ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Оқу бағдарламасы
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)
Астана 2015
Дене шынықтыру. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін эксперименттiк бағдарлама). – Астана, 2015. – 32 б.
Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
Мазмұны
І Жалпы мәлімет 5
2 «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 5
4 «Дене шынықтыру» пәніндегі оқыту үдерісіне қойылатын ұйымдастырушылық талаптар 7
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 11
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 13
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау 13
1 «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұны 15
Бөлім 15
Бөлімше 15
Сөздер 30
Мағынасы 30
І Жалпы мәлімет
1 «Дене шынықтыру» пәнінің маңыздылығы
«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты қозғалыстар туралы білімді дамыту және кинестетикалық оқыту болып табылады, бұл оқушыларға өз қимылдарын түсіне отырып, жақсы, сенімді және қауіпсіз қимылдауға мүмкіндік береді.
Дене шынықтырудың бала тәрбиесінде атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушының физикалық дамуына, жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, әлеуметтік және рухани дамуына ықпал етеді. Мектеп білімі тұрғысында дене шынықтыру оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, ол кішкентай жасынан оқушының денсаулығын нығайтуға әсер ететін жаттығуларды орындауға мүмкіндік береді. Демек, дене шынықтыру дегеніміз ол ұзақ мерзімді, болашақта қоғамның денсаулығына оң ықпал етудің керемет мүмкіндігі болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту:
физикалық және рухани денсаулықтың негізін қалайды, бұл әлеуметтік дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;
оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады;
дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасайды;
оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді;
оқушылардың отанға деген патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;
оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады;
оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні туралы өз көзқарастарын қалыптастырып, осы саладағы білімдерін дамытуға мүмкіндік береді.
2 «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен физикалық қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты физикалық дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын оқу жоспарын ұсынады, бұл жоспар оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигиена, психикалық денсаулық және салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады.
Оқу бағдарламасының бағыттары:
«Дене шынықтыру» пәнінің тарихы бойынша білімдерін дамытуға қолдау көрсету;
негізгі қимыл-қозғалыс дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру;
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, атап айтқанда, түрлі дерек көздерден алынған ақпаратты қолдану, оны сәйкестендіру түрінде нақты елестете алу;
ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту;
дербестік, беріктік (табандылық), шыдамдылық және төзімділік сияқты жеке мінездерін қалыптастыру және дамыту;
оқушылардың физикалық және психологиялық қабілеттерін нығайтуға ынталандыру.
«Дене шынықтыру» пәні оқушыларға:
пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;
қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың физикалық дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;
адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;
жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;
дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның физиологиялық жүйелеріне әсерін білуге;
өзінің және басқалардың физиологиялық жағдайын бағалауға;
сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау қабілеттерін, және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Оқушыларға үш тілде білім беру (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) сияқты бөлімдер мен тілді дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
«Дене шынықтыру» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
«Дене шынықтыру» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-бөлім) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-бөлім), мұғалімдердің пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) бөлімдері қалай дамытатыны көрсетілген.
«Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9-бөлім), бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: |