Бүгін біз қауіпсіздік кодтарының бірі туралы айтамыз.
Көгілдір коды пациенттерге, келушілерге немесе медициналық ұйымның қызметкерлеріне шұғыл көмек көрсету қажет болған кезде медициналық ұйымда пайдаланылатын кодтардың бірі.
Медициналық ұйымда Көгілдір кодын ұйымдастыру үшін мыналар қажет:
Бірініші, жүрек-өкпе реанимациясын көрсету тәртібін сипаттайтын Көгілдір коды нұсқаулығын әзірлеу және бекіту.
Екінші, қызметкерлерді базалық реанимациялық көмек көрсету шараларына келесі қатынаста оқыту:
100% медицина қызметкері (дәрігерлер, орта медициналық персонал және кіші медициналық персонал)
50% әкімшілік персонал
50% медициналық емес персонал (әкімшілік персонал, техникалық персонал және басқалар).
Сондақ-ақ, бұл аутсорсинг, үй-жайды жалға алушы сияқты 50% келісімшарттық қызметкерлер және басқалар.
Үшінші, тереңдетілген реанимациялық көмек шараларына оқытылған Көгілдір командасы мүшелерінің құрамын анықтау. Мысалы, құрамына дәрігер анестезиолог кіруі мүмкін, бір немесе екі медбике (анестезист немесе палаталық) және бір санитар. Дәрігер команданың көшбасшысы болып табылады. Команда жұмысын басқаруы тиіс дәрігер команданың көшбасшысы болып табылады.
“Көгілдір коды” туындаған кезде әрбір мүшесі өз міндеттерін қатаң сақтайды!
Төртінші, бөлімшеден тыс реанимациялық іс-шараларды көрсету үшін қажетті заттардың болуы тиіс. Жасына сәйкес халықаралық және ұлттық ұсынымдарға сәкес реанимациялық чемодан немес дәрілік мен ММБ бар арба.
Дефибриллятор және оттегі баллоны реанимация бөлімшесіне кіре берісте немесе басқа оңай қолжетімді жерде болуы тиіс. Күнделікті аусымды тапсыру кезінде медбике, анестезист немесе палаталық медбике бекітілген тізбеге сәйкес ДЗ мен ММБ бар чемоданның ішіндегілердің дайындығын күн сайын тексеруі қажет. ДЗ және ММБ-ны ауыстыру немесе толықтыру кезінде Толықтыру журналы жазылады.
Таспаны басып шығару және дефибрилляторды тексеру журналына белгі қою арқылы дефибрилляторды тестілеу. Оттегі балонының қорын тексеру.
Көгілдір кодын белсендіру келесідей орындалады:
Медициналық ұйымда белгіленген нөмір бойынша диспетчерге өзің немесе жақын тұрған адамнан қоңырау шалуды сұрау.
Диспетчерге “Көгілдір кодын” хабарлау және мыналарды дәл жеткізу қажет:
“Көгілдір коды” командасы келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын орындауды жалғастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |