̽ғàëiì
Îқóøû
1-сурет
Мұндай сұлба бойынша ақпарат алмасуға қатысушылардың құқығы бірдей болмайды, олардың атқаратын қызметінде де айырмашылық бар.
Мұғалімнің атқаратын ақпараттық қызметіне оқушыға жаңа ақпарат беру, оқыту әдісі мен оқу ақпаратын өңдеу, ақпарат беру кезіндегі оқыту үрдісін ұйымдастыру мен оны басқару, оқушыдан кері байланыс желісімен түскен ақпаратты талдау және түзету әрекеттері және т.б. жатады. Ал, оқушының ақпараттық қызметтеріне ақпаратты қабылдап алу, оны қайта өңдеу тәсілдерін игеру, білімділік пен іскерлікке жету мақсатында ақпаратты қайта өңдеу т.б. іс-әрекеттерді жатқызуға болады.
Жоғарыда көрсетілген сұлба мұғалім – сынып ақпараттық ара-қатынас деңгейінде басқарылатын субъектілердің санына қарай өзгеріп отырады, оның бір түрі мынадай болады (2-сурет).
Демек, оқу сыныпта ақпараттық жүйе болып табылады да, мұнда басқалар сияқты алмасу ақпараты каналдарының қабілеті және оны қайта өңдеу жылдамдығы шектеулі.
Мұғалім – сынып жүйесіндегі
ақпараттық алмасу сұлбасы
̽ғàëiì
Øûғàòûí àқïàðàò- òûқ êàíàë
Êiðåòií àқïàðàò-òûқ êàíàë
1-îқóøû
2-îқóøû…
N-îºóøû
2-сурет
Бұл бір жағынан алмасуға қатысушы адамдардың ақпарат беру және қайта өңдеу жылдамдығының компьютерлік жүйелермен салыстырғанда біршама төмендігін білдіреді. Ф.Бауэр, Г.Гозелердің айтулары бойынша, адамның ақпарат мағынасын түсініп сөйлескенде оны өңдеу жылдамдығы 50 бит/с, мағынасын түсініп оқығанда 15-40 әріп/сек, яғни мәтіннің бір бетіне 2-3 минут сәйкес келетінін дәлелдеген. Екінші жағынан, ақпараттар алмасуға қатысушы әр адамның ақпараттық сипаттамаларының ерекшеліктері де әрқилы. Осы жағдайлардан төмендегідей бірқатар салдарлар шығады:
1. Қазіргі уақыттағы оқыту үрдісінде барлық оқушылар ақпаратты бірдей уақытта және бірдей көлемде меңгеруі керек деген ұғымда ұйымдастырылады. Сондай-ақ берілген ақпарат не үшін және қай деңгейде (танысу, теориялық білім немесе практикалық қолданудың дағдысы) меңгерілуі керек екендігі де айқын көрсетілмейді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде орташаланған бір оқу бағдарламасымен жаппай оқытылады, ал жеке-даралап оқытудағы ақпараттық алмасуды жекелендіруге байланысты оның көлемін ұлғайтуға, олай болса мұғалімнің байланыс салаларын кемелінен асыра ұлғайтуға әкеп тірейтіні сөзсіз.
2. Мектептің нормативті құжаттарында оқушының белгілі бір оқу кезеңінде (мысалы, бір аптада, оқу жылында) алатын және қайта өңдейтін ақпараттар көлемінің жоғарғы дәрежесі дәл анықтала қойған жоқ. Ақпараттар көлемі оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындықтарына қарай сараланады. Ал, ақпараттар көлемінің шамасын есепке алмау және әрбір мұғалімнің өз пәнінен барынша мол білім қорын беруге тырысуы соның салдарынан оқушылардың оқудағы жүгі ауырлап, оқуға қызығушылықтың жоғалуына және теріс психофизиологиялық зардаптардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
3. Қазіргі оқу үрдісін ұйымдастыру сүлбесі шамамен мынадай: мұғалім белсенді, оқушы енжар, ал оқушының ақпаратты меңгеру кезіндегі белсенділігі мұғалімге тез талдауды және т.б. талап ететін сұрақтардың қойылуына, өз пікірін айтуға әкеп соқтыратыны сөзсіз, ал бұл мұғалімнің жылдам ақпараттық мүмкіндіктерін қамтамасыз етпейді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушыларға жеке тапсырмалар беру жолымен олардың оқу іс-әрекеттерін белсендіру мұғалімге шамамен тыс көп ақпаратты жүктеу арқылы проблеманы шешуге әрекет жасау деген сөз, ал жалпы тапсырмаларға қарағанда ерекше тапсырмаларды тексеруге едәуір көп күш және уақыт керек.
4. Дәстүрлі оқу үрдісінде ақпарат беру айтарлықтай дәрежеде абстрактілі-логикалық (дәлірек айтқанда сөздік) формаға негізделген. Ал, ақпарат болса адамның талдау және синтездеу қабілетіне, құбылыстардың модельдерін құру немесе керісінше, модельден және оны сипаттайтын математикалық теңдеулерден ақиқат құбылысты көре білу мүмкіндігіне бағытталған болады. Сонымен бірге психологтар мен физиологтардың зерттеулері, адамдардың көп бөлігі көрнекі формада берілген ақпаратты қабылдап, меңгере алатындығын дәлелдеген. Дәстүрлі оқу үрдісінде қолданылатын көрнекілік элементтері көбінесе статикалық сипатта болады, олар құбылыстар мен үрдістердің дәл сол уақытта және кеңістікте даму динамикасын қамтып көрсетпейді, яғни құбылыстардың сайма-сай бейнелерін жасай алмайды.
5. Дәстүрлі оқу үрдісінде, мұғалім оқушылардың білімін тек эпизодты және ішінара тексеруге ғана мүмкіндігі бар және ондай тексеру, бір жағынан, мұғалімге оқу ақпараттарын оқушылардың меңгеруі туралы толық мағлұмат бермейді, екінші жағынан, оқушылар үшін оқудың сыртқы мотивін қамтамасыз ете алмайды.
6. Мұғалімге оқу-тәрбие үрдісін басқаруда іс-әрекеттерді қарастыруы үшін оқушылардың психо-физиологиялық және ақыл-ой даму динамикасы туралы ақпараты керек, олардың қалыптасу ерекшеліктерін және басқа да мәліметтерін білмей мектептегі оқу- тәрбие жұмысын жақсартуға болмайды.
Аталған қиындықтар мен қайшылықтар оқу барысындағы ақпараттық үрдістерді ұйымдастырудың жетілмегендігімен байланысты екенін көрсетіп отыр. Дәстүрлі оқу технологиясы шеңберінде, Ян-Амос Коменскийден бері айтарлықтай өзгерістер болмаған оқу жүйесінде бір мұғалім және көп оқушы аталған қарама-қайшылықтарды жеңу мүмкін емес. Ал, бұл өз кезегінде, жаңа ақпараттық қоғамда мектеп бітірушіні өмірге толық дайындай алмайды деген сөз. Бұдан шығатын ең қолайлы жол ақпараттық технологияны мектеп оқу үрдісіне кеңінен ендіру.
Оқу үрдісіне компьютерді тең құқықты қатысушы ретінде енгізгеннен кейін сыныптағы ақпарат айналу сұлбасында (сурет 3) не өзгеретінін талдап көрейік.
Сурет 3
Мұғалім-оқушы-компьютер жүйесіндегі
ақпараттық алмасу сұлбасы
1
̽ғàëiмì
Îқóøû
3
2
Êîìïüþòåð
Б
1
2
3
ұл суреттен дәстүрлі “мұғалім–оқушы” ақпараттық құрылымнан бөлек жаңадан “оқушы - компьютер” және “мұғалім - компьютер” құрылымдарының пайда болғаны көрініп тұр.
Осыған байланысты оқу үрдісіндегі ақпарат айнамалы үшеуінің арасында үйлестіріп қайта бөлу (мүмкін толықтыру) мәселесі пайда болады. Осы мәселені шешуге таңдалған вариант жаңа ақпараттық технологияны (ЖАТ) оқытуда қолданудың стратегиясын анықтайды. Оқу үрдісін бір “білім жазықтығындағы” қозғалыс ретінде қарастырайық (4-сурет).
Ж
1
аңа материалды баяндау, оқу үрдісін басқару, оқушыны тәрбиелеу мұғалімнің ісі екені айқын, ал соңғы нәтиженің жауапкершілігі де сонда. Басқа сөзбен айтқанда, “мұғалім – оқушы” ақпараттық аймағында оқытудың топты құрастырушысы жүзеге асу керек. Керісінше, ақпаратты меңгерудің бастапқы кезеңдеріндегі (репродукция кезеңі және стандартты жағдайдағы білімді қолдану кезеңі) индивидуальді құрастырушы бұрын таныс теориялық жағдайларды көп рет қайталаумен және практикалық тапсырмаларды көптеп орындаумен байланысты, ал шығармашы-лық дәрежеге шығу үшін өздігінен зерттеу жүргізу мүмкіндігін талап етеді.
2
Бұл тапсырмалардың сан-алуандығына қарамай – іскер болып дағдылану және шығармашылық қабілетті дамыту – екеуінің де мәселесін компьютерді қолдану арқылы ойдағыдай шешуге болады. Сонымен оқудың индивидуальды құрастырушысы “оқушы-компьютер” аймағында жүзеге асыруы керек. Бұл жағдайда компьютер әрі оқушы білімінің объективті баға құралы (компьютерлік бақылау), әрі модельдеуші орта (компьютерлік модельдер) бола алады. Басқа сөзбен айтқанда, дербес компьютер оқушы үшін дербес мұғалім бола алады деген сөз.
3
Дәстүрлі технологияда аймақтық "мұғалім - компьютер"
а
3
налогы жоқ. Бұл жүйе арқылы мұғалім әр оқушының және бүкіл топтың оқу материалын меңгеру динамикасы туралы ақпаратты алып отырады, бұл оқыту барысында сабақтың мазмұнына, көлеміне, жылдамдығына және басқа аспектілеріне дер кезінде түзету (соның ішінде жекешеленген) енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
3
Осы аймағында тағы да барлық оқу барысындағы психофизиологиялық тесті жүргізудің нәтижелері жинақталады, бұл мұғалім мен мектеп психологына оқушының дамуын болжауға және оған лайықты тәрбиелік шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен, мұғалім мен компьютер арасындағы дидактикалық функцияны ажыратып қарастырғанда, егерде ол жұмыстар адам басшылығымен іске асатын болса, онда үлкен мүмкіндік туатындығы байқалады. Бұл жерде мұғалімді машина толық алмастыра алады деген қауіптенушілік жоққа шығарылады. Бағдарламаланған оқу меңгерілуі міндетті түрде бақыланып отыратын оқу материалдарын жеке бөліктерге бөлуді қарастырады; тесті жүргізудің нәтижелері бойынша ендігі қадам қандай болатыны туралы шешім қабылданады: егер тест ойдағыдай орындалса, жаңа бөлікке өту, егер оқушы бақылау тапсырмасын орындай алмаса, онда өткенді оқу кезеңіне қайта оралу.
Компьютер көмегімен осы сияқты сүлбелерді жүзеге асыру әрекеттері бұрын 2-ші, 3-ші буын машиналарында да жасалған, ал қазіргі кезде дербес техникада жалғастырылып келеді. Бірақ бұл бағытта әлі де айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқ. Бұның себебі: компьютерге тіпті оған тән емес дидактикалық функцияларды (жаңа ақпараттарды хабарлау және оқу барысын басқару) беруге тырысады, ал ол үшін әйтеуір бір жолмен оқу үрдісін алгоритмдеу керек және оқу барысының әр түрлі сценарилерін қарастыру керек. Осы туралы бірқатар қарсы пікірлер айтуға болады:
біріншіден, оқушылардың көбі жаңа ақпаратты мұғалімнің баяндау және түсіндіру жолымен қабылдағанды жөн көреді;
екіншіден, берілген ақпаратты меңгеру кезінде пайда болуы мүмкін барлық жеке жағдайларды болжау және бағдарламалық жүйенің оларға реакциясын ңарастыру мүмкін емес;
үшіншіден, оқу тактикасын машина анықтайтын жағдай, ал адам оған бағынышты жағдай ең өрескел педагогикалық және психологиялық қате болып табылады.
Сонымен, егер жоғарыда айтылған оқу үрдісіндегі рольдерде бөлу сүлбесін қабылдасақ, онда жаңа ақпаратты оқушыларға беруге бағытталған бағдарламаның мұғалімге керегі жоқ екенін мақұлдаған орынды.
Бұл айтылғандар толықтыруды, анықтауды немесе негізгі курсты кеңейтуді қарастыратын оқыту фрагменттерінің мәнін кемітпейді – олардың елеулі түрде қолданылуына сөзсіз құқығы бар, біраң тек жаңа материалды мұғалімнің баяндауынан кейін, тегінде, сырттай оқу формасында электронды оқулықтарды қолдануға болады, бірақ, бұның жалпы білім беретін мектептерге қатысы жоқ.
Сонымен, бастауыш мектептерде компьютердің функциясы – жеке құрастырушыны қамтамасыз ету, яғни бұрын алған білімді көп рет қайталау жолымен бекіту, жеке практикалық тапсырмаларды орындау, оқу барысын жүйелі түрде бақылау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Анықтама - ақпараттық жүйелерді қолдануды бөлек атап өту керек, онда компьютер әр түрлі пәндерді оқытуға керек фактологиялық ақпараттардың көзі ретінде саналады. Осы заманғы компьютерлік технологиялар, жекелей айтқанда мультимедия жүйелері (“multіme-dіasystem”) және глобальды компьютерлік жүйелердегі жұмыс (мысалы, іnternet) оқушыларға білімнің барлық саласындағы ақпараттарды беруді қамтамасыз ете алады, бұл пәндерді оқыту мазмұны мен тәсілдерін өзгерту кезінде есепке алынуы керек.
Айтылғандарға байланысты бастауыш мектептерде ЭЕТ-ны оқу құралы ретінде қолдану мынадай негізгі бағыттарға бөлінеді:
компьютерлі тренаж;
жеке тапсырмаларды генерациялау (және тексеру);
компьютерлі бақылау;
зерттеуді орындау үшін модельдеу жұмыстары;
анықтама – ақпарат жүйелері.
Шетел және Ресейлік тәжірибелердің көрсетуі бойынша, оқу компьютерлік технологияларын дұрыс қолданған кезде көп артықшылықтарды қамтамасыз етеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары деп мыналарды айтуға болады:
оқу үрдісін (материалдың мазмұны және оны меңгерудің көлемі мен жылдамдығы бойынша) іс жүзіне дараландыру;
оқу ақпаратын меңгеру кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру, ол үшін олармен интерактивті тәртіпте дара жұмыс істеу керек;
оқу уақытын қолдану тиімділігін жоғарылату (іскерлік пен дағдының қалыптасу жылдамдығы және олардың артықшылығы тұрғысынан);
оқушы жұмысының комфортты психологиялық жағдайы, білімді тексерудің жүйелілігі және жаппайлығы, бағаның әділдігі арқылы жасалған оқудың жағымды мотивациясы;
оқу үрдісін ізгілендіру (оның әр түрлі жақтарын адамның психофизиологиялық ерекшеліктерімен жақсылап сәйкестендіру мағынасында);
мұғалімнің жұмыс сипатын өзгерту, жекелеп айтқанда, оның іс-әрекеттеріндегі ескішілікке негізделгендерін қысқарту, ал шығармашылық құрастырушыларды күшейту;
оқушылар туралы мәліметтерді пайдалану салыстыру нәтижесінде тәрбие жұмыстарының (немесе тәрбиелік әрекеттердің) сәйкестігі (үйлесімділігі).
Мектептің оқу жоспарларында және жеке пәндердің бағдарламаларында оқушылардың қабілеттілігін шыңдайтын мақсат жеткіліксіз, тек білімділігі мен біліктілігіне қойылатын талаптар қалыптасқан. Сонымен, математиканы оқыту практикасында оқушылардың орнықты білім деңгейі талап етіледі, өйткені бұрынғы өткен материалдарды білмесе, жаңа материалды меңгеру мүмкін емес.
Дәстүрлі білім беру технологиясында жаттығуларды орындауды ұйымдастыру көп оқушының қабілеттігін шыңдай алмайды (іскерліктерін қалыптастырмайды). Оның себептері: қажетті мөлшердегі әр түрлі қиындықтағы варианттардың жоқтығы, бір сабақта игерілетін материалдың көлемі аз, жекелей оқыту жолға қойылмаған. Дәстүрлі оқу үрдісінде бұл жетіспеушіліктерді жою дұрыс жолға қойылмаған, мысалы, әр түрлі қиындықтағы, жекелей тапсырмалар жұмысы, жоғарыда айтылғандай оқытушының шамадан тыс ақпараттың жүктелуіне әкеліп соғады, оқушы шамадан тыс көп, әрі қиын ақпаратты меңгере алмайды, соның салдарынан ынтасы төмендейді.
Тек қана компьютер оқушының жұмысын бағалап, жөндеп, дұрыс бағытқа сілтейді және оның оқудағы жүктемесін азайтуға себепкер болады.
Төменгі сыныптарда компьютерлік тренажерді қолдану оқу үрдісін қажетті деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан компьютерлі жаттықтырғыш (тренажер) бұл оқушының қабілеттік деңгейін шыңдайтын және бұл үшін мұғалімнің қажетті әрекетін қамтамасыз ететін бағдарлама. Сонымен компьютерлі тренажер арқылы мыналарды жүзеге асыра алады:
белгілі бір тақырып бойынша біртектес ретті, тапсырмаларды оқушыларға үлестіру;
оқушыларды тапсырма орындау құралымен (экранды калькулятор, текстті редактор, жауаптарды ендіру мүмкіндігі т.б.) қамтамасыз ету;
оқушыға консультация беру немесе есеп шығару үлгісімен таныстыру;
оқу тапсырмасына талдау жасап, оны бағалау.
Оқушы оқу бағдарламасының басқаруымен жұмыс істесе де, оқыту тактикасын өзі таңдап алуы тиіс. Жеке мәселелер: меңгеру уақыты, орындайтын есептердің санымен күрделілігі, қабылдайтын көмек деңгейі болып табылады. Компьютерлі жаттықтырушыны оқу кезеңінде қолданғандықтан, оқушының әрекеті тек сапалы және кеңес беру жағынан сынға алынады. Мысалы, "Сіз мүмкін болатын 30 ұпайдан 20 ұпай жинадыңыз", "Сіз тапсырманы дұрыс орындадыңыз, бірақ бірнеше кішігірім кемшіліктері бар. Бұл әрекетіңіз жөнді болмады. Оқулықтағы "Сандарды көбейту" деген тарауды қайталап тапсырманы орындауға қайта келіңіз". Ал компьютерлі жаттықтырушының нәтижесі бойынша журналға баға қоюға болмайды.
Мұғалімнің бұл компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып оқытудағы ролі мынадай: жаттығу бойынша теориялық материалды түсіндіру, оқушыға бағдар беру: (іс жүзінде қолмен ол не істейді және қалай істеуі керек), тақырыптардың жұмыс көлемін (санымен күрделілігін) анықтап, жұмыс барысында көмек көрсету. Қажет болған жағдайда оқушылардың көбі қинала орындаған жұмыстың жалпы қорытындысы шығарылады немесе жұмысты жеңілдететін тапсырмалар беріледі.
Мектепте оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін бағалай келе, білім мен қабілеттілікті дәстүрлі тәсілмен тексеру деңгейі оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін тиімсіздеу. Оқудың қорытындысын тексеру теориясымен оның практикада орындалуы арасында алшақтық бары айқындалуда. Тексеру тиімділігін тежейтін субъективті себептермен бірге (оқытушылардың дайындықсыз келуі, қажетті материалдардың жоқтығы), дәстүрлі оқыту жүйесінде мызғымас бірнеше объективті себептерді айтуға болады:
сынып құрамы 25-40 оқушы болғанда мұғалім оқушының жекелей танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндігі болмайды, бұл сөзсіз үлгермеушілер мен қалыс қалушылардың көбеюіне әкеп соғады;
оқушыны тексеру анда-санда және бірен-саран (таңдамалы) болады, бұл сыртқы себептерді әлсіретіп оқушының жүйелі және әрдайым жұмыс істеуіне ықпал етпейді;
мектептегі оқу бағдарламаларында әр деңгейлі тексеруге арналған уақыт қарастырылмаған;
оқушыда оқу құралдарының әр түрлі варианттары жоқ, бағдарлама мен оқу мақсаты бәріне бірдей;
оқушының білімін сынау объективті емес, оқу пәнін бағалайтын деңгей (шкала) оқушылардың әр түрлі вариантты жауабын қарастырмайды, оқушының жекелей танымына оқудың сатысы сай емес.
Дәстүрлі оқытуда тексеру әдістерінің осы айтылған кемшіліктерімен қатар артықшылық жақтары да бар. Соларды атап өтейік:
тексерудің әр түрлі көп әдістері бар: ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тақта алдындағы жұмыс, тест тапсырмаларды орындау, демонстрациялау т.б.
ауызша жауапта ғылыми баяндауды меңгеру мүмкіндігі, жауаптарға ғылыми түсініктермен, терминдермен жауап беру, дискуссияға тарту, дәлелдеуді сұрау;
оқытушының және оқушылардың қалыптан тыс жауаптарының дұрыс екенін талдау жасау.
Компьютерлі тексерудің артықшылық жақтарына жататындары:
көп жүйелі тексерудің жүзеге асыру мүмкіндігі;
сыныпта қанша оқушы болуына қарамастан білімдерін жекелей тексеру мүмкіндігі;
тексерудің жалпыламалығы және жүйелі тұрақтылығы;
бағаның икемді нақтылығымен объективтілігі;
оқу барысында меңгерілген материалдардың тізімін құру және нәтижелерді автоматты статистикалы өңдеп тексеру мүмкіндігі: бұл мұғалімге оқу үрдісін сайма-сай меңгеруге шешім қабылдап кірісуіне мүмкіндік береді.
Компьютерлі тексерудің кемшілік жағы да бар. Оларды атап айтсақ, мыналар:
бақылау тапсырмаларын тексеру әдісінің әр түрлілігі көп емес;
жауапты ендіру тәсілдерінің шектеулілігі;
жауапты алдын ала ойластырып, қалыптан тыс дұрыс шығармашылық ойын бағалай алу мүмкіндігінің қиындығы.
Жоғарыда жасалған салыстырмадан мәлім болатыны; ең тиімдісі компьютерлі және дәстүрлі оқыту әдіс-тәсілдерінің озық жақтарын біріктіру. Жекелей айтсақ, материалдарды меңгерудің шығармашылық деңгейінде дәстүрлі тексерулерге жол беру керек. Компьютерлі көп деңгейлі бақылауды қолдану кең түрде құрылымдық тапсырмалар банкісін құруды талап етеді; тапсырмаларды тізіп тексеруші жүйеге енгізу мұғалімнің көп уақытын алады. Мұғалімдердің шығармашылық топтарынан бұл жұмыстарды жүзеге асыруда тиімді нәтиже күтуге болады, олар бір тапсырмаларды бөліп алып орындап, бір-бірімен алмаса отырып қолданулары қажет.
ІІ -тарау. Компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі
2.1. Математика сабақтарында информатиканы оқыту мүмкіндігі
Қазіргі уақытта информатика элементтерін 1-сыныптан оқыту мақсат етілуде. Ол жөнінде соңғы қабылданған құжаттарда білім беру ісінде бастауыш мектептің өзінде оқушыларды шығармашы-лық іс-әрекеттерге баулу, шетел тілдерін, информатиканы оқыту қарастырылған. Республикамыздың 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: "… баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту"- бастауыш мектептің негізгі міндеті ретінде айқындалған. Төменгі сатының (бастауыш білім беруде) өзінде оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу іс-әрекетін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарлануы белгіленген. Ал Республикамыздағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: "Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған" - деп нақты белгіленген. Аталмыш екі құжаттың мазмұнында шетел тілін және информатика негіздерін 2-сыныптан бастап оқыту көзделген.
Бүгінгі күнгі ең кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелердің бірі - бастауыш мектепке информатика элементтерін енгізу. Оны біз шетел тәжірибелеріне жүгіне отырып дәлелденген және басылым беттерінде жариялануда. Негізінен, бұл мәселе 1997-1998 жылдарда қолға алынып, 1-3 сыныптарға арналған бағдарламалар жасалды.
Біздің бұл бағдарламамыздың жалпы мақсаты - компьютерлік сауаттылықтың алғашқы негізін қлауға, дамытушы ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталса, ал оның тәрбиелік мақсаты - оқушыны тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен шешім қабылдап мектеп ұжымымен жақсы қарым-қатынас жасай білуіне бағытталған.
Бағдарламаға сәйкес 1-сынып оқушылары информатика элементтерін оқып үйрену барысында олар компьютермен жұмыс жасауды және оны басқа пәндерде (айталық, математика, әліппе, сурет сабақтарында) қолдана біліп қарапайым кескіндер салып үйренулері қажет. Сонымен қатар, мишканы қалай қолдану керектігін, оның көмегімен қажетті бағдарламаны іске қосуды, клавиатураның негізгі қарапайым көп қолданылатын тетіктерін (мысалы: бағыттамалар, ENTER, DELETE, BS, ІNS, т.б.), графиктік редакторды іске қосуды және онда қарапайым кескіндерді бояу мен сақтау жолдарын үйреніп білуі тиіс. Ұсынылып отырған 1-3 сыныптарға арналған бағдарламалар бойынша аптасына 1 сағаттан, ал жыл бойына 34 сағаттан сабақ жүргізіледі. Барлығы үш сыныпқа 102 сағат. Осы сабақтардың бәріне толық талдау жасалған. Мұнда қарстырылатын тақырыптар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынған.
Қазақ мектептерінде оқыту, тәрбиелеу ісін заман талабына сай қайта өзгертіп жаңалау үшін бастауыш мектептен бастап информатика элементтерін оқытып енгізудің маңызы ерекше болып табылады.
Қазіргі бастауыш мектептер үшін 1-сыныпқа арналған информатика элементтерін оқыту бағдарламасы төменде ұсынылған.
1-сыныпта информатика элементтерін оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспары (аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағат).
N
|
Сабақтың мазмұны
|
Көрнекілік құралдар
|
Сағ.саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Информатика кабинетімен танысу. Техника қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
|
"Техника қауіпсіздігі" ережесі жазылған қабырға газеті.
|
2
|
2
|
Ақпарат және біз. Ақпараттар жөнінде жалпы түсінік. Ақпараттардың түрлері.
|
Ақпараттар көзі салынған карточкалар.
|
2
|
3
|
Компьютердің құрамдас бөліктерінің атауларымен танысу.
|
Компьютердің құрамдас бөліктері және оның суреті салынған парақ.
|
1
|
4
|
Компьютерді іске қосу және ажырату. Өзіндік жұмыс.
|
Компьютерді іске қосу және ажырату ережесі.
|
1
|
5
|
Мишка манипулятордың атқаратын қызметтері. Өзіндік жұмыс.
|
Суреттемелер: бағдаршам, бесжұлдыз, гүл.
|
2
|
6
|
Қайталау сабағы.
|
Плакат, компьютердің құрамдас бөліктері, суреттемелер.
|
1
|
7
|
Клавиатурамен танысу. Енгізу, өшіру және бағыттамалармен танысу. Өзіндік жұмыс.
|
Клавиатура, суреттемелер.
|
1
|
8
|
Логикалық ойды дамытуға арналған жаттығулар.
|
Плакат, Компьютер, доп, қуыршақ суреттері.
|
2
|
9
|
1-ден 15-ке дейінгі сандарды жазу. Арифметикалық өрнектерге арналған
|
Жаттықтырушы бағдарлама.
|
2
|
10
|
Арифметикалық амалдарды қолданып, ойын есептерін шешу. Өзіндік жұмыс.
|
"Ойланып тап" бағдарлама-сы.
|
2
|
1
|
2
|
3
|
4
|
11
|
Қайталау сабағы.
|
Плакат, суреттемелер, бағдарламалар.
|
1
|
12
|
Клавиатураны меңгеру. Әліппеден А-дан Р-ға дейінгі әріптерді теріп үйрену. Сөйлем құрап жазу.
|
А-дан Р-ға дейінгі әріптер салынған плакат.
|
2
|
13
|
"Санамақ" - арифметикалық қосу және алу амалдарын қолданып, әр түрлі есептер шығару.
|
"Санамақ" бағдарламасы.
|
2
|
14
|
Ойды ой өсірер. Сөзжұмбақтар.
|
Сөзжұмбақтар кескінделген плакат
|
1
|
15
|
Сөздер мен сөйлемдерді жазуға арналған клавиатуралық жаттығулар
|
|
2
|
16
|
Қайталау сабағы.
|
Жаттықтырушы бағдарлама
|
1
|
17
|
1-ден 100-ге дейінгі сандардыжазу және оларға арифметикалық төрт амалдарын орындау.
|
Жаттықтырушы бағдарлама
|
2
|
18
|
"Білекті бірді жеңер, білімді мыңды жеңер" (ашық сабақ).
|
Жаттықтырушы бағдарлама
|
2
|
19
|
Графиктік редактормен және оның элементтерімен танысу. Қарапайым кескіндер салу.
|
Қарапайым кескіндер мен суреттер салынған плакат.
|
2
|
20
|
Тест алу.
|
Тест алу бағдарламасы
|
1
|
21
|
Балалар мен ата-аналарға арналған сабақ.
|
Компьютер, суреттемелер, плакаттар.
|
1
|
22
|
Қорытынды сабақ.
|
|
1
|
Бастауыш сыныпта ақпараттану технологиясының элементтерін оқытуға болатындығы қазіргі таңда дәлелденген және оларды оқушылардың игеру мүмкіндігінің бары белгіленген.
Оның ішінде теориялық мағлұматтар мазмұны төмендегідей:
ақпараттандыру жөніндегі түсінік. Хабарлама түрлері;
хабарды алу әдістері, оны сақтау және пайдалану
қазіргі дүниедегі ақпараттың мәні;
компьютер көмегімен хат жазу, пайдалану, даярлау, қаржы есептерін шығару;
оқушылардың білімін математика (басқа оқу пәндерінде) сабағында бақылау.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар:
Ұсынылатын көрнекіліктер:
оқыту бағдарламасы;
оқу- әдістемелік құралы;
анықтамалар.
Дегенмен, көрсетілген теориялық мағлұматтар бойынша мәліметтерді игеруді қарастырмауы мүмкін. Себебі мұнда ақпараттарды өңдеу, теру, сақтау іс-әрекеттері қарастырылады.
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің көмегімен хабарды қабылдау
және беру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды ақпарат ұғымымен таныстыру. Ақпараттың пайдасы мен зияны туралы, оны қалай тасымалдау керектігін толығымен түсіндіру.
Дамытушылық: Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тапсырманы орындау барысында тиімді пайдалану, алдарына қойған мақсаттарына жету. Компьютерде практика жүзінде көрсету.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, ынтасын, ізденушілік белсенділігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Буклеттер, қима қағаздар, карточкалар,
плакаттар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жазба жұмыстар, ізденіс сұрақ-жауаптар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сынып тазалығына назар аудару.
3. Сынып оқушыларын түгелдеу.
4. Жаңа сабақ түсіндіру
5. Үй тапсырмасын сұрап бағалау.
6. Қорытындылап, үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасын сұрап – бағалау.
Оқушылырға дайын бланкалар беріп, тест жұмыстарын тарқатып беріп, тест жұмыстарының жауаптарын бланкаға жазып "кілті" арқылы тексеріліп бағаланады және қосымша карточка сұрақтар арқылы бағалау.
Жаңа сабақ түсіндіру:
Ақпараттарды бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер қолданылады. Бірақ бұл онша қолайлы емес, егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса, онда бұл әдісті пайдалану тіпті мүмкін емес.
Компьютерлік желі деп - әр түрлі корларда, мысалы, программаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдаланатындай етіп, бір-бірімен кабельдің көмегі арқылы қосылған компьютерлер тобын айтады.
Алғашқы компьютерлік желі 2 қаңтар 1969 жылы АҚШ қорғаныс минстрлігінің тапсырмасы бйынша жасалған.
Карточкалар – сұрақтары:
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Желінің қызметі?
Желінің неше түрі бар?
Интернет дегеніміз не?
Қорытындылау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
2.2. Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану
Компьютерді оқыту құралы ретінде оқушыны белсенді ететін диалогтық бағдарламалар түзу қажеттігі туындайды Мектеп оқушыларын бастауыш сыныпта компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктерін қарастырайық.
Компьютер, ол өзінше бір, потенциалды политехникалық бағытта, себебі ол халық шаруашылығының барлық саласында қолданылатын қазіргі заманғы техника болып табылады және оны оқушыларды еңбекке баулудың барлық құрылымдық компонеттеріне қолдану политехникалық білім берудегі көп мәселелердің бірі - қазіргі заманғы техникамен танысуды шешеді. "Компьютер - оқушы – мұғалім – оқу материалының мазмұны – оқыту процесі" деген күрделі арақатынас жүйесі енетін және мектепте политехникалық принципті жетекші принцип ретінде жүзеге асыруды есепке ала отырып құрылған анық айқындалған теориялық тұжырым негізіндегі нақтылы әдістемені зерттеп дайындау оқу-тәрбие процесінде қолданылатын техниканың политехникалық маңыздылығының деңгейін сөзсіз арттырады. Қазіргі уақытта компьютерлік техниканы мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығында қолдану жөніндегі зерттеулер жүргізілуде, оқушылардың кәсіби бейімделуіндегі компьютердің мүмкіндіктері анықталуда.
Компьютерлік техниканы математиканы оқытуда қолданудың теориялық негіздері мазмұнды зерттеулердің үш аспектісін қарастырады: оқу бағдарламасының мазмұнына және оқыту процесін ұйымдастыруға байланысты компьютерді математиканы оқытуда қолдану; компьютер және оқушы; компьютер және мұғалім.
Бағдарламаның мазмұны теориялық мағлұматтар мен практикалық жұмыстар да жүзеге асыруды қарастырады. Мектепте арнайы пән ретіндегі информатика сабағында шешілетін мәселелерді талдау бізге сабақта компьютерді қолданудың негізгі жолдарын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Математкианы оқытуда компьютерді:
оқу процесінде нақты мәселелерді шешуге көмектесетін дидактикалық құрал ретінде;
оқушылар орындайтын амалдарының теориялық деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін құрал ретінде;
арнайы пән ретіндегі еңбек сабағын политехникалық бағыттылығын күшейтуші құрал ретінде қолдануға болады.
Атап айтқанда, осы барлық үш бағытта біз компьютерді оқу процесінде қолданылатын дидактикалық құрал ретінде қарастыруға болды. Бірақ бастауышта математиканы оқытудағы уақыттың айтарлықтай бөлігі практикалық есептер шығаруға кетеді.
Кеңес психолог - ғалымдары П.Я. Гальперин, В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин мектептерде дәстүрлі оқыту әдісін қолдану оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін төмендетіп жібергенін өздерінің зерттеулерінде атап көрсетті.
Оқу үрдісінің басты элементтерінің бірі – оқушылардың алған білімін, машығы мен икемдігін тексеру. Бақылау бағдарламаларын құру арқылы өте шапшаң да әділ бағалауға болады. Бақылау бағдарламасында да тапсырма беру, жауапты қадағалау жаттығу бағдарламасындағыдай бұл режимде ереже немесе ұқсас жаттығудың орындалу барысы берілмейді, қате талданбайды.
Оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес бақылау бағдарламасының тапсырмалары мен сұрақтарын әртүрлі деңгейлерге бөлуге болады. Мысалы, а) “ия-жоң”, “дұрыс-дұрыс емес” сияқты жауаптарды талап ететін, бір типті тапсырмалар беретін бағдарлама; б) әр түрлі типті бірнеше варианттан тұратын жауабы бар тапсырмалар беретін бағдарлама; в) шығармашылық ойлауды қажет ететін (нәтиже жоғары бағаланады) бақылау бағдарламасы.
Бақылау бағдарламасын әр оқушының жеке қабілетін ескеріп құруға да болады.
Бақылаудың қорытындысын да экранға әр түрлі беруге болады. Мысалы, оқушы бақылауды өте жақсы орындаса: “Жарайсыз, Сіздің біліміңіз өте жақсы”, ал оқушының білімі қанағаттанғысыз болса: “Сіз материалды жеткілікті менгермепсіз, мына материалды қайталап оқыңыз, мынадай жаттығуларды орындаңыз” – деп нұсқау беріп өз жұмысын аяқтауы мүмкін. Бағаны қысқаша түсініктеме беріп бес баллдың жүйемен де қоюға болады.
Жаңа, күрделі материалды оқып-үйренуге арналған бағдарлама үйретуші бағдарламалардың ішіндегі ең күрделісі және оның атқаратын функциясы мұғалімнің қызметіне өте жақын.
Мұғалім сабақты қалай өткізсе, бұл бағдарламамен жұмыс жасайтын компьютерде де өз “сабағын” солай өткізуге тиіс. Бағдарламаның сабаққа арналған көрнекі құралы, тиімді әдістемелік нұсқаулары және оқушы қолданады-ау деген сұрақтарға дайындаған жауаптарына қоса бір шама бай білім қоры болуы тиіс. Көрнекілік талап етілген жерде машиналық графиканың мүмкіндіктері, ал есептеу қажет болған жерде машинаның есептеу қасиеті пайдаланылады. Мұндай бағдарламаны құру оңай емес, тіпті көптеген бағдарламалау тілдерінің бұған шамасы да жетпейді. Қазіргі кезде бағдарламалардың ішіндегі ыңғайлысы Паскаль тілі.
Сабақ барысында кездескен қиындыңтар стандартты компьютерлік сынып 12 компьютермен жабдықталған, ал қазіргі кезде әр сыныпта 25 оқушыдан 35 оқушыға дейін отырады. Бұл жағдай компьютерді оқу материалын қорытындылауға және бекітуге, ал кейбір жағдайларда жаңа материалды түсіндіруге қолдануға мүмкіндік беретінін көрсетті. Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып оқушылармен әр түрлі әдіспен (әр түрлі формада) жұмыс істеуге талап етілуде. Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп бірінші топты компьютерге өз бетінше жұмыс істеуге отырғызып тапсырмалар беру, ал екінші топпен мұғалім өзі жұмыс жасауға болады. Бірінші топ өзіндік жұмысты орындап болғаннан кейін, екінші топпен орындарын ауыстырады (әр оқушы өзіне бекітілген орынға отырады) өзіндік жұмыс жасағанда компьютер әр оқушыға баға қояды. Барлық оқушы өзіндік жұмысты орындағаннан кейін мұғаліммен жұмыс істеуді жалғастырады.
Өзіндік жұмыс әр түрлі нұсқа бойынша беріледі, сондықтан әр оқушы жанында отырған оқушыдан көмек ала алмайды, бұл әр оқушының жеке-жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Компьютерді сабақта қолдану мүмкіндігі оқушылардың қызығушылығын арттырады, мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді және үлкен маңыздылығын жекелеп немесе топтап даралауды қамтамасыз етеді. Оқу іс - әрекетін басқару функциясын жүзеге асыруда компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың маңызы зор. Айта кететін жағдай, оқушыларға тапсырма беруде дисплей экранында пайда болған проблемаларды оқушының өзінің шешуіне компьютердің мүмкіндік жасай алатындығы.
Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты – мұғалімге оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыруға көмектесу.
Бұл бағдарламалардың негізгі міндеті - өтілген материал бойынша оқушымен дербес жұмыс істеу, білімін тексеру, сонымен қатар бұрын өтілген материалды жүйелі түрде қайталау.
Сонымен компьютердің көмегімен оқытудың мынадай жақсы жақтарын атап өтуге болады:
- компьютерді пайдалану сабаққа деген қызығушылықты арттырады;
- компьютерге арнап оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әр оқушы үшін жеке бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауды күшейтеді;
- компьютер арқылы сөйлеу қабілеті дамымаған, нашар еститін т.с.с. кемшіліктері бар балаларды оқытудың тиімділігі артады;
- компьютер оқушыға материалдың қай тұсына баса назар аудару керек екенін көрсетіп, көмектесіп отырады, оны асықтырмайды, оқушы компьютер алдында қысылып ұялмайды. Сондықтан білмеген нәрсесін машинадан қайталап сұрап алады;
- компьютерді сабаққа пайдалану оған жұмсалатын уақытты үнемдейді.
Бұдан компьютерді оқыту үрдісінде жан-жақты пайдалану керек дегеннен кез келген барлық сабақтарын түгелдей үйретуші бағдарламалар арқылы оқыту керек деген ой тумауы керек, бұл бағдарламалар қайталау сабақтарын өткізу үшін немесе меңгеруі қиын таңырыптарды оқытуға пайдалану үшін құрылуға тиіс. Оның басты себебі компьютермен ұзақ жұмыс істеудің денсаулыққа зиянды екендігінде. Демек, пән мұғалімдері, әдіскерлер өз пәндері бойынша үйретуші бағдарлама құруды талап ететін тақырыптарды іріктей білуі керек.
Компьютерді оқыту процесінде пайдалану ісінде шешілмеген мәселелер әлі көп, бұл жөнінен тәжірибе жинақтаған мұғалімдер некен- саяқ.
Нақтылы жағдайға (оқушылардың дайындығына) байланысты қай сабаққа болса да бұл бағдарламаларды пайдалану мәселесін мұғалім өзі шешеді. Мұғалім өз қалауынша белгілі бір бағдарламаны толық немесе оның бір бөлігін ғана ұсынуына болады. Тапсырмаларды орындауға қажет уақыт сұрақтың қиындығына да байланысты. Сондықтан компьютерде берілген тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт бөлінгендіктен, осы талаптардың ара жігін айқын бөліп айту керек. Біздің бұл ұсыныс шамамен ғана айтылып отыр, өйткені бір ғана тапсырманы әр оқушының орындау мерзімі әр түрлі.
Бағдарламалардағы тапсырмаларды және санын нақтылы жағдайға байланысты (мысалы, бір сыныпта білім деңгейі әр түрлі оқушылардың отыруы т.б.) мұғалім өз қалауынша өзгертуіне болады. Сондай-ақ бағдарламаны мұғалім өз қалауынша кейбір оқушылармен жеке жұмыс жүргізу үшін де пайдалануға болады.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту бағдарламаларындағы компьютерді қолдану тиімді болатын тақырыптарды анықтау қойылған мақсатқа жетудің бірінші қадамы болып табылады.
Математикада есеп шығару үшін керекті дұрыс жолды, тәсілді таңдаудағы нақты мысалды келтірейік. Компьютерге салынған осындай бағдарламаның блок-схемасы мынандай болып көрсетіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |