170
Жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы білім беру
ұйымдарындағы даму ӛзгерістері жүзеге асырылады.
Жобалау технологиясын нақты мәселелерді шешуде
жүзеге
асыру
арқылы
педагогтардың
ізденістік-
шығармашылық белсенділігін арттыруда, білім беру
ұйымының пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар кӛзін
анықтауда маңыздылығын анықтауға болады. Сондай-ақ,
ұйымдастырушылық жұмыстар барысында басқарудың
қалыптасып қалған иерархиялық моделі ӛзгертіліп, жаңа
бӛлімшелер құрылады, тиімсіздігі анықталып отырған
қызметтік, құрылымдық салаларды қайта құру, ішкі
ӛзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі.
Осылайша, педагогикалық жобалауға дайындық
барысында:
1)
Жағдайды
талдау:
түрліше
диагностикалау
арқылы мәселенің пайда болуы мен сипаттамасы
жасалады;
2)
Мәселені шешудің түрлі жолдары қажетті
ресурстар және жүзеге асыру мүмкіндіктерін
бағалау тұрғысынан қаралады;
3)
Мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолдар жоба
ретінде таңдалады;
4)
Жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері
мен
оны
жүзеге
асырудың
материалдық-
техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік
шарттары мен ресурстары анықталады.
Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды
қарастыру аясы шектелуі керек, ол үшін мәселеге қатысы
бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық
тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде
екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу
себептерін анықтау қажет.
Талдау
пәнінде
қарастырылатын
педагогикалық
жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі,
байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты
сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы
жобалау алды зерттеу кезеңін
құрайды.
Бұнда
бастапқы кезең
талаптарына сай жобалау
жұмысы кіші жүйе құрылымының ӛкілдерінен құрылған
172
нәтижелерін айқындау нәтижесінде жобалау болжамы
белгіленді.
Болжам бойынша, егер, педагогикалық ұжымды
инновациялық дамыту жұмыстарының мазмұны, әдістері
мен түрлері оның әрбір кезеңінің мақсатына сай
педагогтардың жаңалықтарға кӛзқарасын дамыту, оларды
қабылдай алуы мен жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру;
ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі мен
педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру; ӛзара
қарым қатынастарын дамыту педагогикалық-психологиялық,
ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етілсе,
онда педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін
дамыту тиімді жүзеге асырылады.
Осы
болжамға
сай,
ұжымның
инновациялық
ӛзгерістерге даярлық кӛрсеткіштері тӛмендегі сапалардан
тұрады деп белгіленді:
1)
Педагогтардың жаңалықтарға кӛзқарасы, оларды
қабылдай алуы;
2)
Жаңалықтарды
меңгеруге
және
қолдануға
даярлығы;
3)
Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;
4)
Педагогтардың шығармашылық
белсенділігі;
5)
Ӛзара қарым қатынастарының деңгейі.
Оны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңдері анықталып,
күтілетін нәтижелері тӛмендегідей белгіленді:
Дайындау
кезеңінде
–педагогикалық
ұжымның
инновациялық ӛзгерістерге
мотивациялық даярлығы;
Ұйымдастыру кезеңінде
– теориялық даярлығы;
Жүзеге асыру кезеңінде
– тәжірибелік даярлығы;
Бақылау бағалау кезеңінде
– күтілетін деңгей мен
қалыптасқан
деңгейлердің
сәйкестігін
анықтау,
сәйкестендіру.
Одан соң, шығармашылық топ әрбір кіші жүйе
құрылымында
талқыланған
педагогикалық
ұжымды
инновациялық
дамыту
жобасын
ұйымдастыру
бағдарламасын педагогикалық кеңеске ұсынып, бекітілген
соң жүзеге асыру жұмысы басталды.
Жобалауды жүзеге асыру оны кезеңдерге бӛліп, және
әр кезеңнің нәтижесін белгілеуді, соған сәйкес бақылап,
173
бағалап отыруды қажет етеді. Осыған орай, барлық
кезеңдерде дәстүрлі басқаруға тән емес ӛзгеше жұмыс
түрлері пайдаланылады.
Жобалау арқылы
педагогикалық ұжымның
инновациялық мүмкіндіктерін
дамыту үшін, ұйым ішінде
оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды.
Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін
арнайы
семинарлар
мен
практикалық
жұмыстың
тәжірибелік алаңдары ретінде
ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: