Өндіріс түрлері Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды. Жаппай өндіріс түрінің артықшылықтары: - Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден байқалады:
- - мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік үрдістерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;
- - жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
- - өндіріс үрдістерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;
- - өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің өзіндік құнын елеулі кеміту.
Достарыңызбен бөлісу: |