Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары Пән мұғалімі: Хуан а 2016-2017 оқу жылы Түсінік хат



жүктеу 95,47 Kb.
Дата10.02.2018
өлшемі95,47 Kb.
#9318


Дарынды оқушылармен

жұмыс жоспары

Пән мұғалімі: Хуан А

2016-2017 оқу жылы

Түсінік хат

“...Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.” Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері кезінде адамды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді және білімін практика жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда, пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатан орны ерекше. Математиканың заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ. Математика пәнінің мұғалімінің міндеті еліміздің халық шаруашылығын дамытудағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызы: материалдық техникалық базасын жасаудың өндірістің тиімділігін арттырудағы, ауылдың материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролін көрсету.

Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, ынтасы мен қызығушылығына, таңдауына қарай оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту. Математикада қолданбалы курсы оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнге деген ұмтылыстары, оны меңгеру деңгейлері ескеріледі.



Математика сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып, оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады. Себебі бұл дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет болады. Оқушылар жаңа теорияның, материалдық қажеттілігіне, өмірдегі пайдасына енуі керек.


Мақсаты:

  • Биология пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;

  • Биология пәні бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу;

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • жеке тұлғалың мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;

  • пәнге деген қызушылығын арттыру;

  • жеке жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.


Міндеттері:

  • дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру

  • оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту;

  • жан-жақты ақпараттандыру; 

  • коммуникативті бейімдеу; 

  • білімнің бағасын арттыру;

  • дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру;

  • дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету. 


Күтілетін нәтиже:

  • оқу бағдарламасына сай білімді терең менгереді;

  • жеке шығармашылық қабілетті дамиды;

  • ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жандүниесін тани алады;

  • өзін өзгелермен салыстыра алады;

  • іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігін қалыптасқан тұлға.


Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері:

  • нормативті-құқықтық құжаттар;

  • ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);

  • ақпараттық қызмет;

  • мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;

  • білім мекемелерінің өсуі (эксперимент түрлері, ауысымдық мектеп, резерв мектебі, банк, т.б.).


Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:

  • дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

  • оқушымен қарым-қатынастың болуы;

  • нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;

  • дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыста болуы.


Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

  • пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

  • қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;

  • жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;

  • заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;

  • дарынды оқушының оқуда ғана емес, басқа да көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;

  • шығармашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.


Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

  • дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • дарынды оқушыны (жекелей және топпен) оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты жұмыс жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

  • оқытудың инновациялық технологияларын, дифференциалды әдісін қолдана білуі;

  • оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;

  • дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;

  • дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.


Дарынды балаларды анықтау:

  • баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу;

  • дамытушылық жағынан ықпал ете отырып баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;

  • баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;

  • жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық бағалары;

  • түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.


«Бекітемін»:

Мектеп директоры: __________



Г.Сарсенбаева


Биология-информатика пәнінен дарынды оқушылармен

жүргізілетін жұмыс жоспары

2015-2016 оқу жылы




Атқарылатын жұмыстар

Жұмыстың түрі

Мерзімі

1

Дарынды оқушыларды анықтау.

Әңгіме, бақылау, сауалнама

Қыркүйек

2

Байқау сынағын алу.

Жеке тапсырмалар беру

Қыркүйек

3

Қосымша сабақтар өткізу.

Топтық жұмыс

Үнемі

4

Пәндік білімді тереңдетуге, ғылымға деген қызығушылығы бар, қабілетті балаларды анықтау.

Сауалнама

Қазан

5

Қызықты және тапқырлыққа берілген логикалық есептер шығару.

Жеке жұмыс

Қазан

6

Логикалық есептер, қиындығы жоғары деңгейдегі есептер шығару.

Топтық жұмыс

Үнемі

7

Деңгейлік тапсырмалар.

Күрделі тапсырмалар беру

Қараша

8

Олимпиадалық есептер шығару жолдары.

Қосымша сабақтар

Қараша

9

Мектепішілік және аудандық олимпидаларға қатыстыру.

Олимпиадалар

Желтоқсан

10

Жеке және топтық тапсырмаларды беру.

Деңгейлік тапсырмалар беру

Үнемі

11

Есеп шығаруда компьютерді қолдану.

Жеке жұмыс

Үнемі

12

Интернет олимпидаларға дайындау.

Қосымша сабақтар

Қаңтар

13

Интернет олимпиадаларға қатыстыру.

Олимпиадалар

Наурыз

14

Сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыру.

Сыныптан тыс жұмыстар

Үнемі

15

Ғылыми-шығармашылық жобаларға тарту.

Жеке тапсырмалар беру

Үнемі

16

Аудандық ғылыми жобалар байқауына қатыстыру.

Жарыстар мен конкурстар

Сәуір

17

Пән бойынша оқушылар білімі мен сапасына жүйелі бақылау жүргізіп отыру.

Мониторинг жүргізу

Тоқсан сайын, мамыр


Дарынды оқушылар туралы мәлімет




Оқушының

аты-жөні

Туған жылы, айы, күні

Сыны-бы

Мінездеме

(қабілеті мен ерекшелігі)

1

Ғылымхан Елжан

21.10.2001

9

Мінезі ашық, достарымен тез тіл табысады, оқуда озат, берілген тапсырмаларды өз уақытында тез, әрі ұқыпты орындайды, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары.


2

Бекпаулы Алишер

21.12.2001

9

Оқу озаты, алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары.

жүктеу 95,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау