УДК 378
Орынбаева Н.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Үшінші мыңжылдық кезеңі, яғни XXI ғасыр ақпарат ғасыры деп аталады. Бұлай аталуы тегіннен тегін емес. Қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпарат алынып, ол оның ең анықтаушы рөлін атқаратын болды. Ақпарат стратегиялық ресурсқа айналып, бұрынғыдай еңбек пен табиғи қорлар құны негізге алынбай, бұдан былай білім құны ең негізгі байлық болып санала бастады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар: электронды оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен әртүрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар жатады. Соңғы жылдары отандық жоғары оқу орындары жаңа белесті бағындыруға жұмылып отыр. Олар:
Болон үдерісіне толық қосылу;
шетелдік студенттерді тарту үшін білім берудің тиісті сапасын қамтамасыз ету;
қазақстандық оқу орындарында жұмыс істеуге шетелдік жетекші ғалымдарды шақыру;
қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыру;
шет елдің жоғары оқу орындарымен ғылыми-зеттеу жұмыстары саласындағы байланыстарды күшейту.
Сонымен бірге жоғары оқу орындары қызметтерінің барлық түріне инновациялар енгізу міндеті тұр. Ол үшін инновациялық технологиялар мен интерактивті оқу формаларын кеңінен таратып, университет аудиторияларын ізденіс, шығармашылық, сұхбат алаңына айналдыру көзделген.
Бүгінгі таңда оқыту құралдарының нарығы білім беру мекемелеріне білім сапасын арттыру мақсатында түрлі құрал-жабдықтарын ұсынады, олардың ішінде интерактивті технологиялар арқылы оқыту құралдары алдыңғы қатарды алатыны сөзсіз. Олар білім беру сегментінің жаңа мүмкіншіліктерін ашып, оқытуда инновациялық жобалардың әрі қарай дамуының үлкен потенциалы бар екенін дәлелдей алады. Интерактивтік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.
Мысалы, мектептің ата-аналармен байланысын нығайту үшін мектептің on-line журналы мен оқушының интерактивті күнделігі өңдеу арқылы ұйымдастыруға болатыны бүгінгі таңда ешкімді таң қалдырмайды. Ал егер де бұл ұсыныс жекелеген мектептердің оқытушыларының жекелеген идеясы деп санайтын болсақ, онда білім берудегі интерактивті технологиялардың басқа түрлері мен әдістері бұрыннан белгілі және қолданыста, мысалы модерация әдісі, топтық жұмыс, нақты ситуацияны талдау, іскерлік ойындар, т.с.с. Интерактивтік оқу технологиясы – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Бүгінгі таңда интерактивті тақтаны, проектор мен компьютерді және түрлі мәтіндер мен аудио және бейнежазбалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы программалық жабдықтарды қолдану республиканың көптеген білім беру орындарында кеңінен таралған.
Білім алушылар да оқытушылар да оқу урдісінде жаңа интерактивтік құралдарды пайдаланылғанын тиімді деп бағалайды. Бастауыш мектептерде (мектептер, колледждер, гимназиялар) оқыту көрнекі және қызықты өтетін болды, ал орта және жоғарғы білім беру орындарында дәріс берудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Білім берудегі интерактивтік технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - білім алушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Бүгінгі таңда интерактивті технологиялар нарығы тұрақты түрде қалыптасқан деп айтуға болады. Нарықтағы компаниялар бизнеске, білім беруге, медицинаға және басқа салаларға да арналған түрлі технологиялар ұсынады. Нарықта толығымен тапсырыс берушілердің талаптарына бағытталған компаниялар да пайда бола бастады, демек бұл - интерактивтік технологиялардың әрі қарай қарқынды дамуына қосымша импульс беретінін көрсетеді. Енді бұл компаниялардың жұмысы олардың клиенттерінің фантазиясы мен бюджетіне байланысты. Дүние жүзі бойынша интерактивтік құрал-жабдықтарын жасаушы алдыңғы қатарлы компаниялар Promethean (Ұлыбритания, Activboard интерактивтік тақталары (ИТ)), Interwrite Learning (АҚШ, Interwrite™ Board ИТ), SMART Technologies Inc. (Канада, SMART Board), Hitachi (Жапония, Hitachi Starboard ИТ), Polyvision (Корея, PolyVision ИТ), Panasonic (Жапония, Panasonic Panaboard көшіретін ИТ және т.б.) ұсынған арнайы программалық жабдықтары интерактивтік құралдарды басқару мен қатар дәріс беру барысында ескертпелерді жасауға және басқа да көптеген функциялар арқылы жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Оқушылар да оқытушылар да лекция конспектінің кез келген жеріне қайтып баруға немесе басқа сабақтағы материалдарды жедел түрде іздеп, көруге болады. Осындай оқу материалдарының елеулі ерекшелігі болып оларды тиімділігі: оқытушы сабақ өту барысында тек тереңірек түсіндіруді және қайталауды талап ететін материалдың жекелеген фрагменттеріне аса назар аударып, білімгерлерге есінде қалатындай етіп компьютерлік технологиялар арқылы оңай көрсетілетін көрнекі бейнелер, дыбыстар немесе схемалар сияқты формада оқытудың мазмұны ұсынады. Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне білім алушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Әлемде бірінші интерактивтік тақтаны 1991 жылы SMART Technologies Inc. компаниясы ұсыныған болатын және де осы тақталардың бірінші пайдаланушылары - мектеп оқытушылары болды. Интерактивтік тақтаның толық комплектіне кіретін 4 компоненті бар: мультимедиялық проектор; сәйкесінше болатын бағдарламалық жабдық; және интерактивтік тақта. Компьютердің мониторындағы бейнелер проектор арқылы интерактивті тақтаға беріледі, ал тақтаның бетіне жанасу кабель арқылы немесе байланыстың сымсыз интерфейсі арқылы қайта компьютерге жіберіліп, арнайы программалар арқылы өңделеді. Интерактивтік тақталар негізгі көрсеткіштері бойынша тікелей және кері проекциялау мүмкіндіктері бар болып бөлінеді. Тікелелй проекциялауда проектор интерактитвті тақтаның алдында қойылады, кері проекциялауда тақтаның артына орналастырылады. Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі білім алушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Білім алушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады. Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдарды түрлі – түсті айқын, ұқыпты, динамикалық түрде білім алушыларға жеткізу. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. Сабақтың өнімділігі артады. Білім алушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді Интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен білім алушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды оқу үрдісінде пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: Пән бойынша базалық білімді меңгеру, алған білімді жүйелеу; Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану; Фактiлердi есте сақтау, құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну; Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру. Білім алушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және білім алушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Ж. Аймауытовтың: «Баланың ынтасын арттыру үшін, оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек» деп айтқанын ескерсек, танымдық іс-әрекеттердің қозғаушы күші, қызығушылықты тудыратын - компьютердің, электронды оқулықтың, интерактивті тақтаның ролі оқушылар үшін ерекше екені түсінікті. Білім алушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті оқыту технологиясын пайдалану әр білім алушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: оқытушы – білім алушы, оқытушы – аудитория, білім алушы – аудитория, білім алушы – білім алушы,), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқытуда интерактивті технологиялармен байланыста болуы керек. Сондай-ақ білім беру процесінде интерактивтік технологиялар құралдарын пайдалану өсер ұрпақтың білім деңгейін жоғарылатып, ақпараттық технологиялар дәуіріне сай кәсіби мамандарды даярлауда тиімділігі зор болады.
Әдебиет
Интерактивные технологии в образовании// учебно-методический комплекс// Российский государственный гуманитарный университет. – Москва, 2005. – 21с.
Я.Петин. Новые интерактивные технологии сегодня. www.pricenews.ru/articles/.../spasinfo.htm
Достарыңызбен бөлісу: |