Белгілеу тілі туралы түсінік. Белгілеу тілі – бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі – символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.
«Белгілеу» (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі «marking up» сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді. «Белгілеу» сөзі сонау дәстүрлі баспахана тәжірибесінде қолданылып, баспаға жібермес бұрын арнайы шартты белгілер мен таңбалар арқылы қолжазбаға түзетулер енгізуді білдірген.
Достарыңызбен бөлісу: |