көрсетеді. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы. Бұл заң диалектиканың ядросы
болып табылады. Қарама-қайшылық кез келген дамудың, қозғалыстың көзі. Осы
диалектикалық қайшылықтың негізінде диалектиканың басқа зандары да іске асады. Кез
келген заттар, құбылыстар әрқашандаөзінің қарама- қарсы жақтарының, кезеңдерінің,
қасиеттерінің бірлігінде тұрады. Осы қарама-қарсы жақтардыңөзара байланысы,өзара
әсерлесуі – диалектикалық қайшылық деп аталады. Қарама-қарсы жақтар әрқашандаөзара
байланысқан бірлікте тұрады. Қарама-қарсы жақтар жеке,өздігіненөмір сүре алмайды.
(мысалы, жеке мен жалпы; оң мен теріс; ішкі мен сыртқы т.б.).
Қарама қарсылықтың бірлігі салыстырмалы, ал, олардың күресі абсолютті. Гегель
бірінші рет қайшылықтардың универсалды сипатын ашуға тырысты. Дамудың көзі, сол
заттың ішкі қайшылығында екендігін тапты. Қайшылық адамөмірінде де, қоғамда да үлкен
орын алады. Қарама-карсылықтың бір жағы жеңсе, олөз кезегінде міндетті түрде жаңа
қарама-қарсылықтың пайда болуна алып келеді. Ол ешқашаңда тоқтап қалмайды.
Сандық және сапалықөзгерістердің бір-біріне айналу заңы. Бұл заң жаңаның пайда
болуын, дамудың сипатын түсіндіреді. Материяда әлем әрқашанда шексіз, көпжақты заттар
мен процестерден тұрады. Кез келген заттардың сандық және сапалықөлшемдері бар. Сапа
әрқашанда затпен органикалық тығыз байланыста. Ол бір заттың екіншісінен қаңдай
айырмашылықтардың барлығын түсіндіреді. Егер затөзінің сапасын жоғалтса, ол басқа бір
затқа айналады. Заттардың қасиеттерінің тұрақты жиынтығы философияда сапа деп
аталады. Заттардың тұрақтылығының, оның қасиетінің, дамуыныңөлшемдері сан деп
аталады.
Сан мен сапа бір-бірімен органикалық байланыста. Олар объективтіөмір сүреді. Сан
мен сапа – заттардың бір-біріне қарама-қарсы және ажырамас бірліктегі екі жағын
сипаттайды. Бұл байланыс философиядаөлшем деген ұғыммен беріледі.
Өлшем сан мен сапаның диалектикалық бірлігі, сондай-ақ, сапаныңөмір сүруінің
сандықөлшемінің көрсеткіші. Мысалы, судыңөмір сүруөлшемі – 0° ден С -100 ° қа дейін.
Тірі
организмдер
температурасы
–
С
37
°
дейін.
Бұл заң осы сандық және сапалықөзгерістердіңөзара
байланысын көрсетеді. Бұл заңның мәні мынада. Заттарда, процестерде үздіксіз
болып тұратын сандықөзгерістер, белгілі бір шекарада,өлшемге жеткенде басқа бір сапаға
айналады. Жаңа осылайша пайда болады. Сөйтіп, бұл заң қоршаған дүниенің көп
сапалылығын шешеді, олардың көптеген сандық сипаттарымен тығыз байланысын
көрсетеді.
Терістеуді теріске шығару заңы
Бұл заң диалектикада ерекше орын алады. Кез келген жаңа,өзінің теріс, кажет
етпейтін жағын терістеу арқылы жүзеге асады,
Бұл терістеу затты, құбылысты толық жойып жіберу емес. Оның қажеттісін,
құндылық жағын сақтап қалу қажет. Бұл терістеу диалектикалык сипатта болады.
Гегельдің жүйесі бойынша, кез келген диалектикалық даму бір межеден басталады.
Ол тезис деп аталады. Ол бір кезеңдеөзін-өзі терістеп,өзінің қарама-қарсы жағынаөтеді.
Оны антитезис деп атайды. Бұл бірінші терістелу. Бұдан соң тоқтап қалмайды. Бір
кезеңдерде жаңа терістеу пайда болады. Терістеуді терістеу процесі жүзеге асады. Мұны
Гегель синтез деп атайды. Мұнда даму бір терістеліп, одан екінші терістеліп, соданөзінің
бастапқы кезеңіне келген тәрізді. Бірақ, бұл жай сол қалыпқа келу емес, «спираль» секілді
келу болып табылады. Яғни, әлдеқайда жетіліп, пісіп, дамып қайта келу болып көрінеді.
Сонымен, бұл заң дамудың белгілі бір циклде қайталанып жүріп отыратынын, бірақ, ол жай
қайталану емес, алға карайөсіп отыратын, кеңейіп отыратын, «спираль» тәріздес қайталану,
демек, ол дамудың алға жүріп отыратынын көрсетеді.