Циклдерді бағдарламалау while,for,do… while



жүктеу 88,87 Kb.
бет1/3
Дата08.05.2020
өлшемі88,87 Kb.
#30206
  1   2   3
цикл


Циклдерді бағдарламалау while,for,do… while

Цикл операторлары бірнеше рет қайталанып орындалатын есептеулерді ұйымдастыру үшiн қолданылады. Кез келген цикл оның тұлғасынан, яғни бірнеше рет қайталанатын оператор тізбегінен, бастапқы берілген мəндерді тағайындаудан, цикл параметрiнің өзгеруінен жəне цикл қайталануын жалғастыру шартын тексеруден тұрады (1.8-сурет).


Циклдің бiр рет орындалуы итерация (қадам) деп аталады. Шарттың тексерілуi əрбiр итерация сайын кейде цикл тұлғасына дейін (алғы шартты цикл), кейде цикл тұлғасынан кейiн (соңғы шартты цикл) атқарылады. Олардың арасындағы айырмашылық: соңғы шартты цикл кем дегенде бір рет орында-лады да, содан кейiн барып оны қайталап орындау қажеттілігі тексеріледi. Ал алғы шартты циклде оны қайталау шартын тексеру цикл тұлғасына дейiн жүргізілетіндіктен, оның бір рет те орындалмауы мүмкiн.




1.8-сурет. Цикл операторларының құрылымдық сызбасы: а – шарты алдын ала тексерілетін цикл; ə – шарты соңынан тексерілетін цикл
Цикл тұлғасында өзгертілетiн жəне оны қайталау шартын тексеруде қолданылатын айнымалылар цикл параметрлерi деп аталады. Əрбiр итерация сайын тұрақты қадаммен өзгертілетiн бүтiн сан типіндегі цикл параметрлері цикл санауыштары болып табылады.
Бастапқы берілгендер программаға айқын түрде қатыспауы да мүмкiн, олардың атқаратын қызметі – циклге кіруден бұрын онда қолданылатын айнымалыларға мəн беру болып саналады.
Егер циклдi жалғастыру шарты орындалмаса, ол бірден аяқталады. Орын-далып жатқан ағымдағы итерацияны да, циклдің өзін толығымен де мəжбүрлі түрде аяқтауға болады. Ол үшiн break, continue, return жəне goto опе-раторлары қолданылады («Басқаруды беру операторлары» бөлiмiн қара, 46 б.). Цикл сыртынан оның ішіне кіру мүмкіндігін пайдалану ұсынылмайды.
C++ тілінде программа құру ыңғайлы болуы үшін, онда үш түрлі цикл опе-раторлары – while, do while жəне for қолданылады.

жүктеу 88,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау