C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет42/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

біріншіден,
  қатаң  орындаушылыққа  негізделген, 
құрылымы  ӛзгертуге  келмейтін  сипаттағы  механизм  деп 
есептейді
.  Екіншіден
,  бұл  сипаттары  оның      қоғамдағы 
ӛзгерістер  болмайтын,  ішкі  және  сыртқы  тұрақты  


 
93 
жағдайларда басқаруға қолайлылығын кӛрсетеді. 
Үшіншіден,
   
оның  ең  басты  кемшілігі  адамның  ұйымда    ӛзін  ұстауының 
психологиялық 
механизмдерін, 
ерекшеліктерін 
терең 
ескермейтін,  оны  қалыптастыратын  түрлі  қалыптан  тыс 
факторларды елемейтін  сипаттары. 
Аталған 
классикалық 
кӛзқарасқа 
қарама-қарсы, 
ұйымдағы 
қарым-қатынастарға 
негіз 
болатын 
адам 
факторларын  қолдайтын  мүлдем  жаңа  кӛзқарас  дами 
бастады, оның ең алғашқысы 1924 жылы Чикаго маңындағы 
Хоторн ӛнеркәсібіне  қатысты Элтон Мэйо жасаған адамдық 
қатынастар теориясы болатын. Ол классикалық теорияны да, 
оның ықпалынан қалыптасқан адамның әлеуметтік жағдайын 
қарастырмайтын  кӛзқарастарды  да  қатаң  сынға  алып,  
қызметтік  құрылымына  ӛздерінің  адамдық  қатынастар 
теориясын    ұсынды.  Оны  қолдаушылардың  айтуынша,  
құрылымы айқын білінбегенімен, адамдар кӛзқарасы топтық 
құндылықтық  қатынастар  қалыптасуына  ықпал  етеді, 
сондықтан,      басқарушылар  ұйымдағы  адамдардың  түрлі 
мотивтерін  дамытуға,  материалдық  жағдайлар  туғызуға,  т.б. 
ынталандыруға назар аударуы тиіс. 
Бұл 
зерттеулер 
жаңа 
қарым-қатынас 
түрлерін, 
адамдарды  ұйым  жағдайында  мақсаттық  тренингтер  мен 
семинарлар  арқылы  мотивациялау,  басқару  стилінде 
қалыптасқан  қатынастарды  ӛзгерту,т.б.  жаңа  бағыт  болып 
басқару теориясына қосылды.     
Сонымен  қатар,  аталған  кӛзқарас  адам  факторларын 
дамытуда  маңызды  болғанымен,  классикалық  құрылымның 
негізіне  алынған  кӛп  мәселелерді  назарынан  тыс  қалдырды. 
Бұл  теориялардың  әуел  бастан  кемшіліктері,-делінген  М. 
Мескон,  М.  Альберт,  Ф.  Хедоури    зерттеулерінде,  олар:  бір 
ғана  басты  элементін  негізге  ала  отырып,  басқару 
тиімділігінің бұдан басқа да кӛптеген факторлардан тұратын  
нәтижеге  бағытталатынын  қарастырмайды  дейді.  Аталған 
рационалдық  және  адам  қатынастары  туралы  теориялардың 
мықты 
жақтарын 
зерделеу-басқарудың 
жүйелілік, 
ситуациялық 
және 
ұйымдастырушылық 
сипаттарын 
қамтитын синтездік түрін қарастыруға әкеледі. 
Ӛткен  ғасырдың  аяғында  жобалау  негізінде  басқару 
тұжырымдамасы  пайда  болды.  Ұйымдардың  нәтижелі 


 
94 
қызметін 
арттыру 
мақсатында 
менеджерлер 
жүйелі 
диагностика, 
жоспарлау, 
орындау 
мен 
ӛзгерістерді 
қолдаудың  әдістері  мен  процедураларын  басқарудың 
эволюциясы 
негізінде 
жасады. 
Жобалау 
негізінде 
басқарудың  мәні  ондағы  адам  әлеуетін  тиімді  пайдалануға 
жағдай  туғызу,  тұлғалық  және  тұлғааралық  қатынастарды 
дамыту,  олардың  құндылықтық  бағдарларына  ықпал  ету 
арқылы ұйымдардың нәтижелі қызмет етуіне мүмкіндік беру. 
В. С. Лазарев қазіргі педагогикалық ұйымдарды басқару 
түрлерін оның сипаттарына қарай бірнеше түрге бӛледі: 
субъектілігіне  қарай
  -  әкімшілік  басқару  (басқаруға, 
шешім  қабылдауға  әкімшіліктің  ғана  қатысуы)  және 
партисипативтік-қатысушылық  (субектілердің  басқаруға 
қатысуы) деп бӛледі; 
мазмұнына қарай
- үдеріске  бағытталған және нәтижеге 
бағытталған; 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау