Дәрістік материал. Тақырып Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны Дәріс сабағының мазмұны



жүктеу 0,57 Mb.
бет24/52
Дата04.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#31697
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
6. Краткое содержание лекций1

Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдық сапаларын танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

  • Қоғамның мүдделері. Аудиторлар қоғам мүддесіне қарай әрекет-қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.

  • Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы қажет.

  • Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні (яғни, табиғи мінез құлығымен) бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

  • Тиісті (жете ынта-ықылас аудару). Аудиторлар кәсіби стандарттарды сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарлату және кәсіби міндеттерді толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

  • Қызмет көлемі мен сипаты. Аудиторлар көрсетілетін қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.

    Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

    А. Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.

    Тәуелсіздік мына жағдайда бұзылады. Егер аудитор:



    • Клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;

    • Таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның инвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниямен бірлескен инвестициясы бар болса;

    • Компаниядан несие алса немесе берсе;

    • Тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;

    • Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;

    • Компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмаса;

    • Егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;

    Ә. Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дау-жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

    Б. Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз құзіретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар жасап, қорытынды шығару үшін егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.

    В. Құпияны сақтау. Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек.

    Г. Жарнаманы шектеу. Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиісті.

    Аудитор этикасын дайындауы, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр. Этика кодексінің анықталған тәртібі мыналар: адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет; конфеденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ; білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет; аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандықты жағынан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет.

    Аудитордың алдына қойылатын талап-міндеттер:


    • Біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру;

    • Шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың, қоғамға қажетті өнімді көбейтуге іскерлікпен көмектесу;

    • Тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу;

    • Ұжымдағы қызметкерлермен сенімді, сыйлы қатынаста болу;

    • Өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделін көтеру;

    • Келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру.



    жүктеу 0,57 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау