Дипломдық ЖҰмыс туралы ереже дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар положение о дипломной работе



жүктеу 423,51 Kb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата13.11.2017
өлшемі423,51 Kb.
#89
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

4

КІРІСПЕ 



 

Қолданыстағы әдістемелік нұсқулар төмендегілерге сәйкес жасалынды:  

-  2  наурыз  2005  жылғы  №  195  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің 

қаулысымен  бекітілген,  жоғарғы  кәсіптік  білім  беру  бағдарламсын  өткізетін, 

білім беру ұйымдарының типтік ережесімен; 

-  18  наурыз  2008ж.  №  125  Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым 

министірлігі  бұйрығымен  бекітілген,  оқушылардың  аралық  және  қорытынды 

аттестациясын, үлгірімінің ағымдағы бақылауын жүргізу ережесі; 

Қазақстан  Республикасы  жалпыға  міндетті  білім  стандарты  Қазақстан 

Республикасының  білім  жүйесі.  Жоғарғы  оқу  орындарында  диплом  жұмысын 

(жоба)  орындау  ережесі  (негізгі  ережелер)  (ҚР  ЖММБС  5.03.016  -2009):  31 

шілде 2009 ж. № 366 ҚР ҒЖБМ бұйрығы; 

-  ҚР  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарты.  Білімі  жоғарғы 

кәсіптік.  Бакалавриат:  мамандығы  050508  –  Есеп  және  аудит  (ҚР  МЖМБС 

3.08.312 – 2006); 

  -  ҚР  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарты.  Жоғарғы  білім 

кәсіптік. Бакалавриат. Негізгі ережелер (ҚР МЖМБС 5.04.019-2008);  

-  МС ИСО нормативтік құжаттарымен 9000:2000, МС ИСО 9001:2000, МС 

ИСО 9004:2000. 

Қазақстан 

Республикасы 

ЖОО 


бытірушілердің 

мемлекеттік 

аттестациясының  қорытындысы  туралы    Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 

беру  стандарттарының  талаптарына    сәйкес  әр  бір  студент  кәсіптік  білім 

бағдарламасын  тәмәмдағаннан  кейін  диплом  жұмысын  қорғау  нысанындағы 

бітіруші біліктілік жұмысын орындайды. 

Диплом  жұмысы  050508  –  «Есеп  және  аудит»  мамандығы  бойынша 

бакалаврдың кәсіптік дайндығының соңғы нәтижесі ретінде қарастырылады. Ол 

таңдалған  тақырып  бойынша  дербес  орындалған,  ғылыми  жаңалығының 

элементтерінен  тұратын,  теориялық  және  тәжірибелік  мәні  бар  және  аяқталған 

жұмысты көрсетеді. 

Диплом жұмысында студенттің арнайы дайындығы және фундаментальді 

деңгейі,  оның  экономикалық  ақпараттарға  шолулар  жасауы  және  талдауға 

қабілеттілігі,  есеп  және  аудиттің  нақты  аумағында  өзекті  тәжірибелік 

міндеттерді шешу бойынша алынған дағдысының деңгейі байқалады.   

Осы  мақсатпен  диплом  жұмысында  қолданыстағы  заңды,  нормативті, 

әдістемелік  және  нұсқаулық  материалдарды,  маңызды  әдеби  көздерді, 

компьютерлік  технология,  сонымен  қатар  қажетті  ақпараттарды  қолдану  және 

таңдай  білуі  талап  етіледі.  Сондықтан  да  диплом  жұмысын  дайындау  бірнеше 

кезеңнен тұрады: 

–  тақырыпты таңдау және оның өзектілігін дәлелдеу; 

–  библиография  құру,  диплом  жұмысының  тақырыбына  қатысты,  заңды 

актілермен, нормативтік құжаттармен және басқа да көздермен танысу; 

– статистикалық  органдардан,  мемлекеттік  қаржылық  органдардан,  жеке 

меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорындардан, нарықтық құрылымдардан,  

қаржы-несиелік  және  басқа  да  ұйымдардан  факт  жүзіндегі  материалдарды 




 

5

жинау; 



– қаржылық, 

математика-статистикалық 

экономикалық 

және 


басқарушылық  талдаудың  қазіргі  әдістерін  қолданумен  алынған  ақпараттарды 

өңдеу және талдау;  

– қорытындыны құрастыру және ұсыныстар жасау;  

– бекітілген талаптарға сай диплом жұмысын рәсімдеу. 

Студенттің  дайындығының  жалпы  деңгейі  Мемлекеттік  аттестациялық 

комиссия алдында диплом жұмысын қорғау процесінде бағаланады.  

Қорытынды  мемлекеттік  аттестацияны  табысты  тапсырған  жағдайда 

бітірушіге  сәйкес  біліктілік  және  қаржы  бакалавры  академиялық  дәрежесі 

тағайындалады және жоғарғы білімі туралы мемлекеттік диплом беріледі.  

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  нұсқаулар  студенттерді  біліктілік 

жұмысын  жазуға  және  қорғауға  көмекке  шақырады.  Ол  студент-диплом 

жазушының  диплом  жұмысының  тақырыбын  таңдау  тәртібін  анықтайды, 

диплом  жұмысының  мазмұны  мен  рәсімделуіне,  оны  дайындау  кезектілігіне, 

құрылымына қойылатын барлық талаптарды бекітеді.  

Әдістемелік нұсқауда ғылыми жетекші және ғылыми кеңесші тұрғысынан 

студент-диплом  жазушыға  тақырып  таңдауда,  оның  жұмысының  барлық 

кезеңінде  жұмысы  үшін  бақылауды  ұйымдастыру  және  көмек  көрсету  жүйесі 

бейнеленген, рецензиялау және диплом жұмысын қорғау тәртібі анықталған.   

 

 



 

6

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



 

Диплом  жұмысы  –  бұл  студенттің  кешенді  дербес  жұмысы,  басты 

мақсаты  және  мазмұны  болып  мамандық  профильі  бойынша  кейбір  өзекті 

міндеттер  мен  сұрақтарды  теория  тұрғысынан,  сол  сияқты  қолданбалы 

симпатта жасау және зерттеу, жан жақты талдау болып табылады.    

Диплом жұмысын орындау мақсаты болып: 

1)  мамандық  бойынша  теориялық  білім  және  тәжіртибелік  дағдыны 

кеңейту  және  жүйелеу,  бекіту  және  ғылыми,  техникалық,  экономикалық  және 

өндірістік міндеттерді шешу кезінде оларды қолдану;  

2)  жеке  жұмысты  жүргізу  дағдысын  алу  және  жасалынатын  поблемалар 

және  сұрақтарды  шешу  кезінде  эксперемент  жасау  және  ғылыми  зерттеу 

әдістемесін меңгере білу; 

3) қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет, сонымен қатар оның кәсіптік 

компетенциясы  жағдайында  жеке  жұмыс  істеуге  студенттің  дайындыңын 

тексеру. 

Диплом  жұмысын  орындау  және  қорғау  базалық  жоғарғы  білімді 

тәмәмдәушы  кезең  болып  табылады.  Оның  табысты  өтуі    050508  –  Есеп  және 

аудит  мамандығы  бойынша  студенттерге  қаржы  бакалавры  академиялық 

дәрежесін және біліктілігін тағайындаудың қажеті жағдайы болып табылады. 

Мамандарды  дайындау  процесінде  дипломдық  жобалаудың  мәні  мен  ең 

басты  ролі  осымен,  сонымен  қатар  оны  жүргізуге  қойылатын  талаптармен 

анықталады. 

Дипломдық  жобалаудың  мақсатты  белгіленуі  болып  мамандықтың 

алатын  орнын,  болашақ  кәсіптік  қызметтің    объектілері  және  түрлерін 

бейнелейтін  кәсіптік  білім  берудің  сапасын  кешенді  бағалу  және  Мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  (МЖМБС)  талаптарына  сәйкес 

бітірушінің  біліктілік  деңгейін  тексеру  табылады.  Сонымен  бірге,  дипломдық 

жобалау білім беру процесінің  кезеңі болып табылады, өткен оқу кезеңдерінде 

алынған  білімдері  мен  дағдыларын,  білімін  дамыту  және  бекіту,  толықтыру 

мақсатын  көздейді.  Бұдан  өзге,  диплом  жұмысы  студенттің  дербестігінің  

жоғарғы дәрежесін көретеді, өзін өзі өткізуі және творчествалық өзін бейнелеуі 

үшін  тамаша  мүмкіндікті  білдіреді.  Жеке  тұлғаның  осындай  сапасын  құрау 

және  дамыту,  креативті  (салиқалы,  инновациялық)  ойлау  типі  білім  берудің 

қазіргі тұжырымының негізін құрады.  

Толығымен  білім  берудің  жалпы  мақсаттарының  жетістігіне  және  жеке 

алғанда  жоғарғы  кәсіптік  білім  берудің  мақсаттарына  сүйене  отырып, 

дипломдық  жобалаудың  өзінің  негізгі  қызметімен  –  қорытынды  бақылау  және 

білім  беру  жүйесінің  сапасын  бағалаумен  байланысты  арнайы  ерекшеліктері 

болады.    Бұл  кезде  студент-диплом  жазушылар  және  олардың  жетекшілері 

студенттің  кәсіптік  дайындығының  деңгейі  және  диплом  жұмысын  орындау 

және  қорғау  бағасы  жүргізілетін,  негізгі  талаптар  мен  көрсеткіштерді  ескеруі 

қажет.   

Интегралды түрде бұл негізгі көрсеткіштер төмендегілерге саяды: 

–  әр  түрлі  көзқарастарды  есепке  ала  отырып  әр  түрлі  аналитикалық 




жүктеу 423,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау