15-БИЛЕТ
1)материалдық мәдениет- қазақ халқының материалдық мәдениетіне өндірістің өндірістің әртүрлі құралдары, баспана, киім-кешек, әшекейлер, қару-жарақ, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар, ыдыс аяқ және тб тұрмыстық заттар жатады. Тұтастай алғанда адам қызмеиінің нәтижесі болып табылатын заттарды жатқызамыз. Соның ішінде қазақ халқының дәстүрлі баспанасы-киіз үй. Бұл көшпелілердің жыл бойы көшіп қонуға жарамды тамаша өнертабысы. Киіз үйдің ішкі жабдықтары: сандық, мылтық, сәнді кілем. Төрден оңға қарай:ер-тұрман, ат әбзелдері, қару, аспаптар. Төрден солға қарай:әйел заттары.Яғни қазақ халқының дәстүрлі қолөнерлері, ағаш өңдеу арқылы еңбек құралдары, зергерлік бұйымдар, сәндік қолданбалы өнерлері, ою өрнек
Рухани мәдениет-дін, наным-сенім, салт-дстүрлер, эпикалық дастандар: Ер тарғын, Қыз Жібек, Еңлік Кебек,Қозы көрпеш Баян сұлу, дстүрлі мерекелер, халық әндері, ертегі , мақал-мәтел.
2)Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз.
Қазақстанның киелі жерлеріне діни ғибадат орындары: Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорықмұражайы, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Арыстан Баба, Бекет ата кешені сияқты ұлттық мақтаныш орындарын жатқызуға болады. Екінші мысал - Баянауыл мен Шығыс Қазақстан облысындағы үңгірлер, Алатау таулары, Алтайдағы Белуха тауы, Ұлытау. Бұл қасиетті орындар тарихи мақтаныш. Сондай-ақ Қазақ хандығының ірі ортағасырлық қалалары мен астаналары Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық, Тараз. Бір ескерткішке тоқталсақ, онда Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХV ғ) Айша биге арналған кесененің құрылысы туралы аңыздармен байланысты. Аңыз бойынша, Айша бибі қайтыс болғаннан кейін оның күтушісі Бабаджа хатун оның қамқоршысы болады, ал қайтыс болғаннан кейін оны қыздың кесенесінен жиырма қадам жерде жерлейді. Адал әйел үшін арнайы кесене тұрғызып, оны Бабаджа хатун кесенесі деп атады. Бұл екі ғимарат қажылық жасайтын мұсылмандар үшін керемет ескерткіштер мен қасиетті орын. Бүгін кесенеге әйелдер ерлі-зайыптылық бақыт пен ұрпақ сұрап келеді.АЛАША ХАННЫҢ КЕСЕНЕСІ Бұл мазарды ұсталар ХІ-ХІІ ғасырларда Алаша ханға арнап тұрғызыпты-мыс. Оның есімі қазақ халқының үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандағы ең атақты мазарларының бірі Қаракеңгір өзенінің сағасында, Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Малшыбай ауылының жақын маңында орналасқан.ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ. Моңғол дәуіріне жатқызылатын Жошы хан кесенесі ХІІ-ХІІІ ғасырларда тұрғызылған. Бұл сол дәуірді сипаттайтын ең құнды әрі танымал ескерткіштердің бірі. Кесене Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан. Тұрған жері Жезқазған қаласынан солтүстк-шығысқа қарай 50 шақырымда. Қаракеңгір өзенінің сағасында, оң жағалауынан 2 шақырым жерде.
3.«КСРО-ның 1924, 1936, 1977 жылғы Конституциялары КСРО-ны федералды мемлекет деп жариялады, бірақ іс жүзінде Кеңес одағы унитарлы мемлекет болды» деген пікір бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Жоқ, бұл тұжырым қате деп саналады. Сол кезде елді біртұтас жүйе басқарса да, мемлекет унитарлы емес, федералды болды. Барлық республикалар автономияға ие болды және әркімнің өз конституциясы болды, онда жоғары билік бәрін басқарғанына қарамастан өз заңдары болды. Ең біріншіден КСРО унитарлы мемлекет екенін түсінгеніміз жөн. КСРО-Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет.1917 жылғы Конституцияға сәйкес, КСРО бiртұтас одақ, көп ұлтты және социалистiк мемлекет болып жарияланды.КСРО Ресей КФСР, Украин КСР, Беларусь КСР және Закавказ СФСР бiрiгуі жолымен 1922 жылдың 30 желтоқсанында құрылды.Конституциясы бойынша егемендi мемлекет болып табылған (әртүрлi жылдарда одақтас республикалардан тұрды; әрбiр одақтас республиканың одақтан еркiн бөлiнiп шығу мүмкіндігі сақталынды.Одақтас республика шет мемлекеттермен қатынасқа шығып, келiсiм-шарттарымен тұжырымдап , дипломаттық және консулдық өкiлдермен ауысып, халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысуға құқығы болды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады.Елде қатты орталықтандырылған әрі милитаризацияланған тоталитарлық режим орнады. Бұл жүйе елді жедел түрде модернизациялауға және басқа мемлекеттердегі рев. қозғалыстарды қолдауға қызмет етті. Ауыл шаруашылығында шаруаларды зорлықпен ұжымдастыру және ұсақ меншік иелерін (кулактарды, орта шаруаларды, ауыл байларын, тб) тәркілеу халықты жаппай ашаршылыққа ұшыратты. 1934 жылдың соңында КСРО бойынша жаппай саяси қуғын-сүргін басталды.1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді.1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады.Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. КСРО-ны федеративті мемлекет екендігін осыданақ біле аламыз!
|
Достарыңызбен бөлісу: |