Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015



жүктеу 3,75 Mb.
бет1/3
Дата14.12.2017
өлшемі3,75 Mb.
#4209
түріДиплом
  1   2   3

Қазақстан Республикасы ІІМ

Төтенше жағдайлар комитеті

«Көкшетау техникалық институты» РММ


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

(ЖОБА)

Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»

Диплом жазушы: А.И.Қуандық


Көкшетау-2015
Қазақстан Республикасы ІІМ

Төтенше жағдайлар комитеті

«Көкшетау техникалық институты» РММ


Күндізгі оқу факультеті
Өрттің алдын алу кафедрасы


«Қорғауға жіберілді»

ӨАА кафедрасының бастығы

техникалық ғылыми кандидаты

өртке қарсы қызмет полковнигі

______________Қ.К.Карменов

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауданында орналасқан «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС автоматты өртке қарсы қорғанысы»

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»



Орындаған ______________________ А.И.Қуандық

Жетекші ______________________ М.Ж.Тұрғынбаев

Көкшетау- 2015
Қазақстан Республикасы ІІМ

Төтенше жағдайлар комитеті

«Көкшетау техникалық институты»РММ

Күндізгі оқу факультеті

Өрттің алдын алу кафедрасы

Бакалавр

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломдық жұмысты (жоба) дайындау




ТАПСЫРМА




Жұмыс (жоба) тақырыбы: Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауданында орналасқан «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС автоматты өртке қарсы қорғанысы.



1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 20__ ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі 20__ ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер ірімшік зауытының жобасы
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:



р/с


Тарау атауы


Орындау мерзімі



Кіріспе


01.02.2015

1

Қорғалатын объекттің қысқаша сипаттамасы

05.02.2015

2

Өрт қауіптілігін сараптау

15.02.2015

3

Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау

20.02.2015

4

АӨСҚ – ның гидравликалық есептелуі

25.02.2015

5

Өрт сөндіруде және өрт дабылдағышы жүйесі

25.02.2015

6

Автоматты өртке қарсы қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау

12.03.2015

7

Қорытынды

21.04.2015

8

Әдебиеттер тізімі

22.04.2015

9

Графикалық бөлімі

25.04.2015

10

Дипломды алдын-ала қорғау

17.05.2015



5. Консультанттар:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Тапсырманы тапсыру мерзімі 2015 жыл

7. Бекітемін (кафедра бастығы) өртке қарсы қызмет полковнигі________________________________________Қ.К.Карменов

8. Жетекші (кафедра оқутышы) өртке қарсы қызмет подполковнигі ___________________________________________________________М.Ж.Тұрғынбаев
9. Тапсырманы орындауға қабылдадым А.И. Қуандық

МАЗМҰНЫ





Кіріспе

6

1

Өрт қауіпсіздігі қағидалары

9

1.1

Жалпы ережелер

9

1.2

Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын ұстау тәртібі

10

1.3

Жылыту жүйелерін ұстау тәртібі

11

1.4

Желдеткіш жүйелерін ұстау тәртібі

13

1.5

Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртібі

14

1.6

Инженерлік жабдықтың басқа түрлерін ұстау тәртібі

15

1.7

Әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын ұстау тәртібі

16

1.8
1.9
2

Көбікпен өрт сөндірудің автоматтандырылған қондырғысының мақсаты мен мәліметтері

Өрт хабарын қабылдау тексеру және өрт сөндіру құралдары

Қорғалатын нысанның қысқаша сипаттамасы

19
18
24

2.1

Көлемді – жоспарлы шешім

24

2.2

Инжерлік қондырғылар бойынша шешім

28

3.2

«Бурный ірімшік зауыты» қатысты заттар мен материалдардың физико-химиялық және өрт қаупі қасиеттеріне сипаттама

29

4

Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау

32

4.1

Автоматты өрттен қорғау техникалық құралдарының жағдайы

32

4.2

Автоматты өртке қарсы қорғауды қолданудың қажеттілігін негіздеу

36

4.3

Өрттен қорғауда автоматтық жүйені таңдау

38

5

Өрт сөндірудің автоматты қондырғысының гидравликалық есебі

40

5.1

Есептеуге бастапқы берілімдер

40

5.2

АӨҚҚ көбік шашатын түтіктерінің орналасуы


40

6

Өрт сөндіруде және өрт дабылдағышы жүйесіндегі көбікті қондырғының негізгі орталығына қойылатын талаптар.

43

6.1

Жалпы талаптар

43

6.2

Шашыратқыштарға қойылатын талаптар

43

7

Автоматты өртке қарсы қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау

45

7.1

Автоматты қондырғымен өрт сөндірген жағдайдағы негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау

45

7.2

Өрт автоматикасы қондырғысын қауіпсіз, сенімді және тиімді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынмен байланысты пайдаланатын шығын

46

7.3

Қозғалыс құралдарымен өрт сөндіру нұсқасында негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау

48

8

Техникалық қауіпсіздік бойынша негізгі талаптар

51




Қысқаша қорытынды

53




Қолданылған әдебиеттер

54



Кіріспе
Өрт сөндіру қондырғыларының пайда болу тарихы адам қоғамы дамуымен тікелей байланысты. Өрт сөндіру үшін қондырғыларды еске алу ерте заманғы өмірге ұқсас. Өртпен күресу үшін әр түрлі техникалық құралдарды түсіндіру ерте грек және рим оқымыстылары еңбектерінде де кездеседі. Автоматизация – бұл сол кездегі техника дамуы деңгейінің қажетті сипатын көрсетеді.

Автоматты өртке қарсы қорғау өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешкенде маңызды ролді алады. Спринклер-дренчерлі қондырғыны жарты ғасырдан астам уақыт пайдалану шаруашылық объекттерінде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ететінін көрсетеді.

Техника дамуымен жаңа технологиялық үрдістер енгізіледі, олар жоғары деңгейдегі механизация және автоматизациямен ерекшеленеді, өндірістің концентрациясы қоймада айтарлықтай мөлшерде шикізат пен дайын бұйымдарды сақтауға әкеледі. Осыларға байланысты автоматты өртке қарсы қорғаудың ролі артады, олардың қондырғылары күнделікті жаңартылады, өз уақытындағы талаптарға жауап беретін тиімді өрт сөндіру жолдарын ашады. Бірақта өз кезегінде экономиканың әр түрлі деңгейіндегі техникалық үрдіс өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәселелермен тығыз байланысты, себебі ол өрт пайда болу мүмкіндігін және мүмкін болатын шығындар өлшемі артуына әсер етеді. Қазіргі уақытта өлшемі бойынша айтуға тұрмайтын өрттер де шығындар әкеледі және солардың нәтижесінде ірі өрттер пайда болуы мүмкін. Осы мәселелердің барлығы біздің республикамызда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын бір қатарға қойып отыр.

Өрт автоматикасы құралдарын кеңінен қолдану адам өмірін өрттің қауіпті факторларынан қорғауға кепілдік береді, өртті тиімді сөндіру кепілдігін арттырады, олардың ірі түрге айналуына жол бермейді, бұнын барлығы мемлекетіміздің материалды және құнды байлықтарын сақтауға әкеліп соқтырады. Өрт автоматикасы құралдарының әлеуметтік-экономикалық мәні келесі түрде жөнделген. Республикамыздағы өрт қауіпсіздігі шаралары жүйесіндегі өрт автоматикасы әлеуметтік тыныштықты қамтамасыз етудің маңызды буыны, ұлттық байлығымызды қорғаудағы нормальды экономикалық функциялары болып табылады. Қазақстан Республикасында локальды диспропорциясы әрекетін және мүмкін болатын пайда болулардың алдын алады. Кеңінен қолданылатын өндірістік автоматикаға байланысты «адамсыз технология» пайызы артады. Егер 60 жылдардың аяғымен 70 жылдардың басында өндірістік мекемелер цехтарында қызмет ететін персоналдар саны көп болған, олар маңызды емес еркін өрт есептерін тудырды, солардың көмегімен өртті өз уақытында табылды және ол туралы дер кезінде хабарланып, өртті сөндіру бойынша шаралар қолданылып отырды, ал қазіргі кезде цех көлемі үлкен және бірнеше операторлар (кейде бір-екі) болғандықтан өртті өз уақытында көру мүмкін болмайды. Егер осыған тағы да объективті себептерді, өрт автокөліктерінің жылдамдығы аздығын, айтарлықтай көшелердегі көліктер ауыртпалығын, қоссақ, онда өртке қарсы қорғаудың автоматикалық құралдарын кеңінен қолдану қажеттігі туады.

Сонымен қоса өрт автоматикасы құралдарын қолдану өртке қарсы қызметте адамдар, техника санын азайту керек еместігін ескеру қажет. Автоматиканы еңгізу – бұл өрт сөндіру бөлімінде техника мүмкіндігі мен штат арасындағы құтылмайтын жарылыс компенсациясы және пайдалануға берілетін объекттерге еңгізу санынын артуына әкеледі.


  1. Өрт қауіпсіздігі қағидалары


1.1 Жалпы ережелер
Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.

Осы Қағидалардың ережелерімен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген «Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиіс.

Осы Қағидалар азаматтық авиация объектілері үшін, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретін) объектілерде қолданылмайды, олар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетін мамандықтар (лауазымдар) тізбесін, тәртібі мен мерзімдерін, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудің тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.

Өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын өшірумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгеріміндегі немесе оның аумағындағы жолдар мен кіреберістердің жай-күйінің өзгергені туралы объектілердің иелері жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргізу мерзімдері, өзгеріс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулік ішінде жүргізіледі. Тиісті жерлерде жолдарды жабу кезінде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.

Ұйымдар мен елді мекендердің аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртібі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес анықталады.



1.2 Ғимараттар мен құрылыстардың

электр қондырғыларын ұстау тәртібі
Электр желілерін, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, іске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидалардың, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы нормаларының, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, іске қосуды реттегіш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желілері Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 1-қосымшасы бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесімен қолданылады.

Барлық электр қондырғылары өртке және жануға әкеліп соғатын қысқа тұйықталу тоғынан және артық жүктемеден қорғайтын аппараттармен қорғалады.

Барлық ток өткізгіш бөліктер, бөлу құрылғылары, аппараттар мен өлшеуіш аспаптар, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық іске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негізде (мрамор, текстолит, гетинакс) құрастырылады.

Өткізгіштер мен кабельдердің сымдарын жалғау, түйіндеу және тармақтау өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру және арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізіледі.

Өткізгіштер мен кабілдердің сымдарының қосылған және тармақталған жерлері, сондай-ақ қосу және тармақтау қысқыштары осы өткізгіштер мен кабельдердің тұтас жерлері сымдарының оқшаулағышына тең оқшауланады.

Оқшаулағыш тіреуіштерінде төселген өткізгіштерден басқа өткізгіштер мен кабельдердің қосулары және тармақталуы қосу және тармақтау қораптарында, қосу және тармақтандыру қысымдарының оқшауланған сырттарында, құрылыс конструкцияларының арнайы текшелерінде, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың тұрқыларының іштерінде орындалады. Оқшаулағыш тіреуіштерінде төсегенде сымдарды қосуды немесе тармақтауды тікелей оқшаулағыштың жанында, немесе сондай-ақ роликте орындалады.

Қосу және тармақтағыш қораптары қорғайтын қақпақтармен қамтамасыз етіледі.

Уақытша электр желілерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарын жүргізу орындарын қоректендіретін уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр өткізгіштері ерекшелік ретінде болуы мүмкін. Уақытша электр желісінің кернеуі 36 Вольттан, ал аса қауіпті орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиіс.

Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшін ықтимал механикалық әсерлерді ескере отырып, осы мақсатқа арналған иілгіш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.

Автоматты өрт сөндіру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендіру үшін енгізу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейін өзіндік электр желісі қарастырылады.

Құрылыс алаңында уақытша электр өткізгішін жұмыс орындарынан 2,5 метрден, өту жерлерінен 3 метрден, өту жолдарынан 6 метрден кем емес биіктікте оқшауланған өткізгішпен орындалып, сым арқан мен берік тіреулерге ілінеді.

Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тіреулерге орнатылады.

Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған шатырларда және полимерлі жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берілмейді.



1.3 Жылыту жүйелерін ұстау тәртібі
Жылыту жүйелерін пайдалану кезінде осы Қағидалардың ережелері, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптары сақталады.

Өндірістік және басқа үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық алған арнайы бөлінген тұлғалар (пеш жағушылар) жүргізеді.

Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағуды жұмыс аяқталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын, ал емханаларда және басқа да тәулік бойы адамдар жаппай болатын нысандарда ұйықтағанға дейін екі сағат бұрын тоқтатылады.

Балалар күндіз болатын балалар мекемелерінде пеш жағу балалар келгенге дейін бір сағат бұрын тоқтатылады.

.Шатырларда барлық түтін құбырлары мен түтін арналары өтетін қабырғаларды әктеу қажет.

Пеш оттығына сұйық отынды жеткізу тек саңылаусыз металл отын өткізгіш арқылы ғана жүргізіледі. Тек зауытта шығарылған отын өткізгіш қосқыштар мен арматура қолданылады. Отын беру жүйесінен сұйық отынның ағуына немесе газдың шығуына жол берілмейді.

Жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:

отынға арналған сыйымдылықтың көлемі, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы;

жылу шығаратын аппараттардың жанарғылары, отын өткізгіштердегі қосқыштар мен арматура тек зауытта дайындалған болуы;

жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесін қажетінше реттеу шегінде оны жанарғы ішіне өткізбей тұрақты жұмыс істеуі тиіс.

Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезінде:

отын өткізгіштерінің герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз қосылмаса, түтін жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтарда, жұмыс істеуге;

ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс істеуге;

тыныс алу құбырларының үй-жайлардың ішіне немесе шатыр үй-жайларына шыққан жолымен жұмыс істеуге;

ретке келтірілмеген форсункамен жұмыс істеуге (отын беру бұзылса);

жылу шығаратын аппараттарды қосу үшін резеңке немесе полимер шлангілер мен муфталарды қолдануға;

аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы материалдардан жасалған қоршаулар орнатуға;

отын өткізгіштерді ашық отпен қыздыруға;

қысқа мерзімге тоқтап тұрғаннан кейін ауамен үрлемей жылу шығаратын аппаратты іске қосуды жүзеге асыруға;

жұмыс істейтін қоспаны көру тесігі арқылы жағуға;

жылу шығаратын аппарат жұмыс істеп тұрған кезде шамшырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;

жылу шығарғыштың ауа сорғыш коллекторында қорғаныштары болмаса, жұмысқа қосуға;

жұмыс істеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусыз қалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;

жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа арналған үй-жайларға (орындарға) орналастыруға жол берілмейді.

Электрокалориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде мынадай талаптар сақталады:

тек зауытта шығарылған, дабылы мен желдеткіш жұмыс істемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясының берілуін болдырмайтын бөгет және шығатын ауаның температурасын бақылау және электр мен жылудан қорғауды реттеу автоматикасы жарамды электрокалориферлер пайдалануға беріледі;

электрокалориферді монтаждау, оны жұмысқа дайындау және іске қосу бұйымға пайдалану құжаттамасында баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.

Калориферлерді пайдалану кезінде:

дабылды немесе бұғаттағышты сөндіруге;

электрокалорифердің корпусы мен желдеткіш арасындағы иілгіш ендірме үшін жанғыш материалдарды қолдануға;

электрокалориферден шығу жолындағы дайындаушы-зауыт белгілеген шекті рұқсат етілген температураны арттыруға;

желдеткіш жұмыс істемей тұрғанда электрокалориферді қосуға (қондырғыны әр іске қосқан сайын бұғаттағыш тексеріледі);

электрокалориферде немесе оның маңында киімді немесе басқа да жанғыш материалдарды кептіруге жол берілмейді.


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау