Дипломалды тәжірибеден өту бойынша әдістемелік нұсқаулар 5В050800-Есеп және аудит мамандығы үшін



жүктеу 265,65 Kb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата24.12.2017
өлшемі265,65 Kb.
#5626
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

3. 

ДИПЛОМАЛДЫ  ТӘЖІРИБЕ  БОЙЫНША 

ЕСЕПТІ ЖАЗУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

Тәжірибе  басталмас  бұрын  студент  дипломдық  жұмыс 

жетекшісімен кездесіп, онымен бірге дипломдық жұмыстың 

тақырыбын,  сонымен  қатар  сол  тақырыппен  сәйкес 

тәжірибеге  жеке  тапсырманы  анықтап  алу  керек.  Жеке 

тапсырма тәжірибе орнында студент дипломдық жұмыстың 

тәжірибелік  бөлімін  жазғанда  қолдана  алатын  нақты 

мәліметтерді жинау, өңдеу және талдауды қарастырады.  

Тәжірибе өту барысында студент: 

1.  


Еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы,  өндірістік 

санитария  және  өрт  қауіпсіздігі  ережелерін  зерттеп,  қатаң 

сақтауы керек; 

2. 


Кәсіпорынның  еңбек  тәртібін  және  ішкі  еңбек 

тәртібінің ережелерін сақтау қажет; 

3. 

Штаттық  жұмыскерлермен  қатар  орындалатын 



жұмысқа және оның нәтижелеріне жауапкершілік алу; 

4. 


Кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсене қатысу. 

Экономикалық  мамандықтармен  байланысты  бастапқы 

кәсіби  білім  беру  кәсібі  бойынша  студентке  біліктілік 

разрядын  тағайындау  мақсатында  біліктілік  емтихандарын 

тапсыру жоғары бағаланады. Студенттерді кәсіби оқытудан 

бөлек  шаруашылық  және  басқа  да  жұмыстарға  тартуға 

болмайды. 

Дипломалды  тәжірибесі  бойынша  есепті  жасағанда 

келесілерді көрсету керек: 

Кіріспеде  жұмыстың  негізгі  мақсатын,  міндеттерін 

және мазмұнын қысқаша көрсету керек. Дипломдық жұмыс 

тақырыбына  сәйкес  алдын  ала  сұрақтардың  қойылу 

өзектілігін  және  зерттеудің  жаңалығын  құрастыру  қажет. 

Сонымен  қатар  жиналған  материалдарды  жинақтауға, 

мәліметтер  көздерін  көрсетуге  және  тәжірибеде  студент 

айналысқан негізгі сұрақтар мен бағыттарды ашуға болады. 

Кіріспе көлемі 3 беттен аспауы керек. 




Негізгі  бөлігі  дипломалды  тәжірибенің  жобалы 

тақырыптық  жоспарының  бөлімдері  бойынша  талдамалық 

жазудан 

тұрады. 


Мүмкіндігінше 

есепке 


ғылыми 

зерттеулердің  де  элементтері  қосылады.  Бұл  зерттеулердің 

тақырыптары алдын ала анықталады, жетекшімен келісіледі 

және  дипломдық  жұмыс  тақырыбының  жалпы  бағытымен 

байланыстырылады. 

Қорытындыда  жалпы  қорытындылар  мен  ұсыныстар, 

сонымен  қатар  жасалған  жұмыстың  қысқаша  сипаттамасы 

(кәсіпорынның  және  оның  бөлімшелерінің  қызметін 

объективті  бағалау)  келтіріледі  және  қаржылық  жұмысты 

ұйымдастыру  мен  жүргізудегі  жетіспеушіліктер  бойынша 

тәжірибелік ұсыныстар беріледі. Қорытынды көлемі 3-7 бет. 



Әдебиеттер  тізімі  құқықтық,  нормативтік,  әдістемелік 

құжаттардан,  ХҚЕС,  оқу-әдістемелік  құралдардан,  зерттеу 

мәселелелері  бойынша  монографиялардан  және  журналдар 

мен  газеттердегі  мақалалардан  тұрады.  Әебиет  көздерінің 

саны 30-дан аз болмау керек, олардың шамамен 30 пайызы 

соңғы  3  жылдағы  басылымдар  мен  кезеңдік  басылымдар 

болуы  керек.  Тізім  басылым  мен  беттер  саны  көрсетіле 

отырып, сілтемелер қолданылуына қарай жасалады. Журнал 

және  газет  мақалалары  да  жалпы  тізімде  қолданғанына 

қарай,  басылым  жылына  және  нөміріне,  сонымен  қатар 

мәтін беттеріне сілтеме жасай отырып көрсетіледі.  

Қосымшаларда  ақпарат  пен  жасалған  есептеулерді 

растайтын  кәсіпорынның  құжаттарынан  (көшірмелері  де 

болады)  тұрады:  кәсіпорынның  жарғысының  көшірмелері, 

оның құрылтай құжаттары, баланс және сәйкес жылға оған 

қосымшалар, бастапқы бухгалтерлік құжаттар. 

Тәжірибе өту барысында студент тәжірибелер бойынша 

студент күнделігін жүргізу керек. Күнделік оқу жоспарымен 

қарастырылған  барлық  өндірістік  тәжірибелер  үшін  бір. 

Дипломалды  тәжірибесінде  ТЕК  оның  сәйкес  бағандары 

(бағандарды  өшірмеу  керек!!!)  толтырылады.  Тәжірибелер 




бойынша  студент  күнделігі  өз  бетімен  өзгертілмейді. 

Тәжірибе өту орнына келгенде және тәжірибе өту мерзімінің 

соңында  студент  күнделіктің  сыртқы  бетінде  жетекшінің 

сәйкес қолдары мен мөрлер, сонымен қатар тәжірибе өткен 

жұмыс  орнын  қойдыруды  ұмытпау  керек.  Күн  сайын 

күнделікке  тәжірибе  жетекшісінің  қолымен  расталатын 

тәжірибеде  жасалған  жұмыс  туралы  жазуларды  енгізеді. 

Есепті  қорғау  кезінде  жұмыс  журналын  тиянақты  және 

толық жүргізгені үшін баға жоғарылайды. 

Тәжірибе  аяқталуына  2-3  күн  қалған  кезде  студент 

рәсімделген  есеп  пен  күнделікті  кәсіпорыннан  бекітілген 

тәжірибе 

жетекшісіне 

тексеруге 

тапсыру 

керек. 


Кәсіпорыннан  тәжірибе  жетекшісі  есептің  сыртқы  бетінде 

есепке  бағаны  баллдық  жүйе  бойынша  қойып,  оны  өзінің 

қолымен және мөрмен растап, кұнделіктің сәйкес бағанында 

тәжірибе  өту  барысындағы  студент  жұмысына  мінездеме 

(мінездемені  жеке  парақта  ұйымның  бланкісінде  де  жазуға 

болады) жазып, онда студенттің өндірістік қызметі бойынша 

жұмысына және жеке есепке ұсынылатын бағаны қою керек.  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



4. 

ДИПЛОМАЛДЫ  ТӘЖІРИБЕ  БОЙЫНША 

ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

 

4.1. 



Дипломалды тәжірибесі бойынша есеп Е.А.Бөкетов 

атындағы  ҚарМУ-да  дипломалды  тәжірибесінің  есебін 

орындау  бойынша  бекітілген  талаптарға  сәйкес  компьютер 

және  принтер  көмегімен  А4  пішіндегі  ақ  қағаздың  бір 

жағында  бір  аралық  арқылы  баспа  әдісімен  орындалуы 

керек.  Қаріп  –  Times  New  Roman,  кегль  –  14.  Барлық 

жұмыс  бойынша  бейнелердің  бірқалыпты  тығыздығын, 

қанықтығын және бірдей анықтығын сақтау керек. 

4.2. Беттердің келесі өлшемдерін сақтау қажет: шеттері 

– 

сол - 30 мм, оң – 10 мм,  жоғарғы – 20 мм, төменгі – 25 

мм. Азат жол – 0,8 (төртінші белгіден). 

4.3.  Есепті  жазу  барысында  анықталған  қателерді, 

жаңылыс  жазуларды,  графикалық  дәлсіздіктерді  тазалау 

немесе ақ бояумен бояу және мәтіннің (графиканың) дәл сол 

дұрысталған 

жеріне 


машинкамен 

басып 


немесе 

қолжазбалық  әдіспен  (қара  сиямен,  қара  тушьпен  немесе 

гелийлік қаламмен) түзетуге рұқсат етіледі. 

4.4. Тегі, мекеменің, ұйымның, фирмалардың атаулары, 

бұйымдардың  атауы  мен  жалқы  есімдер  дипломалды 

тәжірибе бойынша есепте түпнұсқа тілінде келтіріледі. 

4.5.  Әрбір  тарау  (бөлім)  мен  әрбір  параграф  (бөлімше) 

аяқталған  ақпаратты  беріп,  жиынтығында  дипломалды 

тәжірибенің мазмұнын ашуы керек. 

4.6. 


Тараулар  (бөлімдер)  мен  параграфтардың 

(бөлімшелердің)  атауларын  астын  сызбай,  соңында 

нүктесіз  бас  әріппен  азат  жолдан  (төртінші  белгі)  теру 

қажет.  Егер  атауы  екі  сөйлемнен  тұрса,  онда  олар 

нүктемен ажыратылады.  

4.7.  Беттер  араб  сандарымен  барлық  мәтін  бойынша 

алмаспайтын  нөмірлеу  арқылы  нөмірленеді.  Беттің  нөмірі 



жүктеу 265,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау