Бекітемін
П.Чайковский атындағы
Алматы музыкалық
колледждің директоры
____________Б.Е. Хасанғали
15. 01.2016 ж.
«П.ЧАЙКОВСКИЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»РМҚК СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖҮРІС-ТҰРЫС ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМҚК студенттерінің бұл
жүріс-тұрыс ережелері (одан әрі- Колледж) келесі жергілікті құжаттар негізінде жасалған:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
- П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Жарғысы Қазақста Республикасыныңи Білім және ғылым министрлігі (2010 ж.)
- П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі» РМҚК студенттік жатақхана туралы Ережелер (2011ж.)
- П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық коледжі РМҚК студенттерінің ішкі тәртіп ережелері (2011)
- П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі студенттерінің Намыс кодексі (2011)
1.2.Студент Колледждің Педагогикалық Кеңесі бекіткен ішкі тәртіп Ережелерін сақтауы тиіс.
1.3. Оқу жоспары мен ішкі тәртіп ережелерін орындауы тиіс.
1.4. Қауіпсіздік техникаларын сақтауы тиіс.
1.5. Қоғамдық мүлікке сақтықпен қарап, тазалық пен тәртіпті сақтауы тиіс.
1.6. Келтірілген материалдық шығынның орнын толтыруы тиіс (өз бетімен немесе ата-аналары немесе олардың орнындағыларға есебінен)
1.7. Педагогтардың негізі бар әрекетеріне құлақ асады.
1.8. Студенттермен, оқытушылар мен өзге де ересек адамдармен сыпайы, мәдениетті қарым-қатынаста болу.
1.9. Қоғамдық мінез-құлықтың қағидаларын сақтау.
1.10. Колледждегі тәртіпті сақтау үшін, колледжі ұжымының жемісті еңбек жағдайларын туғызу үшін қатаң тиым салынады:
- білім ордасының пәндеріне қатысы жоқ заттарды, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін, токсикалық және есірткі заттарын әкелуге, біреуге беруге, қолдануға;
- колледж аумағы мен ғимараттың өзінде шылым шегуге;
- жарылыстар мен өртке себеп болатын заттарды әкеп, қолдануға;
- қорқытуға, үркітуге, күшпен тартып алуға, күш қолдануға.
1.11. Колледжден және оның аумағынан оқытушылардың рұқсатынсыз сабақ уақытында кетуге болмайды. Егер студент сабақтан қалатын болса, онда ол кураторға дәрігерден анықтама қағаз, немесе ата-аналарынан сабақтан қалуының себебін жазбаша түсіндірген хат әкелуі тиіс. Сабақтарды негізсіз жіберуге болмайды.
2. САБАҚТАҒЫ жүріс-тұрысы
2.1. Оқытушы дәрісханаға кіргенде студенттер орындарынан тұрып ол амандасқаннан кейін отыруға рұқсат еткеннен кейін отырады.
2.2. Сабақ кезінде шуылдауға, өзі немесе достарының көңілін өзге нәрсеге аударуға тиым салынады.
2.3. Егер студенттің дәрісханадан шығуы керек болса, онда ол оқытушыдан сұрануы керек.
2.4. Егер оқушы оқытушыға сұрақ қойғысы келсе, онда қолын көтеруі тиіс.
2.5. Сабақ біткенін білдіретін қоңырау оқытушы үшін беріледі. Сондықтан оқытушы сабақтың біткені туралы айтып, рұқсат бергенде ғана студенттер аудиториядан шыға алады.
2.6. Егер студент сабаққа белгілі бір себеппен кешігіп қалса, онда ол есік қағып, кешірім сұрап, оқытушыдан рұқсат алғаннан соң сабаққа кедергі келтірмей партаға отыра алады.
2.7. Үй тапсырмасын күнделікке жазған жөн. Студент сабақтан тек үй таспырмасын алғаннан кейін кете алады.
3. САбаққа дейінгі, барысында және сабақтан кейінгі студенттің жүріс-тұрысы
3.1.Студент колледжге сабаққа дейін 15-20 минут бұрын келеді. Гардеробта сырт киімін шешіп, аяқ киімін ауыстырады, сосын жұмыс орнына барып сабаққа дайындалады.
3.2. Сабақтар арасындағы үзілісте және одан кейін де студенттер жұмыс орнын таза ұстаулары қажет.
3.3.Студенттерге тиым салынады: :
- баспалдақта жүгіруге, терезелердің жанында және де өзге орындарда ойнауға, алысуға ;
- бір-бірін итеріп, күш көрсетуге, заттарды лақтыруға
- әдепсіз сөздер айтуға, шулауға, өзгелерге бөгет жасауға;
3.4.Сынып кезекшісі:
- сыныпта тәртіпті қамтамасыз етеді;
- оқытушыға сыныпты сабаққа дайындауға көмектеседі;
- сабақтан кейін сыныпты жиыстырып кетеді.
3.5.Асханада студент:
- оқытушы мен асхана қызметкерлерінің талаптарын орындайды;
- ыстық және сұйық астарды алуда сақтық сақтағына жөн.
- тамақ ішіп болған соң үстелдің үстін жинайды.
4.ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕТ-КЕЛБЕТІ
4.1. Эстетикалық және санитарлық ережелерді сақтау үшін Колледж студенттері киімнің іскер түрін сақтағандары жөн ( киім іскер үлгіде тігілген, бір түстес)
4.2. Колледжге киуге болмайтын киімдер қатарында:
- дене шынықтыру сабағынан тыс уақытта спорттық киімдер
- би кеші мен кешкі сән үлгісіндегі киімдер.
4.3. Әшекей заттардың шағын түрлері, аздап қана бояну.
5. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5.1. Студенттер Колледж аумағында жүрген кезінде және колледж ішіндегі іс шараларға қатысу кезінде адам өміріне, денсаулығына зиян келтіретін әрекеттерге баруына болмайды.
5.2. Бұл ережелер Колледж аумағында және де Колледж ұйымдастыратын барлық іс-шараға қатысы бар.
5.3.3 Аталған Ережелер мен Колледж Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін студенттер Колледжде оқушыларды марапаттау мен жазалау ережелері бойынша жауапқа тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |