Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет56/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Педагогикалық 
тәсіл 
Бағалау 
Кері байланыс 
Ассоциативтік
Ұғымдар мен құзырет-
тер микродеңгейде және 
макродеңгейдің міндет-
терімен үйлестіріле баға-
ланады.
Бейімделуге қиын дағдыларға 
баса назар аударатын және тұжы-
рымдамалық түсініктегі сарапшы-
лармен кері байланыс; білім мен 
дағдыларды игеруге арналған 
интерактивті орта.
Конструктивтік
Тәжірибе мен зерттеу 
жүргізу, ізденіс зерттеу 
жұмыстарына негізделген 
жаңалықтар ашу және 
міндеттерді жүзеге асыру 
бойынша бағалау.
Рефлексия және өзін-өзі бағалау 
нәтижесінде туындайтын өзіндік 
кері байланыс; өзін-өзі тексеру 
мүмкіндігі бар интерактивті орта
Әлеуметтік-
конструктивтік
Идея алмасуды талап 
ететін ынтымақтастық 
пен өзара бірлесіп шешуге 
негізделген тапсырма-
лар. Білім алушылардың 
бағалау тапсырмаларын 
әзірлеуге қатысуы.
Бірлесіп жұмыс істеу мен сұхбат 
нәтижесінде болатын курстастар-
мен кері байланыс; студенттер 
арасында идеялармен алмасуға 
және кері байланысқа ынталан-
дыратын интерактивті орта.
Жағдаяттық
Кәсіби мәнмәтіннің нақты 
немесе модельденген 
жағдайындағы тұтас баға-
лау. Әлеуметтік үрдістерге 
енгізілген ізденіс зерттеу 
қызметіне және бағалауға 
қатысу.
Көптеген орындардан алынған 
әлеуметтік кері байланыс; нақты 
жағдайларда алынған кері бай-
ланыс; кәсіби тәжірибеге беретін 
интерактивті орта.
6-кесте. 
Педагогикалық тәсілдер және бағалау мен кері байланыс тәсілдері 
(JISC материалдары бойынша, 2010)


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
109
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Әдетте бағалау көбінесе курстың, бағдарламаның немесе басқа 
оқу блогының соңында студенттердің үлгерімін бағалайтын жиын-
тық үрдіс ретінде қарастырылады. Оқуды бағалаудың бұл тәсілі, не-
гізінен, тиімді кері байланыс немесе студенттің құрылымдық, реф-
лексиялық әрекет жасауына көп мүмкіндік бермеді. «Оқыту үшін 
бағалау» тәсілі бағалауды оқу үдерісінің ажырамас бөлігі етеді. Бри-
тандық «Бағалауды реформалау тобы»
77
зерттеушілер құрамы «Оқы-
ту үшін бағалау» тәсілін студенттердің оқу үдерісінде өздерінің қай 
жерде екенін, оқу барысында бұдан кейін қай бағытта жүру керек-
тігін және оған қалай оңай жетуге болатынын табу үшін қолдануға 
болатын дәлелдер іздеу және түсіндіру үрдісі деп тапты. Қалыпта-
стырушы кері байланыс оқыту үшін бағалаудың негізінде жатыр. 
Қалыптастырушы бағалау тәжірибесін дамыту үшін сыныпта жиі 
қолданылатын стратегияларға мыналар жатады:
• кері байланысты сәттіліктің нақты критерийлеріне шоғы-
рландыру, студенттерге қол жеткізген жетістіктері туралы, 
атап айтқанда, өздерінің дағдылары мен оқу тәжірибесін қай-
да және қалай жетілдіруге болатындығы туралы хабарлау;
• студенттер арасындағы өзара кері байланысты жетістіктерді 
және оны жетілдіруге болатын салаларды анықтау үшін пай-
далану;
• студенттерді өзін-өзі бағалауға қызықтыру, ол өзін-өзі бақы-
лау, тексеру және рефлексиядан тұрады;
• жиынтық бағалауды қалыптастырушы бағалау (оқыту үшін 
бағалау) мақсатында пайдалану.
77
Assessment Reform Group (2002). Assessment for Learning: 10 Principles. London, Assessment Reform 
Group

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау