Дипломдық жұмыс жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қолданыла отырып орындалған



жүктеу 0,84 Mb.
бет1/3
Дата25.11.2017
өлшемі0,84 Mb.
#1300
түріДиплом
  1   2   3

РЕЦЕНЗИЯ
"Құқықтану" мамандығының студенті ___________________"Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу" тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Автор өз жұмысында меншік құқығының түсінігін, меншік құқығының нысандары мен түрлері, меншік құқығының және өзге де азаматтық құқықтарға ие болу негіздері, азаматтардың меншік құқығы, олардың түрлері, меншік құқығын қорғаудың тәсілдері, меншік құқығының тоқтатылуы.

Дипломдық жұмыс жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қолданыла отырып орындалған.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыста тәжірибеден алынған мысалдар да бар». Жалпы алғанда, жеке меншікті құқықтық реттеу проблемелары толық зерттеліп оған талдау жасалған.

Дипломдық жұмыс әдістемелік талаптарды дұрыс пайдаланған және жақсы деген бағамен бағаланады.


"Құқықтану" мамандығының

студенті _____________________

жазған дипломдық жұмысына


ПІКІР
Студент_____________________________________________өз жұмысын "Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу" тақырыбына арнаған. Тақырып аясында 2 тараудан тұратын жоспар түзілген. І-тарауда меншік құқығы, соның ішінде меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны, азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері, меншік құқығының және өзге де азаматтық құқықтарға ие болу негіздері мэселелері қарастырылған.

ІІ-тарауда азаматтық меншік құқығы, яғни азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері, азаматтардың меншік құқығының субъектілері, меншік құқығың қорғаудың азаматтық тәсілдері, меншік құқығының тоқтатылуы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативті заң актілерін пайдаланып жазалған.

Тақырып бойынша тәжірибелік мысалдар жеткілікті. Жалпы алғанда дипломдық жұмыс жақсы жазылған және қорғауға жіберілсін.

Жоспар
Кіріспе...................................................................................................3

1 Тарау. Меншік құқығы..................................................................8

1.1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмүны.........................8

1.2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының

нысандары мен түрлері.........................................................................12

1.3. Меншік құқығына және өзге азаматтық құқықтарға

ие болу негіздері....................................................................................27



2 Тарау. Азаматтық меншік құқығы...............................................40

2.1. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері..............40

2.2. Азаматтардың меншік құқығының субъектілері.........................45

2.3. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық тәсілдері......................47

2.4. Меншік құқығының тоқтатылуы..................................................50

Қорытынды..........................................................................................61

Қолданылған әдебиеттер....................................................................65

Кіріспе

Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйксі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғаңда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ шынайы демократиялық бостандықты пайдалана алатындай кемелденуінсіз мемлекеттің тәуелсіздігін баянды ету де мүмкін емес.

Демек, тәуелсіздік -қоғамдағы демократиялық принциптердің орнығуы мен халықтың рухани жаңаруының іргетасы болса, демократия мен рухани жаңару- елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы.

Тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанында аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ XX ғасырдың аяғында қол жеткізді. Әлем жұртшылығы Қазақстанның дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмытылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті.

Біз - тәуелсіздігімізді нығайту, экономикалық жүйемізді түбірінен жаңарту, демократиялық принциптерді орнықтыру, мемлекеттік, ұлттық және мәдени бірегейлену сынды күрделі-күрделі процестерді басымыздан өткізіп жатқан елміз. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында, халықтың басым көпшілігінің рухани және мәдени жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін процестер. Міне сондықтан да ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның XXI ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген "Қазақстан-2030"1 атты стратегиялық бағдарламасында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. "Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттік қолынан келмейді, -делінген, аталған еңбекте,-бірақ мемлекет өзгерістер процесін, обьективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпататты халыққа жеткізу жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады".

Адамдар санасының өзгеруі, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға береді. "Қоғамыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік,-дейді Президент,-қысқасы біз азаматтық алдық. Мемлекеттік ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасу біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті". Бір ескере кететін жай -Президент еңбегінде айтылған "азаттық" сөзі бұл тұста мемлекеттің тәуелсіздігі мағынасында ғана емес, сонымен қатар адамдардың рухани бостандығы мағынасында қолданылып отыр. Ал рухани бостандық, ой еркіндігі, ұлттық философия мен тарих, қазақ ұлтының сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен ұлы тарихи жолын өркениеттік әдіс тұрғысынан тереңірек зерделеу тәуелсіз және егемен Қазақстан жағдайында ғана мүмкін болады. Тек тәуелсіздік пен егемендік жағдайында ғана Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, т.б. ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың ұлттық дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге, халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, біртұтас ұлт болып бірегейленіп ұюға мүмкіндік алдық.

Жаһандану (глобализация) заманындағы бүгінгі өркениеттің аса бағалы көп сипаттарының ішінде адам құқы мен бостандығы ерекше орынға ие. Сөз жүзіңде адамдардың еркіндігі мен құқын айғайлай жариялағанмен де, тоталитарлық қоғам өз табиғатында шынайы демократия орнатуға дәрменсіздігін танытты. Сондықтан да елдің қожасы деп жарияланған еңбекшілер іс жүзінде партиялық-мемлекеттік мәшиненің елеусіз тегершігіне айналады. Адам қоғамының идеологиялық диктат пен өмір ағысын қатар реттеу жағдайында өзіндік тандау құқығынан мүлде айрылды. Бұл жағдайда ең алдымен тұлғаның демократиялық құқығы мен еркіндігін жоққа шығарған тоталитарлық саяси режим басқаруының салдарынан болды.

Бұл орайда демократияны дамыту -меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемленеттің қалыптасуына қолойлы жағдай туғызудың толласыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат -жас егемен мемлекетті қуатты президенттік республика етіп қалыптастыру болды. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың тендігі, барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша мемлекеттік билік атқарушы, заң шығарушы және тәуелсіз сот сияқты үш тармаққа бөлінген. Елбасы Н.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиясы негізінде бүкіл халық қолдайтын ішкі және сыртқы саясатты іске асырып келеді. Ішкі саясат жаңа қоғамды одан әрі тереңірек топтастыруға, тұрғылықты, азаматтық бейбітшілікті және рухани келісімді дамытуға, мемлектті және оның институттарын қалыптастыру мен нығайтуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Сыртқы саясат жаһандану, әлемдік ауқымдану заманында Қазақстанның көп векторлы және көп деңгейлі интеграциялық іс-әрекетіне, аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға, әлемдік қауымдастықта еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, жоғары технологияны пайдалана отырып, экономикалық өсуге бағытталған. Мемлекет басшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының VIII сессиясында және Ғылым академиясының жуырда өткен жылдық сессиясында сөйлеген сөздерінде бұл тұрғыда атқарылған іске баға беріп, олқылықтарды орынды сынға алды. Қазіргі кезде ел бірлігін нығайту және жаһандану жағдайында ғылыми-зерттеулерді уақыт талабына орай дамудың жетелдетретінде пайдалану міндеттерін қойды.

Нарықтық экономиканы қалыптастыруда қоғам алдында туындаған басты экономикалық басымдықтар мен мақсатты саралау аса маңызды мәнге ие болды. Сондай мақсаттардың ішінен мыналарды бөліп атауға болады:

- өндірістің мол да сапалы тауарлар шығаруы, сервистік қызметтер көрсетуі жағдайындағы экономикалық өсу, яғни лайықты өмір сүру жағдайында ұмтылу;

- жұмысқа ынталы және қабілетті нақты іспен айналысуына заңнамалық және экономикалық негіз қалау;

- шектеулі ресурстардан аз қалдықпен жоғары өнім алуға тырысатын экономикалық тиімділік;

- бағаның тұрақты деңгейі мен валюталық тұрақтылық, яғни инфляция көрсеткіші болып табылатын бағаның жалпы деңгейін өрескел көтеруден сақтау қажеттігі. Сондай-ақ елдің экономикасының көрсеткіші болып табылатын ұлттық валютаның - теңгенің әлемдік қаржылық рынокта тұрақтануына қол жеткізу;

- кәсіпорындарды, тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуді, сондай-ақ тұтынушыларды басқарудың негізгі принциптері ретіндегі экономикалық еркіндік;

- мүгедектерге, жұмысқа жарамайтындарға, қарт адамдарға қамқорлық;

- бүгінгі және келешек ұрпақтың өмірі мен денсаулығының кепілі - айнала қоршаған ортаны, табиғатты аялау;

- елден шығатын және кіретін тауарлар мен қызмет бағасының сәйкестігін жүзеге асыратын сауда тепе-теңдігі.

Осыған орай қазіргі кезендегі мүмкіндікке сәйкес Қазақстан тауар өндіруде бәсекелестікке негізделген экономикалық қарым-қатынас жүйесінде әрқайсысы өз қызметін атқаратын жеке және мемлекеттік меншікті біріктірген әлеуметтік нарық экономикасын қалыптастыру мақсатын іске асырдық.

Егер өндірісті ұйымдастырудың нарықтық үлгісіне тән еркін икемділік, кәсіпкерлік жүйесінің ережелерін сипаттар болсақ, алдыңғы лекке жекеменшік шығады. Жекеменшік ұғымына бұл жерде еркін ілімділік жүйесі жағдайында иеленуге, пайдалануға, сатып алуға, сатуға немесе мұра қалдыруға болатының барлығы жатқызылады. Көп жағдайда нарықтық жүйеде материалдық ресурстар өкімет емес, жеке адамдардың және жеке институттардың меншігі құрайды. Мұндай жеке меншік жеке адамдар мен кәсіпорындарға келісім-шарт жасауға еркіндік бере отырып, материалдық ресурстарды өз қалауынша тұтынуға, бақылау жасауға, пайдаланып жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бәсекелестіктің нәтижелі жұмыс істеуі және оның залал тигізу мүмкіндігін шектеу үшін елімізде арнайы монополияға қарсы заңдар қабылданды, ол заң жеке тұлғалардың өз пайдасын өсіруге тырысқан кезде бір-біріне зиян келтірмеуін қамтамасыз етті. Бәсекелестік тұтынушылар мен сатушылардың істеріндегі жеке мүддесіне шек қояды, сондықтан да ол еркін ілкімділік жүйесінде негізгі реттеуші күш болып табылады. Бұл орайда, бәсекелестік өндірушінің өзін қызықтырған нақты сала өндірісінде кедергісіз енуіне немесе қандай да бір заңды шектеусіз-ақ шығып кетуіне жағдай жасайды. Бәсекелестіктің бұл қыры экономиканың уақыт ағынында өзінің тиімділігін сақтауына аса қажет икемділік сипатының шарты болып табылады. Белгілі бір салаға ену еркіндігі экономиканың тұтынушылар талғамын өзгеруі, ұсынылған ресурстарға немесе жаңа технологияға бейімделуі қажет. Біз киім сәнінің қаншалықты тез өзгеріп жатқандығын көріп отырмыз, сол сияқты нарықтық экономика жағдайында күнделікті тұрмысқа қажетті жаңа тауарлар жарық көріп жатады, автомобильдер де, тағы басқалар да өзгеріп тұрады.


1 тарау. Меншік құқығы
1.1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің азамат даму процесінде алатын орны ерекше.

Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамда белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне қатысуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.

Меншік құқығы объективті мағына тұрғысында алғаңда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын айқындайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқылары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке - жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.

Азаматтық Кодекстің 188-ші бабывда анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс -жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заң түрінде қамтамассыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенімен өз мүлкінің иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық меншігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамассыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерінін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда болуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мыс: жалға беру шарты. Негізінен пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамассыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мыс: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік және жеке меншік құқығы дегеніміз - әр түрлі ұғымдар. Меншік туралы айтылғанда еңбектің өнімдерінінің тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйектейтін өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болады.

Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.

Меншік құқығы объективті және субъективті мағыналарға байланысты бөлінеді. Объективті мағына тұрғысынан алғанда меншік құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және өкімдік жүргізу қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормаларының жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы дегеніміз субъективті мағынасында - белгілі бір адамның нақты мүлікке қатынасты құқығы болып табылады. Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқықтары тиесілі. Бұл құқықтар дәлірек айтқаңда, меншік иесінің өкілеттілігі адамның меншік құқығының мазмұнын құрайды.

Иелену құқықғы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету: Ие болу құқы деп -адамның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізуінің мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтады. Мысалы, мемлекет жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және т.б. ие болса, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б. ие.

Ие болу құқы заңмен қорғалады. Мүлікке ие болу құқығы басқа адамға берілуі мүмкін. Мысалы, комиссия шарты бойынша берілген мүліктің сақтаушысы, комиссионер, заңдық негізде ие болу құқығын және т.б. жүзеге асырады.

Пайдалану құқығы дегеніміз - заттың пайдалы табиғи қасиеттерін шығарып, одан табыстар, сондай-ақ басқа да тиімді игіліктер көру мүмкіндігі. Пайдалану құқы кезінде меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы, өзнінің тұтынушылық сезінуін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кір жуғыш машинаны өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық-түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б.

Мүлікті, техниканы шаруашылық мақсатта пайдалану, сондай-ақ ұғымдарда жүзеге асырады. Олар өз алдарына қойылған мақсатты орындау үшін пайдаланады. Пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.

Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеуін қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктін заңдық жағдайын анықтап, өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу, жедел басқармаға өткізу және т.б.). Билік ету құқығы тек меншік иесіне ғана тиесілі.
1.2 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері
Меншік азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің меншігі болып бөлінеді.

Азаматтардың меншігі. Азаматтардың меншік құқығы объектісінің ауқымы кең. Бұл зерделілік және материалдық қызметтің, кәсіпорындардың тұтыну заттарын қосқандағы материалдық объектілердін өнімдері, өндірістін құрал жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақшалар, соның ішінде шетел валютасы, акциялар, басқа да бағалы қағаздар мен басқа да мүліктер. Азаматтардың меншігі жеке түрде де болуы мүмкін.

Ол азаматтардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

Азаматтардың жеке меншігі оларға пайда алу үшін қажет (мысалы, өндіріс құрал-жабдықтары).

Азаматтардың меншік құқығының иайда болуына мыналар негіз болады:

Мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмыс істеудің нәтижесінде алныған, қоғамның өндіріске қатысудан түскен еңбек табыстары;

Қолөнерлік, іскерлік өнеркәсіптін, ауылшаруашылығының, халыққа қызмет етудің аумақтарындағы және тағы басқа жеке шаруашылықты жүргізу, азаматтардың жеке еңбек қызметі;

Несиеге, сақтандыру және басқа да мекемелерге салынған қаражаттар, акциялар және басқа да бағалы қағаздардан жеке меншік ретінде түскен табыстар;

Мұрагерлік бойынша және заң рұқсат ететін басқа да негіздер бойынша мүлікке ие болу. Мысалы, еңбекшілер қажеттіліктерінің біраз бөлігі қоғамдық қорлар есебінен зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім алу, медециналық қызмет көрсету және т.б. есебінен қанағаттандырылады.

Сөйтіп, меншік құқығының пайда болуының негізгі бастаулары деп азаматардың қоғамдық өндірістегі еңбегінен түсетін ақыларды айтамыз. Азаматтардың меншік құқығының пайда болуына азаматтар жасайтын әр түрлі азаматтық-құқықтық мәмілелер жатады.

Азаматтардың меншік құқығының субъектілері сол азаматтардың өздері болып табылады.

Азаматтардың меншік құқығының мазмұны ретінде меншік иесінің иелену, өзіне тиісті мүлікті пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқығын түсінген жөн. Меншік иесі өзінің бұл құқықтарын ешқандай шектеусіз пайдалану мүмкіндігіне ие. Заң жеке мүлікті азаматтардың қоғам мүддесіне нұқсан келтіріп пайдалануына тыйым салады. Бұл талап бұзылған жағдайда мүлік сот тәртібімен ақысыз тартып алынып, мемлекет меншігіне өткізілуге жатады.

Меншік иесі өз мүлкіне өкімдік жүргізуге кез келген уақытта құқылы. Атап айтқанда, ол мүлкін сатуға, кепілдікке беруге, сыйға тартуға, мұрагерлікке қалдыруға және т.б. өкімдерін жүргізе алады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншік құқығы. Заңды тұлғалардың жеке меншігі деп ұйымдық кәсіпорындардың және басқа да кооперативтердің, шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік емес басқа да заңды тұлғалардың, бірлестіктердің мүлкі танылады.

Кооперативтік меншік құқығының субъектілері - заңды тұлға болып табылатын кооперативтік ұйымдар.

Тұтыну кооперациялары дегеніміз - ол тұтыну қоғамдарының селолық, аудандық одақтары (аудандық тұтыну одағы), тұтыну қоғамдарының облыстық, республикалық одақтары.

Сондай-ақ құқық субъектісі болып мойындалуы мүмкін балық аулаушылардың, тұрғын үй және басқа да кооперациялар болады (егер олар заңды тұлға болып табылса).

Кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің меншік құқығының объектілері жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет өнідіріс құрал-жабдықтары және басқа да мүліктер болып табылады. Аталған меншік құқығының объектісіне, оларды қорларға бөлінетін заттардың тұтас тізбесі кооперативтік ұйымдардың тиісті жарғыларында (ережелерінде) беріледі.

Кооперативтік ұйымдардың мүліктері негізгі, айналымдағы, арнаулы қорларға бөлінеді.

Негізгі қорларға өндірістік емес мақсаттағы құрал-жабдықтар - үйлер, құрылыстар, сондай-ақ әр түрлі ауыл шаруашылығы машиналары, көлік құралдары түріндегі құралдар да жатады. Бұлар олардың мүлкінің басым бөлігін құрайды.

Айналым қорларына кооперацияның шаруашылық қызметіне қатысты шикізат, тұқым, әр түрлі дақылдар қорлары және жанармай, тынайтқыш және т.б. жатады.

Кооперативтік ұйымдардың арнаулы қорлары мәдени-тұрмыстық мұқтаждықтары, әлеуметтік қамтамасыз етуді, алеуметтік сақтандыруды, материалдық ынталандыруды қанағаттандыру үшін құрылады. Сондай-ақ, оларға бір мақсатта қолданатын тұқымдық, малазықтық, сақтандыру қорлары жатады.

Негізгі айналым және арнаулы қорлар кооперативтік ұйымдары мүшелерінің арасында бөліске түспейді.

Жарна қоры кооперативтік ұйымдары мүшелерінің ерікті пайлық жарналарынан құралады. Шығып кеткен кезде кооператив мүшесі өзі енгізген мүлкін қайта талап етуге құқылы.

Кооперативтік ұйымдар өз мүшелерінің қалауынша демократиялық негізде және жарғыларына сәйкес мүлікке иелік етуге, пайдалануға және өкімдік жүргізуге құқылы. Кооперативтік ұйымдардың меншігін құрайтын мүліктерге өкім жүргізу құқығына заң тек олардың өздерінің ғана ие екенін атап көрсетеді. Бұл аталған ұйымдар шарттарды, өз мүлкіне қатысты әр түрлі операцияларды дербес жасай беруге болатынын білдіреді. Мысалы, өздерінің ғимараттарын, құрылыстарын, машиналарын, көлік-құралдарын басқа мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарға бере алады немесе басқа әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл ерекше қүзыретке не мемлекеттік, не одан жоғары тұрған органдар қол сұғуға құқы жоқ.

Қарыздық міндеттемелер бойынша аталған ұйымдар негізгі жабдықтардың, тұқымның және малазықтық қордан басқа өз мүліктеріне жауап береді. Ұжымшарды немесе кооперативтің басқа түрін таратқан кезде бюджеттен, банктер мен және басқа да несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлік кооператив мүшелері арасында бөліске түседі.

Заңды тұлға ретінде шаруашылық ұйымдардың және серіктестіктердің меншігі қатысушылар салымдары есебінен жинақталған, шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған және олар басқа негізде алған объектілер жатады.

Шаруашылық қоғамдары мен серіктестіктерінің қатысушылары кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар, мемлекеттік органдар, сондай-ақ жекелеген азаматтар бола алады. Шаруашылық бірлестіктерінің меншігіне оған кәсіпорындар мен ұйымдар ерікті түрде берген, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған мүліктер жатады.

Шаруашылық бірлестігі өзіне енген кәсіпорындар мен ұйымдарының мүліктерін иеленуге құқы жоқ.

Шаруашылық бірлестіктерінің меншік құқығының объектісі оның шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған мүлік болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың жеке меншік құқығы. Қоғамдық бірлестіктерге кәсіподақтар және азаматтардың ортақ мүдде мақсатының нәтижесінде бірігуден туған басқа да қоғамдық ұйымдар жатады. Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығына олардың жарғыларында көзделген қызметті материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететтін объектілер, сондай-ақ олардың қаражаты есебінен құрылған кәсіпорындар жатады.

Меншіктің бұл түрі үшін кооперативке қарағанда қоғамдасудың жоғарғы сатысы тән. Бұлар өз иеліктерінде орасан соманы құрайтын қоғамдасқан мүліктері бар кәсіподақтардың, спорт қоғамдарының және т.б-ның мүшесі милиондап саналатын ұжымдары.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншіктерінің маңызды ерекшеліктері олардың өндірістік емес мақсаттарда пайдаланылуымен тұжырымдалады. Олардың басты мақсаты мәдени-тәрбиелік, спорттық, сауықтыру, ғылыми, қорғаныс сипатындағы және т.б. әр түрлі жұмыстарды ұйымдастырып, өткізу жолымен адам жан-жақты тәрбиелеу.

Бұл ұйымдар, сондай-ақ меншік құқығындағы өздеріне тиесілі мүліктерді жарғыларына сәйкес иеленіп, пайдаланып, өкімдік жүргізе алады.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының субъектілері, бір жағынан, осы ұйымдардың жүйелері, мысалы, кәсіподақтар жүйелері, ал екінші жағынан, жекелеген қоғамдық ұйымдар болып табылады.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының объектілері ғимараттар, құрылыстар, санаторийлер, демалыс үйлері, мәдениет сарайлары, клубтар, стадиондар, мәдени-ағарту қорлары және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының объектілерінің ауқымы мен сипаты олардың арнаулы құқық қабілеттілігінде шартталған.

Қоғамдық ұйымдардың меншік құқығы объектілерінің спецификалық құқықтық режимі олардың негізгі және ақша қаражаттарының бөлінуімен тұжырымдалады.

Негізгі құрал дегеніміз - несие берушілердің талабы бойынша өндіріп алуға болмайтын кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және т.б.

Ақша қаражаты әкімшілік-шаруашылық шығындарға, күрделі жөндеуге ұйым мүшелеріне материалдық көмек көрсетуге және т.б. жұмсалады.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының пайда болуына басты негіз мүшелікке кіру және ай сайынғы мүшелік жарналар болып табылады. Мысалы, кәсіподақтар бюджет табысы құнның жалпы сомасының үштен екісін осы жарналар құрайды. Бұдан басқа осы қоғамдық ұйымдардың меншігі әр түрлі кәсіпорындардың, мекемелердің жекелей алғанда, мәдени-бұқаралық, спорттық, ғылыми-техникалық және т.б. азаматтық-құқықтық мәмілелердің қызметінен түскен әр түрлі табыстардан құралады. Мысалы, сатып алу-сату, жеткізу, күрделі құрылыс салуды мердігерлікке алу және т.б. шарттар жасасу жолымен.

Қоғамдық ұйымдарды таратқаннан кейін қалатын мүлік олардың жарғыларында көзделген мақсаттарға жұмсалады. Қазіргі кезенде жеке меншіктің елеулі бөлігін иеленетін әр түрлі шаруашылық серіктестіктері кең тараған. Бұл меншікті құрудың, пайдаланудың, сондай-ақ құқықтық ережелерінің тәртібі үшін өзіндік сипаттар тән.

Жарғылық қор құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болыа табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестіктігі болып танылады делінген (Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығы, 1-бап).

Серіктестік өз қызметін тауар-ақша қатынастарын кең пайдалану жолымен өзін-өзі қаржыландыру принциптері негізінде құрады.

Құрылтай құжаттарында серіктестіктің түрі, мақсаттары және қызмет мерзімдері, қатысушылардың (құрылтайшылардың құрамы, фирмалылығы, атауы және тұратын жері) туралы мәліметтермен бірге серіктестік мүлкінің (жарғылық қоры) көлемі, кіріс пен шығыстың бөліну тәртібі көрсетілуі тиіс.

Серіктестік қатысушылардың оған берген, шаруашылық қызметінің нәтижесінде өндірілген бұйымдардың, сондай-ақ заң тыйым салмаған басқа негізінде алынған бұйымдардың иесі болып табылады.

Серіктестіктің мүлкі бастапқыда қатысушылар салымдары есебінен құрылады. Қатысушылар салымдарының құрамына ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және басқа да материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары және т.б. кіруі мүмкін.

Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген (жарғылық қорда) барлық қатысушылардың мүліктегі үлестері олардың салымдарына адекватты болады. Серіктестік заңды тұлға болып табылады.

Серіктестік дегенде бір-біріне жарғылық қорды құрудың ерекшелігімен және олардың қатысушыларының серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілік ерекшеліктерімен ажыратылатын толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосалқы жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғамдар жатады.

Толық серіктестік қатысушысының үлес мөлшерін, олар салатын салымның мөлшерін, құрамы мен енгізу тәртібін, олар салатын салымның мөлшерін, құрамы мен енгізу тәртібін, олардың серіктестік ісіне қатысу нысанын белгілеуі тиіс.

Толық серіктестік қатысушысының үлесінің (үлес бөлігінің) өтуінің белгілі бір тәртібі бар. Толық серіктестікті серіктестік қатысушыларының өз үлесін басқа қатысушыға немесе үшінші бір адамға өткізуі басқа қатысушылардың келісімімен ғана іске асады. Сенім серіктестігі дегеніміз - серіктестік міндеттемелері бойынша өз мүлкі мен қосымша жауапкершілікті мойнына жүктейтін бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын (толық серіктестік), сондай-ақ толық серіктестіктің мүлігіне бір немесе одан да көп қатысушылар (салымшылар) салған салым сомасымен шектелетін серіктестік. Егер сенім серіктестігіне екі немесе оданда көп толық жауапкершілігі бар қатысушылар қатысса, олар жолдастарының қарыздары бойынша ортақ жауапкершілікті мойындарына алады.

Сенім серіктестігі туралы құрылтай шартына толық жауапкершілігі бар әрбір қатысушы үлесінің көлемі, олар салған салымның көлемі, құрамы мен тәртібі, олардың серіктестік ісіне қатысу нысаны, сондай-ақ серіктестік мүлкіндегі салымшылар үлестерінің жинақталған мөлшері енгізілуі тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз - құрылтай құжаттарында белгіленген жарғылық қоры белгілі бір үлестермен мөлшерлерге бөлінген, бір немесе бірнеше адамдар құрған серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестік қызметіне байланысты өздері салған тәуекел етеді және міндеттемелер бойынша жауап бермейді.

Бұл серіктестіктің құрылтай құжаттарына әрбір қатысушының үлесінің мөлшері, олар салған салымның мөлшері, құрамы мен тәртібі, серіктестік органдары және бірауызды болуды қажет ететін мәселелердің тізімін қосқандағы құжатында көрсетілген салымның кем дегенде 50%-ін енгізу керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік резервтік (сақтандыру) қорын және оның қызметі және еңбек ұжымының әлеуметтік дамуы үшін қажетті басқа да қорларды құрады.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық қордағы өз салымдарымен жауап беретін, ал бұл соммалар жетпеген жағдайда өз салымдарының мөлшеріне сәйкес өздері тиесілі мүліктермен қосымша жауап беретін серіктестік.

Қатысушылар жауапкершілігінің мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетіледі.

Акционерлік қоғам дегеніміз - жарғылық қоры бірден номиналдық құны бар акциялардың белгілі бір санына жарғылық қоры бөлінген серіктестік; акционерлік қоғамның қатысушылары (акционерлер) өздерінің барлық мүліктері мен міндеттемелер бойынша жауап береді.

Қоғам жарғысында көрсетілгендей, ашық немесе жабық қоғам болуы мүмкін. Ашық қоғамның акциялары басқа акционерлердің келісімінсіз қолдан-қолға өте береді. Жабық қоғамның акциялары басқа акционерлердің көпшілігінің келісімімен ғана қолдан-қолға өтуі ықтымал.

Қоғамның құрылған сәтінен бастап жарғылық қор бірдей номиналдық құны бар он еселенген акциялардың көрсетілген санынан тұруы тиіс. Қоғамның жарғылық қоры тиісті нормативтік актіде көрсетілгеннен аз болмауы керек.

Басқа шарттармен бірге акционерлік қоғамның жарғысында шығарылатын акциялардың түрлері, олардың номиналдық құны, акциялардын саны, кәсіпорындар алған акция төлеуге байланысты міндеттемелердің орындалмауының салдары, кірісті бөлудің және шығынды өндіріп алудың тәртібі көрсетіледі. Акционерлік қоғамға оның шаруашылық қызметіндегі шығындарды жабу үшін акцияларды шығаруға тыйым салынады.

Діни ұйымдардың меншігіне ғимараттар, мәдени заттар, өндіріс объектілер, ақша қаражаты және оның қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да заттар жатады.

Діни ұйымдардын меншік құқығының көзі - өздерінің жеке қаражаттары есебінен алынып құрылған, азаматтар тегін берген, ұйымдар немесе мемлекет заңға қайшы емес жағдайда берген мүліктер болып табылады.

Мемлекеттік меншік құқығы. Республика аумағында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікке иелік жасау, оны пайдалану және өкімдік жүргізу құқығын оның атынан белгіленген заңды тәртіппен меншік құқығын реттеп отыратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Ол бұл құқықтарын Үкіметке де беруі мүмкін.

Өздерінің құзырететірне сәйкес жергілікті өкілдік және атқарушы органдары Үкімет бергек құқыққа сүйене отырып, мемлекеттік мүлікке ие болу және пайдалану құқығын жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері мүліктің кең ауқымы болып табылады. АК-тің 193-бабында: «Жер, оның қойнауы, су әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады» делінген.

Заңда мемлекеттік меншік құқығын жерге байланысты жүзеге асырудың ерекшеліктері де атап көрсетілген. Ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын қозғалмайтын мүлікті, яғни салынып бітпеген объектілерді жекешелеген кезде азамат немесе заңды тұлға алынған мүлік құқығына бір мезгілде ие болады. Қазіргі заңда белгіленген қағида бойынша мемлекет меншігіндегі жерді алып сатуға, сыйлауға, кепілдікке беруге және өз бетінше жер учаскелерін айырбастауға немесе басқадай мәмілелер жасауға болмайды.

Мемлекет меншігінде басқа да мүліктер: билік органдары мен басқару органдарының, біздің халқымыздың мәдени және тарихи құндылықтары, республикалық бюджедттің қаражаты, мемлекеттік банктің, сақтандыру, резервтік қорлардың қаражаттары және басқа да мүліктер болуы мүмкін.

Мемлекеттік меншіктің құқығының маңызды объектілері, сондай-ақ өнеркәсіп саласында зауыттар, фабрикалар, құрылыс саласында - құрылыс трестері, көлік саласында - темір жолдар, теңіз кемелері, автокөлік, ауыл шаруашылығында - өндірістің, шаруа қожалықтарының және айналым қорлары мен барлық жабдықтары, сауда саласында - машиналар, сондай-ақ басқа да ғимараттар, құрылыстар, мемлекеттік кәсіпорын өнімдері және т.б. мүлікке жатады.

Мемлекеттік меншіктін пайда болуының негіздері әр түрлі. Мемлекеттік меншік құқығының тууына кеңейтілген өндіріс көлемі маңызды себеп болады.

Мемлекеттік меншік құқығының пайда болуының басқа да негіздер көп. Атап айтқанда, жеке меншік иесінен мемлекеттік немесе қоғамдық мүдде үшін оған құнын төлей отырып, мүлкін тартып алу (реквизиция); құқық бұзғандығы үшін санкция есебінде мүліктің өтуі және т.б. нәтижесінде туындайды.

Мемлекет өзінің меншік құқығын тек дербес қана емес, мүлік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқықтары деңгейінде беретін әр түрлі салалық, қаражаттық, ауыл шаруашылығы органдары арқылы пайдаланады.

Өз мүлкін кәсіпорындарға бекіте отырып, мемлекет шаруашылық жүргізу құқығы деңгейінде меншік иесі белгіленген шеңберде мүліктерді кәсіпорындарға пайдалану, иелік ету және басқару сондай-ақ өкілдік жүргізу құқығын ұсынады.

Заң өз қызметін шаруашылық жүргізу құқығы деңгейінде іске асыратын мемлекеттік кәсіпорынға:

өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, уақытша пайдалануға немесе жалға беруге, ауыстыруға;

кәсіпорынның филиалдарын және еншілес кәсіпорындар құруға;

жеке кәсіпкерлермен бірігіп, кәсіпорындармен бірлескен өндірістер құруға, оларға өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға тыйым салады.

Оралымды басқару құқығын меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иеленіп, пайдаланады. Сонымен бірге оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады.

Мүліктік құқықты жүзеге асыру сәтінде (өз атынан) кәсіпорын жұмыс барысындағы кемшіліктердің салдарынан туындайтын шығындар үшін жауапты болады. Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың қарыздары үшін мемлекет жауап бермейді.

Оралымды басқару құқығының субъектілері барлық ұйымдар емес тек заңды тұлға болатын ұйымдар ғана бола алады. Бұл ұйымдардың құрамына кіретін өндірістік бірлестіктер өздеріне сеніп тапсырған мүлікті жедел басқару құқығына ие бола алмайды. Өйткені, бұл жекелеген участкелер, бөлімшелер азаматтық құқықтың субъектісі ретінде көріне алмайды.

Оралымды басқару құқығының мазмұны өзіне тапсырылған мүлікті мемлекеттік ұйымның иелік ету, пайдалану және өкімдік жүргізу құқығымен тұжырымдалады. Алайда, бұл өкілеттіліктің көлемін, шеңберін меншік иесі - мемлекет анықтайды.

Бұл өкілеттіктерді ұйым пайдаланып жүрген нормативтік актілердің шеңберінде жүзеге асырады.

Оралымды басқару құқығының объектісі - мемлекеттік ұйымдарға бекітіліп берген, мемлекет меншігі болып табылатын мүліктер. Олар: негізгі, айналым және арнаулы қорларға бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың негізгі және айналым қаражаттары, құралдары, олардың жарғылық, баланста көрсететін жарғылық қорды құрайды.

Негізгі қорларға өндірістік емес мақсаттағы, мейлінше, маңызды заттар, мысалы, ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары және т.б., сондай-ақ бір жылдан артық пайдаланылуда тұрған әрі министрліктер және ведомстволар белгіленген лимиттен құны жоғары объектілер жатады.

Кәсіпорындардың негізгі құрал жабдықтарға билік ету құқығы шектеулі. Заң мемлекеттік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрал-жабдықтарды және т.б. мүліктерді осы мүліктердің иесінің келісімімен ғана беру тәртібімен жүзеге асыра алатынын белгілеген.

Ұйымдардың қарыздарын негізгі қорлардан өндіріп алуға болмайды. ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды және басқа да негізгі қор кепіл бола алмайды. Алайда, ұйым жарамсыз болып қалған ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды сатуға келмесе, өз мақсатымен пайдаланылмайтын болса, қалпына келтіру мүмкін емес жағдайда баланстан шығынға шығаруға құқы бар.

Айналым қорлары дегеніміз - өндіріс цикліне қатысатын заттар. Атап айтқанда, шикізат, отын, материалдар, жартылай дайын өнімдер, дайын бұйымдар, ақшалар және шаруашылық процесінде бірақ рет қатысатын, өзінің заттай әрі ақшалай нысанын өзгертетін басқа да жабдықтар. Айналым қаражатына, сондай-ақ бір жылдан аз мерзімге пайдалынатын заттар да жатады. Жеке және заемдық айналым қаражаттары да бар. Кәсіпорындардың жеке қаражаты оның мақсатына сәйкес құрылған сәттен бастап пайда болады. Заемдық құжаттар дегеніміз - банкі несиелері немесе жоғары тұрған органның уақытша қаражаттық көмегі.

Қарыздар бойынша кәсіпорын айналым қаржысын мемлекеттік ұйымның, кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамассыз ету шеңбері мен шегінде ғана өндіріп алуды жүзеге асырады; жекелей алғанда, шикізат және басқа да заттардан номативтен артық қорларын ғана өндіріп алуға болады. Ал тұқымдық немесе мазалығы қорларынан өндіріп алуға жатпайды. Сондай-ақ, зиян шегу жағдайларын, кінәлә адамдарды анықтауды жете тексергеннен кейін ғана кәсіпорын балансынан айналым қаржысын шығынға шығаруға болады.

Белгілі -бір мақсаттар үшін арнайлы қорлар құрылады. Табыстың артық есебінен құралатын амортизациялық, материалдық ынталандыру, әлеуметік мәдени шаралар, өндірісті дамыту қорлары және тиісті нормативтік актілерге сәйкес тәртәппен белгіленген басқа да ресурстар.

Амортизациялық қорлар күрделі жөндеу үшін тауар бұйымдарын сатудан түскен ақша құнын есептеу жолымен негізгі қорларды қалпына келтіру үшін және т.б. құрылады.

Материалдық ынталандыру қоры өз міндеттерін орындауда жоғары еңбек көрсеткішіне жеткен жұмысшылар мен қызметшілерге сыйлық беру мақсатында құрылады. Бұл қаражаттар жұмысшылар мен қызметшілерге материалдық жәрдем беру үшін де жұмсалады.

Жұмысшылар мен қызметшілердің мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуін жақсарту үшін әлеуметтік мәдени шаралар қоры құрылады.

Техника мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру - әрқашанда маңызды сміндеттердің бірі. Бұл кәсіпорында экономикалық ынталандыру жасау үшін белгіленген тәртіппен өндірісті дамыту қоры құрылды. Нарықтық экономика жағдайында меншіктің әр түрлі нысандарын құру, бәсеке мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің кең бағдарламасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншікті қайта жаңғыртудың құқықтық негіздерін, ережелері мен процедураларын белгілейтін Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 22 маусымдағы «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру» туралы Заңы жүзеге асуда.

Мемлекет меншігінен алу дегеніміз - бұл шаруашылық басқару функциясы және тиісті өкілетті беру жолымен мемлекеттік кәсіпорындардан тікелей шаруашылық субъектілеріне беру.

Жекешелендіру дегеніміз - мемлекет меншігінің объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды қайта жаңғырту жолымен құрылған акционерлік қоғамдардың акциялары мемлекеттен алып, заңды және жеке тұлғаларға беру. Мемлекет меншігінен алу және мемлекет меншігін жекешелендіру жұмыстарын Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының меншігіне қатысты мемлекет мүддесін білдіреді.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру объектілеріне не жатады? Барлық өндірістік және өдірістік емес салалардағы мемлекеттік меншіктер: кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар, олардың құрылымдық бірліктері мен бөлімшелері, сондай-ақ мәдени тұрмыстық мақсаттағы, әлеуметтік аядағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы объектілер және басқа да құнды заттар жатады.

Қазақстан Республикасының тек мемлекеттік меншігінде тұрған объектілерді жекешелеңдіруге болмайды. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің Ұлтық бағдарламасына сәйкес Республика Үкіметі мемлекеттік қорғаныс және қауіпсіздік әлеуметтік даму, айналадағы ортаны және халықтың денсаулығын қоғау мүдделерін ескере отырып, мемлекет меншігінен алуға және жекешеленуге жинайтын объектілердің тізбесін бекітеді.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру субъектілері сатып алушы, сатушы және делдал облып табылады.

Сатып алушы біздің Республиканың азаматтары, егер меншіктері мемлекетке тиісті болмаса шет мемлекеттің азаматтары және азаматсыз адамдар, сондай-ақ республика аумағында тұратын заңды тұлғалар бола алады.

Сатушы рөлін мемлекеттік мүлік жөніндегі Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік Комитеті және Қаржы министрлігі атқарады.

Сатушы және сатып алушы берген рецензияның негізінде де тараптардың бір жағының сенімхатымен коммерциялық негізде әрекет жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың - делдадық қызметін пайдалана алады.

Заң мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің белгілі бір тәртібін белгілеген. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің белгілі бір тәртібін белгілеген. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы шешім қабылдаған сатушы меншік иелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, кәсіпорын әкімшілігінің, оның еңбек ұжымының, қаржы органдар мен банктің өкілдерінен, басқа да мамандардан сату жөнінде комиссия құрады.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің төмендегідей нысандары бар:

- Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға басқа да шаруашылық қоғамына немесе серіктестікке айналдыру.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін немес мемлекеттік акцияларды конкурстарда, иә болмаса, аукциондарда азаматтардың, сондай-ақ мүлкі мемлекеттік меншікке жатпайтын заңды тұлғалардың сатып алуына болады.

- Меншік иесінің шешімімен акционерлік қоғамдардың және диверсификацияланған холдингтік компаниялардың акционерлік компаниялардың акцияларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу және қызмет көрсету кәсіптікорындарының акцияларын сатып алу.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру негізінен ақылы түрде жүзеге асырылады. Алайда, мемлекет мүлкінің бір бөлігі азаматтар мен заңды тұлғаларға өтеусіз негізде берілуі мүмкін. Мемлекеттік меншік объектілерін сатудан түскен қаражаттар мемлекет меншігі болып табылады да, арнайы есеп-шотқа түседі.

Жекешелендіру тәртібін және қаражатты жұмсау бағдарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.


жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау