Дәріс материалдары дәрістің қысқаша жазбашасы



жүктеу 42,95 Kb.
бет7/8
Дата01.03.2023
өлшемі42,95 Kb.
#41525
1   2   3   4   5   6   7   8
02. Дәрістер - 11.01.2023-13

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право. - М.,2019.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. 2020.
4. Богуславский М.М. Международное частное право. - М.,2018.
5. Международное частное право. Учебник. / Под ред. Г.К. Дмитриевой- М.,2019.
6. Международное частное право: Учебное пособие. / Г.К. Дмитриева., А.С.Довгерт, В.П. Панов., Н.А.Шебанова и др.- М.,2019.
6-дәріс. халықаралық жеке құқықтағы отбасы – неке қатынастары
Дәріс мақсаты: халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы және отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар жайлы мағлұматтар беру.
Жиі қолданылатын сөздер: халықаралық неке және отбасы, балалар құқығы, ата-аналар құқығы, қорғаншы және қамқоршы орган
Негізгі сұрақтар; отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар, некеге отыру және некені тоқтату, Қазақстан Республикасында қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы, консулдық некелер. Қазақстан Республикасы азаматтарыныц шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық қатынастар
Дәріс тезистері: Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табалады. Халықаралық, жеке құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құқықтарынқорғаужәне халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқық-тық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 каң-тардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңы-мен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет ел-ден алимент ендіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және жет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық, және саяси құқықтар туралы пакті-нің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жыл-ғы халықаралық Декларация, Біріккен Үлггар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралықұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық, ұйымдарға мүше болып табылады.
Отбасы — қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше кдмқорлықпен карайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және қорғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамкорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдцелеріне байланыс™ туывдайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау қажет. Отбасықұқығыбойынша неке –бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тарап-тардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын ер-кек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалык құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, түрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизия-лык сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.
Неке - бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асы-рап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық жеке құқықтың деңгейінде ерекшеліктері бар.
Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына назар аудару қажет. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. Отбасылык қатынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке күқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты қорғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.
Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды1.
Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, казіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындықка акы төлеу және басқа да архаикалык әдет-ғүрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңна-масы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылыққа ие болып табылады. Некөлік құқық қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында бірқатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.
Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бүны Халықаралық жеке құқықта «ақсаңдаған неке» («хромаюшие браки») деп те атайды.
Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.
Бірқатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгриянынң Халықаралық жеке құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенін жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке заңдарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке заңдары түрліше болып келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың да жеке заңдарымен жарамды деп танылса (өзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі.
Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің құқығы қолданылады. КХР-да Кытай азаматы шетел азаматымен неке-ге тұратын болса, онда некеге отыру жер заңы қолданылады, ал некені тоқтату кезінде - некені токтату туралы мәселені шеше-тін орган - сот елінің құқығы қолданылады (Кытай Азаматтық құқығының жалпы ережелерінін 147-бабы).
Венгрия мен Румынияда некені тоқтату туралы сауалды шешу кезінде негізгі қағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың заңдары танылады.

жүктеу 42,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау