МЕББМ«Казақстан-Ресей
Медициналық Университеті»
НУО«Казахстанско-Российский
Медицинский Университет»
3
КІРІСПЕ
''Жүрек'' cor - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің
орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет
талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның
морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі
оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен
карыншаға бөлінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт
камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен
қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы
какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден
қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар
жабылады да, канның кері — жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді.
Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе
артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана
ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде
бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага
отуіне бөгет жасайды. Қантамырлар (лат. Blood vessel) — адам мен
жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы
серпімді келген түтікше мүшелер.
Қантамырлар:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл
тамырлар — күретамырларға,
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар —
Көктамырларға
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және
ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз
ететін "микроайналым арнасының қан тамырларына" (қызыл тамырша —
артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Күретамырлар мен Көктамырлар қанды тасымалдаушы тамырларға
жатады. Олардың жақтауы қалың. Түтікше мүше ретінде күретамыр мен
көктамырлардың жақтаулары үш қабықтан құралған: ішкі - интима,
ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы
қантамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар
арасында зат алмасу процесі жүреді. Қантамырлардың ішкі беті
эндотелиймен астарланған. Көктамырлар интимасында жүрекке қарай ғана
ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады.
МЕББМ«Казақстан-Ресей
Медициналық Университеті»
НУО«Казахстанско-Российский
Медицинский Университет»
4
Достарыңызбен бөлісу: