75
бастамалардың дамуына мүмкіндік беретін ата-аналардың оқу-тәрбие қызметінің деңгейі
едәуір өсті.
Жүргізілген жұмыстар ата-аналар зейінін көтеріп, мектеп алды кезеңіндегі жан
құбылысы жеңе білді. Ата-аналар мектептің оқушыға қоятын талаптарымен танысты, тіл
дамыту бойынша ұсыныстарды алып, баланың ақыл-ой дамуы бойынша ойындар мен ойын
жаттығулары, сандар мен әріптер ойындары ұсынылды.
3. Көрнекілік-ақпараттық бағыт
Көрнекілік-ақпараттық бағыт ата-аналарға кез келген ақпаратты қол жетімді түрінде
жеткізуге мүмкіндік береді, ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктері туралы
ескертеді.
Көрнекілік-ақпараттық бағытқа: ата-аналар бұрышы, түрлі жылжымалы папкалар, жан-
жақты тәрбие, отбасылық және топтық альбомдар, «Балабақша өмірінен», «Отбасында»
фотомонтаждары, отбасы туралы фотокөрмелер.
4. Ойын-сауық бағыты
Ата-аналармен ойын-сауық бағытын жүргізу пайдалы, қызықты болғанымен, оны
ұйымдастыру өте қиын. Өйткені кез келген бірлескен іс-шарада ата-аналар өз баласының
проблемасын ішкі жақтан көріп, қарым-қатынас жасау қиындығын, әртүрлі көзқарастарды
саралайды. Топта «Туған күн», «Менің сүйікті отбасым» мерекелері, спорттық ойын-
сауықтар, вернисаждар, «Біздің отбасы» бірлескен жобалар, ертегілер өткізіледі. Сондықтан
балабақшадағы мереке – бұл қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй, мейрам. Ал ата-аналар – ең қымбат,
ең жақын адамдар! Олар балаларының өздерін мақтан тұтатынын көреді, балалармен бірге
ойын ойнап, ән салып, би билейді.
Қорыта келе айтарым, өз тәжірибемнің барысында ата-аналармен жұмыс істеудің нақты
бір жүйесі қалыптасты. Ата-анамен жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану, нақты нәтиже
берді: «көрермен» және «бақылаушы» ата-анадан тәрбиешінің көмекшісі, іс-шараларға
белсене араласушы ата-аналар пайда болды.
Ата-аналар топтың өміріне қызығушылықпен қарап, балалар іс-әрекетінің нәтижесі мен
жемісін тамашалауды үйренді, өз баласын эмоционалды түрде қолдай білді.
Отбасы мен балабақша – екі тәрбие феномені, олардың әрқайсысы балаға өзінше
әлеуметтік тәжірибе береді. Алайда олар бір бірімен бірлесе отырып, кішкентай баланың
үлкен өмірге бет алуына тиімді жағдай жасайды. Мен үшін бұл тек ынтымақтастық пен
бірлестіктің арқасында жүзеге асты. Бірте-бірте ата-аналардың түсініспеушілігі, сенімсіздігі
артта қалды.
Ата-ана мен балабақшаның өзара іс-әрекеті бірден пайда болмайды. Бұл ұзақ процесс,
алға қойған мақсатқа жетуде шыдамдылықты қажет ететін тынымсыз еңбек. Мен осы
жетістігіммен тоқталмай, әрі қарай ата-аналармен ынтымақтастықтың жаңа жолдарын
іздестіруді жалғастырамын. Өйткені біздің мақсат бір – болашақ өмірді құрушыларды
тәрбиелеу. Біздің балалар ержеткенде өздерінің жақындарын жақсы көріп, сақтайды деген
сенімдеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Арнаутова Е. П. Основы сотрудничества педагога с семьей дошкольника. - М. , 1994
2. Доронова Т. Н. Дошкольное учреждение и семья - единое пространство детского развития.
- М. :ЛИНКА-ПРЕСС, 2001, - 240 с.
3. «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім», 2012ж.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
76
Аманбек Жадыра Оразғалиқызы, тәрбиеші,
«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру
және сол сұлулықты жасау қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етудің
мақсатты түрде бағытталған, жүйелі процесі. Эстетикалық тәрбие - өте кең ұғым. Оған
табиғатқа, еңбекке, қоғам өміріне, тұрмысқа, өнерге эстетикалық қатынасты тәрбиелеу кіреді.
Алайда, өнерді танып білудің көп қырлы және өзіндік ерекшелігі мол екені соншалық, ол
эстетикалық тәрбиенің жалпы жүйесінің ерекше бөлімі ретінде дараланады. Тәрбиеші баланы
сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық жауап беруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым,
эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жетелеп апаруға тиіс.
Эстетикалық даму - баланың эстетикалық нәр алуға мүмкіндік тудыратын сезім мүшелері
мен шығармашылық қабілетін ұштау, өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті түсінуіне, оны
қабылдауына педагогикалық жағынан ықпал ету арқылы баланың эстетикалық сезімін
дамыту. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті
көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең
жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты,
сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты оның
саналы тәртібі мен мінез - құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы
көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің міндеттері:
-Баланың эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту;
-Балалардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту;
-Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу;
Эстетикалық тәрбиенің құралдары: қоршаған дүние, табиғи орта, күнделікті тұрмыс
эстетикасы, табиғаттан, өмірден алған әсері, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық
туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен сауықтар. Мерекелер мектеп жасына дейінгі
балаларға қатты әсер етеді, олардың есінде ұзақ сақталады да, эстетикалық тәрбиенің маңызды
құралына айналады. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруда балабақшаның алатын орны
ерекше. Дегенменде отбасының рөлі де зор болмақ. Балабақша мен отбасының бірлескен
ықпалының бірлігі жағдайында ғана эстетикалық тәрбие міндеттерін толық көлемде жүзеге
асыруға болады.
Эстетикалық тәрбиенің әдістері: бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, өнер
туындыларын көру, қызықтыру, серуен, үлгі көрсету, іс-әрекетті ұйымдастыру, бейнелеу
өнеріндегі әрекеті үшін мадақтау және жетістіктерін бағалау. Балалардың эстетикалық
тәрбиесі тұрмыс эстетикасымен, еңбектегі, табиғаттағы, қоғамдық құбылыстардағы
әсемдікпен таныстыру жолымен және өнер құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Біз, мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін бейнелеу оқу іс
– әрекеті арқылы балаларға әдемі суреттер салғызу, суреттерді түрлі – түсті бояулармен бояу
арқылы балалардың көңіл – күйлерін көтеріп сұлулыққа, әдемілікке баулимыз. Балалар
сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем
өңдеу арқылы және т.б.жұмыстар арқылы балалардың бойында эстетикалық тәрбие
қалыптасады. Түрлі материалдардан қағаз, картон, пластилин т.б. әшекейлеулік тәсілдеріне
машықтанады, әр-түрлі бұйымдар жасату арқылы біз балалар бойында эстетикалық тәрбиені
қалыптастырамыз. Ал мүсіндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың
пішінін бейнелеу тәсіліне машықтанады, және сол мүсіндеген бұйымдарына қимыл-
қозғалыстарын келтіруге үйретеміз балаларды әдемі, дұрыс, ұқыпты, таза жұмыс істеуге
тәрбиелейміз. Мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін балабақшадағы
мерекелік, ойын - сауықтардың және музыканың алатын орны да ерекше. Мысалы:Біз
балаларды «Алтын күз», «Жаңа жыл» ертеңгіліктеріне қатыстыру арқылы бала бойында
әсемдікті, сұлулықты, шапшаңдықты дамытамыз. Балалар музыканы, әнді айту арқылы, бала