«Бородулиха ауданының білім бөлімі» мм «Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



жүктеу 0,57 Mb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі0,57 Mb.
#21113
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

«Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ

«Коростели орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

БАЯНДАМА



Тақырыбы: «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудағы төрт тілдік дағдыны игерту жолдары»


/жаңартылған білім беру аясында/


Баяндамашы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

І санатты мұғалімі

Светлана Биймурзиновна Сулейменова

Коростели ауылы

2016 ж.

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудағы төрт тілдік дағдыны игерту жолдары
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.

Қазақстандықтар үшін орны ерекше құжат болып табылатын «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған қадамдар қарастырылған. Соның ішінде 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында білім беру стандарттарын жаңарту, жоғары мектептер мен жоғары оқу орындарында көп тілділік білім берудің жаңа моделін енгізу және тағы басқа мәселелер көтерілді.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Білім беру бағдарламасына өзгерістер не үшін қажет?

-Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары;

-Рухани құндылықтар мен дағдылар;

-Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасын жаңартудың мақсаты;

-Спиральді оқу бағдарламасы;

-Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері;

-Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі;

-Қазақ тіліндегі тілдік дағдылар;

-Критериалды бағалау қағидаттары тақырыбында әріптестермен бірлескен білім ортасында жаңа бағдарламаны талдап, талқылап, тәжірибемен бөлісу кәсіби тұрғыда шыңдала түсуіме көп ықпалын тигізді.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту аясында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар көпұлтты қоғамдағы әртүрлі жағдайларда табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністікте өздерінің коммуникативтік қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері мен тілдік дағдыларын жетілдіре алады.

Оқу мақсаттары әрбір бөлімше бойынша ілгерілеуді білдіріп, мұғалімдердің жоспарлауына және бағалауына, оқушылармен олардың алдағы қадамдары туралы ойларымен бөлісуіне мүмкіндік береді.
Тыңдалым ауызша хабарламаларды, сөздер мен мәтіндердің мағынасын түсінуді, алдын ала бағалауды және ақпараттың негізгі және маңызды сәттерін анықтау мен әдеби нормаларды өзектендіруді қамтиды.
Айтылым сөздік қорды қолдануды, әңгімелеуді және тыңдалған немесе оқылған мәтінді сараптауды, ауызша өтініш құрастыру мен бағалауды және дыбысбейне материалдар негізінде дәлелдерді қуаттауды қамтиды.
Оқылым арқылы оқушылар мәтінді және оқу стратегиясының типтерін түсінуге, негізгі ойды анықтауға , негізгі ойды және мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауды, оқылған мәтін негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндердің салыстырмалы сараптамасын қолдануды үйренеді.
Жазылым сипаттау құралдарын, материалдарды оқу мен дыбысбейне материалдарды, грамматикалық және сөздік нормаларды, орфографиялық қағидаттар мен пунктуациялық нормаларды және шығармашылықты қолдана отырып әртүрлі стильдегі және типтегі мәтін құруды көздейді.

Қазақ тілі пәнін оқыту тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылатындықтан, оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау т.б. белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты

психологиялық жай-күйі ескеріледі. 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектептерінде оқыту қазақ тілінде емес 1-4 сыныптар үшін (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) арнайы оқу бағдарламасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Оқу бағдарламасы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуды көздей отырып, оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен қазақша қарым-қатынас жасау барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін сауатты пайдалануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бағдарламада қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың төрт дағдыны игеру барысында қолданылатын төмендегідей тапсырма үлгілері де ұсынылған.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

- тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;

- таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;

- алдын ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;

- белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?)

- бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;

- ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;

- берілген тақырыпқа диалог құрастыру;

- экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).

«Қазақ тілі» пәнінде оқылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

- көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;

- мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;

- интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);

- әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);

«Қазақ тілі» пәнінде жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

- қысқаша хабарлама жазу;

- тыңдалған\ оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көрген фильмі немесе оқыған кітабынан алған әсерін сипаттап жазу;

- белгіленген суреттер, диаграмма түрінде ақпарат ұсыну;

- сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу;

- сұхбатқа сұрақтар дайындау.



Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген негізгі қағидаларды қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.





1-5 сыныптар



Бөлім

Бөлімше

1

Тыңдалым

1.1 Хабарлама мазмұнын түсіну

1.2 Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну

1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау

1.4 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну

1.5 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну

2

Айтылым



2.1 Лексикалық қорды меңгеру

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау

2.4 Тыңдалған мәтінді мазмұндау

2.5 Аудиовизуалды материалдар бойынша тіл дамыту

2.6 Оқыған/тыңдаған материал бойынша өзіндік көзқарасын білдіру

3

Оқылым

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.2 Мәтін мазмұнын түсіну

3.3 Жанр түрлерін анықтау

3.4 Сұрақтар қоя білу және жауап беру

3.5 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу

4

Жазылым

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

4.2 Тыңдаған/оқыған материал негізінде жазу

4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау

4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

5.

Тілді қолдану

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау

Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.1. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.



Оқу мақсаттарының жүйесі мына сызбада көрсетілген.

  1. ТЫҢДАЛЫМ

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы

2-сынып

1А деңгей

орта

3 –сынып

1А деңгей

жоғары

4-сынып

А2 деңгей

бастапқы

1.1 Тыңдалым тәсілдерін қолдану

1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

2.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және қарапайым фразаларды түсініп қайталау

3.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және жеке фразалардың мағынасын анықтау үшін сұрақтар қою

4.1.1.1 Ауызекі тіл және аудиовизуалды материалды тыңдау және басқа формада өзгертіп айту


1.2

Лексикалық бірліктердің мағынасын түсіну





1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну



2.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

3.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну

4.1.2.1 Құрамында таныс емес сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын контексте анықтап түсіну

1.3 Хабарлама мазмұнын түсіну

1.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау

2.1.3.1 Хабарламаны тыңдау және сұрақтарға жауап беру, түсінгенін хабарлама мазмұнына сәйкес иллюстрация/заттық сурет/сызба таңдау арқылы көрсету

3.1.3.1 Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оқиға желісі бойынша суреттерді орналастыру, кесте толтыру

4.1.3.1

Хабарламаны тыңдау, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және негізгі тұстарын анықтау





1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну

1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну

2.1.4.1 Тыңдалған материал мазмұнын түсіну және кейіпкер-лер, оқиға ретін анықтау

3.1.4.1 Тыңдал-ған материал б/ша себеп-сал-дар байланысын анықтау, (негізгі ой, кейіпкерлер, оқиға)

4.1.4.1 Тыңдалған материалдағы негізгі ойды анықтау

1.5 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну

1.1.5.1 Тыңдаған шағын мәтінді қаншалықты түсінгенін қимыл мен қысқа жауап арқылы білдіру және сұрақ қою

2.1.5.1 Аудиовизуалды материалдардағы оқиғалардың мәнін түсіну және мазмұны бойынша сұрақтар қою, сипаттама беру

3.1.5.1

Аудиовизуалды материалдардағы оқиғалардың мазмұнын түсіну және кейіпкерлер туралы сұрақтар қою және оларды сипаттап жауап беру



4.1.5.1 Аудиовизуал-ды материал мазмұны б/ша негізгі ойды анықтауға жетелейтін сұрақтар қою және телебағ-дарлама үзіндісіндегі музыка, сөз ж/е бейнелер-дің маңызын анықтау




  1. АЙТЫЛЫМ

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы

2-сынып

1А деңгей

орта

3 –сынып

1А деңгей

жоғары

4-сынып

А2 деңгей

бастапқы

2.1

Лексикалық қорды меңгеру



1.2.1.1 Танысу, өзі туралы айту, затты сипаттау үшін таныс сөз және сөз тіркестерін қолдану

2.2.1.1 Ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме айту үшін сөз және сөз тіркестерді қолдану

3.2.1.1 Сөйлеу барысында мәтін тақырыбына сәйкес арнайы лексиканы қолдану

4.2.1.1 Әңгімені қолдау үшін қажетті сөздерді қолдану

2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу


1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлем сөйлем құрастыру

2.2.2.1 Сюжетті сурет бойынша сөйлеу


3.2.2.1 Мұғалім ұсынған тақырып бойынша сөйлеу

4.2.2.1 Берілген мәтіннің басталуы бойынша жалғастырып сөйлеу

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу және тіл нормасын сақтау


1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

2.2.3.1 Белгілі тақырыпта тілдік нормаларды сақтап диалогке қатысу және сұхбаттасын түсіну

3.2.3.1 Белгілі тақырыпта тілдік жағдаяттарға қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

4.2.3.1 Белгілі тақырыпта тілдік жағдаяттарға қатысу, сұхбаттасын түсіну және оның сөзін нақтылау, анықтау, өз сөзімен айтып беру

2.4

Тыңдалған мәтінді мазмұндау



1.2.4.1 Қарапайым оқиғаларды (мәтінді) мазмұндау

2.2.4.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы оқиға желісін сақтай отырып, шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау

3.2.4.1 Тыңдаушы-ның қызығушылығын туғызу мақсатында өлеңді мәнерлеп оқу немесе әңгімені толық мазмұндау

4.2.4.1 Алдын ала дайындалған жоспар / өз жазбаларын қолданып әңгімені, оқиғаны мазмұндау

2.5

Аудиовизуалды материалдар бойынша тіл дамыту




1.2.5.1 Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдары-ның сюжетін өз сөзімен сипаттау

2.2.5.1 Фильмдер мен тыңдалым материалында-ғы фразаларды қолданып, көрген сюжетін сипаттау

3.2.5.1 Фильмдер мен тыңдалым материалында-ғы оқиғаларды өз тәжірибесімен салыстырып сипаттау

4.2.5.1

Фильмдер мен тыңдалым материалдарындағы оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіру



2.6

Оқыған/ тыңдаған материал бойынша өз пікірін білдіру



1.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру

2.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материалды (ақпарат, кейіпкер, оқиға) салыстыру арқылы қарапайым пікір білдіру (мен ...ойлаймын, мен ... санаймын)

3.2.6.1 Тыңдаған/ оқыған материал бойынша өз көзқарасын білдіру ( маған ... сияқты, менің шамалауым бойынша)



4.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал бойынша өз көзқарасын білдіру (менің ойымша, менің көзқарасым)




3.ОҚЫЛЫМ

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы

2-сынып

1А деңгей

орта

3 –сынып

1А деңгей

жоғары

4-сынып

А2 деңгей

бастапқы

3.1

Оқу түрлерін қолдану



1.3.1.1

Таныс сөздерді тұтас оқу




2.3.1.1 Мәтінді қатесіз және мәнерлі дауыстап оқу

3.3.1.1

Мәтін немесе оның бөлімдерін оқу түрлерін қолданып (рөлге бөліп оқу, мәнерлеп оқу)



4.3.1.1

Мәтін немесе оның бөлімдерін оқу түрлерін қолданып (рөлге бөліп оқу, терме оқу) мәнерлеп оқу



3.2 Мәтін мазмұнын түсіну

1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

2.3.2.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

О1.3.1 Таныс сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіннің негізгі тұстарын түсіну

О1.4.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіннің негізгі тұстарын түсіну

3.3 Жанрды және мәтін түрін анықтау


1.3.3.1 Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату

2.3.3.1 Өлең, жұмбақ, ертегі және әңгімелерді ажырату

3.3.3.1 Өлең, жұмбақ, ертегі, әңгіме және мақал-мәтелдерді ажырату,

әңгімелеу/сипаттау мәтінін анықтау



4.3.3.1 Өлең, жұмбақ, ертегі, әңгіме, мақал-мәтелдерді және жаңылтпаштарды ажырату,

пайымдау мәтінін анықтау



3.4

Сұрақтар қоя білу және жауап беру




1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақ қоя білу

2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақ қоя білу және жауап беру

3.3.4.1 Мәтін мазмұны бойынша және кейіпкерлер іс-әрекеті туралы анықтаушы (қандай? қай? қашан? қайда?) сұрақтар қоя білу және жауап беру


4.3.4.1 Мәтін мазмұны бойынша және кейіпкерлер іс-әрекеті туралы бағалау (неліктен? не үшін?) сұрақтарын қоя білу және жауап беру

3.5

Түрлі дереккөз-дерден қажетті ақпарат-ты алу



1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрация-лы шағын мәтіндерден тауып алу

2.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалар-дан қажетті ақпаратты тауып алу

3.3.5.1 Сөздіктер, энциклопедия және анықтамалықтан қажетті ақпараттарды іздеу жолын білу және тауып алу

4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу




  1. ЖАЗЫЛЫМ

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы

2-сынып

1А деңгей

орта

3 –сынып

1А деңгей

жоғары

4-сынып

А2 деңгей

бастапқы

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну


1.4.1.1 Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу

2.4.1.1 Берілген иллюстрация бойынша сипаттау сөзін қолданып сөйлем құрастырып жазу


3.4.1.1

Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем және қарапайым постер құрастыру



4.4.1.1 Оқиғаларды комикс түрінде ұсыну


4.2

Оқыған, тыңдаған және аудиовизу-алды материал-дар бойынша жазу



1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудио-визуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу

2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудио-визуалды материалдар бойынша сөз тіркестерін жазу

3.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудио-визуалды материалдар бойынша қысқа жазбалар жазу

4.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған/ тыңдаған/аудиовизуалды материалдар бойынша шағын мәтін жазу

4.3 Пунктуа-циялық нормалар-ды сақтау

-

2.4.3.1 Мұғалімнің көмегімен жай сөйлемнің тыныс белгілерін қолдану

3.4.3.1 Жай сөйлемнің тыныс белгілерін қолдану

4.4.3.1 Шағын мәтін құрасты-руда сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану

4.4 Каллигра-фиялық нормалар-ды сақтау

1.4.4.1 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу

2.4.4.1 Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін, олардың сөздегі байланысын, көлбеу жазуды сақтауға дағдылану


3.4.4.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін, көлбеу жазуды үйрену, үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіру

4.4.4.1 Каллиграфия-лық нормаларды сақтау және ритмикалық үзбей жазу арқылы жазу техникасын жетілдіру





  1. ТІЛДІ ҚОЛДАНУ

Бөлімше

1-сынып

1А деңгей

бастапқы

2-сынып

1А деңгей

орта

3 –сынып

1А деңгей

жоғары

4-сынып

А2 деңгей

бастапқы

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау

(термин сөздерді қолданбау)



1.5.1.1 Мұғалімнің көмегімен заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану

2.5.1.1

Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздер мен үстеу сөздердің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану



3.5.1.1

Зат есім, сан есім, сын есім, етістік, үстеу сөздің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану




4.5.1.1

Зат есім, сан есім, сұраулық шылаулар, үстеу сөздің мағынасын түсіну, жазбаша және ауызекі тілде қолдану







1.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелді-лік/ жіктік /септік жалғауларын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

2.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/ жіктік /септік жалғауларын қолдану


3.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/ жіктік /септік жалғауларын қолдану


4.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/ жіктік /септік жалғауларын еркін қолдану

1.5.1.3

Мұғалім көмегімен бұйрық райлы етістік, болымсыз етістікті қолдану



2.5.1.3 Сөйлеу барысында бұйрық райлы етістік, болымсыз етістіктерді қолдану

3.5.1.3 Сөйлеу барысында бұйрық райлы етістік, болым-сыз етістік, тұйық етістік-терді қолдану

4.5.1.3 Сөйлеу барысында етістік райларын, болымсыз етістікті, көсемшені қолдану

1.5.1.4

Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану



2.5.1.4

Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану





3.5.1.4

Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін, модаль сөздерді дұрыс қолдану




4.5.1.4

Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын, сілтеу есімдіктерін, модаль сөздерді, септеулік шылауларды дұрыс қолдану






1.5.1.5 Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру

2.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем құрастыру


3.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру


4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру








2.5.1.6 Мұғалім көмегімен айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажырату

3.5.1.6 Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) ажырату және құрастыру

4.5.1.6 Сөйлем түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті) бір түрден екінші түрге айналдыру


5.2 Орфографиялық нормаларды сақтау

1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу

2.5.2.1

Мұғалімнің көмегімен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді жазу



3.5.2.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздік көмегімен қатесіз жазу

4.5.2.1 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді мұғалім көмегімен дұрыс жазу





1.5.2.2 Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтау және жазу

2.5.2.2 Ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді тауып жазу


3.5.2.2 Дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу

4.5.2.2 Сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын ескеріп жазу






1.5.2.3 Мұғалімнің көмегімен бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жазу









Сабақ үлгісі: 4 дағдының бірі жазылымды іске асыруға бағытталса да, басқа да тілдік дағды түрлерін игеруге болатын сабақ үлгісін назарларыңызға ұсынамын. /тыңдалым, оқылым, айтылым/



САБАҚ: Жастықтың оты қайдасың?

Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Мектеп

«Коростели орта мектебі» КММ



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сулейменова Светлана Биймурзиновна



Сынып: 7

Қатысқан оқушы саны

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты

Ж3 көркемдегіш құралдары қолданып, жазу

Материалдағы оқиға мазмұнын салыстырады, қазіргі өмірмен байланыстырып, мәтін жазады



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін тыңдайды, оқиды, мазмұнын түсінеді; көркемдегіш құралдарды табады

Оқушылардың көпшілігі : өлең мәтініндегі негізгі сөзді табады, оны топтастырады , өлең мәтіні бойынша сұрақтарға жауап бере алады, көркемдегіш құралдарды табады, сөйлем жазады

Кейбір оқушылар орындай алады: өлеңнің негізгі мазмұнын түсінеді, жаңа сөздерді және көркемдегіш құралдарды қолданып, қазіргі өмірмен байланыстырады, өз ойларын мәтін түрінде жазады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңін мәнерлеп оқуды, мазмұнын түсінуді, көркемдегіш құралдарды қолданып, өз ойларын мәтін түрінде жазуды меңгереді

Мәтін жазуға арналған қажетті сөз тіркестері: айбатты, қайратты, күшті, білімді, болашақ

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ақын неліктен жастарға сенеді?

  • Қазіргі заманғы жастар қандай ?

  • Мағжан жырлаған жастар мен қазіргі жастарды салыстырып бере аласың ба?

Пәнаралық

байланыстар

қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу

Қызығушылықты

ояту

5 мин



Экранда көрсетілген портреттер арқылы өткен сабақта өмірі

және шығармашылығымен алдыңғы сабақта танысқан



бейнені тап.

Шәкәрім Құдайбердіұлы,Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабаевтың портреттері берілген


Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білгендерін «Дара диаграмма» графикалық органайзері арқылы көрсетеді

Сабақ тақырыбы анықталады, мақсаты хабарланады

Бағалау дескрипторлары тақтада көрсетіледі


Оқу сілтемесі

Ж3




Бағалау критерийлері

Дескрип-торлар




1К өлең бойынша көркемдегіш сөздерді табады, мазмұнын түсінеді






1.Мағжан Жұмабаевтың

«Мен жастарға сенемін»

атты өлеңінің мазмұнын

түсінеді; көркемдегіш

құралдарды табады

2. өлең мәтініндегі негізгі

сөзді табады,оны

топтастырады , өлең мәтіні бойынша сұрақтарға

жауап бере алады,

көркемдегіш құралдарды

табады, сөйлем жазады


2К өлең мәтіні бойынша көтерілген мәселені табады, өз ойымен дәлелдейді, мәтін түрінде жазады




1.өлең мәтінін түсінеді, салыстырады

2.қазіргі өмірмен байланыстырады, көркемдегіш құралдарды пайдаланып, мәтін жазады












жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау