Академиялық адалдық бұзушылықтарының түрлері
Білім беру және зерттеу қызметінде көрсетілетін академиялық адалдық бұзушылықтары жазбаша (бақылау, эссе, диссертациялық және т.б.) жұмыстарды орындау, емтихандардағы жауаптар барысында нормативтік талаптардан, зерттеулер, ғылыми жұмыстар жазу, өз позициясын білдіру, әкімшілік-басқару персоналымен, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылармен өзара қарым-қатынас жасау, сондай-ақ бағалау мен сараптау кезінде ауытқуға әкеп соғады.
Плагиат – шынайы автор ретінде басқа тұлғаларға өзі туралы жалған мәліметті жеткізумен бірге академиялық, ғылыми, зерттеу, публицистикалық және талдау қызметі нәтижелерін, бөгде адамның қорғалатын еңбек нәтижелерін әдейі немесе байқамай, толық немесе ішінара заңсыз пайдалану, иелену немесе өз бетінше иелік ету.
Төмендегілер плагиат болып танылады:
басқа адамның идеялары, тұжырымдары, пікірлерінің немесе айтқан сөздерінің дереккөздерін көрсетпей, оларды ұсыну, мәтінді бір тілден екінші тілге алғашқы дереккөзін көрсетпей аударып алу;
басқа адамның жазбаша жұмысынан мәтіннің бір бөлігін немесе барлық мәтінді алғашқы дереккөзіне сілтеме жасамай және дәйексөз алусыз тікелей көшіру (сондай-ақ Интернеттен алынған материалдарды немесе өзге де электрондық дереккөздерді көшіру жатады);
мәтіннің элементтерін дереккөзін көрсетпей өзгертіп айту немесе сөздерді ішінара алмастыру;
түпкі деректемені көрсетпей және/немесе автордың келісімінсіз ақпараттың графиктерін, кестелерін, суреттерін, сызбаларын және визуалды басқа да түсініктерін пайдалану;
бірлескен зерттеулер немесе басқа да оқу тапсырмаларының нәтижелерін иемдену;
басқа тұлға жасаған жұмысты өз атыңнан, толық немесе жартылай ұсыну немесе жариялау;
жұмыстың мәтінін әдейі бұрмалау, атап айтқанда шрифті ауыстыру, басқа әліпбидің символдарын қолдану, жұмыстың мәтініне арнайы символдарды қосу, сөздердегі символдардың ретін өзгерту, мәтіннен жарты символды алып тастау және т.с.
Өзін-өзі плагиаттау – алғашқы мәтінге тиісті сілтемелерді көрсетпей, жаңа деректер мен тұжырымдардың жоқ болуының нәтижесі ретінде өзінің бұрын жарияланған мәтінін толық немесе ішінара пайдалану.
Көшіру – біреудің зияткерлік өнімін көшіруді тұспалдайтын білім алушының немесе қызметкердің жауапсыз мінез-құлқы.
Көшіру болып мыналар танылады:
емтихан материалдарына немесе тапсырманың мәнін ашатын емтихан материалдары туралы ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу;
шпаргалкаларды, ұялы телефондарды және басқа да құрылғыларды, мәтіндік хабарламаларды немесе ақпаратты алудың заңсыз тәсілдерін қолдану;
басқа білім алушының жұмысынан көшіру (білім алушының рұқсатымен де және онсыз да);
басқа білім алушыға көшіруге немесе басқа білім алушыларға жауаптарын беруге рұқсат ету;
емтиханға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін емтихан тапсырмасын орындауды жалғастыру;
басқа білім алушыға емтихан тапсырмасын орындап беру туралы өтініш жасау;
басқа тұлғалар тарапынан жоғарыда аталған әрекеттердің бірінің жасалуына жәрдемдесу және көмектесу.
Қайталау – жұмысты өзінікі ретінде, ішінара немесе толық ұсыну талпынсын қоса алғанда, әр түрлі бағалау және талаптар шеңберінде бір жұмысты, білім алушы жұмыстың авторы болған жағдайда да профессор- оқытушылар құрамының алдын ала рұқсатынсыз бұрын басқа курста бағаланған кез келген жұмысты презентациялау.
Бұрмалау – жалған академиялық жазбаларды немесе басқа да құжаттарды; мәліметтерді (ғылыми тәжірибе кезіндегі бақылауларды, жазбаларды, сауалнама нәтижелерін қолдан жасау); академиялық жұмыстағы қолды жасау; академиялық жұмысты әдейілеп қолдан жасау немесе бүлдіру.
Бұрмалау болып мыналар танылады:
эмпирикалық деректердің жалған зерттеу нәтижелерін жасау; үшінші тұлғалар жүргізген ғылыми жұмыстарды/еңбектерді өзінікі ретінде ұсыну;
қол қоятын адамдар үшін пікірлер, рецензиялар, ұсынымдар мен мінездемелер жобаларын дайындау;
қолдан жасалған немесе жалған медициналық анықтамалар немесе жұмысқа жарамсыздық парақтары сынды Академияға қандай да бір жалған құжаттарды ұсыну.
Академиялық жұмысты фабрикация жасау – академиялық жұмыстың мазмұнын әдейі бұрмалау, яғни:
академиялық өнімде жалған мәліметтерді беру;
зерттеулер мен эксперименттердің деректерін және нәтижелерін ауыстырып жіберу;
зерттеу барысында алынған жалған ақпаратты ұсыну;
еш жерде жоқ мақалаларға және ойдан шығарылған дереккөздерге сілтеме жасау;
нәтижеге әсер ететін деректерді қалдырып кету;
дәлелді негізі жоқ қорытындыларды ұсыну.
Жасыру – жұмысты жауапсыз орындау және білім алушылардың, не Академия қызметкерлерінің Кодекс нормаларын сақтамауы туралы ақпаратты айтпау және жасыру.
Сөз байласу – басқа білім алушы үшін тексеруге және бағалауға жататын, кез келген академиялық жұмысты орындау.
Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және (немесе) оны тарату,
яғни:
емтихан сұрақтарының жауаптарын беру;
бағалау кезінде қойылатын сұрақтар туралы білім алушыларға мәлімет
беру;
тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстар үшін ішінара немесе толық материалды тарату;
дайын баяндамалар, эссе, тапсырмалар, ғылыми жұмыстар, жарияланымдар және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе сатып алу және/немесе сатуда көмек көрсетудің басқа да жолдары;
білім алушыларға беру мақсатында электрондық пошта, компьютер арқылы және т.б. қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын кез келген жолдармен ұрлау.
Параға сатып алу – профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ Академия қызметкерлеріне түрлі формада сыйақы беру, не сыйақы бермей-ақ, басқа жеке мүдделілік, осындай мінез-құлыққа тең.
Ағымдағы және қорытындыны қоса алғанда, білім алушылардың барлық жазба жұмыстары плагиатқа тексеруден өтеді. Тексеруді ұйымдастыру Институт/МСҰМ директоратына (бұдан әрі – Директорат) жүктелген.
Ғылыми мақалаларды, монографияларды және диссертацияларды тексеру қажеттілік бойынша, Зерттеулер жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) талабы бойынша жүзеге асырылады.
Докторанттар ҚР БҒМ БҒСБК талаптарына сәйкес диссертацияны тексеруді міндетті түрде дербес іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |