Даму болжамы



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет6/19
Дата19.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#21694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

14 

проблемаларын  шешу  үшін,  реттелетін  ұйымдардың  қаржылық  жағдайын 

мониторингтеу және бағалау арқылы дәрменсіз банктерді реттілікпен шешу және 

қоғамдық  шығасыларды  төмендету  тетіктерінің  тиімділігін  арттыру  жұмысы 

жүргізілетін  болады.  Сондай-ақ  мерзімі  өткен  берешекті  одан  әрі  тиімді  қайта 

құрылымдау  үшін

 

банктер  мен  басқа  кредиторлардың  қабілетсіздігінің 



себептеріне талдау жүргізіледі.  

Қаржылық  даму  және  қаржылық  тұрақтылықты  қамтамасыз  етудің  ұзақ 

мерзімді  міндеттерінің  бірі  реттелетін  ұйымдар,  сонымен  бірге  олардың 

контрәріптестерінің  жағдайы  туралы  ақпараттың  сапасын  және  анықтығын 

арттыру болып табылады.  

Ұлттық валютадағы орта және ұзақ мерзімді қорландыру үшін Ұлттық Банк 

«Қазақстанның  депозиттерге  кепілдік  беру  қоры»  АҚ-мен  бірлесіп  тартылған 

ресурстардың  шұғылдығына  сүйене  отырып,  депозиттік  базаны  күшейту  және 

салымдардың  құнын  реттеу  бойынша  шаралар  қабылданатын  болады, 

мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  кірістік  ауытқымасын  қалыптастыру  жұмысы 

жалғасады. 

Ұлттық  Банкке  жедел  бақылау  және  тәуекелге  бағдарланған  қадағалауды 

қолдануға  құқық  беру,  аудиторлық  және  бағалау  компанияларының 

жауапкершілігін  күшейту,  акционерлердің  айқындығын  қамтамасыз  ету  және 

корпоративтік  басқаруды  жақсарту,  банктер  дәрменсіздігін  реттеу  режимін 

жетілдіру  бойынша  банктік  заңнаманы  жетілдіру  және  қаржы  тұрақтылығын 

қамтамасыз  ету  мақсатында  кейбір  заңнамалық  актілерге  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізілетін болады.  

«Нашар  кредиттерден»  банктердің  баланстарын  тазалау  және  халық 

жинақтарын  инвестициялау  мүмкіншіліктерін  кеңейту  екінші  деңгейдегі 

банктерден  заңды  тұлғаларға  қарыз  бойынша  талап  ету  құқығын  басқаға  беру 

кезінде  кірісті  тану  тетігі  жетілдіріледі;  қарыз  бойынша  берешек  кешіру  кезінде 

пайда  болған  жеке  тұлғаның  табысы  салық  салудан  босатылады,    жинақтаушы 

сақтандыру  шарттары  бойынша  салық  салу  тетігі  өзгерді  және  үлестік 

қаржыландыруға экономика субъектілерінің қол жеткізуі кеңейтілді. 

Бағалы  қағаздар  нарығын  жаңарту  мақсатында  баламалы  биржа  алаңы  іске 

қосылады, брокерлік ұйымдарды пруденциялық реттеу жүйесі қайта қаралады және 

клиенттерге  қызмет  көрсету  бөлігінде  брокерлік  ұйымдардың  функционалы 

кеңейеді,  сондай-ақ  институционалдық  инвесторлардың  мүмкіндіктерін  кеңейту, 

инвестициялық  қорларды  реттеуді  ырықтандыру  және  олардың  қызметін 

жандандыру бойынша шаралар қабылданады.  

Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға қажетті жағдайларды жасау үшін 

формальды  тәсілден  тәуекелге  бағдарланған  реттеу  және  бағалы  қағаздар 

нарығының субъектілерін қадағалау тәсіліне көшу бойынша шаралар қабылданатын 

болады.

 

Мемлекеттің  міндеттемелерін  квазимемлекеттік  секторды  ескере 



отырып  басқару  саясаты.  2016  жылғы  8  желтоқсандағы  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  қорының  қаражатын  қалыптастыру  және  пайдалану 




15 

тұжырымдамасына  сәйкес  Үкіметтің  борышы  мен  квазимемлекеттік  сектордың 

сыртқы  борышының  көлемі  бойынша  Ұлттық  қордың  валюталық  активтер 

мөлшерінен аспайтын қосымша шектеу енгізілген. 

Бюджетке    борыштық  жүктемені  азайту  және  мемлекет  үшін  борышты 

қауіпсіз  деңгейде  ұстап  тұру  мақсатында  жыл  сайын  заңнамалық    және 

нормативтік  құқықтық  актілердің  шеңберінде  мемлекеттік  кепілдіктер  берудің 

және  үкіметтік  борыштың  жергілікті  атқарушы  органдар  борышының  лимиттері 

белгіленеді. 

Үкіметтік борыштың қызмет көрсету және өтеу шығыстары Ұлттық қордан 

бөлінетін  трансферттерді  қоса  алғанда,  республикалық  бюджет  кірістерінің  

15%-ынан  аспайтын  болады.  Квазимемлекеттік  сектордың  қарыз  алуы  бойынша 

оның көлемін Үкіметпен келісу арқылы  шектеу белгіленетін болады.

 

 



Қазақстан  Республикасының  жаңа  бюджет  саясатының  тұжырымдамасына 

сәйкес  мемлекеттік  және  квазимемлекеттік  борыштың  жоғарғы  шектері 

2020 жылға қарай жиынтығында ЖІӨ-ге қатысты 60%-дан аспауы тиіс. 

Тұрақты  негізде  мемлекеттік  борышты

 

бағалау  және  болжамдау,  оның 



ішінде  мемлекеттік  борыштың

 

ұлғаюы  тәуекелдерін  анықтау  және  борыш 



құрылымын  оңтайландыру  мен  оған  қызмет  көрсету

 

жөнінде



 

ұсыныс  әзірлеу, 

сондай-ақ  мерзімінен  бұрын  өтеу,  борышты  қайта  құрылымдау  мен  қайта 

қаржыландыру және қарыз алу тәуекелдерін басқару бойынша жұмыс жүргізіледі. 

Елдің  борыштық  саясаты  бюджет  тапшылығын  қаржыландыру  және 

мемлекеттің  борышын  қауіпсіз  деңгейде  ұстап  тұру  үшін  үкіметтік  қарыз  алуды  

қолайлы шарттармен

 

жүзеге асыруға бағытталады. 



 

1.2 Бюджет-салық саясаты 

Бюджет  саясаты  мемлекеттік  қаржының  тұрақтылығын  нығайтуға  және 

экономиканың одан әрі өсуін қолдауға бағытталатын болады. 

2018-2020 жылдарға арналған бюджет саясатының негізгі міндеттері: 

–  бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету

–  Ұлттық қордың активтерін тұрақтандыру және сақтау; 

–  бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру; 

–  фискалдық  орталықсыздандыруды  жалғастыру  және  жергілікті 

атқарушы органдардың дербестігін арттыру болады. 

Бюджеттің  мұнай  кірістеріне  тәуелділігін  төмендету  мақсатында  бюджет 

саясаты,  ең  алдымен  бюджеттің  мұнай  емес  тапшылығын  төмендетуді  негізге 

алатын  болады.  Орта  мерзімді  кезеңде  мұнай  емес  тапшылық  деңгейінің 

2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7%-ға дейін төмендеуі бағдар болмақ. 

Бұл  ретте  2018-2020  жылдары  бюджет  тапшылығын  ЖІӨ-ге  қатысты  

1%-дан  аспайтын  деңгейде  ұстап  тұру  жоспарланып  отыр,  бұл  Үкімет  борышын 

ЖІӨ-ге қатысты 22%-дан аспайтын деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. 

Мұнай  емес  тапшылықты  төмендетуді  Ұлттық  қордың  қаражатын 

пайдалануды  қысқарту,  мұнай  емес  сектордан  түсетін  кірістердің  өсуін 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау