Безгек Plasmodium қарапайымдылармен шақырылатын, дұрыс интермиттерлеуші қызбамен, анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және аурудың қайталануымен сипатталатын жедел антропонозды трансмиссивті ауру



жүктеу 45,05 Kb.
бет6/13
Дата02.06.2020
өлшемі45,05 Kb.
#30826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
безгек

Диагностикасы.

Безгектің дифференциальды диагнозын висцеральды лейшманиозбен, іш сүзегімен, лептоспирозбен, гриппен, геморрагиялық қызбалармен, вирусты гепатиттермен, иерсениозбен жүргізеді.

Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, аурудың анық клиникалық көріністеріне және зертханалық зерттеулердің деректеріне негізделген.

Эпидемиялогиялық анамнезде:

• ауру басталғанға дейін эндемиялық ошақта болу;

• ауру басталғанға дейін 3 ай бұрын гемотрансфузия, парентеральды манипуляция;

Безгектің диагностикасы безгектің инвазиялық үштігіне негізделеді:

• дұрыс интермитирлеуші қызба – дене қалтырауы, температураның жоғарлауы, терлеу;

• сарғыштану мен бірге дамыған анемия;

• спленомегалия және гепатомегалия;



Паразитологиялық диагностика клиникалық маңыздылығымен қатар, нақты диагноз қоюды қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол эпидемиологиялық қадағалауда да үлкен орын алады. Плазмодияларды және оның түрін анықтау үшін қан препараттарын «жұқа жағындың және «қалың тамшың түрінде Романовский – Гимза әдісін қолданады. Бұл әдістер бір - бірін толықтырады. Олардың артықшылығы да, кемістігі де бар. Негізгі зерттеу әдісі болып «қалың тамшың есептеледі, өйткені бұл әдісте, «жұқа жағындығаң қарағанда, қан 30 – 40 есе көп көлемде зерттеледі, сондықтан паразитті табу мүмкіншілігі әлде қайда мол болады, әсіресе өте төмен паразитемия болғанда. Мұндай жағдай паразит тасымалдаушылық кезде жиі кездеседі.

«Қалың тамшының бекітілмеген (фиксацияланбаған) түрде бояйды, микроскоппен 100 қарау алаңын зерттейді. Плазмодияның ядросы қою - қызыл, цитоплазмасы – көгілдір немесе көк түске боялады. Безгектің барлық түрлерінде, тропикалық безгектен басқалары, “қалың тамшыда” және “жұқа жұғындыда” қоздырғыштың барлық даму кезеңдері анықталады. Тропикалық безгектің асқынбаған кезінде тек қана жас трофозойттар – дөңгелектер және 8 – 10 күннен кейін жартыай тәрізді гаметоциттер анықталады.

Эпидемиологиялық қадағалау мақсаты үшін кейбір серологиялық реакциялар – ЖИФР, ИФТ қолданылады. Қарсыдене 2- 3 ұстамалы қалтыраудан кейін анықталады. Қарсыдененің титрі 4 – 6 жұмадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді. Қайта жұқтыру (реинфекция) болмаса қарсыдене титрі төмендейді және осы төменгі деңгей 2 жылға дейін сақталады. Серологиялық әдіс қан тапсырушылар (донорлар) арқылы безгек қоздырғышын жұқтыртпауды қамтамасыз етуде маңызды. ПТР – диагностикасын да пайдалануға болады, бұл әдіс өте сезімталдықпен және жоғарғы тәнділікпен сипатталады. Сызбада безгектің клиникалық - зертханалық диагностикалау алгоритмі келтірілген.


жүктеу 45,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау