дефектология ғылымында қолданылатын әдістерді жинақтау және эксперименттік зерттеу кезінде қалыптасқан оқыту мен тәрбиелеу және түзету әсерінен алынған ақпараттық мәліметтерді талдау.
Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер міндетті түрде:
дамуында ерекше психоденелік ақаулықтары бар негізгі категориядағы балалардың ерекшеліктері бар тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері туралы көзқарастары болуы керек;
алған білімдерін практикада қолдана алуы, дамуында ерекше психоденелік ақаулықтары бар негізгі категориядағы балалардың психикалық дамуының жағдайларын толықтай білу керек.