БИОЛОГИЯ ІІ НҰСҚА
1. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі:
A) Гүлтабан B) Гүлсерігі C) Тостағанша D) Аналық E) Күлте
2. Раушангүлділердің жемісі:
A) Бұршаққап. B) Дәнек. C) Көп сүйекті жаңғақ D) Тұқымша E) Бұршаққын.
3. Кепкенде түсі ағарып кететін мүк:
A) Көкек мүгі B) Плаун C) Шымтезек мүгі D) Ламинария E) Жасыл мүк .
4. Кебісшенің қозғалуы:
A) жалған аяқтарымен B) жиырылғыш вакуольмен C) кірпікшелерімен
D) талшықпен E) ас қорыту вакуолі арқылы
5. Жынысты көбею процесіне қатысатын жасушалар:
A) аталық және аналық B) атпа C) ішкі қабаты D) тек қана аналық E) дене
6. Ақ сұламаның аналық безінің орналасқан жері:
A) Дененің артқы бөлігі. B) Дененің бүйірінде. D) Дененің ортаңғы бөлігі.
E) Дененің құйрық бөлімі. C) Екі денешік ретінде дененің алдыңғы жағы.
7. Адам жасушасының ядросындағы хромосом саны-
A) 46. B) 16. C) 36. D) 6. E) 8.
8. Ми бағанасынан тарайтын жүйке саны:
A) 6 жұп B) 5 жұп C) 12 жұп D) 8 жұп E) 10 жұп
9. Қаңқа бұлшық етінің құрылысы тұрады:
A) бірыңғай салалы бұлшық ет және жекеленген көлденең жолақты бұлшық еттен
B) жекеленген көлденең жолақты бұлшық еттен
C) бірыңғай салалы бұлшық ет шоғырынан
D) көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары шоғырынан
E) көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары шоғыры мен бірыңғай салалы бұлшық еттен
10. Жүректің кіші қанайналым шеңбері басталатын бөлігі:
A) Сол жақ құлақша. B) Оң жақ қарынша. C) Сол жақ қарынша.
D) Оң жақ құлақша. E) Қолқа.
11. Жоғары температурада және қысымда:
A) Вирустар қырылады. B) Зат алмасу процесі төмендейді. C) Вирустар көбейеді.
D) Бактериялар көбейеді. E) Лейкоциттер көбейеді.
12. Рибосоманың атқаратын қызметі:
A) Қоректік заттарды тасымалдайды B) АТФ жасайды E) Ақуызды синтездейді
C) Органикалық заттарды қорытады D) Фотосинтезге қатысады
13. ДНҚ тізбегіндегі азотты негіз Аденинге қарама қарсы нуклеотид:
A) аденин B) тимин C) уроцил D) гуанин E) цитозин
14. Кроссинговер дегеніміз:
A) жыныс жасушаларының пайда болуыB) жасушаның айқас бөлінуі
C) гомологиялық хромосоманың бір-бірімен тығыз жанасуы
D) хромосоманың спиральды ширатылуы
E) гомологтық хромосомалардың бөліну кезінде айқасуы
15. Сыртқы және ішкі ортада байқалатын хромосомадағы өзгергіштік:
A) Кроссинговер B) Реакция нормасы .C) Өзгергіштік. D) Мутация E) Модификация.
16. Физиологиялық критерийдің негізгі ерекшелігі:
A) Нақты түрге тән хромосомалар жиынтығы. B) Ағзаның сыртқы белгілерінің жиынтығы.
C) Түрдің таралған белгілі бір аймағы. D) Ағзалардың тіршілік әрекеттері мен қасиеттері.
Е ) Сыртқы орта факторларының жиынтығы
17. Қасқырдың бөкенге шабуылы:
A) Жыртқыштық. B) Бәсекелестік C) Паразиттік. D) Селбесу. E)Арамтамақтық
18. Үш түбірлі тістер:
A) Үстіңгі азу B) Астыңғы азу. C) Иттіс. D) Күректіс. E) Ауру тістер.
19. Теріні түзетін ұлпа:
A) Жүйке. B) Бұлшықет C) Шел. D) Дәнекер. E) Эпителий.
20. Есту мүшесінің толтырылған сұйықтық қуысы
A) Сыртқы құлақ қуысы. B) Ортаңғы құлақ қуысы C) Самай сүйегіндегі қуыс.
D) Ішкі құлақ қуысы. E) Құлақ қалқаны.
|