Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет39/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Неғұрлым мағыналы және маңызды халықаралық стандарттар-
ды, оның ішінде Болон үдерісінің нұсқаулары мен дескрипторларын, 
тиісті аккредиттеу агенттіктерінің талаптарын, салыстырмалы 
халықаралық университеттердің стандарттарын (жоғары оқу орнын 
дамыту модельдері ретінде қабылданатын) және басқа да сапа крите-
рийлерін анықтаңыз. Осы халықаралық стандарттарды зерттегеннен 
кейін олар сіздің білім беру бағдарламасын жобалау үдерісін ақпарат-
тандыратынына көз жеткізіңіз.
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Әлеуметтік контекст пен барлық студенттердің (жергілікті 
және шетелдік студенттер, сондай-ақ айрықша қажеттіліктері бар 
студенттер) қажеттіліктерін ескере отырып, бағдарламаңыздың ди-
зайнын мәнмәтінге келтіріңіз.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
78
• Бакалавр дәрежесі: 240 ECTS; әдетте үш-төрт жылдық оқу;
• Магистр дәрежесі: 90-120 ECTS; әдетте бір-екі жылдық оқу;
• Доктор дәрежесі: ECTS қажет емес.
Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасында әдетте 
оқыту пәні, бағдарламаның деңгейі, оның мақсаттары (міндеттері), 
оқытудың негізгі көзделген нәтижелері, оқыту ортасы, сондай-ақ 
бағдарламада қолданылатын оқытудың, білім берудің және баға-
лаудың негізгі әдістері мен тәсілдері ұсынылады. Бағдарламаның 
сипаттамасында оның айрықша ерекшеліктері көрсетілуі тиіс. Сту-
денттер мен мүдделі тараптарға түлектерді жұмысқа орналасты-
ру әлеуетімен бірге қандай жалпылама және пәндік ерекше білім 
алатыны, қандай дағдылар мен кәсіби қасиеттер қалыптасатыны 
жөнінде түсіндірме берген жөн. Ең дұрысы, бағдарламаның сипат-
тамасын тиісті мүдделі тараптармен (оның ішінде түлектермен 
және студент өкілдерімен) кеңесе отырып жасаған жөн. Бағдар-
ламаның жалпылама сипаттамасы нақты және күрделі емес үлгіде 
ұсынылуы тиіс.
Бағдарламаны жобалау үдерісінің осы кезеңінде оқыту үлгісі 
көрсетілуі қажет. Мұнда күндізгі немесе сырттай оқыту екендігін, 
қажет болған жағдайда онлайн немесе аралас оқыту режимдері 
екендігін көрсете аласыз. Қажет болған жағдайда ECTS баламала-
ры есепке алынуы керек.

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау