Технологиялық карта
Күні__12.07.2017
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімдері: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Үйрек
Мақсаты:
Білімдік : кесек ермексаздан үйрек бейнесін мүсіндеу, шымшу әдістерін пайдалана отырып , балаларға үйректі мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру.
Дамытушылық: бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: көлде жүзген ойыншық үйректің суреті.
Қажетті құрал – жабдықтар: ермексаз , ыдыстағы су, тақтайша.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру , көрсету , сұрақ- жауап.
Алдын ала жұргізілетін жұмыс: көрме орын даярлау.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеттері
|
Балалардың іс-әрекеттері
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуандым.
|
Балалар қимыл көрсете отырып, бір-біріне жылы сезімдерін білдірді.
|
Іздену-ұйымдастырушы
|
Жұмбақ:
Табаны бейне алақан,
Мынау қандай балапан?
-Балалар, үй құстарын атаңдаршы?
Үй құстары туралы оларды күту, қамқор болу жайында шағын әңгіме жүргізілді.
Балалардың назарын көлде жүзіп жүрген ойыншық үйректерге аударды. Енді осы суреттегі үйректерді ермексазбен әдемелеп мүсіндейміз. Балалар үйректі мүсіндеуге бар ынталарын салып жұмыс істеуге кірісті.
Сергіту сәті:
Іші тола бөлменің,
Ойыншығым көп менің.
Босқа тізіп қоймайық,
Келе ғой, дос ойнайық.
Мына тұрған арғымақ,
Мінем оған қарғып – ақ.
Мына тұрған қояным,
Алдына жем қоямын.
Балалар берілген тапсырмаларын ұқыпты, жақсы етіп орындады.
|
-Үйрек.
-Қаз, тауық, үндік.
Балалар үлгіге қарап отырып үйректің мүсінін жасады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасады.
|
Рефлексивті түзетушілік
|
Тәрбиеші балалардың жұмысыны ризалығын білдірді И. Шұғабаевтікі «Үйрек» өлеңін оқып берді, үйге жаттауға тапсырма берді.
Үйрегім – ау, үйрегім,
Келіп жүр ме, билегің,?
Үйге кірмек боласың,
Бар дегендей үйде кім?
Кінәләп та не керек,
Жүзгіштігің не керек.
Суда жарыс болса егер
Бас бәйгені берер ек!
|
Балалар өздері мүсіндеген үйректері туралы әңгімелеп берді.
Неше үйрек жасалғанын санады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білді: үй құстары туралы қарапайым мәлімет;
Игерді: құстардың ерекшеліктерін келтіре отырып мүсіндеу;
Меңгерді: құстарға қамқор болу керектігін;
Достарыңызбен бөлісу: |