Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет35/44
Дата04.12.2017
өлшемі1,48 Mb.
#2915
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44

                            ИС BestProfi©

 

 



 

69 


 

73.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқудың  толық  курсын 

меңгерген,  бірақ  ғылыми-зерттеу  компонентін  орындамаған  магистрантқа  келесі  оқу 

жылында  ақылы  негізде  ғылыми-зерттеу  компонентінің  кредиттерін  қайта  игеруге  және 

диссертацияны қорғауға мҥмкіндік беріледі.

 

74.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасы  теориялық  оқытуының  толық  курсын 



меңгерген, бірақ белгіленген мерзімде магистрлік диссертациясын қорғамаған магистрантқа 

магистратурада оқу мерзімі ақылы негізде ҧзартылады.

 

75.  Жоғары  оқу  орны  магистратураның  оқу  процесін  алынған  лицензияға  сәйкес 



ҧйымдастырады  және  білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  қойылатын  біліктілік 

талаптарын сақтауы тиіс.

 

76.  ЖОО  білім  беру  қызметін  тиісті  материалдық-техникалық  базамен,  білікті 



профессорлар-оқытушылар  қҧрамымен,  кітапхана  қорымен,  Интернет  және  басқа  да 

ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген магистранттарды жатақханамен және 

басқа да қолдау қызметімен қамтамасыз етеді.

 

77. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:



 

Магистратураның  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыратын  жоғары  оқу  орнында 

қолданыстағы  санитарлық-техникалық  нормаларға  сәйкес  келетін  және  оқу  жоспарында 

кӛзделген теориялық және практикалық дайындықтың барлық тҥрлерін жҥргізуді, сондай-ақ 

магистранттың  ғылыми-зерттеу  және  эксперименталды-зерттеу  жҧмыстарының  нәтижелі 

орындалуын  қамтамасыз  ететін  материалдық-техникалық  базасы  (аудиториялық  қор, 

компьютерлік сыныптар, зертханалар, қҧрал-жабдықпен қамтамасыз ету, қор материалдары) 

болуы тиіс.

 

78. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:



 

1)  Оқу  процесін  оқу-әдістемелік  және  ақпараттық  қамтамасыз  ету  магистранттардың 

магистратураның білім беру бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс.

 

2) Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды 



деректер  қорларына,  кітапхана  қорларына,  компьютерлік  технологияларға,  оқу-әдістемелік 

және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу мҥмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.

 

3)  Кітапхана  қоры  мен  электронды  және  магнитті  тасымалдаушылардағы  оқу 



әдебиеттерімен  қамтамасыздандыру  білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  қойылатын 

біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

79. Практикаларды ҧйымдастыруға қойылатын талаптар:



 

Ғылыми  және  педагогикалық  магистратурадағы  білім  беру  бағдарламасына 

практиканың екі тҥрі кіреді:

 

1) білім беру ҧйымдарында ӛткізілетін педагогикалық практика;



 

2) диссертацияны орындау орны бойынша ӛткізілетін зерттеу практикасы.

 

Педагогикалық  практика  оқытудың  практикалық  дағдылары  мен  әдістемесін 



қалыптастыру мақсатында ӛткізіледі.

 

Педагогикалық  практика  теориялық  оқыту  кезеңінде  оқу  процесінен  қол  ҥзбей 



ӛткізіледі. Осы ретте магистранттар бакалавриатта сабақ жҥргізуге тартылуы мҥмкін.

 

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, 



әдіснамалық  және  технологиялық  жетістіктерімен,  ғылыми  зерттеудің,  эксперименталды 

деректерді  ӛңдеу  мен  интерпретациялаудың  қазіргі  әдістерімен  таныстыру  мақсатында 

жҥргізіледі.

 

Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы ӛндірістік практиканы қамтуы тиіс.



 

Магистранттың  ӛндірістік  практикасы  оқу  процесінде  алған  теориялық  білімін  бекіту, 

оқып жатқан мамандығы бойынша кәсіптік қызмет дағдыларын, қҧзыреттері мен тәжірибесін 

жинақтау, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында ӛткізіледі.

 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

70 


 

Зерттеу/ӛндірістік  практиканың  мазмҧны  диссертациялық  зерттеу  тақырыбымен 

анықталады.

 

80. Магистранттың ғылыми-зерттеу жҧмысына қойылатын талаптар:



 

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жҧмысы:

 

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;



 

2) ӛзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығының болуы;

 

3)  ғылым  мен  практиканың  қазіргі  теориялық,  әдістемелік,  технологиялық 



жетістіктеріне сҥйенуі;

 

4) ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерін қолдану арқылы орындалуы;



 

5)  негізгі  қорғалатын  ережелер  бойынша  ғылыми-зерттеу  (әдістемелік,  практикалық) 

бӛлімдерінің болуы;

 

6)  тиісті  білім  беру  саласындағы  алдыңғы  қатарлы  халықаралық  тәжірибеге  негізделуі 



тиіс.

 

81. Магистранттың эксперименталдық-зерттеу жҧмысына қойылатын талаптар.



 

Бейіндік магистратурадағы эксперименталдық-зерттеу жҧмысы:

 

1) магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемасына сәйкес келуі;



 

2)  ғылым  мен  техниканың,  ӛндірістің  қазіргі  жетістіктеріне  негізделуі  және  нақты 

практикалық ҧсынымдарды, басқарушылық міндеттердің ӛзіндік шешімдерін қамтуы;

 

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;



 

4)  негізгі  қорғалатын  ережелер  бойынша  эксперименталды-зерттеу  (әдістемелік, 

практикалық) бӛлімдерінің болуы тиіс.

 

82. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жҧмыстарының нәтижесі ӛтілуіне 



қарай әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі тҥрінде ресімделеді.

 

МҒЗЖ  (МЭЗЖ)  шеңберінде  магистранттың  жеке  жҧмыс  жоспарында  міндетті  тҥрде 



шетелдік ғылыми тағылымдамадан ӛтуі қарастырылады.

 

83.  Магистранттың  ғылыми-зерттеу  немесе  эксперименталды-зерттеу  жҧмысының  ең 



соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады.

 

84.  Магистрлік  диссертацияның  негізгі  нәтижелері  ең  кемі  бір  жарияланымда 



және/немесе ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында кӛрінуі тиіс.

 

85.  Магистрлік  диссертацияның  мазмҧны  мен  ресімделуіне,  оның  дайындалуы  мен 



қорғалуына қойылатын талаптарды жоғары оқу орны ӛзі анықтайды.

 

86.  Магистрлік  диссертация  міндетті  тҥрде  плагиатқа  тексерілуден  ӛтуі  тиіс,  мҧндай 



тексерісті жҥргізу қағидалары мен тәртібін жоғары оқу орнының ӛзі анықтайды.

 

87.  ЖОО-ның  кадрлық  қҧрамына  қойылатын  талаптар  лицензиялау  кезінде  білім  беру 



қызметіне қойылатын біліктілік талаптарымен айқындалған.

 

ЖОО  оқытушысы  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларының  талаптарын  ҧстанған 



жағдайда  оқу  сабақтарын  ҧйымдастыру  мен  ӛткізудің  әдіс-тәсілдері  мен  нысандарын, 

оқытудың әдістерін еркін таңдауға қҧқылы.

 

88.  Магистратураға  оқуға  қабылданғаннан  кейінгі  екі  айдың  ішінде  магистрлік 



диссертацияға жетекшілік жасау ҥшін ғылыми жетекші тағайындалады.

 

Ғылыми  жетекші  және  магистранттың  зерттеу  тақырыбы  ғылыми  кеңес  шешімінің 



негізінде ЖОО ректорының бҧйрығымен бекітіледі.

 

Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы 



саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді тҥрде 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау