Дәрістер жинағы «саладағы экономика»


Қазақстанның электр энергетикасын дамыту перспективалары



жүктеу 2,42 Mb.
бет2/17
Дата20.05.2018
өлшемі2,42 Mb.
#14540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қазақстанның электр энергетикасын дамыту перспективалары


Қазақстан Республиаксы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі дамыту тұжырымдамасында көтерме рынок құрылымын күрделендіру көзделген. Оны перспективті құрылымы мыналардан тұрады:

  • электр энергиясының орталықтандырылмаған сауда рыногы (екіжақты жедел келісім-шарттар);

  • орталықтандырылған сауда рыногы (биржалық сегмент);

  • нақты уақыт режиміндегі теңдесетін рынок;

  • жүйелік және қосалқы қызметтер рыногы.

Онда электр энергиясының көтермелеу және бөлшектік рыноктарының негізгі мақсаттары мен оларды ұйымдастыру принциптері, электр энергиясы рыногының құрылымы, нарықтық тетіктерді дамыту модельдері белгіленген, электр энергетикалық рыноктың жалпы құрылымындағы міндетті сегмент ретінде электр энергияның орталықтандырылған сауда-саттығы айтарлықтай орын алған.

Тұжырымдамада өңірлік электр желілік компанияларды, электр станцияларын, қуаты 2,0 МВт және одан жоғары көтермелеу мен бөлшектік тұтынушыларды электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) және ЭБЕАЖ жүйесімен біріздендірілген ақпаратты беру жүйелерімен және жүйелік оператордың ақпарат беру жүйелерімен қамтамасыз ету көзделген.

Екіжақты ұзақ мерзімді келісім-шарттармен салыстырғанда орталықтандырылған сауда-саттықта көпжақты негізде сауда жүреді. Қазақстанда орталықтандырылған сауда-саттықтарға қатысу еркін сипатқа тән (қалдық пул қағидаты). 2004 жылдың басына қарай орталықтандырылған сауда-саттық іс жүзінде тек спот-рынокпен танылатын болатын, бірақ Нарықтық қатынастарды дамыту тұжырымдамасында орта (апта, ай) және ұзақ мерзімдік (тоқсан, жыл) негізде орталықтандырылған сауда-саттықты, сондай-ақ операциялық тәулік күн ішіндегі рынок) ішінде электр энергияны жеткізуді болжайтын операцияларды дамыту көзделген.
2 тақырып. Қазақстанның отын-энергетикалық ресурстары
1 Қазақстан Республикасының тас көмір мен қоңыр көмір қорлары
Қазақстан Республикасының жалпы геологиялық қоры мен көмірінің болжамды ресурстары 150 млрд. тоннаға бағаланады.

А+В+С12 санаттағы көмірдің теңгерімдік қоры 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 33,6 млрд. тоннаны, оның ішінде тас көмір – 21,3 млрд. тоннаны, қоңыр көмір – 12,3 млрд. тоннаны құрайды.

Қазақстан Республикасының бассейндері мен кенорындары бойынша көмірдің теңгерімнен тысқары қоры 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 28,6 млрд. тоннаны, оның ішінде тас көмір – 3,2 млрд. тоннаны, қоңыр көмір – 25,4 млрд. тоннаны құрайды.

Есептелген қордың үлкен бөлігін (63%) Қарағанды, Екібастұз, Теңіз-Қоржанкөл бассейндерінің, Қушоқы, Бөрілі, Шұбаркөл, Қаражыра және басқа да бірықатар кен орындарының тас көмірі құрайды.

Қалған бөлігін (37%), негізінен, Торғай, Төменгі Іле, Майкөбе бассейндері мен басқа кен орындарында шоғырланған қоңыр көмір құрайды.

Қазақстан көмірі газды майлыдан (ГМ) бастап жентектелген жанғышқа (ЖЖ) дейін метоморфизм сатысының кең диапазонымен сипатталады.

Қазіргі уақытта Қарағанды, Екібастұз және Майкөбе бассейндері, Қушоқы, Бөрілі, Шұбаркөл, Қаражыра кен орындары, сондай-ақ жергілікті мұқтаждықтар үшін шамалы көлемде көмір өндірілетін Қазақстан Республикасының әр түрлі облыстарындағы бірнеше ұсақ кен орындары игерілуде және пайдаланылуда.

Қазақстан Республикасының облыстары бойынша көмір қорын және көмірдің болжамды ресурстарын бөлу осы Тұжырымдаманың 1 және 2-қосымшаларында келтірілген.

Осы Тұжырымдаманың 3 және 4-қосымшаларында келтірілген Қазақстан Республикасының облыстары бойынша көмір қорын және көмірдің болжамды ресурстарын бөлуді талдау теңгерім қорының үлкен бөлігі Орталық Қазақстанда, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында шоғырланғанын көрсетеді.

Едәуір өнеркәсіптік әлеуеті бар Қазақстан Республикасының шығыс, батыс және оңтүстік аудандары көмір отынының өткір тапшылығын сезініп отыр.



Мұнай және газ өндіру туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының көмірсутегі әлеуеті бағамдар бойынша әлемдік қордың жалпы көлемінде айтарлықтай маңызды. Мұнайдың расталған қоры бойынша Қазақстан әлемнің жетекші елдері қатарына кіреді. Қазақстан барлық ТМД республикалары арасында Ресей Федерациясынан кейін көмірсутегі қоры бойынша екінші орынды иеленеді.


Құрлықты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының көмірсутегі шикізатының бекітілген алынатын қоры мынадай:
мұнай – 30 млрд.барр. (4.0 млрд.тонна); газ – 3.0 трлн.м3

Қазақстан көмірсутегі қоры бойынша он жетекші елдердің қатарына кіреді. Ілеспе газдың барланған едәуір қоры Қарашығанақ, Теңіз және Жаңажол кен орындарында шоғырланған. Табиғи газдың барланған қоры бойынша Қазақстан Республикасы әлемде 15-ші орынға ие.

Каспий Теңізі Қазақстандық Секторының (КТҚС) көмірсутегі шикізатының қоры – шамамен 60 млрд.барр. (8 млрд.тонна) шартты отынды құрайды.

Республикадағы мұнайгаз саласын "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнайгаз компания білдіреді, ол көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі келісімдерде мемлекеттік мүдделерді білдірумен және қорғаумен, жер қойнауын пайдалануды басқару жүйесін құрумен, мұнайгаз саласында қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеумен және іске асырумен айналысады.

Республика бойынша газ конденсаты бар мұнай өндірудің жалпы көлемі 2005 жылы 61,65 млн.тоннаны құрады, соның ішінде газ конденсатын өндіру – 10,62 млн.тонна. 2004 жылға қарағанда мұнай және газ конденсатын өндіру өсімі 103,9 % құрады.
Бүгінгі күні Қазақстанда мұнай өнімдерін тұтыну үрдісінің өсуі байқалады. 2005 жылы 11152,7 мың тонна (2004 жылға қарағанда 118,7 % мұнай қайта өңделді.

Мыналар өндірілді:



  • автобензин – 2356 мың тонна (2004 жылға қарағанда 122,5 %);

  • дизель отыны – 3280 мың тонна (2004 жылға қарағанда 118,0 %);

  • мазут – 3546 мың тонна (2004 жылға қарағанда 142,8 %).

2006 жылы 11,5 млн.тонна мұнайды және мыналарды өндіру жоспарланып отыр:

  • автобензин – 2567 мың тонна;

  • дизель отыны – 3555 мың тонна;

  • мазут – 3280 мың тонна;

  • 2005 жылы мұнай және газ экспорты 57 млн.тоннаны құрады және 2004 жылмен салыстырғанда 3,2 % өсті.

Қазақстанның мұнай қоры қанша жылға жетеді?

Қазіргі уақытта мұнай мен газконденсатының расталған қоры шамамен 2,7 млрд.тоннаны құрайды. Егер өндіру жылына 17,5 % өссе және 2015 жылға қарай қазіргі 35 млн.тоннадан шын мәнінде 400 млн.тоннаға дейін жететін болса, онда оның барлық көлемі сол 2,7 млрд.тоннаға жететін еді.

Мұнайдың болжамды ресурстарының бағалаулары 3,4 млрд.тонна мен 12 млрд.тонна арасында өзгеруде, бұл ретте осы тақырыптағы жарияланымдарда қандай қорлар – геологиялық, яғни жалпы немесе тиімді алынуы мүмкін (каспийлік өңірдің кенорындарындағы алынатын қор геологиялық қордан 4-5 есе аз) қорлар ма екендігі туралы сирек айтылатындығы түсініспеушілік тудырады.

Мәселен, әлі барланбаған алынатын қор шамамен 6 млрд. құрасын (АҚШ Геологиялық қызметінің күрделі еңбектерінде көрсетілген бағамдар бойынша, орташа есеппен алғанда 2,8 млрд.тонна кезінде, Қазақстан ресурстарының 1млрд. пен 7 млрд.тонна арасында өзгеретіндігін есекеретін болсақ, бұл өте қуанарлық болжам). Онда, мұнай өндіруді 2015 жылға қарай 400 млн.тоннаға жеткізе отырып және оны одан әрі осы деңгейді сақтай отырып "саудтық" нұсқа қолданылған жағдайда, Қазақстанға мұнай 2030 жылға дейін жетер еді.

Әрине бұл Норвегия, Англия, Канада, Қытай және басқа да мұнай өндіруші елдердің мұнай өндірісінің болжанып отырған 8 және 15 жыл аралығында өзгеретін пайдалану уақытынан көп. Бірақ, Сауд Аравиясының (өндірудің қазіргі деңгейі сақталғанда және болжамды ресурстарды ескермегенде 85 жыл) және Ирактың (120 жыл) қорларын пайдалану мерзімінен және біздің қалауымыздан анағұрлым аз. Ресурстар туралы жоғарыда айтылған болжамдар кезінде өндіруді 2015 жылға дейін жылына 10 % өсіре отырып және оны кейіннен 150 млн.тонна деңгейінде ұстап, біркелкі пайдалану нұсқасын қолданған дұрыс болар еді, бұл жағдайда – мұнай 2067 жылға дейін жетеді.

Келтірілген есептер көп жағдайда шартты сипатқа ие екендігі түсінікті. Бір жағдай анық: мұнай өндірісін дамыту стратегиясы ұзақ мерзімді негізде және барланған мұнай қорын ескере отырып, құрылуы және түзетілуі тиіс.


Қазақстанның мұнай және газ құбырлары


Қазақстанның мұнай мен газын тасымлдауды екі компания жүзеге асырады: «КазТрансОйл» және «КазТрансГаз» , бұлар «ҚазМұнайГаз» МК АҚ бала компаниялары болып табылады. ҚазТрансОйл кіріспесінде алты жарым мың шақырымнан астам магистральды мұнайқұбырлары орналасқан олардың ішінде – «Өзен-Атырау-Самара», «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау», «Жаңажол-Кеңқияқ-Орск», «Омск-Павлодар-Шымкент-Шарджоу», қырыққа жуық насосты-тарту стансалары болса, мұнайқоймасының жалпы көлемі миллион шаршы метрін алып жатыр. Теміржол цистерналарына құюдағы терминал қуаттылығы жылына 5 млн. тоннаны құрайды.

«ҚазмұнайГаз» АҚ қарамағында 300 газалу агрегаттары орнатылған 9 мыңнан астам магистралды газқұбырлары, 26 компрессорлы стансалары бар. Компания халықаралық газ транзиті бойынша қызмет көрсетеді, қазақстандық газды экспертерлерге жеткізуді жүзеге асырады, сонымен қатар газды ішкі рынокқа жеткізумен айналысады. Газды Қазақстан территориясы арқылы халықаралық транзиттеу «Оренбург-Новопсков» және «Союз» (Ресей газы), «Орта Азия-Орталық» (түркімен мен өзбек газы) магистралды газқұбырлары бойынша, сонымен қатар «Бұқара-Орал» және «Бұқара газсору ауданы – Ташкент - Алматы» (өзбек газы) құбырлары арқылы жүзеге асады. Жалпы көлемдегі тасымалдаудағы Қазақстандық магистралды газқұбыры бойынша халықаралық транзит 90 процентті құрайды.

Көлемі жағынан ірі Газды тасымалдау бағыты «Орта Азия-орталық» (ОАО МГ) магистралды газқұбыры болып саналады. Газ құбырларын жаңарту бағдарламасы ОАО МГ қуатының жылына біртіндеп 54,6 млрд. шаршы метрден 100 млрд. шаршы метрге ұлғаюында қаралады.

Газдың экспорттық бағыттағы даму аясында ҚМГ қазақстандық және мүмкін ортаазиялық және ресейлік газдарды Қытайға жеткізуді талқылайды. Қытайдағы жаңа салынған газқұбырының («Батыс-Шығыс» жобасы) қатарына енгізу есебімен қытай жағы газды Қазақстаннан импорттау мәселесіне қызығушылық танытқан болатын.

Қазақстандық газды экспорттау мәселесі «ҚазМұнайГаз»МК» АҚ мен «Газпром» ААҚ әлеуетті негізінде құрылған біріккен кәсіпорын болып табылатын «КазРосГаз» компаниясы қызметі аясында қарастырылады.

Кәсіпорында энергияны тұтынуды жоспарлау әдістері.


  1. Нормативті (жоспарлау) әдісі

Кәсіпорынның энергияны тұтынуын жоспарлау, кәсіпорынның өндірістік өнімінің бірлігіне кететін энергия бойынша анықталады немесе жоспарланады.

  1. Экстраполяция әдісі

¤ткен уақыт тенденциясын оқып үйреру және зерттеу, осы тенденцияны келешекте ескеріп, математикалық түрде көрсету.

  1. Регрессиялық әдіс

Энергия тұтынудың кәсіпорынның даму көрсеткішінің өзара байланысын зерттеуге негізделеді.

  1. Эксперттік әдіс

Энергия тұтынудың энергия шығынының өзгеруі сол технологиялардың өзгеруінен болады.

Энергетикалық шаруашылық жұмыстарды жоспарлау



  1. Энергияны тұтынуды жоспарлау әдістері.

Нормативтік әдістің артықшылықтары. Сол берілген кәсіпорынның көп және энергия сийымдылығы жоғары өніміне, бірлігіне кететін энергия шығыны анықталады. Технологиялық процестер бойынша жоспарлау элементтерін жіктеп көрсетуге, энергияны жұмсау, пайдалануды есепке алуға мүмкіндік береді.

Экстрополяция әдісі энергияны тұтынуды өткен уақыт тенденциясын оқып-зерттеу мен талдау мен осы тенденция келешекте көрсетудің түрлерін таңдауға негізделген.

Көп факторлы регрессиялық талдау әдісі. Энергияны тұтынумен кәсіпорынның даму көрсеткіштерімен өзара байланысын зерттеуге негізделген.

Баланстық әдіс. Энергия тұтынудың көлемі мен құрылымы экономикалық, техникалық және әлеуметтік факторлар жиынтығының әсеріне байланысты анықталады.

Экспертік бағалау әдісі. Энергияны тұтыну энергия шығынының өзгеруі сол технологиялардың өзгеруінен келіп шығатын әдіс.

3 тақырып. Кәсіпорынның негізгі жэне айналым қаражаттары
1 Кәсіпорынның негізгі қорлары
Негізгі қорлар– негізгі құралдардың құнының ақшалай берілуі. Негізгі қорларға қызмет ету мерзімі үлкен (бір жылдан жоғары) және өзінің қызмет ету мерзімінде өзінің құрын қайтадан жасалған өнімге біртіндеп беріп отыратын еңбек құралдарын айтамыз. Есепке алу жүйесінде негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталды ретінде көрсетіледі.

Өндірістік үрдіске байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес қорлар болып бөлінеді.



Өндірістік емес қорларға энергетиканың өндірістік саласына қатысы жоқ нысандар: денсаулық сақтау (кәсіпорындардағы медициналық бөлімшелер), мәдениет (клубтар, кітапханалар), сауда-саттық, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықтар, спорт кешендері, демалыс базасы.

Өндірістік негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі өндірістік қуатын құрайды және өндірістк үрдісте белгіленуіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: өндірістік ғимараттар; құрылыстар; беріліс құрылғылары; жұмыс және күштік машиналар; механизмдер мен жабдықтар; транспорттық құралдар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар; басқа да негізгі қорлар. Кез келген өндірістің негізгі қорларының құрамын 1-кестеден көруге болады.
1 Кесте - Материалдық өндіріс салалары бойынша негізгі өндірістік қорлардың құрылымы

Негізгі қорлардың топтары

Машина құрау

Электр энергетикасы

Транспорт

Электр желілері кәсіпорыны

1 Өндірістік ғимарат

27,3

13,2

5,4

2,3

2 Құрылыс

20,6

17,3

34,3

1,1

3 Беріліс құрылғылары

10,5

34

5,5

81

4 Жұмыс, күштік машиналары мен жабдықтар

38,9

33,6

8,7

12,5

5 Транспорт көліктері

2,7

0,9

45,6

1,8

6 Өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар

1

0,5

0,2

0,5

7 Басқа да негізгі қорлар

0,7

0,5

0,3

0,8

Барлығы

100

100

100

100



Негізгі қорлардың тозуы және ескіруі
Өндірісте пайдалану үрдісінде негізгі қорлар тозады және бастапқы кездегі қасиеттері мен сапасын жоғалтады. Негізгі қорлардың тозуы әртүрлі факторлардың әсерінен болады. Кейбіреулері табиғи тозса, кейбіреулері моралдық тозуға алып келеді.

Кәсіпорынның еңбек құралдарының техникалық күйінің деңгейін сипаттау үшін келесідегідей табиғи көрсеткіш қолданылады


(1)
мұндағы А – негізгі қорлардың тозуы;

tнақ – негізгі қорлардың нақты пайдаланған уақыты;

tнор – негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету мерзімі.

Негізгі қорлардың тозуы тек ғана табиғи тозу әсерінен болып қоймайды, сондай-ақ экономикалық факторлардың әсерінен де тозады, яғни оны моралдық тозу деп атайды. Моралдық тозуды екіге бөлуге болады. Моралдық тозудың бірінші түрі қоғамдық ғылыми-техникалық прогресстің нәтижесінде пайда болады, яғни жабдықтардың, машиналардың, құрылғылардың біртекті жинақы түрде жетілдірілген нысандарының пайда болуы нәтижесінде пайда болады. Бұл жағдайда негізгі қорлардың ескі түрлерін өндірісте пайдалану экономикалық түрде тиімді. Ескі техниканың жетілмегеніне байланысты техникалық немесе технологиялық шығындарды азайтуға ұмтылу жаңасын сатып алғаннан тиімді болады.



Моралдық тозудың екінші түрі қоғамның экономикалық даму факторларына байланысты болады. Елде уақыт ағымен өндіргіштік күштерді тиімді дамыту негізгі қорлардың, сол сияқты біртекті нысандарын құруға кететін шығындар төмендейді яғни өткізу құны төмендейді. Кәсіпорынның жаңадан сатып алған негізгі қорларының берілген бір кезеңде кәсіпорын ескі негізгі қорларының құнының айырмасы моралдық тозудың екінші түрінің сомасын құрайды. Бұл көрсеткіш кейде теріс мән (тозудың төмендеуі) кейде оң мәнді көрсетуі (тозудың көбеюі) мүмкін.


Негізгі қорларды амортизациялау
Кәсіпорын шығындарына кіргізілетін амортизациялық аударылымдардың сомасы әртүрлі әдістермен анықталуы мүмкін. Егер жаңадан өндірілген өнімнің құнына біртекті берілетін негізгі қорлардың құнына тең болу шартынан шығатын болсақ, онда төмендегідей анықтауға болады
(2)
мұндағы Аауд – амортизациялық аударылымдар сомасы;

Қнқ – негізгі қорлар құны;

а0 – амортизациялық аударылымдар нормасы, %.

Амортизациялық аударылымдар нормасы негізгі қорлардың нысандарының әрқайсысы үшін олардың нормативтік қызмет ету мерзімдеріне байланысты орнатылады.


(3)
немесе

(4)
мұндағы Сныс – негізгі қорлар нысандарының құны;

Сл – нысанның ликвидациялық құны, өндірісте шығарылып тасталатын нысанды толығымен немесе бөлшектеп (материалдарын, бөлшектерін) сатудан түскен қаржы.

Кәсіпорынның кейбір негізгі қорларына амортизациялық аударылымдар нормасы келтірілді (2 Кесте).
2 Кесте - Амортизациялық аударылымдардың орташа нормалары


Негізгі қорлар топтары

Толық қалпына келтіру үшін қажетті амортизациялық аударылымдар нормасы, %

1 Өндірістік ғимарат

2,0

2 Электр тасымалдаушы 35-220 кВ әуе желілері:

металдық, темір бетонды бағанадағы



2.0

ағаш бағанадағы

3,3

3 Күштік электрлік-техникалық жабдық және таратушы құрылғылар: ашық және жабық түрдегі таратқыш құрылғылардың жабдықтары, өлшеуіш трансформаторлар, таратушы шиналар, түрлендіргіштер, майлы ажыратқыштар

4,4

4 Трансформаторлы қосалқы стансалардың жабдықтары

6,6

5 Электр қозғалтқыштар мен дизель генераторлары

6,6

6 Қозғалмалы электр стансалардың электр генераторлары

12,5

Кәсіпорын амортизациялық аударылымдарды өз бетінше аударады және пайдаланады. Осыған орай оларды пайдаланудың негізгі талаптарын сақтау керек - бұл қаржы тек негізгі қорларды жаңалауға белгіленген. Қай негізгі қорды жаңалау керектігін кәсіпорын өндіріс қажеттілігіне байланысты өзі бекітеді.

Амортизациялық қорды қалыптастырған кезде ескірген жабдықты ауыстыру мен жаңасын (Қжаңа) сатып алу шығындары кіретінін есепке алу керек
Ққалып = Қжаңабөлқалл (5)
мұндағы Ксн – негізгі қордың жаңа нысанының құны;

Кбөл – құрылғыны бөлшектеуге кеткен шығын;

Қн – ескі нысанның амортизацияланып бітпеген бөлігінің құны (қалдық құн);

Сл – бөлшектенетін нысанның ликидациялық құны.

Негізгі қорлардың нысанның амортизацияланып бітпеген бөлігінің құны тозу мен моралдық тозу салдарынан нысан нормативтік мерзімнен ерте істен шығарылып тасталған кезде пайда болады. Ликвидациялық құн өндірістен шығарылатын нысанның оны сатып жібергеннен түскен қаржыны білдіреді.

Өндірістің тиімділігі негізі қорлардың ғылыми-техникалық деңгейіне байланысты ғана емес, сонымен қатар ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкестігі және оларды өндірістік үрдісте толық қуатында пайдалануына да байланысты болады.




жүктеу 2,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау