В. Психология мышления. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1987, 90с.
51.Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. М.: Педагогика, 1976.
52.Столин В.В. Самосознание личности. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1983. 236с.

53.Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии. М.: Прогресс, 1982. с. 19-49,67-89.

54. Психология. Учебник под ред. Крылова А.А. М.: Проспект. 1999. 584с.



55.Тихомиров O.K., Бабанин Л.Н. ЭВМ и новые проблемы психологии. М: Изд-во Моск. ун-та, 1986. с.3-8,90-195.

56.Юнг.К. Психологические типы. М.: «Университетская книга», 1998. 720с.

57. Якобсон П.М. Психологические проблемы мотивации поведения
человека. М.: Просвещение, 1999. 316с.

Справочная:

  1. Краткий психологический словарь (Под ред. А.В. Петровского, М.Г.
    Ярошевского) Ростов -на- Дону: «Феникс», 1998.

  2. Психологический словарь (Под ред. В.В. Давыдова, А.В. Запорожца,
    В.П. Зинченко и др.) М.: Педагогика, 1983.

  3. Артур Робер Большой толковый психологический словарь. Т. 1 и 2. М.:
    Вече. 2001.

жүктеу 318,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау