34
экономикалық өсу орталықтарында еңбек ресурстары мен каптиталды аумақтық
шоғырландыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын және кірісін арттыруға
қолайлы жағлайлар мен факторларды қалыптастыруға бағытталатын болады.
Елдің ұзақ мерзімді өсу нүктелерін дамыту мақсатында басқа аумақтар
үшін «локомативтер» ретінде орталықтары Астана, Алматы, Шымкент және
Ақтөбе қалаларында болатын агломерацияларды қалыптастыру жалғасатын
болады, олар елдің өңірлік жаһандық нарықтармен интеграциясын қамтамасыз
етеді.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде
6 макроөңір (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы және Астана)
үшін инвестициялық бағдарламалар бекітілген, олар мынадай міндеттерді шешуге
бағытталған:
– әрбір макроөңір үшін олардың салыстырмалы артықшылықтарының,
өңірдің даму деңгейінің және олардың экономикаларын әртараптандыруды
қамтамасыз ету негізінде инвестициялық басымдықтарды айқындау;
– экономикалық өсудің өңірлік драйверлерін қалыптастыру;
– ірі өңірлік жобалардың төңірегінде шағын және орта бизнесті дамыту.
Аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларының негізінде 2030 жылға
дейін орталықтары Астана мен Алматы қалаларындағы агломерацияларды
қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарлары қабылданатын болады.
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі жөніндегі
тұжырымдаманы іске асыру үшін елді урбанизациялау бойынша жүйелі жұмыс
жалғасады.
Орта мерзімді перспективада өңірлік сәйкессіздікті төмендету, ұлттық және
халықаралық деңгейдегі хаб қалаларды айқындаумен елдің макроөңірлерін құру
жолымен елдің аумақтық тиімді дамуы мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, экономикалық өркендеу,
әлеуметік әл-ауқат және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдай жасау
мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және
экономикалық дербестігінің берік негізін құруға бағытталған Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының
екінші кезеңі іске асырылады.
5. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру
Қазақстан Республикасының Президенті атап өткен бес институционалдық
реформа шеңберінде экономикалық бағдарламаларды сапалы түрде жүзеге
асыруды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін қазіргі
заманғы және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жұмыс
жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру мансаптық моделді нығайту арқылы жүзеге
асырылады. Құрылатын модель мемлекеттік қызметшілерді еселі еңбекке,
кәсіптік және мансаптық өсуге ынталандыруы тиіс.
35
Мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың жетілдірілген
жүйесі еңбек нәтижелері бойынша еңбекақы төлеуге көшуге
ықпал етеді.
Мансаптық жоспарлау институттарын дамыту, қызметшілерді оқыту,
ауыстыру, сондай-ақ таланттарды басқару арқылы мемлекеттік аппаратты
кәсібилендіру қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметте құзыреттің Бірыңғай шеңберін енгізу құзыреттілік
тәсілді күшейтеді.
Меритократия қағидатын барынша енгізу мақсатында мемлекеттік және
құқық қорғау қызметі стандарттарының үйлестіру бойынша жұмыс жалғасады.
Мемлекеттік қызметті одан әрі жаңғырту озық халықаралық тәжірибені
ескере отырып жүргізілетін болады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру әкімшілік рәсімдерді төрешілдіктен
арылтумен, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетумен ұштасатын болады.
Азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін
оңтайландыру және оларды толық автоматтандыру боыйнша жұмыс жүзгізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға әсер ететін
факторлардың бірі олардың бір бөлігін бәсекелес ортаға беру болмақ.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезең-кезеңімен «бір терезе» қағидатынан «бір
өтініш» қағидатына көшеді.
Мемлекеттік аппараттың жұмысына халықтың сенім деңгейін арттыру
мақсатында мемлекеттік қызметшілердің этикасына қойылатын талаптарды
күшейту бойынша жұмыс жалғасады.
Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл үшін жалпыға бірдей сыбайлас
жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені
қабылданады.
6. Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл
2018–2022
жылдары
Қазақстан
Республикасының
Еуразиялық
экономикалық одақ жағдайларындағы халықаралық интеграциялық процесі
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасына және
актілерді, халықаралық шарттарды әзірлеудің жұмыс жоспары мен 2014 жыл
29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес жалғасатын
болады.
Еуразиялық экономикалық одақтың шектеулерсіз және алып қоюларсыз
тиімді жұмыс істеуі мақсатында ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттер еуразиялық
экономикалық интеграцияны кезең-кезеңмен дамыту бойынша уағдаластыққа қол
жеткізеді.
2019 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр
энергетика нарығы (бұдан әрі – ЕуразЭО ОЭЭ) құрылатын болады. ЕуразЭО ОЭЭ
Қазақстанның электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін іске асыруға
мүмкіндік береді, ол 2030 жылға қарай Электр энергетикасы саласын дамыту
жоспарына сәйкес 6 млрд. КВтс асады, сондай-ақ энергия жүйесінің