674
баланың тәрбиелік деңгейін сипаттайтын және қалыптасуында әр пән белгілі бір рөл
атқаратын құндылық қатынастарды меңгереді.
Екіншіден, бағдарламалық берілген білім мазмұнының халық дәстүрі мен мәдениетінің
озық үлгілері арқылы жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлануы білім беруді ізгіліктендіру
міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сондықтан білім берудің басты міндеттері:
Баланың өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа табиғи және әлеуметтік ортаға үйренуін
, онда жаңа әлеуметтік мәртебе – бала мәртебесінің қалыптасуы
Оқу, ойын, еңбек,қарым-қатынас т.б.сияқты әрекет түрлерін қажетті деңгейде
меңгеруін
Қоршаған ортамен, айналадағы дүниемен даратұлғалық қатынасы қалыптасып,
эстетикалық, этикалық, адамгершілік-патриоттық сезімдік нормаларды меңгеруін
Баланың білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір
деңгейдегі шығармашылық қабілеттерінің, логикалық ойлау қабілетінің болуын қамтамасыз
етуі тиіс
Осыдан қазіргі қоғам талабынан туындайтын мектепке дейінгі сатыдағы білім тәрбие
беру мақсаты мен міндеттерінің аса жауапты және күрделі екенін байқауға болады, бұл
мақсатты жүзеге асыруды, міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз ететін білім – тәрбие
мазмұнын анықтап құру үлгілі тәжірибемен орындалатын шаруа емес. Бұл үшін объективті
ұстанымдарға сүйенетін тәжірибе, идея, немесе теория қажет. Сондықтан осы мәселелер өз
қолымызда бар.
Қазіргі таңда білім берудің дамуы, өркениетті өмірде өзіндік орын алуы- оның қанат
жайып қажеттілігінің арттыруында. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары негізінде жасалған
бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес тәрбиелеу-оқыту қызметін жүзеге асырады.
Сондықтан, әр бағдарлама бөлімінің оқу нәтижесіне қойылатын талаптарда біліммен
қоса білік, дағдылар да міндетті түрде көрсетіліп беріледі.
Бағдарламаның мазмұны баланың жасына сай оқыту тәрбиелеу үрдесіне бағытталған бес
сала бойынша құрылған. Бағдарламалардың маңызды бір ерекшелігі – білім мазмұнының
баланың этикалық, адамгершілік,эстетикалық, экологиялық мәдениетін қалыптастырып
тәрбиелеуге бағытталып құрылуы. Ақиқаттың әралуан салаларынан өз халықының озық
өнерін, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, т.б. жинақтаған мәдениетінен, осы арқылы басқа
халықтар мәдениеті элементтерінен білім мазмұнын таңдап құруға негіз етіп алынатын
мәдениеттік ұстаным мектепке дейінгі саты баланың жеке тұлғасын рухани және
эмоционалдық жағынан тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.
Мамұнның негізіне алынған оқыту– тәрбиелеу және оның ұстанымдарына баланың
меңгеруі тиіс, білімнің мынадай үш компонентті құрамы:
Дүниенің біртұтас бейнесі туралы білім
Балада қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (оқу,еңбек, ойын,қарым-қатынас т.б.) туралы
білім
Дүниені танып білудің ғылыми, логикалық әдіс-тәсілдері (бақылау,тәжірибе,талдау,
т.б.) туралы білім
Ал, мұның өзі білім мазмұнының құралымында:
Баланың коммуникативті мәдениетін қалыптастыруда ең басты рөл атқаратын тіл (ана
тілі, басқа тіл).
ақыл– ой мәдениетін тәрбиелеуде ерекше орны бар математика, еңбек бөлімі
эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз ететін музыка, бейнелеу өнері
баланың дене бітімін қамтамасыз ететін дене тәрбиесі
Бұл бөлімдер оқыту үрдісін ұйымдастыруда дидактиканың ерекше көңіл аударатын
мәселесінің бірі – апталық оқу жүктемесі. Себебі, бұл ең алдымен, баланың денсаулығына,
675
бүкіл оқу-тәрбиенің нәтижесіне, баланың жалпы дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың
бірі.
Тіл мен математика-ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік
жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жүзеге
асыратын табиғи (ана тілі) және жасанды (математика) тілдер туралы баланың қажетті білім
алуына, ауызекі сөйлеуін дамыту, ойын сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниені
көркем сөз немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға кеңіненжол ашатын
танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол жетекші бөлімдер ретінде
қарастырылады.
Оқу тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыратын мысалы: еңбекке баулудағы
еңбек құралдары мен жұмыс, бұйымдар дайындау тәсілдерін игеру немесе дене тәрбиесіндегі
көптеген жаттығуларды орындау практикалық жолдармен жүзеге асады. Сондықтан, әр
бағдарламасындағы бөлімдері оқу нәтижесіне қойылатын талаптарда біліммен қоса білік,
дағдылар да міндетті түрде көрсетіліп беріледі.
Екіншіден, баланы дамыта отырып – оқыту. Бұл балабақшада тәрбиеші өзінің баламен
қарым-қатынасын оқу әрекетін құрып, оны балаға қалыптастыра отырып жүзеге асырады.
Оқу әрекеті-мектепке дейінгі саты кезеңіндегі ең жетекші әрекет. Оның жүзеге
асырылуы үрдісінде бала педагогтың басшылығымен өнер,көркем бейнелер, адамгершілік
құндылық, құқық сияқты қоғамдық сананың дамыған түрлерінің мазмұнын және осыған
сәйкес талаптар тұрғысынан әрекет ету біліктерін меңгереді.
Дегенмен, бағдарламалар деңгейінде оқытудың нәтижелілігі:
педагогтың қаншалықты іске асыра алу шеберлігі
бағдарламаның мазмұнын толық ашып бере алатын оқу әдістемелік комплексінің
шығарылуы
педагогтің өздігінен ізденуі
Жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігіне байланысты.
Ізбасар буыны өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәріне сусындаса ғана
мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел болады.
Қазіргі заманның білім беру стратегиясы ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеу мен дамытудың варияциялық үлгілерін дамытудан тұрады.
Мемлекет Басшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
басшылығымен білім саласы үлкен табыстарға қол жеткізіп, «Балапан» бағдарламасы да
өмірге келді. «Балапан» бағдарламасы- мемлекет басшысының еліміздің ең кішкентай
азаматтарына жасаған айрықша қамқорлығы. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- балаларды
мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту болып саналады.
«ҚР білімді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»
негізгі мақсаттар айқындалған, оларға қол жеткізу үшін мақсаты білім беру менеджментін,
білім беруді басқару жүйесін жетілдіру болып табылатын кең көлемді міндеттер жиынтығын
орындау қажет.
Қазіргі заманның дамуымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарға ондағы тәрбие және білім
беру үдерісін қалыптастыруға, негізгі оқу бағдарламаларын таңдауға және оның мазмұнына ,
оларды іске асырудың нәтижелеріне, педагог кадрларды іріктеуге, оқытуға, сондай-ақ
әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуы мен бағытына қойылатын жаңа талаптар да пайда
болады. Сондықтан заман талабына сай жетілген жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу мен
білім беру қызметі инновациялық бағытта жүзеге асырылуы тиіс кез келген педагогикалық
ұжым мен педагог инновациялық қызметті ұйымдастыруға құқылы. Алайда жаңашылдықты
дайындау және ұйымдастыру барысында, олар өздерінің алдына нақты міндеттер қоюлары
тиіс.
Инновациялық бағыттағы жаңа әдістерді іздестіру және оларды іс-тәжірибеге енгізу
мектепке дейінгі ұйым жұмысының тиімділігі мен оң нәтижесін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйымда көптеген жаңа технология түрлері арқылы балалармен жеке
және топтық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуі тиым. Инновациялық технологиялар баланың