Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет233/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   363

477 

 

Тәрбиеші қауымы – қоғам сенген өкіл.  Ол елі мен халқына қалтқысыз қызмт етіп, Отан 



алдындағы борышын адал атқарып келе жатқан халықтық интелегенция. Сырт көзге қарағанда 

тәрбиешінің жұмысы оңай сияқты болып көрінгенімен, ол жауапкершілігі мол мамандықтың 

бірі. Тәрбиеші тек қана баланың денсаулығына ғана жауап бермейді, сонымен бірге  ол қазіргі 

уақыт  талабына  сай,  жаңа  стандарт  талабы  бойынша  оқу-  тәрбие  жұмысын  кешенді  түрде 

ұйымдастыра білетін жаңашыл педагог болуы керек. [1] 

Балабақша  -  бүлдіршіндерді  болашақта  ата  дәстүрін  сақтайтын  инабатты  да,  ибалы, 

үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу 

ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Балабақша  баланың жеке бас 

ерекшелігін  ескере  отырып  дамытатын  орталық.  Баланы  тәрбиелеу,  дамыту  мен  білім  беру 

мәселелерінде  отбасы  мен  балабақша  ұжымы  өзара  тығыз  байланыста  болуы  қажет. 

Қоғамымыздың  іргетасын  нығайту  үшін  бүгінгі  жас  ұрпаққа  үлгілі,  өнегелі  тәрбие  беру  - 

қазіргі  білім  беру  және  тәрбиелеудегі  басты  міндеттеріміздің  бірі.    Балабақша  балалары 

болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің  төл мәдениетін білетін, 

қастерлейтін,  рухани  дүниесі  бай,  саналы  ойлайтын  өмірде  кездесетін  қиыншылықтарға 

мойымай, шешім таба білетін деңгейі жоғары білікті боуы міндетті. Ал, мұның барлығын бала 

бойында  қалыптастыру  тәрбиеге  байланысты.  Бала  мектепке  дейінгі  мекемеде  тура  осы 

қасиеттерге  ие  болмаса  да,  оның  ұшқынын  бойына  сіңіріп,  келешекте  дамытады. 

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез келген мекеме үшін отбасымен жұмысты 

тиісті  дәрежеде  ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Себебі,  отбасы  баланың  түпкі  тамыры, 

болмысын қалайтын мекен.  

Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен ынтымақтастығы  аса бір сезімталдықты, кәсіби 

шеберлікті,  педагогикалық  құпиялықты,  мәдениетті,  білімді,  тәжірибені  қажет  ететін 

жұмыстардың  бірі.  Өйткені,  отбасымен  жұмыс  жүргізген  кезде  түрлі  адамдармен,  түрлі 

түсініктермен, түрлі мінез - құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама - қарсы кездесесің. 

Отыз ата-ана болса отыз түрлі пікір, өмірге, болып жатқан жағдайға, тәрбиелеу әдісіне отыз 

түрлі пікір бар деген сөз. Яғни тәрбиеші сол ата-аналардың тілін тауып, отыз ата- ананың отыз 

түрлі  пікірімен  санасып,  ата-аналармен  бірлесе  отырып  баланы  тәрбиелеу  керек. 

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі 

мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді.  Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту 

арқылы  бала  тәрбиесінің  максат,  міндеттерін  түсінуіне,  бала  тәрбиесін  ойдағыдай  іске 

асыруларына ықпал етеміз. Ата-аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп 

жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. 

Ата-ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара 

алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, 

бір-бірінің 

бағытында 

құрылуы 

тиіс.[2] 

Отбасы - әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі - отбасының бірлігі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. 

Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін 

тәрбиеге  тікелей  байланысты.  Әке,  ана,  бала  үшеуі  қандай  бірлікте  болса,    ата-ана,  бала, 

тәрбиеші де – тығыз үштік бірлікте болу керек.  

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры 

мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-

ана.  Бала  үшін  ата-анадан  артық  тәрбиеші  жоқ.  Адамгершілік,  бауырмалдық,  татулық, 

қайырымдылық,  әдептілік,  инабаттылық  сияқты  қасиеттер  жанұяда    сөзбен,  теориямен 

дамымайды,  үлкендердің  үлгісімен,  солардың  көрсеткен  өнегесімен  бала  бойына  сіңеді, 

дариды.  Отбасында  әдептілікке,  имандылыққа,  шыншылдыққа  тәрбиелеу  тәрбиенің 

көрінбейтін,  көзге  түспейтін  әдіс-  тәсілдері  арқылы  жүзеге  асады.  Яғни,  «олай  істеуге 

болмайды,  ол  тәрбиесіздікке  жатады»,  немесе  өзіміз  баланың  көзінше  біреуді  жамандап 

болмаса өтірік айтып тұрып, балаға «өтірік айтуға болмайды», «сен неге өтірік айтасың» деп 

жазалап жатпай – ақ өзіміздің өнегелі ісімізбен тәрбиені баланың  бойына дарытып жатырмыз, 

бала  үлкендерге  еліктеп,  солардан  үлгі  алып  өз  бойында  тәрбиенің  бастауы  қаланып  

жатқандығын байқамай да қалады.  




478 

 

Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін ата –анасы – бәрінен де білімді, 



ақылды,  күшті.  Жас  баланың  дамуында  ата-ананың  орыны  ерекше.  Кейбір  ата-аналар  өз 

перзентін  шектен  тыс  еркелетіп,  баланың  бетінен  қақпай,  көңіліне  қарап  тәрбиелейді.  Ал 

мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп 

болады.  Отбасында  ешнәрседен  шектеу  көрмеген  бала,  балабақшаға  келгенде  «болмайды», 

«жоқ, ол сенікі емес», «жоқ ,біз қазір ойнамаймыз, сурет саламыз» немесе «ойыншықты неге 

рұқсатсыз аласың, ол сенікі емес» деген сияқты үйдегі тәрбиеге қарама – қайшы келетін ортаға 

келеді.  Сұрағанын  алып,  айтқанын  істетіп  үйренген  баланың  балабақшаға  бейімделуі  қиын 

болады.  Ол  тәрбиешінің  қойған  талаптарын  орындаудан  бас  тартып,  қыңырлық  мінезін 

көрсетіп, тәрбиешілерге қарсы шығады. Өзінің қарсылығын ашып көрсете алмаған бала өшін 

басқа  балалардан  алады.  Бірлесіп  ойнап  отырған  балаларға  кедергі  жасап,  ойыншықтарын 

тартып алып немесе ойыншықпен басынан бір ұруы да мүмкін. Осыдан басталып тәрбиеші 

мен бала арасында және тәрбиеші мен ата- ана арасында түсінбеушілік туындайды. [3] 

Бала    тәрбиешінің  үнемі  жасаған  ескертулерінен  кейін  тәрбиешіні  жек  көріп  кетуі 

мүмкін.  Ал  ата  –ана  тәрбиешінің  пікірімен  келіспей,  оның  педагогикалық-психологиялық 

біліміне,  қабілетіне    күман  келтіріп,  барлық  кінәні  тәрбиешіден  іздейді.  Ата-  аналардың 

барлығы  бірдей  мәселені  бірлесіп  шешуге  талпынбайды,  өйткені  барлық  ата-аналарға  өз 

баласы «сүттен ақ, судан таза» болып көрінеді.  

Сондықтан  да,  ата-аналар  балаға  ұжымдық  өмірдің  алуан  түрлі    қыры  мен  сырын, 

танытып,  құрдастарымен  келісіп  ойнауға,  жеңіс  пен  жеңілістің  қатар  жүретіндігі  туралы 

айтып,  әдептілікке  баулуға  тиіс.  Себебі,  ата-ананың  күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  еңбегі, 

адамның  бейнелері,  жақсы  мінез-құлқы,  дұрыс  қарым-қатынасы  –  балаға  үлгі.  Баланың 

алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, 

баласын сабырлылыққа тәрбиелейді.  

Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Кез -келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан 

алады. Ата-ана баласының «балабақшаға бармаймын» немесе «апай жаман, апай маған ғана 

ұрса  береді»  деген  арыздарын  естігенде    бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен 

тәрбиешінің жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып балаға өнеге 

бола білсе,  ата-ана мен тәрбиеші  де ортақ келісімге келіп, бала тәрбиесінде елеулі  табысқа 

жетеді.  Сонымен  бірге  баланың  өз  қателіктері  мен  кемшіліктерін  түсініп,  оны  түзетуге  , 

болдырмауға  ынталандырады.  Бұл  да  тәрбиенің  көзге  көрінбейтін  бір  түрі.  Ата-  ана  мен 

тәрбиешінің бірдей көзқарасы, бірдей талабы, балалардың бойында ортақ пайдалы жұмысты 

істеуге  тырысу,  бірге  ойнау,  бір  нәрсемен  шұғылдану,  ортақ  мақсат  қою  және  оны  жүзеге 

асыру 

ісіне 


өздері 

қатысуға 

талпыныс 

пайда 


болады.  

Отбасымен  педагогикалық  ынтымақтастық  –тәрбиеші  жұмысының  сапасын  арттырып  қана 

қоймайды,  сонымен  бірге  мектепке  дейінгі  баланы  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеуге,  оның  

бойындағы қабілеттері мен қызығушылығын дер кезінде байқап, одан әрі дамытуға себебін 

тигізеді.  Ата  -  аналар баласының  өнегелі  тәрбие  алып,  саналы  азамат  болып қалыптасуына 

қаншалықты жауапты болса, тәрбиеші де баланың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін 

қосатыны  белгілі.  Балабақша  табалдырығын  аттаған  кішкентай  сәбидің  бойында  тәртіп 

ережелерін орындауға, ұжыммен бірге әрекет жасауға, оқу іс- әрекетінде болсын, ойын іс - 

әрекетінде  болсын  бірлесіп,  бір-    біріне  кедергі  жасамай  әрекет  ету  дағдыларын 

қалыптастыруда тәрбиешінің еңбегі зор. 

Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, 

көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін 

топ  ең  алғашқы  ұжым  екенін  ескере  отырып,  тәрбиеші  балаларды  жолдастыққа,  достыққа, 

сүйіспеншілікке  тәрбиелейді.  Тәрбиеші  топ  балаларымен  қандай  қарым-қатынаста  болса, 

балаларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста болады. 

Мектепке  дейінгі  бала    отбасын,  ата  –  анасын  қалай    қадір  тұтып  құрметтесе, 

балабақшаны, тәрбиешіні, құрбы - құрдастарын солай қадір тұтып, құрметтеуге тәрбиелеу ата- 

ананың  парызы    деп  ойлаймын.  Тәртіп,  тәрбие,  үлкенді  сыйлау,  үлкенді  тыңдау  тәрізді   

ұғымдарды  балабақшадағы  тәрбиеші  мектепке  дейінгі  баланың  санасына  құйып,  оны  ата-



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау