Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай-ақ, оның бас жағын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады.Табылған файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасы арқылы табылған файлдар мәтіннің бас жағын қарап алып барып, тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады.
Бос құжат даярлау.
Бірінші құжатты даярлау үшін “Кәдімгі” нұсқасын пайдаланайық. Бұл
нұсқа кейін ақпарат енгізілетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ.
“Кәдімгі” нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:
1. Файл-Құру (Файл-Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде 1.4 суреттердегідей экранда “Құжат дайындау” сұқбат терезесі пайда болады.
2. Сол терезеден “Кәдімгі” нұсқасын таңдап ал, ОК батырмасын басу керек.
1.4-сурет. “Құжат жасау” сұқбат терезесі
Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl+N пернелерінің немесе стандартты аспаптар тақтасында “Құру” (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де “Кәдімгі” нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұқбат терезесі шығарылмайды.
Дискіде бұрын жазылған құжатты ашу.
Бұрын теріліп дискіге жазылып қойылған мәтіндік құжаттарды терезеге шығарып ашу үшін “Құжат ашу” (Открытие документа) сұқбат терезесі пайдаланылады (1.5-сурет). Бірақ бұл әрекеттің басқа тәсілдермен де Іске қосу менюінің Құжаттар командасы немесе Сілтеуіш терезесі арқылы да орындалатыны айтылған болатын. Бұл тәсілдер Word редакторын іске қосумен қатар бірден керекті құжатты да дискіден оқып терезеге шығарады. Ал егер Word редакторы алдын-ала іске қосылып тұрса, онда бұл әрекеттер оны екінші рет қайта іске қоспайды. Оның орнына тек керекті құжат дискіден оқылып жаңа терезе ашылады.
Енді “Құжат ашу” сұқбат терезесін экранға шығару үшін, мына тәсілдердің бірін (тек біреуін ғана) пайдалану керек:
Файл-Ашу (Файл-Открыть)
Ctrl+O пернелерін қатар басу.
Стандартты саймандар тақтасындағы Ашу (Открыть) батырмасын басу.
1.5-сурет. “Құжат ашу” сұқбат терезесі.
Келісім бойынша “Құжат ашу” терезесі экранға шыққанда, ол Word-та дискі нің ағымдағы бумасы ішіндегі бұрын даярланған құжаттар тізімін береді.
Терезе бірінші рет ашылғанда, экранға WINWORD (немесе МОИ ДОКУМЕНТЫ) бумасының құжаттарының(егер ол бар болса) тізімі шығады. Бірақ терезе ашыларда, экранға одан өзге бума құжаттарын да шығару мүмкіндігі бар. Ол үшін оларды алдын-ала Сервис-Параметрлер меню командаларының “Орналастыру” деген парағындағы бірден ашылуға тиіс буманың аты енгізілетін өріс жолына қажетті бума атын жазып қою керек.
Сонымен дискідегі құжатты ашу үшін келесі әрекеттердің орындалуы тиіс:
1. Файл-Ашу (Файл-Открыть) меню командасын орындау, сонда экранға “Құжат ашу” терезесі шығады.(1.5-сурет). Сол терезеде ағымдағы бумадағы барлық құжаттар тізімі тұрады. Буманың өз аты сол терезенің Бума (Папка) деген өріс жолында көрінуі тиіс. Керекті құжат аты тізім ішінде көрініп тұрса, оны таңдап алу керек.
2. Егер керекті құжат ағымдағы бумада жоқ болса, басқа бумалар мен дискілерді қарап шығу үшін “Бума” өріс жолындағы бағыттауыш тілсызық таңба тұрған батырманы басу қажет, сонда жаңа тізімдер пайда болады.
3.Тізімнен өзіңізге керекті файл орналасқан дискіні таңдап алыңыз. Мысалы, ол D: дискісі болсын. Сонда D: дискісінің барлық бумаларының тізімі төменгі үлкен терезеге шығады. Әрбір бума атының қасында жабық бума тәрізді шартбелгі көрініп тұрады.
4.Бумалар тізімінен керектісін таңдап алсақ, мысалы, BOOK бумасын, сонда BOOK сөзі жоғарғы өріс жолына шығып, ал төменгі негізгі терезеге сол BOOK бумасының ішіндегі мәліметтер тізімі шығады.
5. Негізгі терезедегі бір буманы, мысалы, “PROSPECT”, таңдап алу керек. Енді бұл сөз жоғарғы өріс жолына шығып, оның ішіндегі файлдар тізімі төменгі негізгі терезеге шығады. Қайтадан жоғарғы деңгейдегі бумаларды қарау үшін арнайы батырма бар. Мысалы, керекті мәлімет бұл бумадан да табылмаса, қайтадан жоғарғы деңгейге көтеріліп басқа бумаларды қарап шығамыз.
6.Егер керекті файл ашық терезеде тұрса, онда келесі қадамға өту керек. Әйтпесе келесі төменгі деңгейдегі ішкі бумаларға өтіп, солардың ішіндегі мәліметтерді қарап шығу қажет, т.с.с. керекті файл табылғанша саты бойынша төмендей беру керек.Ең төменгі файлдар деңгейінде, олардың атына сәйкес шартбелгісі мәтіні бар парақтарға ұқсап тұрады.
7. Ашылған терезедегі тізімнен керекті файлды тышқан арқылы таңдап алу керек. Бұған балама тәсіл ретінде төмендегі “Файл” атты өріс жолына бірден файл атын енгізуге болады.
8.Соңында ОК батырмасын басу қажет.
Егер файл тұрағы белгілі болса, оны тауып алып ашу қиын емес. Ал, егерде белгісіз болса, онда файлды ашу негізінен, оны іздеу процестеріне айналып кетеді.
Word редакторы соңғы өңделген бірнеше файл аттарын есте сақтайды. Әдетте олар Файл менюінің тізімдері соңында орналасады. Олардың кез-келгенін тышқанмен ерекшелеп, жылдам ашуға болады. Сонымен, жақында ғана жұмыс істеген құжаттарыңызды ашу үшін, Файл менюінің тізімінен, соған сәйкес файл атын таңдап, тышқанды шерту жеткілікті. Есте сақталатын файлдар санын Сервис-Параметрлер командаларының ішіндегі “Жалпы” (Общие) парағының көмегімен алдын-ала тағайындау мүмкіндігі бар.
Сабақты бекіту үшін қойылатын сұрақтар
Micrifoft Word мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз?
Терезе элементтері қандай?
Word мәтіндік редакторында жаңа құжат қалай құрылады?
Құжатты сақтау командалары қандай?
Алдын-ала сақталған құжатты басқа атпен қалай сақтайды?
Құжатты автоматты түрде қалай сақтайды?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
В. Симонович «Информатикадан базалық курс» 249-257 беттер
«Информатикадан 30 сабақ» 168-185 беттер
Достарыңызбен бөлісу: |