Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет289/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   363

592 

 

Сондықтан  да,  зерттеудің  мақсаты  –  ата-аналармен  әрекеттесу  арқылы  өзгешіліктерін 



айқындау, мектепке дейінгі балалардың адами-патриоттық сезімдерін өзінің туған қаласының 

мәдениеті мен тарихы арқылы тәрбиелеу. 

К.Д.Ушинский өз педагогикасында балалардың адами құндылықтарының қалыптасуына 

көп көңіл бөлген. Оның ойынша, адами тәрбие, балалардың ойлау және еңбек ету тәрбиесімен 

тыңыз байланыста болу керек. 

Адами  тәрбие  –  санаға,  адамның  сезімі  мен  тәртібіне  бағытталған  жүйелік 

ықпал,  моральдық қасиеттерін, адами нормалардың маңыздылығына сенімді қалыптастыру. 

Адами  тәрбие  –  нақтылы  қоғамның  құндылықтарына  балаларды  ұйытуға  бағытталған 

үдеріс.  

Сонымен,  балалардың  адами-патриоттық  тәрбиесі  мектепке  дейінгі  білім  мекемесінің 

негізгі міндеттері болып табылады.  Патриоттық сезімді қалыптастыру үшін балаларға Отан 

жайлы  бастапқы  білім  беру  керек,  біздің  еліміз,  халқымыз,  әдет,  тарих,  мәдениет  туралы 

тіректі  хабар беру керек. 

 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері: 



1.          баланың  өзінің  отбасына,  үйіне,  балабақшасына,  көшесіне,  қаласына  деген 

сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу; 

2.     табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру; 

3.     еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу; 

4.     халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру; 

5.     адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру; 

6.     Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту; 

7.     балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран); 

8.     мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту; 

9.     өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру. 

Осы міндеттер балалық жұмыстың бүкіл түрлеріңде шешіледі: сабақтарда, ойындарда, 

еңбекте,  үйде  –  баланың  тек  қана  патриоттық  сезімін  ғана  емес,  сонымен  қатар  оның 

ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастарын қалыптастырады. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  туған  қаласымен  таныстыру  оңай  міндет  емес, 

өйткені кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін 

елестету  қиын.  Осы  жұмыс  дәйекті  түрде  жүргізіледі,  ең  жақын  орналасқаннан,  таныстан 

(отбасы, балабақша, микроаудан), ең қиынына – қала, мемлекет.  



593 

 

 



Балалардың  әлеуметтік  тәжірибені  қалыптастырудың,  жақын  адамдарға  деген  бауыр 

басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының салттарымен таныстыру жұмысы 

болып табылады. Осы «ата-аналардың үйі» Отанға деген махаббатқа негіз болады. 

Осы тақырып бойынша тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының басқа да 

түрлерін  қолдануға  болады:  ата-аналардың  жақсы  көретін  сабақтары  мен  отбасының 

қызықтары, салттары, бірге өткізетін мерекелер, отбасылық бас қосулар туралы әсемделген 

фотоальбом мен фотогазеттер көрмесі және т.б. 

Ауламен,  балалар  тұратын  көшемен,  микроауданмен  танысу  балаларға  туған  қаласы, 

оның  құрылысы,  тарихы,  дем  алатын  орындары  туралы  түсініктерін  қалыптастыруына 

әкеледі.  Ата-аналармен  бірге  серуендеулері  қызықты  оқиға  болары  анық,  балалар  тек  қана 

сол  микроаудан орналасқан төңірекпен  танысып қана қоймай, сонымен қатар ата-аналарымен 

бірге өзінің кіші Отанының әдемі орындарын тамашалайды. Мәліметті таңдағанда, міндетті 

түрде  осы  көшенің,  микроауданның  тіпті  облыстың  қандай  қайталанбас  жер  бар  екеніне. 

Мазмұнына сай мәліметті таңдау, мектепке дейінгі жастағы балалардың, өзінің қаласы несімен 

атақты  екеніне  хабар  береді:  тарихымен,  салттарымен,  көрнекті  орындарымен, 

ескерткіштерімен, жақсы адамдарымен. 

Балаларға ұсынылатын  мәліметтер әр жаста ұқсас болмайды. Төрт жастағы бала өзінің 

тұрғылықты және балабақшаның орналасқан көшесін білуі керек. Жастары үлкен балалардың 

көңілдерін жақын орналасқан нысандарға бөлу керек: мектеп, кинотеатр, пошта, дәріханаға 

және  т.б.,  олардың  қызметтері  жайлы,  және  осының  барлығы  адамдардың  ыңғайлы  өмір 

сүрулері үшін салынғандарын айта өту. 

Дүкенге,  мектепке,  кітапханаға,  поштаға,  стадионға    бағытталған  мақсатты  түрдегі 

экскурсиялар,  микроауданның  мекемелерінің  құрылысымен  және  жұмысымен  таныстыруға 

көмектеседі, адамдардың әр түрлі қажеттіліктері, кім және қалай қала тұрғындарының қамын 

ойлайтындары туралы мектепке дейінгі жастағы балалардың түсініктерін қалыптастырады. 

Кіші  отанның  тарихымен  таныстырғанда,  ең  бастысы  ізденушілік  қызметі  қалыптасу 

керек:  балалар  өздері  тұратын    микроаудан    атауларының  тарихын  ата-аналарынан, 

аталарынан,  апаларынан  сұрастыра  алады.  Осы  жұмыс  барысында  микроаудан  тарихына 

танымдық қызығушылық өседі, танымал жерлестеріне деген сыйластық туады. 

Ата-аналар мен балаларға  қызық болатын микроауданның үлгісі құрылуы мүмкін, әр 

бала  ересектердің  көмегімен  үйінен  балабақшаға  апаратын  жолды  салады,  үлгіде  көше 

атаулары, жолдағы өтпе жол, көркем орындар белгілейді. 

Сонымен қатар, адами-патриоттық тәрбиенің осы кезеңінде  өз туған қаласының тарихы, 

көркем  жерлері,  ескерткіштері,  сонымен  қатар  көшелер  мен  алаңдар  жайлы 

білімдерін  тексеру арқылы отбасылық өткізулер мен конкурстар өткізілуі мүмкін. 

Адами-патриоттық  тәрбиеде  ересектердің  үлгісі  үлкен  маңызы  бар,  әсіресе  жақын 

адамдардың.  Отбасыдағы  үлкен  адамдардың  адамдардың(аталардың  және  апалардың,  Ұлы 

Отан  соғысының  қатысушылары,  олардың  майдандағы  және  еңбек  ерліктері)  айқын 

дәлелдеріне  сүйеніп  балаларға  осындай  маңызды  ұғымдарды  дағдыландыру,  олар  «Отан 

алдыңдағы парыз», «Отанға деген сүйіспеншілік», «жауға деген өшпеңділік», «еңбек ерлігі» 

және  т.б.  Балаға  біздің  жеңісіміз,  Отанға  деген  махаббатымыздан,  біздің  Отанымызды 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау