System парағының құрамына келесі компоненттер кіреді. Мысалға, «Кесте 2.3» - де Timer командасы келтірілген.
Кесте 8 System парағы
Белгі
|
Аты
|
Атқаратын жұмысы
|
|
Timer
|
Таймер, OnTimer оқиғасы Interval (аралығы) қасиетінде анықталған уақыт аралығы бойынша шақырылады. Уақыт аралығы 1...65535 мс.
|
Бұл команда арқылы уақыт тағайындалады. Операция белгілі бір уақыт аралығында орындалады.
2. Арнайы бөлім. «Арнаулы орта мектептегі пәндер бойынша тестілеу программасын құру»
2.1 Бағдарламаның құрылымдық сипаттамасы
Бағдарламаны құру үшін қолданылған компоненттер: Delphi ортасының компоненттері бағдарлама орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтері ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphi ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни визуалды емес көптеген маңызды компоненттері бар. Дәлірек айтсақ, компонент алдын-ала даярланған бағдарламаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан бағдарламаға ендіруге болады деп түсіну керек.
Пішін терезесі Windows жобасы – болашакта программа жазатын терезе болып табылады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows – дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларынан, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан және тақырып жолынан тұрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толтырылған, ол формадағы компоненттердің орналасуын реттеу қызметін атқарады (бұл нүктелерді алып тастау үшін Tool/Environment Options меню командаларының көмегімен, Preference қойымтасындағы Display Grid ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет). Форма құрастырушысының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows ортасындағы жобасы.
Сурет 2.1 Пішін терезесі
Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелік менюді шақыру, терезені үлкейту/кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттар торының нүктелерімен реттеліп тұрады.
Программалау Lego конструкторының бөлшектерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесіне орналастырудан басталады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компонеттер бірінен соң бірі орналасады.
Бұл ерекшелік – визуалды (көзбен шолу) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.
Жоғарыда айтылғандарды басшылыққа ала отырып, оқу программасына арналған форма құруға болады. Бұл процесті жеңілдету үшін әрбір компоненттің қасиеттерін келтірейік. Компоненттердің орналасу ретіне қарай келтірейік, яғни алдымен форма дайындалады, одан кейін формаға панель орналасады, оған батырмалар мен енгізу жолы орналасады, ал белгі мен көп жолдық редактор панельдің үстіне форманың бос жеріне орналасады.
Компоненттердің өлшемі 800х600 экран мүмкіндігін ескере отырып, тағайындалған.
Кесте 9 Пішіндер компоненттері
Компоненттер
|
Объектілер инспекторы терезесіне енгізілетін өзгертулер (қасиеті және мәні)
|
Form1: Tform
|
Caption: Оқу программасы
Height:375
Name: fmExample
Position: PoscreenCenter
Width: 544
|
Panel1: Tpanel
|
Align: Albottom
Bevelouter: Bvnone
Caption: бос қалдыру
Height: 84
|
BBRun: TRunTbitBtn
|
Kind: BkOk
Left: 32
Name: BBRun
Top: 288
|
BbClose: TbitBtn
|
Kind: BkClose
Left: 128
Name: BbClose
Top: 48
|
Кесте 9 жалғасы
|
Edinput: Tedit
|
Name: Edinput
Left: 128
Text: бос қалдыру
Top: 16
Width: 544
|
LbOutput: Tlabel
|
Align: Albottom
Caption: бос қалдыру
Name: Lboutput
|
MmOutput: Tmemo
|
Align: Alclient
Lines: бос қалдыру
Name: mmOutput
ScrollBars: SSBoth
WordWrap: False
|
Форманың өлшемі Height (биіктік) және Width (ені) ескертусіз алынған өлшеммен сәйкес келеді. Position қасиеті экранның жиектеріне қатысты форманың орналасуын басқарады. Podesigned і форманы Poscreen Center экранның центрі бойынша симметриялы етіп орналастыруды талап етеді.
Align қасиеті ол өзі орналасатын контейнерге салыстырмалы орналасатын компонентті туралау тәсілін көрсетеді. Контейнер – оған басқа компоненттерді орналастыруға болатын орын болып табылады. Осындай контейнердің бірі – Panel компоненті. Біз формаға панельді орналастырдық, оның қасиеті Align, мәні – AlButton ( төменгі жағынан) тағайындадық. Осы мәндерді тағайындағаннан кейін компонент төменгі жиекке тартылады да, бар ұзындығымен созылып орналасады.
Caption (тақырып) қасиеті барлық көрінетін элементке қатысты. Панель үшін оның ортасына орналасатын мәтінді анықтайды.
Панель мен оған орналасақан белгі белгі бір бүтін ретінде қабылдануы үшін панельдің Bevelouter (сыртқы жиек) қасиетіне Bvnone мәні тағайындалған.
Left (солға), Top(жоғарғы жағынан) және Width (ені) қасиеттері компоненттің сол жақ жоғарғы бұрышының орнын анықтайды.
Name (аты) қасиеті программадағы компоненттің атын анықтайды.
Қазіргі практикада қабылданған программалау стилі бойынша атаудың алдына екі әріптен тұратын префикс қойылады. Префикстегі мнемоника программистке атау берілген компоненттің немесе оның қасиетінің типі жөнінде ескертеді. Мысалы, Align қасиетінің барлық мүмкін мүмкін болатын мәні үшін Delphi – дегі стандартты префикс Al (ол Align сөзінен алынған); бұдан ағылшын сөздері:AlButton, AlTop, AlLeft және т.б.алынады.
Енгізу жолы көптеген оқу программаларында тікелей қатысады, сондықтан бұл компонент edinput деп аталады: ed префиксі - бұл edit компонентінің ағылшынша атауынан қысқартылып алынған, ал input программаға мәліметтерді енгізу денегді білдіреді.
Дәл осылайша қысқартылған атаулар: белгіге де арналған (LB – Label сөзінен, Output программаны шығару), көп жолдық редактордағы (mm – Memo сөзінен ), батырмалар OK (BB – BitBtn сөзінен, Run – программаны орындау), Close – жабу.
Edit компонентіндегі text қасиеті экранда пайда болған мезгілдегі енгізу жолындағы мәтіннің мазмұнын анықтайды. Бастапқы мәтін программаға мәліметті енгізуге кедергі жасамас үшін бұл қасиетті өшіруге болады. Дәл осылайша белгідегі Caption қасиетін, көп жолдық редактордағы Lines қасиеттері арқылы өшіруге болады. MmOutput Lines қасиетін тазалау үшін Объектілер инспекторы терезесіндегі осы қасиетті тышқанмен белгілеңіз және қасиетті өзгерту сұхбат терезесін шақырыңыз. MEMO1 мәтінін өшіріңіз де, терезені OK батырмасымен жабыңыз.
MmOutput компонентінің ScrollBars қасиетінің мәні: SSBoth (екі жағынан). Бұл мән Delphi – дередакторға горизонталь және вертикаль орағыш жолақтарының екеуін де тең орналастырады. WordWarp қасиетінің мәніне (сөздерді тасымалдау) False мәнін тағайындау қажет, ол редакторды ұзын мәтіндік хабарларды жахғанда сөздерді келесі жолға тасымалдауды орындамайды. Осы компоненттегі Align қасиетінің мәні Alclient болады, ал ол компоненттен форманың барлық қалған толтырылмаған бөлігін терезенің өлшеміне тәуелсіз алып тұруын талап етеді.
BitBtn компоненті үшін Kind (сорт) қасиеті типтік функцияны анықтайды, ол сұхбат терезелеріндегі батырмалардың қызметін қамтамасыз етеді. BkClose мәні типтік пиктограмма мен Close жазуын анықтайды, оны Delphi батырмаға орналастырады. Сондай-ақ терезені жабудың типтік функциясын да батырмаға орналастырады. Нәтижесінде, программа жұмысын аяқтайтын батырманы аламыз. BkOK мәні BitBtn батырмасын сұхбат терезесін жабуды талап етеді, оның нәтижесі – mrOk. Біздің форма сұхбат терезе болмағандақтан OK батырмасы бұл қызметтіатқармайды. Біз BkOK мәнін тек батырмаға тиісті пиктограмма мен жазуды алу үшін пайдаландық
Объектілер тармағының терезесі
Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоненттер арасындағы байланысты көрнекі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонентті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және объектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механизмінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол OnClick оқиғасын өңдеу үшін дайындалған код терезесіне орналастырады.
Формаға орналасатын кез келген компонент бірқатар параметрлер жиынымен сипатталады: орналасуы, өлшемі, түсі және т.б. Мысалы, компоненттің орналасуы мен өлшемін программист формалар терезесінде компонентті басқара отырып, өзгерте алады. Ал, объектілер инспекторы терезесі қалған өзгертулерді орындауға арналған. Бұл терезеде екі бет бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға). Properties беті – компоненттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті – қандай да бір оқиғаға компоненттің жауабын анықтайды.
Сурет 2.2 Объектілер инспекторының терезесі
Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің немесе оқиғаның аты, ал оң жақта – қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өңдейтін қосалқы программаның аты болады.
Кесте жолының оң жақ бағанын тышқанмен белгілеу ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін екпінді жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетінде үш нүкте (...) немесе ↓ батырмаларының бірі пайда болады. Үш нүкте (...) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұхбат терезесін экранға шығарады, ↓ батырмасын белгілеу қарапайым қаиеттің мүмкін болатын мәндерінің тізімін шығарады. Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде формада орналасқан барлық компоненттердің ашылатын тізімі орналасады. Форманың өзі де компонент болғандықтан, оның аты да осы тізімде болады.
Тышқанның сол жақ батырмасын басқанда ашылатын терезенің контекстік менюінде терезені түзетуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, Stay On Top командасын таңдағаннан кейін, Объектілер Инспекторы терезесі оның екпінділігіне тәуелсіз басқа терезелердің үстінде «қалықтап» жүреді.
Кестенің кез келген жолын тышқанды шерту арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы парамеир қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнімен анықталатын – сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т.с.с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік) – True немесе False мәндерімен, ал Heigh (биіктігі) және Width (ені) нақты бір сандық шамалармен анықталады.
Объектілер бақылаушы терезенің жоғары жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттержәне оларға қолданылған оқиғалар тізімі орналасып тұрады.
Программалар коды терезесі
Код терезесі – программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипаттайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы порограммалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Объект Pascal программалау тілі тағайындалады. Ол кеңінен таралған Pascal тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швейцариялық ғалым Н.Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталады).
Ең алғашқы Код терезесінде толыққанды Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.
2.4 Тест бағдарламасының блок-схема алгоритмін өңдеу
Иә Жоқ
2.5 Тестілеу жүйесін құру
Бағдарламаны құру үшін, SpeedButton1, SpeedButton2, SpeedButton3 компаненттерін алып, форма бетіне салдым. Содан соң комноненттердің Properties – қасиеті арқылы тақырыбын (Caption) өзгерттім. Кейін ол компоненттерге төмендегідей процедуралар енгізеді.
procedure TForm3.SpeedButton1Click(Sender: TObject);
begin
Form2.Show;
Form3.Hide;
end;
procedure TForm3.SpeedButton2Click(Sender: TObject);
begin
Form4.Show;
Form3.Hide;
end;
procedure TForm3.SpeedButton3Click(Sender: TObject);
begin
Form5.Show;
Form3.Hide;
end;
procedure TForm3.FormClose(Sender: TObject; var Action: TCloseAction);
begin
Form1.Show;
Form3.Hide;
end;
Нәтижесінде форма бетінен төмендегідей нәтиже көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |