Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет178/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   363

364 

 

Жоғарыда  аталған  жұмыстардың  барлығы  бүгінгі  күні  біздің  мекемемізде  кеңінен 



қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен 

жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет  етеді.  Себебі, бүгінгі  күннің ата-аналары 

жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар 

үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар 

үшін  аталған  шарттармен  қатар  баланың  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбиемен  қамтамасыз 

етілуі  де  аса  маңызды.  Сондықтан  ата-аналар  қауымын  мекеме  жұмысымен  таныстырудың 

бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып 

табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу 

керек. 

Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, екінші жағынан, -қоғамдық құбылыс. 



Адам  туралы  айтқанда,  психология  және  философия  ғылымдары  "жеке  тұлға"  ұғымымен 

түсіндіреді. Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағында қолданылады. Жеке тұлға — бұл сол 

адам, бірақ тек қана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.  

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:  



Біріншіден,  жеке  тұлғаның  қасиеттерінің  тұрақтылығы.  Жеке  тұлғаның  психикалық 

көріністерінің  өзгермелілігіне  қарамастан,  оның  психикалық  келбетінің  салыстырмалы 

тұрақтылығы анық байқалады. 

Екіншіден,  бұл-жеке  тұлғаның  бірлігі,  жеке  тұлғаның  психикалық  үрдістерінің, 

психикалық  қалыптың  және  психикалық  қасиеттердің  тығыз  байланысы  мен  өзара 

тәуелділігі.  Жеке  тұлға  біртұтас  бірлікті  білдіреді,  әрбір  қасиет  басқалармен  тығыз 

байланысты.  Мәселен,  табандылық  мақсатқа  жету  ептілігі  ретінде  қиындықтар  мен 

кедергілерді  жеңе  отырып,  жоғары  моралдік  сезімдермен,  дамыған  ұжымдық  сезімдермен 

бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға "жеке бөліктерге" 

бөлініп  қалыптаспайды,  тәрбиеленбейді,  әр  уақытта  да  жеке  тұлға  тұтас,  бірлікте 

қалыптасады, тәрбиеленеді. 



Үшіншіден,  бұл  -  жеке  тұлғаның  белсенділігі,  қоршаған  дүниені  өзгертуге, 

түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді. 

Кішкентай адам әр түрлі іс-әрекет түрлерін белсенді игереді. Мектепке дейінгі кезеңде 

өзіндік  санасы  дамиды,  көзқарасы  қалыптасады.  Дәл  осы  кезде  баланың  жеке  тұлғасының 

дамуына отбасы және «бала – ата-ана» қарым-қатынасы маңызды рөл атқарады

Халқымызда  «Әкеге  қарап  ұл  өсер,  шешеге  қарап  қыз  өсер»  деген  нақыл  сөз  тегін 

айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына  үлгі көрсетеді. 

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», – деп үлкендер біліп айтқан.  

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да  басты негізі. Адамның жеке 

басының алғашқы даму кезеңі отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы 

адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады.  

«Жас  шыбықты  қалай  исең,  солай  өседі»  демекші,  әрбір  ата-ана  мен  баласының 

өзара  сенімге, қамқорлыққа, мейірімге негізделген қарым-қатынасы жеке тұлғаны дамытудың 

негізгі  өзегі  болмақ,  ал  ата-ана  тәрбиесі  бала  өмірінде  үлкен  із  қалдырады.  Өз  баласының 

бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, табиғат сыйлаған дарынын дамыту, дұрыс білім 

алуына  жағдай  жасау,  жеке  тұлға  етіп  жетілдіру  –  ата-ананың  басты  парызы.Баланың 

дамуының  қандай  қырын  алмайық  қай  жас  кезеңінде  болмасын  оның  тиімді  болуында 

отбасының рөлі ерекше. Рухы  айнадай  таза, көргенін сол сәтте қаз-қалпында түсіріп алатын 

фотоаппарат  секілді балалардың алғашқы  мектебі-отбасы,алғашқы тәрбиешісі-анасы. 

Қоғамдағы  жеке  тұлғаны  дамытуда  қазіргі  отбасының  басты    міндеттері:  баланы 

үйлесімді  дамыту,  бала  денсаулығына  қамқорлық  жасау,  оқуына  көмек  көрсету,  еңбек 

тәрбиесін  жүзеге  асыру  және  мамандық  таңдауға  тұлғаның  әлеуметтенуіне  көмектесу 

көмектесу, интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі 

мен шығармашылығын дамыту. 

Сонымен  қатар  отбасы  тәрбиесінің  мәңгілік  басты  құрауыштары  бар.  Олар:  отбасы 

тәрбиесінің  ахуалы  (дәстүрі,  қатынасы,  жайлылығы)  отбасы  өмірінің  күн  тәртібі  әрекеттер 




365 

 

мазмұны 



(әкенің, 

шешенің, 

әженің, 

атаның, 


балалардың). 

         Осы тұста педагог әдіскер ретінде бала тәрбиесі  қазіргі кезде біржақты  болып бара ма 

деген  қорқынышымыз  да  жоқ  емес.  Көбіне  ата-ана  баласының  дамуындағы  немесе  қарым-

қатынасындағы,  мінез-құлық  ерекшелігінде  пайда  болған  жағымсыз  қасиеттерін, 

тәрбиесіндегі  кемшіліктерді  қоғамның  әсері  деп  жататыны  жасырын  емес.  Мысалы,  бала 

бақшадағы балалар, ақпараттық құралдар, т.б. сол сияқты немесе баламен қарым-қатынастағы 

олқылықтарын  мойындамайды,  мән  бермейді.Өмірдің  күйбең  тірлігімен  баламен  қарым-

қатынаста ойлана бермейтін іс-әрекеттерді жасап жатамыз . 

Кейде    балалар  өз  ата-аналарының  көңіл-күйлері,  эмоциялары  мен  физикалық 

жағдайларына  тәуелді  болады.Бұл  олардың  психикалық  денсаулықтарына,  өсіп  жетілу 

кезеңіндегі өзін-өзі ұстауына жағымсыз ықпалдарын тигізетіндігін кей ата аналар біле тұра 

мән бермейді. 

Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық 

іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы 

балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, 

отбасына  мектеп  тарапынан  білікті  көмек  қажет.  Педагогтар  мен  ата-аналардың  өзара 

әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. 

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С.Қалиев, М.Смайылова, 

М.Оразаев,  Е.Ұзақбаева,  К.Қожахметова  Р.М.Қоянбаев,  Ж.Б.  Қоянбаевтардың  еңбектерінде 

жан-жакты сөз болған. Ж.Б.Қоянбаев "Семья және балалар мен жеткіншіктер тәрбиесі" атты 

еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі 

қарай жалғастыруын қажеттік-шаруашылық функциясын, отбасының тәрбиелік функциясын, 

отбасы  мүшелерінің  өзара  және  туған-туысқандармен  қарым-қатынас  жасау  функциясын 

есептейді.  

Білім  ошақтарында  басқа пәндерге мән берілгендей, тәрбие мен ұлттық мәдениетке де  баса  

назар аударылуы керек. Сонда   ғана Отанды жәннәтқа айналдыратын рухы   биік,байсалды 

ұрпақтар өсіп жетіле  алады.  

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. А.С.Макаренко. Тәрбиетуралылекциялары. - Алматы, 1968. 

2. В.А. Сухомлинский. Балағажүрекжылуы. - Алматы, 1976. 

3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970. 

4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968. 

5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зияндыәдебиеттержәнеоданалдын ала 

сақтандырутуралы". - Алматы: Мектеп, 1988. 

6. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988. 

7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988. 

8.  Фридман Е.М. Изучение личности учащегося и учени-ческих коллективов. -М.: 

Просвещение, 1985. 

9.  Т.Сабыров. Балаларғаақыл-ой тәрбиесінберудіңкейбірмәселелері. - Алматы, 1977. 

10.  Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979. 

11.  Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. - М.: Московский рабочий, 1988. 

12. А.Г. Хрипкова.Үлесейсе, қызөссе. - Алматы, 1988. 

13.  Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании 

человека. Библиотека "Актуальные проблемы педагогики и психологии". - М.: Знание, 1970. 

Вып.2. 


14. Харламов  

И.П. Педагогика. - М.,1990. 

15. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991. 

16. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998. 

17. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999. 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау