1.4 Мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Мұғалімнің жұмыс орны биікте орналасады да, «Тізімдерге» сәйкес келетін столмен, екі тумбамен , сынып тақтасымен, экранмен, электрмен жабдықтайтын басқару пульті бар электро тогын тарататын тақтамен жабдықталады. Мұғалім столына ДЭЕМ, принтер, графпроектор жалғанатын электрмен қоректендіру жүйесі қосылуы тиіс.
Мұғалім столының беткейі көлемі : ұзындығы 1300 мм-ден, ені 700 мм-ден төмен болмайды.
Стол тумбаларында сабақ болатын көлемдері 350х500х100 мм шамасында 1-2 жәшік болуы тиіс.
ИЕТ кабинеті үшін фломастермен жазуға арналған сынып тақтасын пайдалану ұсынылады.
Дербес ЭЕМ-дермен жабдықталған оқушылардың жұыс орындары бір адамға арналған стол мен көтеріліп бұрылатын орындықтармен қамтамасыз етілуі керек. Информатика кабинеті оған қоса ДЭЕМ-дер немесе бейне- терминалдар орналасатын жұмыс орындар санына сәйкес екі орындық оқушы столдарымен (ГОСТ 11015-93) жабдықталады. Оқушылар столдары ортада орналасады және олар теориялық сабақтар жүргізуге арналады. Столдар мен орындықтар түсті белгілері бар бойлары әр түрлі топтарға бейімделеді.
1 - кесте. Компьютер кабинетіндегі жиһаздар өлшемі
Жиһаз тобы
|
Орындықтың алдыңғы жақтағы
биіктігі, мм
|
Бойларының
ұзындығы, мм
|
Белгілеу түсі
|
Стол биіктігі,
мм
|
1
2
3
|
380
420
460
|
1460до 1600
1600 до 1750
1750 до 1800
|
Қызыл
Жасыл
Көк
|
640
700
760
|
ДЭЕМ қойылатын столдың жұмыс беткейлерінің модульдік мөллшерлерін (беткейлердің өлшемдері осылардың негізінде анықталады) былай алу керек:
ені – 800,1000,1200,1400мм, ұзындығы (тереңдігі) – 800 және 1000 мм, стол биіктігі өзгертілмейді, ол 725 мм-ге тең болып алынады.
Оқушы столына электр тогы қосылып , оған жергілікті желі кабелі жалғануы тиіс. Стол еденге бекітілуі керек.
1-сурет. ДЭЕМ қойылатын столдың модульдік мөлшерлері
ИЕТ кабинетіндегі оқушылардың жұмыс орындары сабақ кезінде мұғалім де, оқушылар да олардың әрқайсысына еркін жете алатындай түрде орналасуы тиіс.
Мұғалім мен оқушылардың жұмысын электрлік қауіпсіздендіру мақсатында және сабақ кезінде жарық деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ДЭЕМ тұрған столдар бөлменің периметрі бойынша орналастыру ұсынылады.
Жұмыс орындарын бөлменің периметрі бойынша орналастыру кезінде мынадай қашықтықтарды сақтау қажет;
Кабинет ені бойынша:
- терезесі бар қабырғадан столдарға қашықтық 0,8 м-ден аз болмауы тиіс;
- тезелерге қарсы жақтағы компьютер столдары мен қабырға арасындағы қашықтық 0,1 м шамасында болып, кейде қолданылатын бейнемониторларға байланысты столдар қабырғаға тиісіп тұруына да болады;
ИЕТ кабинетінің ұзындығы бойынша ДЭЕМ тұрған столдар бір-біріне тиісіп немесе араларында аздап орын қалдырылып та орналаса береді.
ДЭЕМ тұрған столдарды қатарластыра орналастырғанда, әрбір монитордың сырт жағындғы стол шетінде қорғаныс экраны болуы тиіс. Экран столдан 3-5 см қашықтықта орналасады да, ол электрмен қоректендіретін сымдарды толық қауіпсіз ететіндей дәрежеде болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |