ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зақым келтіру қаупін, диск жетегіне зақым келтіруді немесе ақпараттың
жоғалуын азайту үшін, осы сақтық шараларын сақтаңыз:
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Диск жетегін ұстамас бұрын диск жетегінің боялмаған метал бетін ұстау арқылы статикалық
электр тогын босатыңыз.
Алынатын диск жетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерді ұстамаңыз.
Диск жетегін абайлап ұстаңыз, диск жетегін түсірмеңіз немесе оған басқа заттарды қоймаңыз.
Диск жетегін шығарып алмастан немесе салмастан бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютердің
өшірілген күйде, ұйқы күйінде немесе күту күйінде екені туралы сенімді болмасаңыз, компьютерді
қосып, оны амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
Диск жетегін диск жетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
Сыртқы оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, ақпаратты теру үшін пернетақтаны
пайдаланбаңыз немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу үрдісі тербеліске сезімтал.
Батарея жалғыз қуат көзі болғанда, батареяның медиа файлын жазбас бұрын жеткілікті
зарядталғанын тексеріңіз.
Диск жетегін температура жоғары немесе ылғал жерде сақтамаңыз.
Диск жетегін сұйықтық бар жерде сақтамаңыз. Диск жетегіне тазарту заттарын шашпаңыз.
Диск жетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен қыдырғанда
немесе диск жетегін сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз.
Диск жетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына немесе
басқа сəйкес қорғаныс бумасына салыңыз жəне бумаға "FRAGILE" (Сынғыш) белгісін
жапсырыңыз.
Диск жетегін магниттік өрістерге жақын жерде сақтамаңыз. Магниттік өрістері бар қауіпсіздік
құрылғылары əуежайда металды заттарды анықтауға арналған құрылғыларды қамтиды. Белдікті
конвейерлер сияқты жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы қауіпсіздік
құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да, диск жетегіне зиян
келтірмейді.
Сыртқы диск жетектерін пайдалану
Алынбалы сыртқы диск жетектері мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған параметрлер
тізімін ұлғайтады.
USB диск жетектерінің үш түрі бар:
●
1.44-Мбайт дискет жетегі
●
Қатты диск модулі (адаптер тіркелген қатты диск)
●
DVD диск жетегі
●
DVD/CD-RW аралас диск жетегі
64
Бап 9 Диск жетектері
●
DVD+RW/R жəне CD-RW аралас диск жетегі
●
DVD+RW/R жəне CD-RW аралас диск жетегі
Қосымша сыртқы диск жетектерін пайдалану
ЕСКЕРІМ:
Қажетті бағдарламалық құрал жəне драйверлер туралы қосымша ақпарат алу
немесе пайдалану қажет компьютер порты туралы білу үшін, өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны қосу үшін
ЕСКЕРТУ:
Токқа қосылған дискіні жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін,
құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз.
1.
Құрылғыны жалғаңыз.
2.
Токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған айнымалы ток
ұясына жалғаңыз.
3.
Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны
ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріңіз де, оны
ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын ажыратыңыз.
Оптикалық диск жетектерін ортақ пайдалану
Компьютерде орнатылған оптикалық диск жетегі болса да, бағдарламалық құралдарды ашу,
қолданбаларды орнату жəне деректерге оңай кіру үшін оптикалық диск жетегі орнатылған,
сондай-ақ сымды немесе сымсыз желіге қосылған басқа компьютердегі оптикалық диск жетегін
ортақ пайдалануға болады. Windows амалдық жүйесінің дискіні ортақ пайдалану мүмкіндігі
арқылы бірдей желідегі басқа компьютерлерге бір компьютерден кіруге болады.
ЕСКЕРІМ:
Үйдегі желі теңшеу жəне диск жетегін ортақ пайдалану туралы ақпаратты анықтама
жəне қолдау орталығынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ:
Фильмдер немесе ойындар жазылған DVD дискілері сияқты кейбір дискілер көшірме
жасаудан қорғалған жəне оларды DVD немесе ықшам дискіні ортақ пайдалану мүмкіндігі арқылы
пайдалану мүмкін емес.
Оптикалық диск жетектерін ортақ пайдалану
65
10 Жад модульдері
Компьютерде оның астыңғы жағында орналасқан бір жад модулінің бөлімі болады. Компьютердің
жад сыйымдылығын жад модулінің ұясында бар жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға
болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ток ұру немесе жабдықтық зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы бойыңызда
тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін:
1.
Жұмысыңызды сақтаңыз.
2.
Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат
қосқышын басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы
өшіріңіз.
3.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
5.
Компьютерді қатты жерде төңкеріңіз.
6.
Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
7.
Кіші Phillips бұрауышын пайдалану арқылы қақпақтағы 2 бұранданы (1) бұрап босатыңыз.
66
Бап 10 Жад модульдері