Білім алушылардың өзіндік тәжірибелік жұмысы
Есеп 1. y=ax+c функциясының мәнін есептейтін бағдарлама.
Ол үшін аргумент – бастапқы берілгендерді және нәтиже - нені анықтау қажеттігін білуіміз керек. Бұл мысалда а, с, х – бастапқы берілгендер, ал y – нәтиже. a=5, c=10 және x=3 үшін функцияның мәнін есептеуді Delphi бағдарламалау ортасында жүргізейік. Формаға компоненттер палитрасының Standard бетінде орналасқан Edit, Label, Button компоненттерін орналастырып сәйкес мәндерін меншіктейміз. Бастапқы мәліметтерді, яғни а, с, х айнымалыларының мәндерін Edit1, Edit2, Edit3 компоненттерінің өрістеріне енгізіп, ал шешімін Label5 компонентінің өрісіне шығарайық. Есеп шешімін Button1 компонентінің OnClick оқиғасында ұйымдастырамыз. Форма мен оның компоненттерінің қасиеттерін төмендегідей орнату қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |