Біріккен ¦лттар ¦йымы экономикалыќ жєне єлеуметтік кењес еуропа экономикалыќ комиссиясы



жүктеу 88,91 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.11.2018
өлшемі88,91 Kb.
#21696


БІРІККЕН ¦ЛТТАР ¦ЙЫМЫ 

 

ЭКОНОМИКАЛЫЌ ЖЄНЕ ЄЛЕУМЕТТІК КЕЊЕС 

 

ЕУРОПА ЭКОНОМИКАЛЫЌ КОМИССИЯСЫ 

 

ЭКОЛОГИЯЛЫЌ САЯСАТ Ж¤НІНДЕГІ КОМИТЕТ 



 

Тұрақты даму м‰ддесінде білім беру  

бойынша екінші аймақтық кеңес 

Рим, 2004 жылғы 15-16 шілде 

 

Жоспарланѓан күн тәртібінің 3-тармағы 



 

 

БҰҰ ЕЭК-ның ТҰРАҚТЫ ДАМУ М‡ДДЕСІНДЕ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ 



СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖОБАСЫ 

 

Қосымша 

 

МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХЫ 

 

1. 1972 жылы  болѓан  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  адамды  қоршаған  орта  мәселелері 



бойынша  конференциясы  Бас  хатшыѓа,  сондай-ақ  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  жүйесінің 

ұйымдарына  және  басқа  да  тиісті  халықаралық  ұйымдарѓа  консультацияларды 

өткізгеннен жєне келісімге келгеннен кейін қоршаған ортаны басқару және оны реттеудің 

қарапайым  әдістерімен  таныстыру  мақсатында  білім  берудің  барлық  деңгейін  қамтитын 

және  барлық  тұрғындарға,  атап  айтќанда  ауылдық  және  қалалық  жерлерде  тұратын 

азаматтарға,  соның  ішінде – жасөспірімдерге,  сондай-ақ  ересектерге  арналған  адамды 

қоршаған  орта  саласында  білім  берудің  халықаралық  көпсалалы  бағдарламаларын 

әзірлеуге  және  оны  оқу  орындарында,  сондай-ақ  одан  тысќары  жерлерде  іске  асыруѓа 

қажетті шараларды қабылдауға ұсыныс жасады.  

 

2. 1975 жылы  білім  беру,  ғылым  және  мәдениет  мәселелері  бойынша  Біріккен  Ұлттар 



Ұйымының  экологиялық  білім  беру  бойынша  Белградтағы  семинарына  қатысушылар 

«Белград хартиясы» атты экологиялық білім беруге арналған ѓаламдыќ негізді қабылдады. 

Онда  экологиялық  білім  берудің  мақсаты  жер  шары  халқын  қоршаған  ортаны  танып-

білуге  және  бұл  саладағы  проблемаларды  түйсінуге,  сондай-ақ  олардың  тиісті  білімінің, 

дағдысының,  көзқарасының,  ынтасының  болуына  және  ағымдағы  проблемаларды  шешу 

және  жаңа  проблемалардыњ  туындауын  болдырмау  ‰шін  жеке  және  ұжыммен  жұмыс 

істеуге дайындау екені көрсетілген.  

 

3.  Белградтағы  семинардан  екі  жыл  өткеннен  кейін  ЮНЕСКО  Тбилисиде  Ќоршаған 



ортаны  қорғау  саласында  білім  беру  бойынша  конференция  өткізді.  Белград  хартиясы 

негізінде  құрылған  Тбилиси  декларациясында  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  білім 

берудің  келесі  мақсаттары  көрсетілген:  а)  қалалыќ  және  ауылдық  аудандардың 

экономикалық, әлеуметтік, саяси және экологиялық өзара тәуелділігін айқын түсіну және 

оѓан ќатысты жауапкершілік сезімін дамыту; в) әрбір адамның қоршаған ортаны қорғауға 

және  жақсартуға  қажетті  дағдыларды  игеруіне  мүмкіндік  туѓызу;  және  с)  жекелеген 

адамдардың,  топтардың  және  жалпы  қоғамның  қоршаған  ортаға  қарым-қатынасының 

жаңа типін қалыптастыру. Сонымен ќатар Декларацияда жекелеген адамдар және топтар 

үшін  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  білім  көмегімен  игерілетін  міндеттердің  бес 



 

2

санаты анықталған: а) қоршаған ортаѓа және онымен байланысты проблемаларға ќатысты 



сананы  жєне  оѓан  ±ќыпты  ќарауды  қалыптастыру;  в)  қоршаған  ортаны  танып-білу  және 

онымен байланысты проблемалар туралы білім алу; с) қоршаған ортаны қорғауға ќатысты 

жауапкершілік  сезімін  қалыптастыру;  д)  қоршаған  орта  проблемаларын  анықтау  мен 

шешу  үшін  дағдыларды  игеру;  және  е)  қоршаған  орта  проблемаларын  шешуге  белсенді 

түрде қатысу. 

 

4. 1990 жылы  жалпыға  білім  беру  бойынша  Дүниежүзілік  конференцияда  (Джамтьен, 



Таиланд)  адамдардың  өмір  сүруі,  барлық  қабілеттерін  дамыту,  адамгершілік  қасиеттерді 

сақтау  жағдайында  өмір  сүру  және  жұмыс  істеу,  өз  өмірінің  сапасын  дамытуға, 

жақсартуға  жан-жақты  қатысу,  негізделген  шешімдер  қабылдау  және  білім  алуды 

жалғастыру ‰шін (Жалпыға білім беру туралы дүниежүзілік декларация, 1-бап, 1-тармақ) 

қажетті  білім  көлемін  (оќи  алу,  жаза  білу,  ауызша  сµйлей  білу,  санай  білу  жєне 

проблемаларды  шешу)  және  базалық  оқыту  мазм±нын  (білім,  кєсіби  даѓдылар, 

ќ±ндылыќтар  ж‰йесі  жєне  кµзќарас)  қамтитын  базалыќ  білім  беру  қажеттіліктері 

анықталды.  Сонымен  бірге  Дакар  іс-қимыл  шеңбері  (Білім  беру  мәселесі  бойынша 

дүниежүзілік форум, Дакар, 2000 жылғы сәуір) білім алу адамныњ негізгі құқықтарының 

бірі  екенін  растайды.  Оныњ  мемлекеттер  мен  олардың  арасында  бейбітшілік  және 

тұрақтылық  орнату,  тұрақты  даму  үшін  маңызы  зор,  сонымен  бірге  қоғам  өміріне  және 

жедел  қарқынмен  дамып  бара  жатқан  жаһандандыру  кезіндегі  ХХІ  ғасырдың 

экономикалық процестеріне белсенді қатысуға қажетті құрал болып табылады. 

 

5. 1992 жылы  Рио-де-Жанейродағы  (Бразилия)  қоршаған  орта  және  даму  бойынша 



Біріккен Ұлттар Ұйымының Конференциясында қоршаѓан орта және даму бойынша Рио-

де-Жанейро  декларациясы  және  ХХІ  ғасырға  арналған  Күн  тәртібі:  Тұрақты  дамуға 

арналған  іс-ќимылдар  бағдарламасы  қабылданды.  ХХІ  ғасырға  арналған  Күн  тәртібінің 

36-тарауында  ресми  білім  беруді  қоса  алѓанда,  оќу-аѓарту,  халықтың  ақпарат  алуын 

жаќсартуды  және  кәсіби  даярлыќты  адамның  және  қоғамның  әлеуетін  толық  дәрежеде 

ашуѓа жәрдемдесетін процесс ретінде мойындау керектігі атап көрсетілді. Оќу-аѓартудыњ 

тұрақты  дамуға  ыќпал  ету,  қоршаған  орта  мен  даму  мәселелерін  шешуде  адамның 

мүмкіндіктерін  кењейту  ‰шін  мањызы  зор.  Бұдан  кейінгі  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

барлық  конференцияларында  ќарастырылѓан  таќырыптарѓа  (қоршаған  орта,  тұрғылықты 

халыќ,  әлеуметтік  даму,  адам  құқығы  және  демократия,  әйелдердің  жағдайы  және 

қоршаған  ортаны  сақтау)  қарамастан,  тұрақты  даму  проблемасы  күн  тәртібіне  үнемі 

қойылып  отырды,  сонымен  қатар  білім  беру    қажетті  өзгерістерді  жүзеге  асырудың 

қозғаушы күші екендігі туралы бір ауызды пікір бар. Бейбітшілік, даму, денсаулық және 

демократия тұрақты дамудың бірін-бірі толықтыратын алғышарттары екені көрсетілген. 

 

6. Тұрақты даму маќсатында білім беру 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Рио-де-



Жанейрода  өткен  Конференциясының  нәтижесі  болып  табылады. 1992 жылға  дейін 

қоршаған  орта  экологиялық  білім  беру  саласындағы  экономика,  жаратылыстану  және 

қоғамтану  сияќты  жеке  ғылымдарды  қамтитын  барынша  кењ  ауќымды  таќырыптардыњ 

бірі  болды.  Осыныњ  нәтижесінде  қоршаған  ортаѓа  ќатысты  тақырыптарды  қарастыру 

кезінде  қиындықтар  туындады  және  білім  беру  саласындаѓы  қызметкерлер  осындай 

күрделі  пәнді  игеруде  ќиын  жағдайда  қалды.  Рио-де-Жанейродағы  Конференцияда 

қоршаған  орта  ±ѓымына  тұрақты  даму  т±жырымдамасын  енгізу  арќылы  оныњ  мазм±нын 

кеңейту жөнінде ұсыныс жасалды. «Тұрақты даму мүддесінде білім беру» түсінігі тұрақты 

даму деген бастапқы терминді білдіреді. 

 

7. 1992 жылы Торонтода (Канада) қоршаған орта мен даму саласындағы білім беру және 



ақпарат  бойынша  Дүниежүзілік  конгресс  өткізілді.  Бұл  Рио-де-Жанейрода  өткен 

Конференциядан  кейінгі  ХХІ  ғасырға  арналған  күн  тәртібінің 36-тарауында  көтерілген 




 

3

«Халыққа  білім  беру,  ақпараттандыру  және  мамандарды  даярлауға  жәрдемдесу» 



мәселелеріне арналған бірінші ірі халықаралық кездесу болды. Онда даму келешектегі µсу 

тұрғысынан  ќарастырылады,  онда  табиғат  ќоршаѓан  ортаны  шектен  тыс  пайдаланудыњ 

ыќпалын тµмендету арќылы ±тымды пайдалануды ќажет ететін капитал ретінде берілген. 

Аталған  контексте  тұрақты  даму  заттардың  қалыптасқан  жағдайын  күрт  өзгертуден  бас 

тартуѓа  болатын  келісім  ретінде  қарастырылады.  Білім  беру  техникалық  прогреске 

жәрдемдесетін  шикізат  өнімділігі  тұрғысынан  оңтайлы  нәтижелер  алу  мен  әлеуметтік 

және  экономикалық  өзгерістерге  ыќпал  ететін  мәдени  жағдайларды  қалыптастыру  үшін 

мамандарды 

даярлау 

арқылы 


тұрақты 

даму 


саласындағы 

қажеттіліктерді 

қанағаттандыруѓа тиіс. Басты міндет қоршаған ортаға тигізетін әсерді тµмендету арқылы 

ќарќынды, барынша тең құқылы экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатында капиталдың 

барлық түрлерін (адам капиталын қоса алғанда) пайдалану болып табылады. 

 

8.  ХХІ  ғасырға  арналған  Күн  тәртібінде  көрсетілген  ұсынысқа  сәйкес  осы  мәселенің 



тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы 1993 жылы 

Тұрақты даму жµніндегі комиссия құрды. Аталған комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымының 

Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің функционалдық комиссиясы болып табылады. 

Ол  жыл  сайынғы  конференцияларда  ХХІ  ғасырға  арналған  Күн  тәртібінің  мәселелерін 

үнемі  қарастырып  отырады.  Ол 1998 жылы  өзінің  алтыншы  сессиясында  білім  және 

ақпарат  бойынша  кең  көлемді  резолюция  қабылдады.  Бұдан  басқа  ол  ж‰ргізілетін 

ж±мыстардыњ  ауќымды  баѓдарламасын  бекітті,  онда  мемлекеттерге  тұрақты  даму 

мақсаттарын  барлыќ  дењгейдегі  білім  беру  бағдарламаларына  енгізу  ұсынылады  жєне 

олардыњ осы баѓыттаѓы іс-ќимылдарына ќолдау кµрсетілетіні атап µтіледі. 

 

9. 1996 жылы ЮНЕСКО-ның атына ұсынылған ХХІ ғасырға арналған білім беру бойынша 



Халықаралық  комиссияның  «Білім – бұл  меншіктік  құндылықтар  категориясы»  атты 

баяндамасында  білім  берудің  демократиялық  және  жарќын  болашақты  қамтамасыз  ету 

үшін қажет екендігі атап көрсетілді. Білім берудің негізі ретінде төрт фактор айқындалды: 

барлық  адамдарды  өмір  сүру  үшін  оқыту,  білім  алу  мақсатында  оқыту,  өмір  бойы  іс-

әрекетке қабілеттілікке оқыту. 

 

10.  Қоршаған  орта  және  қоғам  мәселелері  бойынша  халықаралық  конференцияда: 



тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін халыққа білім беру мен ақпараттандыру (Салоники, 

Греция, 1997 жыл), 

азаматтыќ 

т‰сінігі 

тұрақтылыққа 

бағдарланған 

оқу 

бағдарламаларындағы  бірінші  кезектегі  мақсаттардың  бірі  екендігі  атап  көрсетілді. 



Табиғатты зерттеудегі дәстүрлі басымдықтар қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды 

зерттеумен теңестірілуі қажет. Содан кейін экологиялық процестердің өзара байланысын 

зерттеу  нарықтық  күштермен,  мәдени  құндылықтармен,  әділ  шешімдер  қабылдаумен, 

үкіметтің іс-әрекетімен және қоршаған ортаға антропогендік ќызметтіњ тигізетін єсерімен 

жан-жаќты  байланыстырылатын  болады.  Оқушылар  әлемдегі  µзініњ  алатын  орнын  сыни 

т±рѓыдан  ойлауѓа  және  олар  үшін  қоғамныњ  тұрақтылыѓы  нені  білдіретіні  туралы 

мєселені  қарастыруды  үйренуге  тиіс.  Олар  іс  жүзінде  даму  мен  тіршілік  процестерінің 

балама  жолдарын  бағалай  білуге,  балама  т±жырымдарды  бағалай  білуге,  келіссөздер 

жүргізе  білуге  үйренуі  және  т±жырымдаманы  таңдауды  негіздеуге,  сондай-ақ  бұл 

мақсаттарға  ќол  жеткізудің  жоспарларын  құруға  және  осы  т±жырымдамалардыњ  іске 

асырылуы үшін қоғам өміріне қатысуы қажет. Жоғары азаматтық сезім негізінде жатқан 

мұндай дағдылар мен қабілеттер тұрақты даму мүддесіндегі білімді жан-жаќты хабардар, 

мүдделі  және  белсенді  халықты  тәрбиелеу  процесінің  бір  бөлігі  етеді.  Конференция 

тұрақты  даму  маќсатында  білім  беру  демократия  мен  бейбітшілік  мәселелері  бойынша 

білімнің дамуына ыќпал етеді деген қорытындыға келді. 

 



 

4

11. 1992 жылдан  бастап  тұрақты  дамуға  қол  жеткізу  негізінен  білім  беру  процесі  болып 



табылатыны туралы халықаралық консенсус байќалады. 90-жылдардағы Біріккен Ұлттар 

Ұйымының:  Венадағы  Адам  құқығы  бойынша  дүниежүзілік  конференция (1993 жыл), 

Каирдағы  Халықтың  қоныстануы  мен  дамуы  бойынша  халықаралық  конференция (1994 

жыл),  Барбадостағы  шаѓын  аралдық  дамушы  мемлекеттердің  тұрақты  дамуы  бойынша 

жаһандық  конференция (1994 жыл),  Копенгагендегі  Әлеуметтік  даму  мүддесіндегі 

жоғарғы  деңгейдегі  дүниежүзілік  кездесу (1995 жыл),  Пекиндегі  Әйелдердің  жағдайы 

бойынша дүниежүзілік конференция (1995 жыл), Азық-түлік мәселесі бойынша жоғарғы 

деңгейдегі дүниежүзілік  кездесу (1996 жыл)  және  Стамбулдағы  Елді  мекендер  бойынша 

жоғарғы деңгейдегі кездесу, Түркия (1994 жыл) сияќты ірі конференцияларында білімнің 

өмірлік маңызы атап көрсетілді. 

 

12.  Баяндамаға  сәйкес  (Тұрақтылық  м‰ддесіне  оќу-аѓарту – Рио-де-Жанейродан 



Йоханнесбургке  дейін:  белсенді  іс-қимыл  онжылдығының  сабақтары  (ЮНЕСКО, 2002 

жыл) соңғы он жылдыќта тұрақты даму мүддесінде білім беру (ТДБ) процесінде алынѓан 

кейбір  негізгі  сабақтар  мыналар  болып  табылады:  а)  ТДБ  жаңадан  ќалыптасып  келе 

жатқан, бірақ біртіндеп даму ‰стіндегі білім берудің жаңа бағыты болып табылады, оның 

мақсаты – барлық  жастағы  адамдарға  жарқын  болашағын  құруда    жауапкершілікті  µз 

ќолына  алу  мүмкіндігін  беру;  в)  базалық  білім  болашақ  білімнің  негізін  қалайды  және 

тұрақты дамуға қосылатын дербес үлес болып табылады; с) қалыптасқан көптеген саяси 

құрылымдарды,  бағдарламаларды  және  тұрақты  дамуға  қажетті  т±жырымдарды, 

дағдыларды,  қызығушылық  пен  осы  баѓытты  ±стануды  қамтамасыз  ету  үшін  білім  беру 

саласындағы  іс-шараларды  қайта  бағдарлау  қажеттігі  туындап  отыр;  д)  білім  беру 

ауылдық  жерлердегі  өзгерістердің  т‰йіні  және  ауылдық  аумақтар  мен  қауымның 

экономикалық, мәдени және экологиялық тіршілік қабілеттілігін қамтамасыз етуге тиіс; е) 

ересектер мен қауымға білім беруді ќоса алѓанда,  өмір бойы үздіксіз білім беру, тиісінше 

техникалық  және  кәсіптік  білім  беру,  жоғарғы  білім  беру  және  оқытушыларды  даярлау 

болашақтағы тұрақты даму мүддесінде әлеуетті қалыптастырудың маңызды құраушылары 

болып табылады. 

 

13.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  жүйесінің  шеңберінде  ЮНЕСКО  жетекші  мекеме  болып 



табылады,  алайда  басқа  ұйымдар  да  б±л  қызметке  өз  үлесін  қосады.  Оларға:  Біріккен 

Ұлттар  Ұйымының  Тұрақты  даму  жµніндегі  бөлімі,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Даму 

Бағдарламасы  және  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Ќоршаған  ортаны  қорғау  бойынша 

Бағдарламасы  (ЮНЕП)  жатады.  ЮНЕСКО  Біріккен  Ұлттардың  кµптеген  мекемелерімен, 

атап айтќанда Біріккен Ұлттар Ұйымының ¦лттардың қоныстануы саласындағы Қорымен 

(ЮНФПА),  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымымен  (ДС¦)  және  Халықаралық  еңбек 

ұйымымен  (ХЕ¦)  серіктестік  қарым-қатынастарды  дамытуда,  халыққа  білім  беруге 

жәрдемдесу  үшін  ДС¦-мен  бірлесіп  денсаулық  сақтау  саласында  білім  берудің  жаңа 

жолдарын  әзірлеумен  айналысуда,  Біріккен  Ұлттардың  Тамақ  және  ауылшаруашылық 

ұйымдарымен  (ФАО) – ауылдық  жерлерде  білім  беруді  дамыту  және  азық-түлік 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  етумен,  ДС¦  және  ВИЧ/СПИД  бойынша  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  Бірлескен  бағдарламасымен  (ЮНЕЙДС) – пандемиямен  күрес,  Біріккен 

Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ), Біріккен Ұлттар Ұйымының босќындар 

ісі  жµніндегі  Жоѓары  Комиссары  Басќармасымен  (УВКБ)  және  ірі  ҮЕҰ-мен – дағдарыс 

және  жанжалдан  кейінгі  жағдайларда  білім  беруді  ќайта  ќ±руѓа  ыќпал  етеді,  сондай-ақ 

басқа  да  кµптеген  ұйымдармен  ќарым-ќатынас  жасайды.  Бұдан  басқа  Еуропалық  Одақ, 

Еуропа  Кеңесі,  Экономикалыќ  ынтымаќтастыќ  жєне  даму  ±йымыныњ  білім  беру 

саласындаѓы  зерттеулер  мен  жањалыќтар  орталыѓы  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында 

білім  беру  мен  тұрақты  даму  мүддесіндегі  білім  беруді  түсіну  мен  жүзеге  асыруѓа  өз 

үлестерін қосуда. 

 



 

5

14.  ХХІ  ғасырға  арналған  Күн  тәртібі  шеңберіндегі  Балтық  теңізі  аймағындағы  тұрақты 



даму  мүддесінде  білім  беру  саласындағы  қызметті,  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттердің 

экологиялық  білім  беру  бойынша  Мемлекетаралық  экологиялық  кеңесінің  Жұмысшы 

тобының; экологиялық білім беру бойынша Орталық Азиялық мемлекетаралық жұмысшы 

тобының  және  экологиялық  білім  беру  мәселелері  бойынша  Солтүстік  Америка 

ассоциациясыныњ  ќызметін  ќоса  алѓанда  аймаќішілік  ‰кіметаралыќ  процестер  ж‰ріп 

жатыр. 


 

15.  Бірќатар    оќу  желілері,  орталыќтары  жєне  университеттер  ќауымдастыѓы  мен  ҮЕҰ 

т±раќты дамуѓа байланысты проблемалардың шешімін табу мақсатында көпсалалы білім 

беру  нысандарын  әзірлеуге  кірісті.  Осындай  бастамалардың  қатарында 1988 жылғы 

«Магна  чарта  университатум  европеум»  бастамасын, 1999 жылғы  Болонья 

декларациясын, 1993 жылғы  тұрақты  даму  саласындағы  Коперник  атындағы 

университеттің Хартиясын және 2000 жылғы Жер хартиясын айтуға болады. 

 

16.  Ақпаратќа  ќол  жеткізу,  кµпшіліктіњ    ќоршаѓан  ортаѓа  ќатысты  мєселелер  бойынша 



шешім ќабылдауѓа ќатысуы жєне  єділдікке ќол жеткізуі жµніндегі Орхусс конвенциясы 

экологиялық  білім  беру  ‰шін  жаңа  келелі  баѓыттарды  ашады.  Азаматтар  экологиялық, 

әлеуметтік  жєне  экономикалық  проблемалардың  арасындағы  µзара  байланысты  жақсы 

түсінуге  тиіс.  Олар  µздерініњ  ақпаратќа  жєне  єділдікке  ќол  жеткізу  жєне  шешім 

қабылдауѓа  ќатысу  құқықтарын  іс  жүзінде  қолдануды  ‰йренуге  тиіс.  Халықтың  басым 

бөлігін,  оның  ішінде  азаматтық  қоғамның  экологиялық  ұйымдарын,  тұтынушылар  мен 

жастар  топтарын  белсенді  тарту  барынша  тиімді  және  зањды  экологиялық  саясатты 

қалыптастыруға қажетті фактор ретінде қарастырылады.  

 

17.  Тұрақты  даму  бойынша  жоғарғы  деңгейдегі  Дүниежүзілік  кездесуге  арналған 



министрлердің Аймақтық кеңесінде (Женева, 2001 жыл,ы 24-25 қыркүйек) аталған мәселе 

қаралды  және  онда  білім  беру  саласында  бастамалар  кµтеруге  ұсыныс  жасалды.  Егер 

нақтырақ айтатын болсақ, министрлер тұрақты дамуды іс жүзінде қалай жүзеге асыру мен 

оны  қалай  ынталандыруѓа  болатыны  туралы  жалпы  т‰сінікті  кењейту  мақсатында  білім 

беру  ж‰йесін  жєне  тұрақты  даму  бойынша  оқу  бағдарламаларын  әзірлеу  процесін 

жетілдіру жµнінде шешім қабылдады. 

 

18. 2002 жылы Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) өткен тұрақты даму бойынша жоғарғы 



деңгейдегі Дүниежүзілік кездесудің Декларациясы мен шешімдерін орындау Жоспарында 

қайта  білім  берудің  негізгі  факторларының  бірі  ретінде  білім  беру  жүйесінің  барлық 

деңгейіне  тұрақты  дамыту  тұжырымдамасын  енгізу  қажеттігі  атап  көрсетілді.  Сондай-ақ 

Дүниежүзілік  кездесу  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас  Ассамблеясында 2005 жылдан 

басталатын Тұрақты даму мүддесінде білім берудің онжылдығын жариялауды ұсынды.  

 

19. Министрлердің «Қоршаѓан орта Еуропа ‰шін» бесінші конференциясына (Киев, 2003 



жыл) дайындық барысында ‰кімет және үкіметтік емес ұйымдар экологиялық білім (ЭБ) 

дењгейін  көтеруге  және  тұрақты  даму  мүддесінде  білім  беруге  зор  ынта  білдірді.  БҰҰ 

ЕЭК  Ќоршаған  ортаны  қорғау  министрлері  білім  беру  қоршаған  ортаны  қорғау  және 

тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ететін  негізгі  құралдардың  бірі  болып  табылатынын  жєне 

экологиялыќ  білім  беру  шењберінде  ХХІ  ғасырға  арналған  Күн  тәртібіне  енгізілген 

көптеген мәселелерге баса назар аударыла бастағанын мойындады; министрлер Тұрақты 

даму мүддесінде білім беру туралы мєлімдемені мақұлдады.  

 

20.  Олар  µзгерістердіњ  шешуші  факторы  ретінде  білім  беруге  ыќпал  ету  маќсатында 



барлық елдерге бастауыш білімнен жоғары білім беруге дейін және ресми емес білім беру 

мен  оқу  орындарынан  тыс  білім  беру  жүйелерін  ќамтитын  білім  беру  жүйесінің  барлық 




 

6

деңгейіне  т±раќты  даму  т±жырымдамасын  енгізуді  ұсынды.  Олар  Біріккен  Ұлттар 



Ұйымының  Бас  Ассамблеясының  елу  жетінші  сессиясында (2002 жылғы  желтоқсан) 

тұрақты  даму  бойынша  жоғарғы  деңгейдегі  Дүниежүзілік  кездесудің  ұсынысы  бойынша 

жарияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының 2005 жылдан бастап Тұрақты даму мүддесінде 

білім берудің онжылдығын қабылдады және осы бастаманы аймақтық деңгейде таратуда 

жетекші роль атќаруѓа келісті. 

 

21. Осы мақсатта олар БҰҰ ЕЭК-на µз мандатына сєйкес ‡Е¦ жєне  ЮНЕСКО бастаѓан 



Біріккен  ¦лттар  ¦йымыныњ  т±раќты  даму  м‰ддесінде  білім  беру  онжылдыѓын    µткізуге 

ыќпал  ететін  негізгі  бірлестіктерді  ќоса  алѓандаѓы,  барлыќ  тиісті  халыќаралыќ 

±йымдармен с±хбаттастыќты дамыту арќылы ЮНЕСКО жєне Еуропа Кењесімен бірлесіп 

тұрақты  даму  мүддесінде  білім  беру  саласындағы  аймақтық  стратегияны  єзірлеу 

ж±мыстарын ж‰ргізуді ±сынды.   

 

22.  Осылайша  Стратегияда  аймақта  және  дүние  жүзінде  жинақталған  тәжірибе  ±тымды 



пайдаланылады  және  «Қоршаѓан  орта  Еуропа  ‰шін»  атты  министрлердің  бесінші 

конференциясында  ұсынылған  БҰҰ  ЕЭК-ның  тұрақты  даму  мүддесінде  білім  беру 

стратегиясындағы негізгі элементтерді пайдалану арќылы тұрақты даму мүддесінде білім 

беру  туралы  Мєлімдеменіњ  жалғасы  болады.  Сонымен  ќатар  ол  ЮНЕСКО  әзірлеген 

тұрақты даму мүддесінде білім берудің онжылдығын жүзеге асыру жоспары жобасының 

негізін  салуға  ќосылѓан  ‰лес  болады  және  оның  ережелеріне  сәйкес  Онжылдықты 

аймақтық деңгейде өткізудің негізін қалайды. 

 

 



жүктеу 88,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау