Берикболова у. Д., Умирзакова м. А



жүктеу 147,93 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі147,93 Kb.
#22445


 

ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ ӨҢІРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІ 

ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ 

БЕРИКБОЛОВА У.Д., УМИРЗАКОВА М.А. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

Заманауи  нарықтық  жағдайларда  үй  шаруашылықтары  тұрақты  өзгермелі 

жағдайларға  тез  икемделу  қабілетіне  ие  болу  қажеттілігі  туындады.  Ол  мемлекет 

тарапынан  жан-жақты  қолдау  қажетілігін  айқындайды.  Мемлекеттік  саясат  үй 

шаруашылықтарының  қалыптасуы  мен  дамуына,  оның  ішінде  әсіресе  отбасылық 

репродуктивті  еңбек  пен  отбасылық  кәсіпкерлікке,  жағдайды  қамсыздандырмай,  тек 

әлеуметтік төлемдерді арттыруға бағытталуы мүмкін емес. 

Әлеуметтік және экономикалық бетбұрыстандырулар нәтижесінде баланы туу, күту, 

тәрбиелеу  мен  әлеуметтендіруге  қатысты  отбасылық  репродуктивтік  еңбек  қоғамдық 

пайдалы  іс  ретінде  танылуы  тиіс,  тиісінше  ол  еңбектің  төленбей  қалуы  мүмкін  емес 

болады.  Сонымен  бірге  өз  ісімен  айналысқысы  келетін  отбасыларды  мемлекеттік 

қолдауынсыз қалдыруға болмайды. 

Отбасы экономиканың бір ұйымы ретінде 

Бүкіл  өркениетті  әлемде  отбасының  құқығы  қоғам  мен  мемлекет  тарапынан 

қорғалады.  Отбасы  демографияның  орталық  ұйымы  болып  келді,  ал  экономикада  тасада 

қалып қойып отырды. 

Ертеректе  отбасының  «экономикалық  қызметі»  түсінігіне  негізінен  отбасы 

мүшелерінің 

тұтынушылық 

мүдделері 

мен 

қажеттіліктерін 



қанағаттандыруы 

жатқызылатын,  қазіргі  күні  отбасының  экономикалық  оқшаулануы  жүріп  жатыр.  Ал 

меншік  қатынастары  мен  шаруашылық  формасының  өзгеруі  көптеген  отбасыларында 

дербес бизнестің туындауына себепкер болып отыр. 

Үй  шаруашылығын  жүргізіп  отырған  және  өзін  әлеуметтік-экономикалық  ұйым 

ретінде  жайғастырып  отырған  отбасыны  тек  тұтынушы  деп  қарастырмаған  жөн.  Онда 

индивидтің  ұдайы  өндірісі  мен  оның  тұлға  ретіндегі  тәрбиесі,  оның  мінез-құлқы  мен 

бейімділігі,  мәдени  дамуы  тұтынушы  ретінде  емес,  ең  алдымен  өзіне  сенетін  дербес 

еңбеккер ретінде  жүзеге асырылады. 

Ол  үшін  еңбекке  дайындық,  кәсіби  бағытталу  мен  экономикалық  тәрбиені  және  өз 

өмірінің қожайынын ерте жастан жүзеге асыру қажет. Үй шаруашылығы мен отбасылық 

бизнесті жүргізудің, өндірісті ұйымдастырудың түрлі мәселелерін отбасында шешуге тура 

келеді.  Үй  шаруашылығындағы  отбасылар  жан-жақты  қолдауды  қажет  етеді,  атап 

айтқанда  аз  қамсыздандырылған  топтарға  адрестік  көмекті  ұйымдастыруға  керекті 

жағдайларды құруды, олар: 

-  Отбасының репродуктивтік қызметін толыққанды атқару үшін; 

-  Үй шаруашылығы мүшелерінің үздіксіз әлеуметтенуі үшін; 

-  Отбасылық  бизнеспен  айналысқысы  келетіндер  үшін  (бизнесті  тіркеу  мен 

жүргізуді  құқықтық  қолдау,  несие,  отбасындағы  балалар  саны,  айналысатын  кәсіпкерлік 

түріне байланысты салықтық жеңілдіктер және т.б.)  

Отбасылық  бизнестің  түрлері  көп  және  де  ол  көптеген  факторларға  байланысты, 

атап айтқанда отбасының әрбір  мүшесінің білімі мен дағдысы, бос  уақыттың болуы  мен 

әрине,  тілектің  болуы.  Кәсіпкерлік  қызметке  білімі  мен  қабілеті  әртүрлі  деңгейдегі 

адамдар өз күштері мен дағдыларын жұмсайды.  

Өз  ісімен  айналысу  туралы  шешім  қабылдай  отырып  индивид  отбасы  дәстүрін 

жалғастыру,  өз  дербестігін  дәлелдеу,  халық  кәсібін  жаңғырту  сынды  мүмкіндіктерге  ие 




болады.  Бұл  тізбектің ең  басты  бөлігі  –  салық  төлеуден  кейін  тауар  мен  қызмет  сатудан 

түскен табысты өз қалауы бойынша пайдаланады және отбасы бюджетін толтырады.  

Отбасындағы кәсіпкерлік қызмет 

«Кәсіпкерлік»  терминін  алғаш  рет  18  ғ.  Р.Кантильон  тәуекел  жағдайында  әрекет 

етуші  адам  деп  анықтаған.  Қазіргі  күні  бұл  кәсіпкерлік  қызметпен,  жеке  бизнеспен 

айналысушы  тұлға,  яғни  бизнесті  ұйымдастыру  мен  оны  басқару  жауапкершілігін  өз 

мойнына алатын тұлға болып табылады.  

Біздің елімізде отбасындағы кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлері жиі кездеседі: 

- Коммерциялық және делдалдық қызмет; 

- Қызмет көрсету; 

- Отбасы  мүшелерінің  күшімен  өндірілген  тауарлар  өндірісі  мен  саудасы  (киім  тігу 

және тоқу, декоративті-қолданбалы творчестволық өнімдер даярлау және т.б.). 

Бұл  қызметтердің  барлығының  мақсаты  бір  –  отбасы  табысын  тәрбилік  және 

танымдық  міндеттерді  шешу  жиынтығымен  бірге  толықтыру.  Отбасы  бизнесінде  бірігіп 

жұмыс  жасау  отбасының  барлық  мүшелерін  жалпы  міндетті  шешу  жолында 

жақындастырады,  сонымен  бірге  өзара  көмек  сезімін  қалыптастырады,  жас  толқынға 

қоршаған  ортамен  танысуға  көмектеседі,  оларға  келешекте  қажет  болатын  жұмыс 

тәсілдерін үлкендердің мысалында үйренеді. 

Көптеген  адамдардың  экономиканың  алғашқы  білімін  отбасында  алатыны  белгілі, 

мысалы, ақшаны қалай табу және жұмсау, жұмыс уақытын тек қоғамдық өндірісіте емес, 

үй шаруашылығында қалай тиімді пайдалану керек, отбасы мүшелерінің демалысын қалай 

ұйымдастыру  қажет.  Ежелге  Грекияда  «экономика»  термині  «үй  шаруашылығын 

ұйымдастыру өнері» деген мағынаны берген.  

Үй шаруашылығының экономикалық функциялары. 

Экономикадағы  барлық  ресурстар  шектеулі.  Сондықтан  да  үй  шаруашылықтары 

ақшасын  отбасы  мүшелерінің  оқуына,  олардың  денсаулығын  түзеуге,  тұтыншушылар 

қажеттілігін  өтеуге  жұмсау  таңдауының  алдында  тұрғанда,  әрине  соңғысын  таңдауға 

мәжбүр.  Ал  кәсіпкерлер  мен  кәсіпорындар  үшін  бұл  қолдан  жіьерген  мүмкіндікке 

айналады.  Барлық  қоғамдарда  отбасы  өте  маңызды  функцияларды  орындайды  – 

репродуктивтік, экономикалық, тәрбиелік, рекреативтік, коммуникативтік, реттеушілік.  

Отбасының экономикалық функциясының құрамдас бөліктері мыналар: 

1.  Отбасылық  тұтыну  мен  үй  шаруашылығын  жүргізу  өзіне  отбасы  мүшелеріне 

тұрмыстық  қызмет  көрсету,  жеке  қосалқы  шаруашылық,  жеке  еңбектік  қызмет,  жеке 

отбасылық кәсіпорындарды қосуы мүмкін; 

2.  Мүлікті жинақтау мен оны мұрагерлікке берілуін қамтамасыз ету; 

3.  Үй  шаруашылығының  қаржылық  қызметі  түскен  ақшаның  қозғалысы  мен  оны 

жұмсау, жинқатуларды қосады; 

4.  Отбасы  мүшелерінің  қоғамдық,  жеке  және  ұжымдық  өндіріске  қатысуы. 

Рыноктық  қатынастардың  жаңа  мүмкіндіктері  жеке  еңбек  қызметі  мен  жеке  бизнестің 

қалыптасуына ықпал етті; 

5.  Балалар  –  келешектегі  еңбек  ресурстарын  еңбекке,  кәсіби  бағытталуға, 

экономикалық тәрбиелеуге дайындау. 

Қазіргі  күні  отбасылық  кәсіпкерлік  жаңа  рыноктық  қатынастар  жүйесінде  кеңінен 

дами  қойған  жоқ.  Оның  әлеуеті  жеткіліксіз  қолданылып  отыр  және  үй 

шаруашылықтарының қажеттіліктеріне сай емес.  

Мұндай жағдайдың бір себебі отбасылық кәсіпкерліктің базалық категорияларының, 

атап  айтқанда  экономикалық  табиғаты,  ерекшеліктері,  олардың  қаржылық  әлеуетінің 

қалыптасуы  мен  ұдайы  өндірісінің,  теориялық  өңдемесінің  жеткіліксіздігі  болып 

табылады.  Сонымен  бірге  оның  ерекшелігін  ескеретін  шағын  отбасылық  кәсіпкерліктің 

заңдық базасының жетілмегендігін ескеру керек.  




Осылайша,  шағын  отбасылық  кәсіпорындардың  табысы  төмен  халыққа  арзан  әрі 

сапалы  қызмет  көрсетудегі  орны  мен  рөлін,  мәнін,  ерекшелігін  зерттеу,  қойылған 

мақсаттарға  жету  үшін  қажетті  қаржылық-экономикалық  тетіктер  мен  үлгілерді  өңдеу, 

шағын  отбасылық  кәсіпорындардың  бизнес  жүйесіне  интьеграциялану  формалары  мен 

әдістерін зерттеу экономикалық теория мен тәжірибе үшін де өзекті болып табылады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



1.  Поллак  Р.  Трансакционный  подход  к  изучению  семьи  и  домашнего  хозяйства  // 

THESIS. 1994. Вып. 6. 

2.  Резник С.К. Управление семейной экономикой. М.: 2009 - 322 с. 

 

 



 

 

 



жүктеу 147,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау