Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет22/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   363

45 

 

Акжарова Гүлдана Назымбекқызы 



Жумабаева Бақытгүл Карибаевна 

«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК тәрбиешілері 

 

 

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, 



рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат 

алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің 

күшімен  салыстыруға  болмайды.  Балаға  ата  -  ана  тәрбиесінің  орнын  ешнәрсе  алмастыра 

алмайды.  Отбасы  -  өмірге  сәби  әкеліп,  оны  тәрбиелеп,  қалыптастыруда  және  ұрпақ 

жалғастыруда теңдесі жоқ орын.  

«Қанша жерден біздің балабақшамыз керемет болғанымен сәбидің ойын дамытып, ақыл 

беретін басты тұлға ата-ана.  Яғни, олардың орнын ешкім ауыстыра да,  алмастырада алмайды» 

- деп атқан орыстың ұлы ойшылы  В.А.Сухомлинский. 

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез-келген мектепке дейінгі ұйым үшін 

отбасымен  жұмысты  тиісті  дәрежеде  ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Себебі,  отбасы 

баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс мүмкін педагогтардың 

жүргізетін жұмыстарының ең қызықты  бір бағыты шығар. Бір  жағынан, бұл  жұмыс аса бір 

шеберлікті,  құпиялықты,  мәдениетті,  білімді,  тәжірибені  қажет  ететін  жұмыстардың  бірі. 

Өйткені,  отбасымен  жұмыс  жүргізген  кезде  түрлі  адамдармен,  түрлі  түсініктермен,  түрлі 

мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығынан 

педагогтық абыройына кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен білім беру 

мекемесінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды  әдістемелік  жағынан  орынды 

ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Отбасымен  жүргізілетін  жұмысты  әдістемелік  дұрыс 

ұйымдастыру  дегеніміз  не  ?  Бұл  -  мекеме  ішінде  отбасымен  жүргізілетін  жұмыстарды 

педагогикалық  қағидаларға  сәйкес,  баланы  жан-жақты  дамытуға  негізделген,  бала  құқығын 

сақтауға  және  қорғауға  бағдарланған  түрде  ұйымдастыру.  Отбасымен  жүргізілетін 

жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі түрде ұйымдастыру жүргізілген 

жұмыстың нәтижесіне әсер етеді.  

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру 

- қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі. 

Баланы  тәрбиелеу,  ұлтжанды  патриот  ретінде  дамыту  мен  білім  беру  мәселелерінде 

отбасы мен балабақша ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк 

жеңіл»  дегендей,  бала  тәрбиелеуде  іске  асырушылар  –  балабақша  мен  отбасы.  Отбасылық 

тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің 

жаңа қарым-қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала 

тәрбиесінің мақсат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал 

етеміз.  Ата-аналардың  өз  балаларының  балабақшадағы  өмірін,  қалай  өсіп  жетілетіндігі 

интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен 

балабақша  атқаратын  істер  әрқилы  болады  да,  бірінің  жұмысын  екіншісі  атқара  алмайды, 

сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің 

бағытында құрылуы тиіс.  

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның 

барлық  азаматтарының  отаншылдық  сезімімен  өз  еліне  деген  сүйіспеншіліктерін  дамытуға 

тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала 

отырып, балабақшада ата-аналардың катысуымен әр түрлі жұмыстар жүргізу. 

Еліміздің  болашағы-жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  бірінші  бесік-отбасынан  басталады. 

Отбасындағы тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Отасындағы  тәрбие бала 

табиғатына ерекше  әсер етіп, оған өмір  бойы өшпестей із қалдырады. Отбасында берілетін 

тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін 

қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, 

тәрбиелі болып өсуіне отбасы ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.  




46 

 

Халқымызда  «баланы  жастан»  деген  дана  сөз  бар.  Тәрбиенің  бесіктен  басталатынын 



ескерсек,  ата  –  бабадан  келе  жатқан  дәстүрлерді  ең  алдымен  ата-ана  өзі  түсініп,  балаларға 

оның нәрін сіңіре білсе, болашақ патриот тәрбиелесе бұл ата-ананың еңбегінің жанғаны, еліне 

қосқан  үлкен  үлесі.  Ата-ана  -  отбасының  негізгі  діңгегі,  бастапқы  дәнекері.  Дәстүрлі  қазақ 

отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы 

білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: 

* Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту; 

* Ата — аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу; 

Ал міндеттері: 

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді. 

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа 

деген сенімін нығайтады. 

Қазіргі  уақытта  жұртшылықтың  балаларды  тәрбиелеуге  қатысы  кеңейе  түсіп,  тәрбие 

жұмысы  еңбек  ұжымының  күнделікті  ісіне  айналуда  тәрбиешілердің  практикасында  ата  - 

аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті 

түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. 

Отбасы  тәрбиесіндегі  кездесетін  сәтсіздіктер  ата  -  аналардың  пеадгогикалық 

сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан 

болады.  Балаларды  тәрбиелеудің  дұрыс  жолын  табу  үшін  ата  -  аналарға  көмектесу 

тәрбиешілердің міндеті . 

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін біз 

ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің 

бала  тәрбиелеудегі  ролін  анықтау  үшін,  ата  -  аналардың  ұсыныс  -  пікірлерін,  ойын  бөлісу 

мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы 

жүргізілетін  жұмыс  түрлерін  ата  -  аналармен  бірлесе  отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата  - 

аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды 

өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата 

- аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ - жауап кештері, тәрбие 

жұмысын  алмасу  жөніндегі  конференциялар,  ата  -  аналарды  педагогикалық  әдебиеттермен 

таныстыру әдіс - тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт 

бар.  Ең  алдымен  әуелі  ниет  керек,  одан  соң  күш  керек,  одан  соң  тәртіп  керек  »  .  өмірлік 

тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады. 

Отбасы  мен  балабақша  арасындағы  байланысты  күшейтіп,  бағытты  жұмыс  жүргізу, 

ұйымдастырылатын  мерекелік  іс  -  шараларға,  ата  -  аналар  және  топ  жиналыстарына  ата  - 

аналарды тартудың қажеттілігі: 

* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады; 

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады

* Ұнайды; 

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады; 

* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі

*  Ата  –  аналар  және  басқа  да  ересектер  мектепке  оқыту  философиясымен  және  оқу 

жоспарларымен танысады; 

* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар 

екендігін сезінеді, 

Тәрбиешілер  ата  -  аналарға  ақыл  -  кеңес  беріп,  ұсынылатын  тыңдау  барысында 

төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек; 

• Бір – біріне көңіл бөлу 

• Тыңдау 

• Сыйлау 

• Көзбе – көз қарау 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау