21
Модельдердің сыртқы деңгейі ең жоғарғы деңгей, мұнда мәліметтерге әр
модельдің өзінің елестетуі бар. Бұл деңгей әртүрлі қолданбалылардың
мәліметтер қорына көзқарасын анықтайды. Әр қолданбалы тек қана өзіне
қажетті мәліметтерді көріп, өңдейді. Мысалы, жұмыстарды тағайындау жүйесі
қызметткерлердің квалификациясы туралы мағұлматтарды қолданады, бірақ
оған қызметкердің мекен-жайы, телефоны, жеке куәлік нөмірі керек емес,
керсінше осы мәліметтер кадрлар бөлімінде қолданылады.
Пайдаланушылардың елестетулерін анықтайтын мәліметтер қорының
құрылымдық деңгейі сыртқы деңгей деп аталады. Бұл деңгей пайдаланушыға
ең жақын деңгей, ол пайдаланушы қай түрде көретінімен байланысты. Әрбір
пайдалнушылар тобының мәліметтер қорындағы мәліметтер туралы
елестетулері бар. Осындай елестетулер жинақтары сыртқы деңгей болады.
Ортаңғы басқару түйін концептуалды деңгей болып табылады; мұнда
мәліметтер қорымен жұмыс істейтін қолданбалылардың барлығы қолданатын
мәліметтер біріктіріліп, жалпы түрде көрсетіледі. Концептуалды деңгей
мәліметтер қоры жасалатын тақырып аймақтың жалпы моделін көрсетді. Әр
модель сияқты концептуалды модель нақтылықтың обьектілерінің өңдеу
жағынан маңызды болатын ерекшеліктерін көрсетеді.
Мәліметтер қорының логикалық сұлбасын анықтайтын деңгей –
концептуалды деңгей болады. Концептуалды деңгейде мәліметтер қорының
концептуалды
жобасы
жасалынады.
Концептуалды
жобалауда
пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері талқыланып, оларға керек
мәліметтердің элементтері анықталды. Концептуалды жобалау нәтижесінде
концептуалды сұлба, яғни мәліметтердің барлық элементтерінің және олар
арасындағы қатынастарының бірлескен логикалық бейнеленуі пайда болады.
Физикалық деңгей – ақпаратты сақтайтын сыртқы құрылғыларда
орналасқан файылдардағы мәліметтер.
Мәліметтер қорына физикалық көз-қарасты (дискілер, физикалық
адрестер, индекстер, көрсеткіштер және т.б.) анықтайтын мәліметтер қорының
құрылымды деңгейі ішкі деңгей деп аталады. Бұл деңгейді физикалық
мәліметтер қорының жобалаушылары бақылайды. Пайдаланушылар бұл
деңгеймен жұмыс жасамайды. Сонымен, бұл деңгей мәліметтерді сақтаудың
физикалық әдістерімен байланысты [18].
1.5 Мәліметтердің модельдері
1.5.1 Концептуалды модельдері
Мәліметтер қорларының концепциясында жалпы «мәліметтер» және
«мәліметтер моделі» категориялар негізгі болып табылады. Обьектті, шартты,
оқиғаны немесе басқа факторларды сипаттайтын белгілі мәндер, параметтрлер
жиындары
мәліметтер
қорларының
концепциясында
«мәліметтер»
22
түсініктемесі болады. Мәліметтердің анықталған құрылымы болмайды, оларға
пайдаланушы белгілі құрылым меншіктесе, яғни олардың мағналы мазмұнын
түсінсе, сонда мәліметтер ақпарат болдаы. Сондықтан мәліметтер қорлары
саласындағы негізгі түсініктеме модель түсініктемесі болып табылады. Бұл
терминнің бір мағыналы анықтамасы жоқ, әр түрлі авторларда бұл абстракция
кейбір айырмашылықтармен анықталды, бірақта бұл анықтамалардың жалпы
сипаттарын белгілеуге болады. Мәліметтер қоры дегеніміз анықталған жолмен
құрылымдасқан мәліметтер жиыны. Мәліметтер қорының құрылымы тақырып
аймақтың құрылымын іске асырады. Тек қана таңдалынған бөліктерін
көрсететін нақтылықтың елестетуі модель болып табылады. Мәліметтер
қорлары көз қарасы жағынан мәліметтерді құрылымдастыру әдістері
мәліметтер моделі деп аталады.
Концептуалды модель тақырып аймақты сөзбен бейнелегеннен кейін
өңделеді. Бұл модель тақырып аймақтың формалданған бейнелеуі болып
табылады, бұл бейнелеуді мәліметтер қорларының мамандары емес, басқа да
адамадар түсінісу керек және ол белгілі мәліметтер қорын басқару жүйесіне
тәуелді емес. Мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдау бөлек есеп болып
табылады, оны шешу үшін жоба дайын болу керек.
Концептуалды жобалау тақырып аймақтың семантикасын (мағынасын)
мәліметтер қорының моделінде көрсетумен байланысты. Реляциялық модель
қарапайым және қысқаша болғандықтан тақырып аймақтың мағынасын
көрсетпейді.
1.5.2 Реляциялық модель
Реляциялық модель жиындар теориясы мен предикаттар логикасының
математикалық
принциптерінде
негізделген.
Мәліметтерді
модельдеу
саласында бұл принциптер ең бірінші доктор Е.Ф.Кодд қолданған. 1970 жылы
доктор маңызы жағынан революциялық болып табылған мәліметтер қорлары
туралы мақаланы басып шығарады. Мәліметтерді байланыстыруға физикалық
көрсеткіштері емес, олардың ішкі логикалық өзара қатынастарын қолдану керек
деген идея ұсынылды. Сонымен, егер де бастапқы мәліметтерде оларды
қиыстыруға қажетті логикалық ақпарат болатын болса, пайдаланушылар
әртүрлі көздегі мәліметтерді қиыстыра алады. Бұл идея ақпаратты басқару
жүйелер үшін жаңа мүмкіншіліктерді берді, себебі мәліметтер қорларына
қоятын сұраныстар енді физикалық көрсеткіштермен шектелмеген болады.
Логикалық байланыстар негізінде мәліметтерді тауып шығаруды сүйемелдейтін
мәліметтер қорларын қолданатын ақпараттық жүйелер көптеген сұрақтарға
жауап алуға мүмкіндік береді.
Реляциялық модель «қатынас» (Relationship) деген түсінікте негізделген.
Оның артықшылықтары мен бірге кемшіліктері де болса, қазіргі кезде ең көп
таралған модель болып табылады. 80-ші жылдадың (ХХғ.) ортасынан бастап