Халі ауыр НАУҚАСТЫҢ Ауыз қуысын күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың уылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 2 науа, 2 пинцет, тіл ұстағыш, ауыз кергіш, дәке салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәрізді баллонша немесе Жане шприці, мензуркалар, вазелин, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакон, сүлгі, ішінде суы бар стакан, қолданылған заттарды салатын науа, қолғап, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.
Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына науаны қойыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқастан тістерін қабыстыруын өтініңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).
Науқастың ұртын шпательмен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын пинцетпен алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз.
Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.
Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді жоғарығыдай ізбе-ізділікпен алдымен сол жақтың ішкі бетінен бастап, сосын оң жақтың ішкі бетінде дәке тампондарын ауыстыра отырып, өңдеңіз.
Тілді залалсыздандырылған дәке сафеткамен орап, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен абайлап оны ауыздан тартыңыз. Шпательге ораған дәке салфеткамен тілдегі бозамықты 2-3 рет салфетканы ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.
Дәке салфетканы антисептикалық ерітіндіге сулап халі ауыр науқастың тілін тіл түбірінен ұшына дейінгі бағытта тазартыңыз.
Пинцетті , шпательді, тіл ұстағышты өңделген материалдарға арналған науаға салыңыз.
Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайдырыңыз. Ауыз бұрышын шпательмен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.
Ауыз айналасындағы теріні құрғақ салфеткамен сүртіңіз, залалсыздандырылған салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.
Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, салфеткаларды, қолғапты ҚЖКЖК - ға салыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:
ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастын жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;
халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.
Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |