Әдебиеттер:
Негізгі
1. Т.Ш. Шарманов, С.М. Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», 1998 г.
2. С.М. Плешкова, С.А. Абитаева «Обмен веществ и его регуляция», 1993 г.
3. Т.Т. Березов, Б.Ф. Коровкин «Биохимия», 2002 г.
4. Е.А. Строев «Биохимия», 1986 г.
Қосымша
1. Плешкова С.М. и соавт. «Практикум по биологической химии», Алматы, 2003 г.
2. Плешкова и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биологической химии», Алматы, 2003 г.
3. Плешкова С.М., Ерджанова С.С., Абитаева С.А., Петрова Г.И. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии», 2003
№ 8 ОСӨЖ
1.Тақырып: Жай және күрделі белоктардың алмасуы.Асқазан сөлінің биохимиясы.Заттар алмасуының байланысы.Бауыр биохимиясы.
Қан сарысуында белоктар алмасуының соңғы өнімдерін анықтау: мочевина,креатинин,билирубин.Медицинада осы анализдердің маңызы.
2. Мақсаты:
1.Студенттердің * Жай және күрделі белоктардың алмасуы. Заттар алмасуының байланысы.Бауыр биохимиясы* туралы білімін тексеру.
2.Студенттерді белоктар алмасуының соңғы өнімдерін анықтау әдістерімен таныстыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару
2. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
1. Тағам белоктары. Организм үшін белоктардың маңызы. Белоктар алмасуының ерекшеліктері.
2. Асқорыту жолдарындағы белоктардың өзгерістері. Белоктардың қорытылуына қатысатын ферменттер.
3. Асқазан сөлі, асқазан сөлінің физика-химиялық қасиеттері, патология кезіндегі өзгеруі.
4. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы, патологиялық құрамдас бөліктерінің пайда болу себептері.
5. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі, оның патология кезіндегі өзгеруі.
6. Белоктардың ішекте шіруі. Белоктардың шіру өнімдерін залалсыздандыру орны мен әдістері.
7.Амин қышқылдарының сіңірілуі, олардың жасушада пайдаланылуы.
8. Сіңірілген амин қышқылдарының пайдаланылуы.
9. Қайта аминдену, тотықсыздана аминдену. Осы үрдістерге қатысатын ферменттер. Аминотрансферазалардың құрамына қандай витамин кіреді?
10. Креатин, креатинфосфат түзілуі, маңызы.
11. Амин қышқылдарының дезаминденуі. Дезаминдену түрлері, осы үрдістің маңызы.
12. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі.
13. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы.
14. Организмде аммиактың түзілуі, оның қолданылу және залалсыздану жолдары.
15. Амидтену, дезамидтену, осы үрдістердің өтетін орны, маңызы.
16. Мочевина синтезі, үрдістің өтетін орны, маңызы, ҮКЦ-мен байланысы.
17. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдердің түзілуі. Серотониннің, гистаминнің, гамма-аминомай қышқылының, бета-аланиннің маңызы.
18. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі.
19. Гемоглобин, синтезі туралы түсінік, гемоглобин гемінің химиялық табиғаты.
20. Гемоглобиннің ыдырауы.
21. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі.
22. Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.
23. Нуклеопротеидтердің алмасуы, түсінік. Нуклеопротеидтердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра.
24. Белоктар мен көмірсулардың, көмірсулар мен липидтердің, белоктар мен липидтердің бір-біріне айналуы.
25. Бауыр биохимиясы, оның атқаратын қызметтері.
26.Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі.
27.Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
28. Өттің түзілуі.
29.Өттің құрамы, өттің түрлері, маңызы.
30.Бауырдың залалсыздандыру қызметі, улы заттардың залалсыздандыру механизмдері.
31. Амин қышқылдарының катаболикалық реакциялары: дезаминдену және декарбоксилдену.
32. Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтау әдісінің принципі, қалыпты көрсеткіштер.
33.Асқазан сөлінің фракциялық әдіс бойынша зерттеу.
а) асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерін ашатын сапалық реакциялар.
б) НСІ-дың дебит-сағаты деген не? Ол қалай есептеледі?
34. Қан сарысуындағы мочевинаны, креатининді, билирубинді анықтау әдістерінің принциптері. Қалыпты көрсеткіштері. Оларды анықтаудың клинико-диагностикалық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |